Жұма, 15 Қараша 2019 15:14

Алдымен өзің бақытты болуды үйрен

Бірде данагөй қарт табиғаттың тамашасына сүйсініп, айналасындағы қызыл-жасыл түстерге тамсана қарап тұрады. Кенет осынау кереметке мойын бұрып қарауға мұршасы жоқ әлдебір ер адамның иығына ауыр жүкті арқалап, аяғы дірілдеп әрең кетіп бара жатқанын байқайды. Қара жұмысқа жегіліп, әбден азып-тозып, шаршағаны түрінен-ақ көрініп тұр. Бейтаныс жанды тоқтатқан қарт:

— Мұндай ауырды көтеріп, өзіңді сонша неге қинайсың? – деп сұрайды.

— Қанша қиналсам да, балаларым мен немерелерім ештеңеден таршылық көрмей, бақытты өмір сүрсе екен деймін, – деген әлгі адам:

– Менің арғы атам атамның бақыты үшін өзін ауыр жұмысқа салып, аянбай еңбек еткен. Өз кезегінде атам әкем үшін, ал әкем менің бақытым үшін дәл солай тер төккен. Кезек менде! Мен де өз балаларымның бақыты үшін қолымнан келгенінше аянбаймын, – деп сөзін аяқтайды. Жарлының сөзін бөлмей тыңдаған данагөй ақсақал:

— Ал отбасыларыңда бақытты біреу болды ма сонда? – деп сұрайды.

— Әзірше жоқ, бірақ балаларым мен немерелерім бақытты болатын шығар! – деген жарлының дауысы да арман мен үмітке тола шықты…

— Өкініштісі, өзі сауатсыз адам өзгеге әріп үйретіп, хат таныта алмайды. Ал жердегі көртышқан ешқашан биіктегі қыран құсты тәрбиелей алмайды! – деп терең күрсінген ақсақал сөзін ары қарай жалғап:

– Алдымен өзің бақытты болуды үйрен. Тек сонда ғана балаларыңа бақыт дегеннің не екенін көрсетіп, оларды да бақытты ете аласың. Ал бұл – балаларыңа жасаған сенің ең үлкен сыйлығың болмақ, – дейді.

 

Бақыт байлықта емес! Бақыт – барды бағалай білуде!

 Аударған: Құралай Мұратқызы

 

Оқылды 2037 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Махаббат туралы тәмсіл Ол қызға үйленбе »

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет