Жұма, 10 Ақпан 2023 09:27

Газет – аудан айнасы

«Ел бірлігі – ең асыл қасиет, бірлік, ынтымақ пен парасаттылық ең алдымен өзімізге керек», – деп Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа үкіметке берген тапсырмасында ұлттар достығы, қазақ тілінің мәртебесі қазақ еліне керек екендігін ашып айтқан еді. Мемлекетімізге қажет осындай құндылықтарды насихаттайтын бірден-бір құрал – газет.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлінің айтуынша, БАҚ туралы заңнама жетілдіріледі, Заң жобасында оң өзгерістер болады. «Заң аясында журналистердің мәртебесін көтеру, мемлекеттік ақпараттық саясатты қаржыландыру тетіктерін 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын дайындауға кірістік», – деді министр. Ұсынылған өзгерістер азаматтардың ақпаратқа қол жеткізу құқығын заңсыз шектейтін мемлекеттік органдардың жауапкершілігін күшейтеді. ХІХ ғасырдан бері жаңалықты бірінші болып бұқара халыққа жеткізетін газет-журналдың таралуы көбейеді. Аталарымыздың айтқан жақсы сөзі бар «Бұрынғы шыққан құлақтан кейінгі шыққан мүйіз озыпты». Газеттің оқырман үшін берері мол, айтары көп. Әлеуметтік желідегі сананы улайтын жазбалардың жолын кесіп, келешекте тиісті шара қолданатындары туралы миністр ойын ашық айтты. 

Еңбекшіқазақ ауданы үлкен болғандықтан жеті сайын шығатын ауданымыздың төл газетін аудан тұрғындары мен 8,5 мыңнан аса білім саласы қызметкерлері өздері тұратын ауданның тыныс-тіршілігін білу үшін керек деп ойлаймын. Бас редактор Хайролла Ахметжанов биылғы 2023 жылғы газеттің №4 санында кейінгі 5 жылда «Еңбекшіқазақ» газетіне жазылушылардың саны азайып бара жатқанын арнайы көрсеткен сараптауынан көріп, өз ойымды айтқым келді. Заман талабына сай смартфонда барлық керекті ақпарат бар деп, газетті оқымайтындар неше түрлі сылтау айтып, ақталатындардың көбейгені рас. Газетсіз қоғамды елестетудің өзі қисынсыз. Ал қазіргі оқырман-дардың бастары біріксе тал-қылайтын тақырыптары – әлеуметтік желілерде қандай жаңалық бар, жұлдыздардың парақшасында не болып жатқаны, одан қалса бастары қосылып, ұялы телфонға үңіліп отырады. Ақын Иосиф Бродский: «Егер бір адам газет, кітап оқымаса, бұл оның өз қасіреті, ал миллиондаған адам газет, кітап оқымаса, тұтас бір ұлттың қасіреті» деген екен. Ақын Мұхтар Шаханов: «Газет-журнал оқымайтын «компьютербасты» жарты адамдар жастар көбейіп жатыр» деген реніш-назын ашық айтады. Менің пайымдауымша, газет оқитындардың 35 пайызы жасы ұлғайған адамдар. Сол себепті де, ауданда қызмет істейтін мамандар, ұстаздар мен ауыл жастарымен кездесулерде газет-журнал оқуға үнемі үгіттеп жүремін. Ауданымыз үлкен болғандықтан өңіріміздің тыныс-тіршілігін ғаламтор желісінен емес, бір ғасырға жуық тарихы бар газеттен оқуға болады. «Газет, кітап – тілдің тұнығы» десек, күнделікті ауданда болып жатқан жаңалықтар оқырман үшін аса қажет. Аудандық газетте жазылған қысқа, сапалы, нақты атқарылып жатқан шараларды жетісіне бір рет шығатын қоғамдық-саяси апталық газеттен оқитындар жақсы біледі. ХХІ ғасыр – білім ғылым ғасыры десек, М.Дулатовтың «Жақсылыққа бастайтын жарқын жұлдыз – оқу, оқымаған жұрттың келешегі – тұман, күні қараң» дейді. Жалпы, газет – мемлекеттік құндылық, ол оқырманымен бірге өмір сүреді, оқырманымен бірге жасайды.

«Ұлттың санасына да, себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы да – тіл» – деп А.Байтұрсынұлы айтқандай, ана тілімізде жазылған газет сауатты жазуға, оқуға, сауатты сөйлеуге, қазақы ортаны қалыптастыруға көп көмегін тигізеді. Үлкенді сыйлау, әңгімелерін тыңдау, қазақы мақал-мәтел, салт-дәстүрімізді жақсы білуге де үйретеді. Тілімізді құрметтеп, ұлттық құндылықтарымызды бойымызға сіңіруден құр қалмайық, құрметті оқырман!

Әсет АЛЖАНБАЙ,

«Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ творчестволық бірлестігінің Алматы облысындағы өкілі. Еңбек ардагері, ардагер оқытушы, запастағы капитан. «Абай» ордені, «Ш.Уәлиханов», «Ы.Алтынсарин», «Білім беру ісінің үздігі», «Еңбек үздігі», «Ел ардақтысы» медальдарының иегері.

Оқылды 18342 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…
Қаң 09, 2026

«Әдекең қайда..?»

Болмашы кекшіл, Болсаңшы көпшіл, – деп Абай айтқан. Осы екі жолға менің бір…
Қаң 09, 2026

Құрмет төрінде

Әне-міне дегенше, жылжып жылан жылы да өтіп, шапқылап жылқы жылы жетті. Жылан жылы жаман…
Қаң 09, 2026

Қолдау барда даму бар

Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі – ауыл шаруашылығын дамыту мен ауыл…
Желт 29, 2025

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына…

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бірі. Ол…
Желт 26, 2025

Бірлік бар жерде

Елдегі этносаралық келісім мен бірлікті нығайту – мызғымас мемлекет тірегінің кепілі. Осы…
Желт 26, 2025

Тәуелсіз елдің ұландары ән шырқады

Тәуелсіздік күніне орай «Біз – тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты патриоттық әндер байқауы…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет