Сейсенбі, 26 Сәуір 2022 14:33

Бақ ағашының бактериалды күйігі

Соңғы жылдары инфекция қорының жоғары, әрі жан жақты болғанын өндірістік бақтардан ғана емес, жеке секторлардан да байқауға болады. Бақ ағашының бактериялық күйігі – өте қауіпті жұқпалы ауру. Ауру қоздырғышы – Erwinia amylovorа (Bull).

Бактерия – өсімдіктердің 160-180 түрін зақымдайды, оның ішінде ең алдымен алмұрт, алма, айва, долана, итмұрын, шетен және тағы басқа түрлері. Ағаштың барлық мүшелерін: бүршіктерін, гүлін, жапырағын, бұтақтарын, штамбын зақымдайды.

Зақымдалған ағаштың гүлдері қарайып солады, түйіндері мен жемістері де қараяды, бірақ ағашта ілініп тұрады. Аурудын ең алғашқы өзгеше белгісі – аса-таяқ (посох), 1 жылдық кеуіп кеткен жас бұтақ иіліп ілмекке ұқсап тұрады. Ағаштың қабығы жарылып, бұтақтары кеуіп, қызыл-қоңыр түске еніп, зақымдалған ағаштың түрі күйіп кеткендей әсер қалдырады.

Ауру ағаштардың көшеттері, құрал-саймандар, ыдыс арқылы және өсімдіктің вегетациялық кезеңінде, жәндіктер, суармалы сумен де таралады. Көктем ылғалды және жаңбырлы болса бактерияның белсенділігі артады.

Қауіпті ауруға нақты емдік шаралар әзірше табыла қойған жоқ, бірақ соған қарамастан аурудың таралу қарқындылығын бәсеңдету үшін, алдын ала агротехникалық және фитосани-тарлық іс-шараларды қолдануымыз қажет:

– Жеміс ағаштарының күйігі таралған аудандарда отырғызылатын материалдарды тасымалдауға тыйым салынады.

– Ауру табылған жағдайда залалданған өсімдіктердің барлығы қазылады және санитарлық шаралардың ережесіне сай жойылуға тиіс немесе залалданған бұтақтарды 20-25 см аралығында шырпып алып, өртеу керек. Кесілген бұтақтардың орнын 1% мыс қосылған қоспамен немесе бақ нұмын (садовый вар) жағу қажет.

– Аурудың алдын алу мақсатында 3% бордос сұйықтығымен  бірнеше рет өңделуі тиіс.

– Залалдың алдын алу шарасына төзімді сорттар шығару және  төзімді сорттарды отырғызу да жатады.

Осыған байланысты қазіргі таңда ауыл шаруашылық министірлігі тарапынан бақ иелеріне құртылған ауру ағаштар үшін өтемақы төлеу жағы қарастырылуда.

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесінің Еңбекшіқазақ аудаңдық филиал мамандары жүргізген анықтау жұмыстары нәтижесі бойынша 2012-2021 жылдар аралығында   залалданған алқап 344,04 га құрады. Осы жылдар аралығында 221,836 га  алма бақ қопарылды.

 А.САДЫКОВА,

Еңбекшіқазақ аудандық аумақтық инспекциясының  

өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы.  

Оқылды 6934 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Тұздың пайдасы Масалар неліктен біздің қанымызды ішеді? »

Соңғы жаңалықтар

Ақп 05, 2026

Необходимо четко обозначить в…

Национальная валюта должна быть защищена на конституционном уровне. Об этом на восьмом…
Ақп 05, 2026

Ұлттық Банктің рөлін Конституцияда…

Ұлттық валюта Конституцияда қорғалуға тиіс. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов…
Ақп 05, 2026

Женское крыло AMANAT участвует в…

В Центральном аппарате партии AMANAT состоялся круглый стол на тему «Взгляд женщин на…
Ақп 05, 2026

Қазақстан Халық партиясы өңірлерде…

Ел тұрғындары арасында Конституцияның жаңа жобасын талқылау жалғасып жатыр. Бұл үдеріске…
Ақп 05, 2026

Светское образование в Казахстане:…

В Конституции Казахстана собираются усилить защиту светского образования. Об этом во…
Ақп 05, 2026

Ел болашағын айқындайтын маңызды…

Конституциялық реформа жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа…
Ақп 05, 2026

Көшедегі ірі қараның басы –…

Жуырда редакцияға қала маңындағы «Тау самалы» демалыс орнының қожайыны Мейрам деген…
Ақп 05, 2026

Батырға құрмет

Қазақ тарихындағы заңғар тұлғалардың бірі – Бауыржан Момышұлы. Даңқты қолбасшының қас…
Ақп 05, 2026

Белгілі заңгер Жаңа Конституция…

Конституциялық комиссияның VIII отырысында Қазақстан заңгерлер одағының төрағасы Серік…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет