Жұма, 20 Мамыр 2022 11:15

Оңтайлы өзгерістер нақты нәтиже әкеледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында еліміздің саяси жаңғыруы туралы ауқымды бағдарламалар ұсынғаны белгілі. Президент өз сөзінде: «Жолдауда айтылған бастамалардың негізгі мақсаты – саяси жүйемізді түбірімен өзгерту. Бұл халықтың көп жылғы талап-тілегінен туындап отыр. Азаматтарымыз мемлекетті басқару ісіне қатысуға кең мүмкіндік берілгенін қалайды. Сондай-ақ саяси үдерісті түбегейлі демократияландыруды қажет деп санайды. Мұны тиімді жүзеге асыру үшін Ата Заңымызға өзгерістер енгізу қажет», – деген болатын.

Мемлекет басшысы Ата Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін 2022 жылдың 5-ші маусымында республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Аталған саяси реформалар жалпы қоғамның мүддесі үшін іске асқалы тұрғандықтан халықтың да зор үміт күтіп отырғаны айқын. Соған сәйкес Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды жұртшылыққа түсіндіріп, талқылау мақсатында ҚР Парламент Сенатының депутаты Жанболат Жөргенбаев Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінде кездесу өткізді.

Кездесуге аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қуат Байғоджаев, облыстық мәслихат депутаты Болатжан Нұрбеков, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық мекеме басшылары, колледж ұжымы мен студенттері қатысты. Кездесуді мәслихат хатшысы Бекет Төлегенұлы жүргізді.

Сенат депутаты кездесудің еркін форматта өтетінін жеткізіп, Ата Заңның тарихына тоқталды.

– Біз үлкен тарихи кезеңнің куәсі болып отырмыз. Өткенге көз жүгіртетін болсақ, 30 жыл ішінде Конституциямызға 5 рет өзгерту мен түзетулер енгізілген болатын. Осы жолғы конституциялық реформа қолданыстағы қазіргі саяси модельге жүйелі түрде трансформациялау, билік тармақтары арасында өзара қарым-қатынастардың оңтайлы балансын қалыптастыру, мемлекет пен қоғамның тиімді диалогын құру сынды мәселелерді қамтып отыр. Біздің Конституциямызда 98 бап бар, соның 33 бабына түзетулер енгізілуі ұсынылуда, бұл дегеніміз Конституциямыздың 3-тен 1 бөлігін құрап отыр. Реформаның негізгі бағыттары – суперпрезиденттік басқарудан түбегейлі бас тартып, халықтың ел басқару ісіне тікелей араласуға мүмкіндік беру болып табылады. Сонымен қатар, Президенттің туыстары басшылық қызметтерге, ұлттық компанияларға басшы болмауы керек деген заң халық тарапынан қолдау тауып жатқанын аңғардық, – дей келе Парламент, облыс, аудан депутаттарын, сонымен қатар облыс, қала, ауыл әкімдерін сайлау жөніндегі өзгерістерге тоқталды.

Жиынға қатысушылар Сенат депутатына көкейде жүрген көптеген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

 Ринат НАРХАНОВ.

Оқылды 701 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет