Бейсенбі, 08 Маусым 2023 21:19

Ана тілде аруақтардың демі бар...

«Қазақ тілінен асыл, қазақ тілінен бай тіл жоқ, дін де осында, ғылым-білім де осында, әулиетшілдік те осында.  Солай болғаны үшін бұрынғы өткен ата-бабаларымыздың бәрі жақсы әулие болып өтті».  Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің осы сөзінде терең мағына жатыр.

Шыр етіп дүниеге келгенімізде, құлағымызға ең алғаш ана сүтімен бірге енетін тіліміз екенінде дау жоқ. Анамыздың бесік жыры жанымызға сондай жақын, ешқашан қайталанбайтын әсем әндей естілмеуші ме еді? Тоғайда сан әуезді, мың түрлі әуенмен сайрайтын бұлбұлдың да, айдын көлдің еркесі «Су патшасы» – аққудың да, таң алдында нәзік үнмен құбылжыта сайрайтын бозторғайдың да өз тілі бар. Оны тек өздері ғана түсінеді. Бала үшін өзінің отбасы – үлкен мектеп. Бала жақсыны да, жаманды да отбасындағы әңгімеден, ата-анасының айтқан уағызынан бойына сіңіріп, жүрегіне ұялатады. Сәби кезінен: «Балам, орыс тілінде оқымасаң, дүниеден құр қаласың. Қазақ тілінің болашағы жоқ. Ұлы орыс тілінде білім алмасаң, орыс тәрбиесімен өспесең, мансабың өспейді» деген тоғышарлық пікірлер әлі де қазақ қоғамында бар. Санасы мәңгүрттеніп кеткен қазақ азаматтарының әлі күнге балаларын орыс мектебіне қарай сүйреп жүргені жанға батады. Кезінде Бауыржан Момышұлы атамыз: «Кейбір ұл-қыздарымыздың ана тілімізді білмеуі, не шала білуі мені қатты қынжылтады. Бұған ең алдымен ата-ана кінәлі!» – деп еді.

Жақында 1994 жылы «Жазушы» баспасынан Бейімбет Майлиннің «Еңбекші қазақ» газетінде 1925-1936 жылдары жарық көрген фельетондары топтастырылған «Ел сыры» деген кітап қолыма түсті. Бұл кітапта Б.Майлин қазақ тіліне шекесінен қарайтындарға: «Ғибадатты тіліңмен емес, көңіліңмен істе!» деп, жоғарыдан келген нұсқау, бұйрық, жарлықты елпең қағып, мансабы үшін, отырған креслосы үшін жалпаңдап орындайтын «жағымпаз» бастықсымақтарды әжуа-сықақ етеді.

Өткір тілді Бейімбет аға осы фельетонда: «Сырдария губерниясының әкімшілік қызметін басқаратын Киселев табарышта бас асаулық бар тәрізді. Ол қазақ тілін: «Казахский язык» деп миығынан күліп жүр. Болыстық кеңселерден қазақша жазылған қағаз келсе, Киселев «китайский язык» деп өшігіп, бүктеп-бүктеп үстелінің қуысына тыға салады дейді. Қандай қағаздар тықты екен, тұқым, көлік сұраған кедейлердің арызы жоқ па екен?» – деп ащы мысқылмен өктем отаршылдың бет-әлпетін, ішкі сырын әшкерелеп жеткізеді. Фельетонның соңғы жағын: «... Аяқ астында отырып, пыш-пыштап, жұмысқа кеселін тигізіп, отаршылдық саясатының иісін аңқытатын болса, ондайды ұластырмай қырқып тастау керек. Жаңа жұртшылық ұлтшылдықпен де, отаршылдықпен де қатар күреседі. Мұны ұмытатын жөн жоқ» – деп бітіреді. Міне, ұлты үшін жанын пида еткен Б.Майлин қылышынан қан тамған 1930 жылдары да осылай үн қатқан.

Бір данышпан «Құлдық адамды есеңгіретіп тастайтыны соншалық, сәлден кейін ол өзінің шынжырына ғашық бола бастайды» деп өте құнды пікір айтқан екен. Арамызда жүрген сатқын, орысшыл, әлі күнге Ресейге қарай жалтақтап, жеме-жемге келгенде Қазақ елін сатып кететін «мәңгүрт» қазақтар әлі күнге арамызда жүр. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы «Ана тілі» газетінің тілшісіне берген сұхбатында: «Мемлекеттік тіл мәселесі Қазақстанда ғана бар. Көршілес Тәжікстан, Өзбекстан, Түркменстан республикаларының халқы «Қазақ тілі» мәселесі бізде әлі күрмеуі шешілмеген түйінді мәселе екендігін естіген кезде таңданыстарын жасыра алмайды», – деп ашық мойындап еді. Сол қазақ тілі әлі еңсесін көтерер емес. 1991 жылы Қазақстан Тәуелсіздігін жариялар тұста ҚазССР-нің депутаттары: «Қазақстанда мемлекеттік тіл – орыс тілі болсын!» – деп жаппай қол көтеріп, масқара болған сәтте ұлтжанды, өр рухты ақын Мұхтар Шаханов мінберге көтеріліп: «Сендер екінші желтоқсанды күтіп отырсыздар ма? Қай елді көрдіңіздер, Ресейден басқа орыс тілін мемлекеттік тіл етіп алған. Бұған қазақ ұлты өлсе де, көнбейді...» – деп, депутаттарды сабасына түсірген ақын ерлігін қазақ жұртшылығы әлі ұмыта қойған жоқ.

Кезінде ұлы ғалым, көрнекті ел азаматы Рахманқұл Бердібай ағамыз: «Не істеймін десе де, бәрі мемлекеттің қолында. Бәрін де мемлекет басындағылар шешеді!» – деп әңгіменің тоқ етер жерін айтқан болатын. «Халықтың бағы – тақтанды, Жүйріктің бағы – баптанды, іруі елдің – жаттанды!» – деген бабаларымыздың үні ту алыстан күңгірлеп естілетіндей.. Ана тілде аруақтардық демі бар...

Тұрсынбек ЖАЛҒАСБАЙ, ардагер журналист, С.Бердіқұл атындағы сыйлықтың лауреаты.

Оқылды 16485 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 29, 2025

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына…

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бірі. Ол…
Желт 26, 2025

Бірлік бар жерде

Елдегі этносаралық келісім мен бірлікті нығайту – мызғымас мемлекет тірегінің кепілі. Осы…
Желт 26, 2025

Тәуелсіз елдің ұландары ән шырқады

Тәуелсіздік күніне орай «Біз – тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты патриоттық әндер байқауы…
Желт 26, 2025

Он был духовным наставником сельчан

В текущем году в с.Ават происходили и радостные, и печальные события. Одно из наиболее…
Желт 26, 2025

Жазушы мұрасы – ұлт қазынасы

Жақында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Достық» үйінде Қазақстан Жазушылар одағы…
Желт 26, 2025

Дарынды оқушыларымыз жеңіс тұғырында

Қазақстанның дарынды оқушылары «UCMAS International Competition 2025 & World Cup…
Желт 26, 2025

Ұлы халықтың ұлы Абайы

Биыл қазақ елі данышпан, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығын жоғары деңгейде атап…
Желт 26, 2025

Білім сапасы – ел болашағының кепілі

Қазіргі жаһандану дәуірінде кез келген мемлекеттің дамуы ең алдымен білім сапасымен…
Желт 26, 2025

Ұлттық құндылықтар дәріптелді

Ішкі саясат бөлімінің бастамасымен жастар арасында патриоттық тәрбие мен отбасылық…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет