Дүйсенбі, 05 Маусым 2023 20:52

Экологиялық сана қалыптастыру – аса маңызды міндет

Адам мен табиғаттың соншалық нәзік байланысына иненің жасуындай болса да зақым түссе, бұл адамзаттың жер бетінде биологиялық түр ретінде өмір сүруіне қауіпті зардаптар туғызады. Бұны күнделікті тіршілікте, білім ордаларында экологиялық тәрбие беру мақсатында адамның табиғатқа бағытталған өзімшіл шабуылынан туындайтын кесапат зардаптарды болдырмау үшін ғылыми-техникалық, саяси-әлеуметтік, экологиялық және басқа да бірқатар мәселелерді айтып берген жөн. Бұлардың арасында педагогикалық, тәрбиелік мәселелер алғы шептен орын алады. Неге десеңіз, өсіп келе жатқан ұрпақ мектеп қабырғасында жүріп айналадағы табиғи ортаны көздің қарашығындай сақтауға, онымен ғылыми тұрғыдан қарым-қатынас жасауға дайындалып келеді. Қазір экология табиғатты адамның мінез-құлқының жалпы стратегиялық бағытын айқындауға жұмылдырылып отыр. Сондықтан да жастардың табиғатқа деген көзқарасын жақсарту, олардың экологиялық сананы қалыптастыруы – жалпы білім беретін мектептердің аса маңызды міндеттерінің бірі.

Туған жердің әр сүйемі,

Қастерлі ғой, барлығы оны сүйеді.

Қажет кезде жүрек қанын тамызған

Ата-бабаң мекені ол – киелі, – дегендей  мектеп оқушыларын жерді, табиғатты, Отанды құрметтеу, аялау мақсатында сыныптар арасында сүйіспеншілікке балу тұрғысында жұмыстар жүргізілуде. Оқушыларға мынандай мысалдарды айта кету жөн: дүние жүзіндегі мұхиттарға жыл сайын 10 миллион тоннадай мұнай мен оның қалдықтары төгіліп, ластанады екен. Минералдық отынды жағу барысында жыл сайын 20 миллиард тоннадан астам көміртегінің күкірт қышқылы газы мен басқа да шаң-тозаң атмосфераға жайылады. «Ащы жаңбыр» деп аталатын жауын, негізінде осыдан пайда болады. Мұндай қатерлі көріністердің салдарынан айналадағы ортаның жай-күйі тіпті нашарлап кетті. Кейбір елдер мен аймақтарда табиғаттың ластануы кең көлемде орын алғаны соншалық, тіпті соның салдарынан экономикалық тоқырау қаупі төне бастады. Әлемдік экологиялық проблемаларды зерттеудің бірнеше жолдары бар: денсаулықты қорғау, шаруашылық, биотехникалық, ғылыми, әлеуметтік. Оның біріншісі – әртүрлі қалдықтардан тазартатын құрылыстар салу, қалдықтарды қайта өңдеу. Екінші жолы – қалдықтарды аз бөліп шығаратын, тіпті қалдықсыз жұмыс істейтін таза технологиялық өндіріс орындарын салу. Үшінші жолы – ласты көп бөлетін, сол ортаның тыныс-тіршілігіне қолайсыздық туғызатын қара және түсті металлургия, химия және мұнай химия, целлюлоза қағаз өндіріс орындарын тиімді орналастыру.

Оқушылардың сезімін дамытып, оларды парасаттылыққа тәрбиелеуге экологиялық тұрғыдан келудің маңызы зор. С.Залыгиннің сөзімен айтқанда, «Табиғат – адамның ар-ұят сақтауына, табиғатты үнемі ана ретінде еске алып отыруына көмектеседі».

Табиғатпен етене жақын өскен баланың орны мен маңызы туралы білім беру жүйесіндегі ереже классикалық педагогикада дәлелденіп, одан әрі дамытылды. Ж.Руссо, Г.Песталоцци, Ф.Дистерверг сияқты ұлы педагогтардың табиғат құралдарымен баланың адамгершілік сезімін нығайтудың педагогикалық құндылығын атап өткені белгілі. Бұлар адамның түйсік алып, игілікті мінез-құлқының қалыптасуына ықпал етеді. Мысалы, мектеп ауласындағы бақшада жүргізілетін жұмыстары сан алуан, олар мұнда жас шыбық отырғызып, оны күтіп-баптап өсіреді, бақша ағаштарын есепке алып отырады, қорғайды. Міне, мұндай жұмыстар оқушылардың сана қызметіне тура әсер етеді. Саяхат жұмыстарын ұйымдастырудың ерекшелігі сол оның түп тамырында шығармашылық ізденіс жатады. Сондықтан да мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарына тәжірбие жасау, ұзақ уақыт бақылау жүргізу, тексеру, салыстыру, есептеу, мөлшерлеу сияқты көптеген элементтер бар.

Әрине, табиғат байлығы шексіз еместігі белгілі. Оны тиімді пайдалануды әрбір Қазақстан азаматы ойламаса, кім ойлайды?! Ата-ана сәбиін қалай әлпештеп аяласа, табиғат та сондай күтімді қажет етеді.

Бекболат БАИМБЕТОВ, қоғам қайраткері.

Оқылды 16327 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Газет – аудан айнасы Ана тілде аруақтардың демі бар... »

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 11, 2025

Мемлекеттік қызметке ашық жол:…

Мемлекеттік қызмет — ел дамуы мен тұрақтылығының тірегі, азаматтардың әл-ауқатын…
Қырқ 11, 2025

Бошкулов Айдар Багашарович, …

В послании Главы государства этого года обозначены как глобальные вызовы времени, так и…
Қырқ 10, 2025

Оқушылардың ата-аналарына арналған…

Жаңа оқу жылы – әр оқушы мен ата-ана үшін жауапты әрі ерекше кезең. Бұл уақыт баланың…
Қырқ 10, 2025

Жіті респираторлық вирустық инфекция…

ЖРВИ/тұмау- ол жіті жұқпалы, инкубациялық мерзімі қысқа, тыныс алу жолдарының қабынуымен…
Қырқ 10, 2025

Оба:жұғу жолдары, алдын алу шаралары.

Оба аса жұқпалы, карантинді инфекциялар тобына жататын ауру. Инфекцияның жабайы…
Қырқ 10, 2025

Мектеп жиһазына қойылатын санитарлық…

Мектеп жиһазы оқу процесін ұйымдастырудың негізгі элементі болып табылады.…
Қырқ 10, 2025

Компьютердің көру қабілетіне әсері

Қазіргі уақытта компьютерлер, планшеттер, смартфондар және басқа гаджеттер ақпарат алу…
Қырқ 09, 2025

Алматы облысының қатысуымен …

Алматы облысының қатысуымен Мәскеуде бизнес-форумИнвестициялар, цифрлық технологиялар…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет