Дүйсенбі, 02 Тамыз 2021 09:45

Ұлы дала мұрасы — музыкалық аспаптар

 

«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайында Астана күні, Ұлттық домбыра күні және Ж.Жабаевтың  туылғанына 175 жыл толуына орай «Ұлы дала мұрасы -  музыкалық аспаптар» атты көрме ашылды. Аталған көрме Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінің құнды жәдігерлер топтамасынан құралды. Көрмеде Ж.Жабаев, Ш.Құдайберді, К.Әзірбаев сынды қайталанбас тұлғалардың ұстаған домбыраларымен  қатар, жетіген, шертер, адырна, дауылпаз сынды аспаптар көрермен назарына ұсынылады.

Көрменің ашылуына аудандық «Еңбекшіқазақ» газетінің бас редакторы Х.Ахметжанов, мұражай директоры Гүлмира Мухтарова, Ықылас атындағы  халық музыкалық аспаптар музейінің директоры Рүстем Қайратұлы, Қаракемер мәдениет үйінің директоры А.Мамырбекова мен   өнер иелері және мұражай қызметкерлері қатысты. Аудандық «Еңбекшіқазақ» газетінің бас редакторы Х. Ахметжанов пен Ықылас атындағы  халық музыкалық аспаптар музейінің директоры Рүстем Қайратұлы сан алуан сазға бөленген салтанатты шараның  тұсауын кесті. Тәуелсіздік жылдарынан бері өңірлік баспасөздің тізгінін ұстап, талай тарихи оқиғаның куәсі болған Хайролла Қасымұлы мұражайдың өткенінен сыр толғап, ұжымның алдағы жұмысына сәт сапар тіледі. Ал Рүстем Қайратұлы Ықылас атындағы  халық музыкалық аспаптар музейінде сақталған ең құнды жәдігерлердің көрмеге қойылғанын, олардың аса терең мәдени және тарихи құнға ие екенін тілге тиек етті. Сары дала төсінде тұлпарының тұяғымен тарих жазып, қос ішекке тіл бітіріп, ғажайып күй  қалдырған бабалар өнеріне табынбасқа не шара. Көрмеге қойылған әр музыка аспабында алтын саусақтардың табы жатқандай. Сондықтан да әр жәдігер көзімізге оттай басыла береді. Соның бірі – күй атасы Құрманғазы домбырасының көшірмесі.

Ықылас атындағы  халық музыкалық аспаптар музейінің ғылыми қызметкері Э.Айдарханованың айтуынша, дәулескер күйшінің домбырасы Ресейдің Астрахан облысы Алтынжар ауылындағы «Құрманғазы атындағы мәдени орталық» қорында сақталған. Ал батыс қазақстандық  шебер Едіге Нәбиев түпнұсқа негізінде домбыраның көшірмесін жасап халық музыкалық аспаптар музейіне табыстапты. Бізше ғасырлардан жеткен үн әр жүрекке күй болып тұнатындай.Тәуелсіздігіміздің символына айналған Алтын адам бейнесі – еңсесі биік елдігіміз бен дұшпанына дес бермес ерлігіміздің ескірмес естелігі, һәм ескерткіші іспеттес. Ал алтынмен апталған сауытқа көз жүгірткен кез келген жан мәдениетіміз бен өркениетіміздің өзегі тереңнен тарайтынын түсінері анық. Бұл ретте «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының директоры Гүлмира Мухтарова: «Бұл көрме ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан мәдени мұрамыз, асыл қазынамызға айналған музыкалық аспаптар рухани мәдениетіміздің мәйегіне айналғанын көрсетеді. Ай бойы жалғасын табатын көрмені тамашалағандар таңғажайып музыкалық мұрамыздан тағылым алып қайтады. Біздің қасиетті топырақта ұлт руханятына серпін беретін игі жобалардың көптеп қолға алынуына тілектеспін», – дейді. Табиғаттың тілі, уақыттың үні болған  музыкалық аспаптарымыздың ғажап сарыны жүрегіміздің қағысымен, қанымыздың ағысымен бірге тулай бермек.

Ерзат АСЫЛ

Оқылды 1117 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…
Қаң 09, 2026

«Әдекең қайда..?»

Болмашы кекшіл, Болсаңшы көпшіл, – деп Абай айтқан. Осы екі жолға менің бір…
Қаң 09, 2026

Құрмет төрінде

Әне-міне дегенше, жылжып жылан жылы да өтіп, шапқылап жылқы жылы жетті. Жылан жылы жаман…
Қаң 09, 2026

Қолдау барда даму бар

Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі – ауыл шаруашылығын дамыту мен ауыл…
Желт 29, 2025

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына…

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бірі. Ол…
Желт 26, 2025

Бірлік бар жерде

Елдегі этносаралық келісім мен бірлікті нығайту – мызғымас мемлекет тірегінің кепілі. Осы…
Желт 26, 2025

Тәуелсіз елдің ұландары ән шырқады

Тәуелсіздік күніне орай «Біз – тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты патриоттық әндер байқауы…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет