Бейсенбі, 03 Желтоқсан 2015 10:45

Дін мен дәстүр сабақтастығы

Дін – адамдық ізгі қасиеттерімізді асқақтатса,

салт-дәстүр – ұлт болып қалыптасуымыз үшін қажет. Дәстүр –  ұлтты рухани

жандандырып, оның ішкі және сыртқы келбетін өрнектеп, көрсетіп тұратын сипаттар.

Демек, дін мен дәстүр – қашанда бір-бірімен

сабақтас ұғым.

 

Осыдан 12 ғасыр бұрын бабалар жүрегі иманға ұйып қабылдаған Ислам діні әрбір халықтың, ұлттың өзіндік құндылықтары және ерекшеліктері – әдет-ғұрпына ерекше көңіл бөлген. Соның дәлелі, Ислам дініне дейін де даламыздың өз заңдары, қағидалары, наным-сенімдері болды. Олар шым-шымдап сіңген шариғат дәстүрлерімен біте қайнасып кетті. Осылайша шариғат заңдарына қайшы келмейтін қағидаттар мен ортақ бір қосынды дәстүр пайда болды. Сондықтан ислам ғұламалары әдет-ғұрып мәселесін талдап, оның өзін жеке тақырып етіп зерттеген.

Дәстүрге теріс көзқараспен қарау және оны жоққа шығару тек бір ұлттың тамырына ғана балта шабу емес, дінді бұзушылық болып табылады. Халқымызда «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» деген керемет нақыл бар. Осыған орай, ғұрыптардың барлығы дерлік әлбетте бірдей емес. Сол үшін де, оларға бір жақты қарауға әсте болмайды. Себебі, әдет-ғұрыптардың ішінде тиым салынатыны, сондай-ақ рұқсат етілетіні, тіпті орындалуы қажет болып табылатындары да бар. Әдет және ғұрыпқа айрықша орын бергенде, орындалатын өзіндік арнайы шарттары бар. Салт-дәстүр – Құран мен Сүннет мәтіндеріне   және ғалымдардың бір ауыздан келіскеніне немесе шариғатта бекітіліп қойған үкімге қарама-қайшы келмеуі тиіс. Әдет пен ғұрып, сирек кездесетін емес, кең тараған болуы қажет.  Салт-дәстүрмен тек, егер олар кең тараған яғни, қоғамдық ортада мойындалған болса ғана санасады, ал егер олар айқын болмаса, есепке алынбайды. Салт-дәстүр бізге бұрынғылардан жеткен, қазіргі таңда да қолданыстағы дәстүр болуы керек. Өйткені, салт-дәстүр уақыттан-уақытқа, халықтан-халыққа ауысып келе береді. 

Біздің ата-бабаларымыз, Ислам діні мен қазақтың  салт-дәстүрлерінің  тепе-теңдігін сақтай отырып, ұрпақ тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Осындай тәрбиенің арқасында қазақ халқынан жүздеген, тіпті мыңдаған батырлар, от ауызды, орақ тілді ақындар мен жыршы-жыраулар, данышпан билер мен ғұламалар шыққан.

Ендігі ұлт жадынан ұмытыла бастаған имани құндылықтарды қайта жандандырудың реті келді. Бұл тұрғыда біз қазақ қоғамына тыңнан жаңа дүние әкеліп жатқан жоқпыз. Бар болғаны кезінде баһадүр бабаларымыз салып кеткен, кейіннен көмескі тарта бастаған соқпақтың сүлдерін тауып, соны қайта сара жолға айналдыруға тырысудамыз. Мақсатымыз – ұлттық табиғатымыз бен сабақтас шариғаттағы мазһабымызбен танымдық мектебімізді тұғырлап, асыл дүниелерімізді, жауһарларымызды жарыққа шығару, үзілгенімізді жалғап, жоғалтқанымызды түгендеу, сан ғасырлық тарихы бар діни дәстүрлерімізді қалпына келтіру. Сол арқылы қазақтың толыққанды ұлтқа, Алаштың іргелі елге айналуы үшін қолдан келгенше үлесімізді қосу.

Бүгінде «Дін мен дәстүр» сабақтастығы аясында дін мұраттарын қалың бұқараға ұғынықты етіп жеткізу үшін де алдымен қазақтың тілі мен тарихын, мәдениеті мен әдебиетін жетік білу қажет. Имамдар мен уағызшыларымызға осындай талап қойылуда. Сонымен қатар, ұлттық таным мен әдет-ғұрыптардың мұсылманшылықпен сабақтастығын саралап көрсететін сүбелі еңбектер де жазылуы қажет. «Дін мен дәстүр» кітабы осындай игі бастама жемісі.    

«Дін мен дәстүр» кітабының ерекшелігі – Ислам діні мен қазақтың имани ұлттық дәстүрлерінің өзара тығыз байланысын,  дәстүрдің діндегі алатын орнын Құран аяттарымен, Мұхаммед (с.а.у) Пайғамбардың  хадистерімен, қазақтың мақал-мәтелдерімен, атақты ақындары мен жырауларының өлеңдерімен нақты дәлелдеген.

Елбасымыз бір сөзінде «Адамның санасында діни және ұлттық сезімдер әрдайым тығыз астасып жатады» деді. Расында да, санада сақталған ұлттық сезімдер мен  салт-дәстүрдің жастарды ұлттық рухта тәрбиелеуге тигізер ықпалы ерекше. Тарихтан белгілі, діни наным-сенімі әлсіз халықтардың ұлттық дәстүрімен бірге тілінің де жойылып, ақырында ұлт ретінде жер бетінен мүлде жоғалып кеткені бар. Сондықтан «Дін мен дәстүр» кітабында айтылғандай, жастар ата-бабаларымыз ұстанған Ислам дінінің Ханафи мазһабы бағытымен жүріп, ұлттық салт-дәстүрлерімізді саналарына сіңіріп өссе – ешқашан            адаспайды, келімсек діни ағымдар мен секталардың соңына ермейді.

Жалпы, жоғарыда айтып өткендей, дәстүрдің дінімізбен, діліміз дәстүрімізбен өзара астасып  жатуы нұр үстіне нұр болар игіліктің бірі.

 

Бекет Ахметов,

аудан әкімінің орынбасары.


Оқылды 7241 рет

Соңғы жаңалықтар

Маус 19, 2025

Атамекен Отаны – Бейбіт өмір ауылы

Тарих бетіне үңілсек, 1722 жылы Бірiншi Петр: «Қазақ Ордасы бүкiл Азия елдерi жерлерiне…
Маус 19, 2025

Қажырлы еңбек — ел мүддесіне адал…

Қытайдың Боғда тауының Күнгейінен Қазақстанға көшіп келген жерлестердің бас қосуында…
Маус 19, 2025

Ел жүрегінде сақталар қос есім

Кім келіп дүниеден кім кетпеген, Ащы қайғы кімдерді жүдетпеген. Еске алып дұғасына…
Маус 19, 2025

Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп…

Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Әкенің…
Маус 19, 2025

«Атамекен» – ұлттық рух мекені

Жазғы демалыста балаларға арналған мектеп жанындағы «Атамекен – ұлттық рухтың бесігі»…
Маус 19, 2025

Жаңарған ғимарат – жаңа мүмкіндіктер

Денсаулық сақтау жүйесін дамытып, сапалы медициналық көмекті ауыл халқына барынша…
Маус 19, 2025

Алғыс пен құрмет иелері

Елімізде маусым айының үшінші жексенбісі – медицина саласындағы қызметкерлердің кәсіби…
Маус 19, 2025

У нас союзнические отношения с…

Заместитель директора ТРК Президента РК Аскар Джалдинов спросил Президента России…
Маус 19, 2025

«Я не вижу никаких осложняющих…

 Отвечая на вопрос заместителя директора ТРК Президента РК Аскара Джалдинова, Президент…

Күнтiзбе

« Маусым 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет