Сейсенбі, 10 Тамыз 2021 15:27

Өнерге баулыған киелі орда

Музыка адам жанын тебірентетін, ерекше күй сыйлайтын "сиқырлы" әлем, көңілдің кілті. Ішкі сезімді сезіндіре білетін жүрек тілі. Дыбыстар арқылы бейнеленетін адамның жан сарайы. Myзыка – кескіннің сұлулығын және эмоционалды бейнелілікті білдіру үшін вокалды немесе инструменталды дыбыстарды араластыратын өнер түрі. Сол өнер тілінің өркениетіне айналған өнер ордаларының бірі әрі бірегейі Шелек ауылындағы балалар  музыка  мектебі. Өнер ордасының құрылғанына биыл 45 жыл.

Тарихы терең, талай тарихи оқиғалардың куәсі болған оқу орнының киелі табалдырығында мыңдаған шәкірттің ізі қалған. Балалар музыка мектебі 1976 жылы қыркүйекте ашылған. Мектеп ең алғаш 1976 жылы  қазіргі мұражай ғимаратында, 1979 жылы 1936 жылы салынған С.Киров атындағы орта мектебінің ғимаратына келіп орналасқан. 1976 жылы қабылдау комиссиясының шешімі бойынша фортепиано сыныбына 67 оқушы, баян сыныбына 49 оқушы, домбыра сыныбына 13 оқушы, барлығы 129 оқушы қабылданған. Оқу орнының алғаш директоры болып 1976-1979 жылдар аралығында К.Г.Баталов жұмыс жасап, әуезді әуенге жаны жақын талантты музыканттардың өнерін ұштауға өз үлесін қосқан. 1979-1999 жылдар аралығында  мектеп директоры қызметін атқарған Рахымбек Қағазбеков көптеген талант иелерінің биіктен көрінуіне септігін тигізді. Мектеп жанынан қосымша дербес бөлімшелер ашылды. Сарыбұлақ, Ащысай, Көлді, Бижанов ауылдарындағы бөлімшелерде ауылдың жас музыканттары оқытылды. Оқушылар саны 250-ге жетіп, 18 мұғалім жұмыс істеді. 1999 жылы Ләззат Жамылшиева директорлық қызметке тағайындалып, жемісті еңбек етті. Өз кезегінде әуезді мектепте әуен ырғағын ести алмай қаламыз ба деген үрейде болғанын сол ортаның тұрғындары қорқынышпен еске алады. Оған себеп 1997-2009 жылдар аралығында мектептің шаруашылық есепке көшірілгендігі. Мемлекет тарапынан қаржыландыру тоқтатылып, дербес бөлімшелер жабылып, жарық және жылу жүйесі істен шыққан. Осы тұста осындай қиыншылықтарға қарамастан мектеп басшысы Ләззат Жеткенбайқызы өнер ордасының сақталып қалуына зор үлес қосты. Мектеп директоры мекемені басқарған жылдары мектеп жұмысы жанданып, ұжым мен оқушыларға талапқа сай барлық қолайлы жағдайлар жасалды. Атап айтқанда, мектеп алдына жайқалған бақ бой көтеріп, ауыл сәнін кіргізуде.

Оқушы бойындағы білімге деген бәсекелестікті қалыптастырып, құндылықтар дарытуда, еркін ойлап, тұлға ретінде тез шешім қабылдауға баулып, бәсекеге қабілетті маман дайындау барысында әрине, мектеп ұстаздарының еңбегі зор. Мектепте шәкірттің шашасына шаң жұқтырмай, балалардың өнерін шыңдап жүрген мамандар жеткілікті. С.Карпикова, Р.Акмолдаева, Н.Горх, Т.Колесникова, Л.Орманбекова, А.Төлегенова, Қ.Қағазбеков, Ә.Төлегенова сынды білікті ұлағат иелері шәкірт бойынша өнер мен білім нәрін құюда аянбай еңбек етіп келеді.

2009-2010 оқу жылында мектеп тарихында айтулы оқиға орын алды. Мектеп мемлекет тарапынан қаржыландыруға көшіріліп, «Балалар – біздің болашағымыз» деп қараған мемлекетіміз ғимаратты күрделі  жөндеуден өткізіп, заман талабына сай музыкалық аспаптармен, техникалық құралдармен  жабдықтады. Өнер ордасы жарқыраған жаңа мектептердің  қатарына қосылды. Қазіргі таңда музыка мектебінде 161 оқушы білім алады. 18 мұғалім сабақ береді. Мектепте фортепиано, домбыра, баян, қобыз, дутар, гитара сыныптары жұмыс істейді.Білім ордасы екі бөлім  бойынша жұмыс жасайды. Фортепиано бөлімі және халық аспаптар бөлімі. Әртүрлі жастағы және жастары қатар балалар өздерінің таңдауы бойынша қалаған аспаптарын үйренуге негізделген. Балалар мектепке әрбір музыка аспабының қиындығына, оқыту бағдарламасына, баланың есту, ритм, есте сақтау қабілетінің және саусақ  құрылыстарының ерешеліктеріне байланысты қабылданады.

Аталған білім ошағынан тәлім алып, қанаттанған түлектер еліміздің түпкір-түпкірінде еңбек етуде. Мектеп түлектерінің басым бөлігі қазіргі таңда республика  көлемінде және дүниежүзінің мәдениет саласында еңбек етіп жүр. А.Ефременко, Ж.Ускенба-ева, Е.Бочок, Л.Драгина, К.Турдалин, Р.Сабазова, Б.Манкеева, М.Жамалов, Т.Горобчукова, Д.Мусаева – музыка мектебінің мақтаныштары. Сонымен қатар, ауданымыздың музыка саласы-ның дамуына үлес қосып жүрген түлек те аз емес. Балалар музыка мектебін бітірген азаматтар (есімдері жоғарыда аталды) өмірін осы өнер ордасымен байланыстырып, музыка мектебінде ұстаздық қызмет етуде.

2020 жылдың сәуір айынан бастап әуезді мектептің басшысы қызметіне Шолпан Ускембаева тағайындалды. Шелек ауылының тумасы Шолпан Серікқызының алған қойған мақсат-міндеттері, ауқымды жобалары жетерлік. Негізгісі – ауыл балаларының қосымша білім берудегі сапасын көтеру, оқушыларды белсенділік, шығармашылық тұрғыда ойлауға және шешім қабылдауға тәрбиелеу.

– Ұстаздардың шығармашылық белсенділіктерін, біліктілік категориясын арттыруға мүмкіндік жасауға барымызды салудамыз. Мектеп ғимаратын үлкейту, оқушылардың санын 500-ге  жеткізу, аспаптар бөлімінің жұмысын жандандыру, халық аспаптарын күрделі жөндеуден өткізу, білікті жас мамандарды ауылға жұмысқа шақыру жолында еңбек етеміз. Балаларды халықаралық, республикалық байқауларға үздіксіз қатыстыра отырып, жемісті жетістіктерге жету – біздің басты мақсатымыз, – дейді мектеп директоры Шолпан Серікқызы.

Бүгінгі таңда ұлағатты ұстаздардан тәлім алған дарынды шәкірттер әлемдік сахналарда еліміздің абыройын арттырып, биік белестерді бағындырып жүр. Дарынды оқушылар Аружан Сансызбай, Жансая Қанатқызы, Ангелина Валуйская, Алина Югай, Бахадур Иминжан, Мөлдір Абдрахманова,  Қанағат Батырхан, Альфия Айбол, Аманжол Жақыпбек, Билал Нурхаликов, Береке Жәкенқызы, Бексұлтан Құрманжан халықаралық, республикалық байқауларда жүлделі орындарды иеленді. Сонымен қатар, республикалық  «Жас толқын», «Менің сүйікті шығармам», «Рауан», «Жарқын жол» байқауларында музыкалық мектептің 130 оқушысы гран-при лауреаттары мен жүлдегерлері атанды. Ұстаздар да түрлі дәрежедегі төсбелгілер мен марапаттарға ие болды.

 

Айгүл ҚЫЛЫШБАЕВА,

ата-ана.

Оқылды 1025 рет

Соңғы жаңалықтар

Маус 19, 2025

Атамекен Отаны – Бейбіт өмір ауылы

Тарих бетіне үңілсек, 1722 жылы Бірiншi Петр: «Қазақ Ордасы бүкiл Азия елдерi жерлерiне…
Маус 19, 2025

Қажырлы еңбек — ел мүддесіне адал…

Қытайдың Боғда тауының Күнгейінен Қазақстанға көшіп келген жерлестердің бас қосуында…
Маус 19, 2025

Ел жүрегінде сақталар қос есім

Кім келіп дүниеден кім кетпеген, Ащы қайғы кімдерді жүдетпеген. Еске алып дұғасына…
Маус 19, 2025

Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп…

Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Әкенің…
Маус 19, 2025

«Атамекен» – ұлттық рух мекені

Жазғы демалыста балаларға арналған мектеп жанындағы «Атамекен – ұлттық рухтың бесігі»…
Маус 19, 2025

Жаңарған ғимарат – жаңа мүмкіндіктер

Денсаулық сақтау жүйесін дамытып, сапалы медициналық көмекті ауыл халқына барынша…
Маус 19, 2025

Алғыс пен құрмет иелері

Елімізде маусым айының үшінші жексенбісі – медицина саласындағы қызметкерлердің кәсіби…
Маус 19, 2025

У нас союзнические отношения с…

Заместитель директора ТРК Президента РК Аскар Джалдинов спросил Президента России…
Маус 19, 2025

«Я не вижу никаких осложняющих…

 Отвечая на вопрос заместителя директора ТРК Президента РК Аскара Джалдинова, Президент…

Күнтiзбе

« Маусым 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет