Сәрсенбі, 11 Тамыз 2021 15:29

Абзал ӘКІМБЕК, жас кәсіпкер: Қолөнерді дамыту – басты мақсатым

 

Тәуелсіздік таңы атқан соң, ұмыт бола жаздаған ұлттық құндылықтарымызды  қайта жаңғырту басты міндеттеріміздің бірі cаналды. Бүгінде сондай  ұлттық өнерімізді ұлықтап, оны заман талабы мен нарық сұранысына сай жаңғырта білетін жастар өсіп келеді. Солардың бірі – Рахат ауылындағы 23 жастағы кәсіпкер Абзал Әкімбек. Музыкалық аспаптар жасайтын шеберхана ашқан жалынды жас бүгінде 50-ден аса  аспап түрін жасауды еркін меңгеріпті. Біз жаны сүйген кәсібін нәсібіне айналдырған  жанның  өз саласы мен өмірі, талпынысы мен талғамы жайлы аз-кем әңгімелескен едік.

– Жас болсаңыз да, қу ағашқа тіл бітірген хас шебер екеніңізге тәнтіміз. Ең әуелі, осы кәсіпті қалай қолға алғаныңыз туралы айтып берсеңіз.

– Әрине, бұл  кәсіпті қолға алуыма қолөнерге деген құлшынысым себеп болды. Нарынқол өңіріндегі Сарыбастау деген қазақы ауылда өмір есігін аштым. Әкем өрім  өретін әрі  ат  әбзелдерін  жасайтын. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей, әкемізге қарап өстік қой. Оның үстіне сурет салуға қызғатыным тағы бар. Мектеп қабырғасында ағаш өңдеуге әуестендім. Көркем еңбек пәнінің мұғалімдері берген тапсырмаға сай түрлі сандықшалар мен ағаш бұйымдарын жасадым. 7 сынып оқып жүргенде «Дала сазы» атты шеберханаға барып, домбыра жасауды үйрене бастадым. Кейін Алматыдағы құрылыс және менеджмент колледжінде оқып жүргенімде де осы шеберханада жұмыс істеп, туындыларымды сатып, табыс таптым. Кейін шеберлігім шыңдалған соң, 2018 жылы жеке шағын шеберхана ашып, кәсіп бастадым. Күндер өте келе мен жасаған музыка аспаптарына сұраныс арта түсті. Бір жыл өткен соң шеберхананың көлемін кеңейтіп, кәсібімді дамытуды ұйғардым. Сөйтіп, 2019 жылы «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқудан өтіп, инновациялық жобамды сәтті қорғап, 2,5 млн теңге көлеміндегі грантқа ие болдым. Ол қаражатқа  шеберханама қажетті заманауи техникалар мен құрал-жабдықтар алып, жұмыс өнімділігін арттырдым. Қазір жан қалауымен қолға алған ісімді дамыту мақсатында тер төгіп келемін. Қысқасы, сол жүрек қалаған жұмыспен айналысып жүрген жайым бар. Біз сапаға барынша мән береміз. Өйткені тапсырыс берушілердің талабы күннен-күнге жоғарылап келеді. Қашан да кәсіби біліктілікті шыңдауды ұмытқан емеспін.

– Кәсіпкер үшін білікті маман болу, оның табысқа жетуіне қаншалықты көмектеседі деп ойлайсыз?

– Кәсіпкер үшін өз біліктілігін жетілдіру оның өмірлік дағдысына айналуы шарт.  Әлем сәт сайын техникалық прогресс көресетіп отырған бүгінгі таңда  уақыттың ағымына ілесу маңызды деп білемін. Мысалы, өзім айналысып жүрген  музыка аспаптарын алайық, ол көненің көзі болғанымен заманға сай жаңғыруы қажет. Әлемдегі озық музыка аспаптары қандай стандартта жасалады, соған зер салу қерек. Мен қашан да өз өнер туындыма  эстетикалық  талғаммен  қараймын. Озық елдердегі қолөнер мектептерінің бүгінгі жетістігін үздіксіз бағамдап отырамын. Сол негізінде сапалы музыка  аспаптарын жасауға күш салып жатырмыз. Қазір көптің талғамы өзгерді. Бұрын жұртшылық базардағы домбыраларды алуға ықылас танытатын болса, қазір шеберханаларға арнайы тапсырыс беруге дағдылана бастады. Демек, біздің қоғамда сапалы өнімдерге деген сұраныс артып  келе жатыр деген сөз. Ал сапалы өнім жасау кәсіби біліктілікті талап ететіні сөзсіз. Айталық, сапалы музыка аспаптарын жасау үшін  кәсіби біліктілік пен қоса озық өндіріс технологиясы және жақсы ағаш материалдары керек. Біз осы үш түйінді  басты назарда ұстап келеміз.

– Сапалы музыка аспаптарын жасау қандай ағаш метериалдарын қажет етеді?

– Жоғарда айтқанымдай, домбыраның сапалы болуы оның ағашымен тікелей байланысты. Домбыраның бетіне жабылатын ағашты шанағына, ал шанағына пайдаланылған ағашты мойнына пайдалануға әсте болмайды. Бұл жерде ағаштың түрлі табиғи қасиеттері ескерілуі шарт. Мысалы, біз домбыраның бетіне қызыл қарағай мен Түркияда өсетін шәшат ағашын, ал бетіне өзімізде өсетін қарағайды пайдаланамыз. Домбырының  80 пайыз дыбысын бет ағашы  береді. Өзімізде өсетін Тянь-Шань қарағайының дыбыс тербелісі жоғары болғандықтан, біз оны домбыраның бетіне жиі қолданамыз. Ал домбыраның шанағы жаңғақ, қайың, үйеңкі ағаштарынан жасалады. Біздің территориямыз үлкен болғанымен, ағаш материалдары тым тапшы. Еліміздегі қарапайым құрылысқа керекті ағаш материалдарының бәрі Ресейден келе-ді, сол сияқты музыка аспаптарына қажетті ағаштардың да басым бөлігі алыс-жақын шетелдерден әкелінеді. Мысалы, африкалық тропикалық ағаштар мен Канадада, Үндістан мен Қытайда өсетін ылғал сіңбейтін ағаштар музыка аспаптарына керекті ең сапалы материал саналады. Себебі әлемдегі ең үздік оркестрлердің көптеген музыка аспаптары осы ағаштардан жасалады. Бұл ағаштар музыка аспаптарының таза үнін ешқандай өзгеріске ұшыратпайды. Сондықтан домбыраның сапасы музыка мәдениеті өркендеген елдердің кез келген аспабынан кем түспеу керек деп білемін. Ол үшін  қазақтың қасиетті домбырасы сапалы ағаштардан жасаулы тиіс.

– Қазір музыка аспаптарының нарықтағы сұранысы қалай?

– Біз ел тәуелсіздігінен бұрын ғасырлар бойы қалыптасқан ұлтымыздың шеберлік мектебін жоғалттық. Еліміз егемендік алғаннан кейін ғана жоғалтқанымызды түгендей бастадық. Қазір халықтың қолөнерге деген рухани сұранысы артты. Бұл үдерістен ұлтымыздың дәстүрлі музыка өнері де тыс қалған жоқ. Бүгінде қазақтың дәстүрлі музыка өнеріне құштар жастар аз емес. Сондықтан біздің шеберханаға тапсырыс беретіндер жетерлік. Әсіресе, кәсіби музыка мамандарының қарасы қалың. Өйткені олар біз жасаған музыка аспаптарын жоғары бағалайды. Аспабы сапалы жасалумен қатар, өте әдемі болуы шарт. Ондағы ою-өрнектер өзара үйлесім табуы керек. Мұның бәрі де кәсіби біліктілікті талап етеді. Кәсіби біліктілікті жетілдіру үшін қашан да  ізденістен тоқыраған емеспіз. Алайда «болдық, толдық» дегеннен аулақпыз. Бүгінде біз жасаған музыка аспаптарына нарықтағы сұраныс жақсы. Тіпті шетелдегі қандастарымыз да көптеп сатып алады. Бірақ былтырдан бері жалғасқан пандемия жағдайына байланысты шетелге өнімдерімізді сата алмай отырмыз.

– Дүниені дүрмекке салған жұқпалы індеттің  еліміздегі шағын және орта бизнеске ауыр соққы болып тигені белгілі. Пандемия кезінде бұдан бөлек қандай қиындықтарға тап болдыңыз?

– Өзіңіз айтып отырғандай пандемия адамдар өміріне көптеген қиындықтар мен өзгерістер ала келді. Біз музыка асаптарын жасауға қажетті құрал-жабдықтар мен шикізаттарды шетелден сатып аламыз. Ал індет кезінде олардың көбін елге жеткізу қиындады. Сондықтан шикізаттан таршылық көрдік. Сонымен қоса, шекаралардың жабылуына байланысты әлі күнге дейін шетелдегі қандастарымызға өз өнімімізді жеткізе алмай отырған жайымыз бар. Бірақ біз онлайн тапсырыс алу мен сатуға пандемиядан да бұрын дағдыланып үлгергенбіз. Қазір осы қысылтаяң сәттің қиындығын еңсеріп, болашаққа кешенді жоспар жасап отырмыз.

– Жоспарларыңызбен бөлісе отырсаңыз.

– Болашаққа бағыттаған жоспар көп. Оны іске асыру үшін өзіңді қамшылап, жаңашылдықты қабылдап отыру керек. Мен қандай да бір эксперимент жасаудан тайынбаймын. Музыка асаптарымен қоса, түрлі эстетикалық құны бар қолөнер бұйымдарын жасағым келеді. Әрине,қазіргі басты табыс көзіміз музыка аспаптары болғандықтан, сол салаға көбірек ден қоюдамын. Бірақ болашақта кәдесый ретінде қабылданатын өнер туындыларын жасайтын тағы бір шеберхана ашуды жоспарлап жүрмін. Енді бірі қолөнер орталығын ашуды да ойға алып қоямын. Бағамдай білген жанға қазақ қолөнерінің тарихы терең, тағылымы ұшан-теңіз. Сондықтан неге елімізде кешенді қолөнер орталығын құрмасқа? Біз бұл тұрғыдан көршілес  Қырғызстан мен Өзбекстаннан кенже қалдық. Әсіресе, Өзбекстанның тарихи қалаларында үлкен қолөнер орталықтары бар. Әлемнің әр түпкірінен келген туристер ондағы өзбек өнеріне таңдай  қағып, тамсанып қайтады. Біздің елде де осындай қазақ қолөнерін паш ететін кешенді орталықтар ашу керек қой. Мүмкіндік болса  сол игі іске де тер төккіміз келеді.

– Жас болсаңыз да бас болып, халқымыздың қазыналы өнерін нарықтық сұраныстың арнасына салып жүрсіз. Жас кәсіпкер ретінде замандастарыңызға айтарыңыз бар ма?

– «Ер жігіт мамандық пен жар таңдауда қателеспеу керек» – деген жақсы сөз бар. Біздің қоғамда көптеген жастар өзі қаламайтын мамандық алуды әдетке айналдырған. Бұл оларды үлкен қателікке ұрындыруы мүмкін. Кәсіпкерлік те сол іспетті. Өзінің қалаған ісімен айналысқан кәсіпкерлер ғана табысқа жетеді. Мысалы, мен өз қалауымдағы кәсіппен айналыстым. Сол себепті қандай қиындық болсада оны  жеңуге  барымды саламын. Біз көп жылдан бері алыпсатарлықты  кәсіпкерлік деп келдік. Енді жастар оны доғарып, өнім өндіруге күш салса деймін. Бұл саладан тіпті Орта Азиядағы кей көрші елдерден де кейін қалып барамыз. Ендігі  жас буын осы олқылықтың орынын толтыруды өзіне жүктелген міндет деп білген жөн сияқты.

– Әңгімеңізге рақмет, еңбегіңіз жемісті болсын.

 

Сұхбаттасқан

Ерзат АСЫЛ

Оқылды 1220 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 21, 2024

Наш собственный корреспондент…

С начала 90-х годов прошлого века в областной газете «Огни Алатау» сменилось несколько ее…
Қар 21, 2024

«ЖАҢАРТУ» расширяет возможности…

Проект «ЖАҢАРТУ» («Обновление»), презентация которого состоялась в мае 2024 года,…
Қар 21, 2024

Артық шығын абырой әкелмейді

Елімізде діни рәсімдерді өткізу барысында көптеген қателіктер орын алып жатқанын естіп…
Қар 21, 2024

Кәсіп болмай, нәсіп болмас

Бүгінде балалардың жан-жақты дамуына, кәсіпке деген көзқарасын қалыптастыруға барлық…
Қар 21, 2024

«Атамекен» приглашает к диалогу

Национальная палата предпринимателей «Атамекен» Алматинской области выступила инициатором…
Қар 21, 2024

Бейбіт күн – бірліктің жемісі

Көпұлтты мемлекетіміздің ішкі саясатында ең маңызды дүние – ұлтаралық татулықты сақтау.…
Қар 18, 2024

Внимание, жители г. Есик!

Региональный офис ЮНЕСКО в Алматы совместно с Центром «Содействие устойчивому развитию…
Қар 14, 2024

АФМ проводится расследование в…

Она подозревается в хищении свыше 1,5 млрд тенге, собранных для помощи гражданам,…
Қар 14, 2024

ҚМА еріктілер қозғалысының…

Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд…

Күнтiзбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет