Дүйсенбі, 06 Желтоқсан 2021 11:22

Тәуелсіздігім тәңірден келген тәтті сый

«Тәуелсіздік» деген сөздің мағынасы қандай терең, астары қандай кең десеңізші! Ол – өлең, ол – ән, ол – сұлулық, ол – асқақ арман, ол – шалқыған дәулет, көркейген сәулет. Бір ғана сөз бейбітшілік, бақыт, сәттілік, достық, сыйластыққа жетелейді, жаныңа жылылық пен дербестікті ұялатады. Шыңын мәңгі қар басқан биік таулары, сарқырай аққан өзендері, мөлдір сулы көлдері, шет-қиыры көзге көрінбейтін жазық далалары, қойнауында ұлан-асыр кен байлықтары тасып жатқан қуатты өлке, құт-мекеннің мәртебесі жоғары, тұғыры биік.

Солай дей отырсақ та, бүгінгі таңдағы әлем мойындаған Қазақстан мен еркіндікті аңсаумен бодандықта болған Қазақстанды салыстыру қиын. «Өз-өзін тапқан адам өзге адамның пікіріне бағынышты болудан арылады» деп Георгий Александров айтқандай, еліміздің қашан да тәуелсіздікті аңсап, тәуелсіздік жолында тынбай күресуі нәтижесінде ешкімнің ықпалына көнбейтін қуатты мемлекет болып әлем сахнасынан көріне бастадық. Дегенмен, бізге бұл оңай жолмен келе қойған жоқ. Тамырын тереңге жайған тарихымызға көз жіберсек, еліміздің ел болып қалыптасуына мыңдаған жыл кеткеніне көз жеткіземіз. Жерімізге көз тіккен жауыз жоңғарлармен 150 жылға жуық шайқасып, ата-бабамыз қасықтай қаны қалғанша жерімізді қорғап қалды емес пе? Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай сияқты батырларымыздың «Қайтсек те жауға бермейміз» деген ұранмен қол бастап, жауынгерлеріміздің рухын көтергені, Отанына деген махаббатын оятқаны бәрімізге аян. Батысы мен шығысы, оңтүстігі мен солтүстігі түрлі мемлекеттермен астасып жатқан ұлан-ғайыр даланы жат жұртқа бермеу үшін қайтпас қайсар батырларымыз жан аямай күресті. Елін, жерін жау аяғына таптатпай, сол туған жерінің қадамы үшін басын өлімге тіккен аталарымыздың бойындағы ерен күш, биік рух жеңіске алып келді.

Пай! Пай! Пай!

Киелі неткен жер!

Батырлар дүрілдеп өткен жер.

Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер, –

деп қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев жырлағандай, бұл өлке нені көрмеді десеңізші! Ғасыр ағынымен қанды шайқасты да, қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған бейбіт өмірді де, өзге мемлекеттердің үстемдік етіп, билік жүргізуін де, бірін-бірі жеуге дейін барған аштық заманды да, табиғаттың дүлей күшін де, бәрін-бәрін көрді, келешек ұрпаққа жетуі үшін тасқа қашап, хатқа қаттап, бәрін мәңгі өшпестей сақтап жазды.

Қаншама жылдар бойына тәуелсіздікті армандап келген ата-бабаларымыздың асқақ арманы орындалды. «Тарихты жеңген жазады» дейді емес пе, ендеше біздің ғасырлар бойы күрескен жеңісіміз көрінді. Ұлттық валютасы, Гимні, Туы және Елтаңбасының пайда болуы көгінде қыран еркін шарықтаған Қазақстанның ешкімге бағынышты емес екенін дәлелдеді. Тіл – ұлт қасиетін айқындайтын белгі, ұлттық салт-сана өзегі. Осыны ескерген, көреген Елбасымыз мемле-кеттік тілді қазақ тілі деп бекітті. Тәуелсіздік алуымыздың арқасында қаншама жыл бойы езгіге түскен ана тіліміз қайта жаңғырды.

Қорыта айтқанда, Тәуелсіздігімізге бар болғаны 30 жыл болсада, осыншама үлкен жетістіктерге жету – батырлық.  Азап пен төзімнің, халықтың сан ға-сырлар бойы еркіндікті аңсаған шыдамының өтеуі болды. Қазақстанның тәуелсіз, егеменді ел ретінде танылғанына міне ширек ғасырдан асты. Тәуелсіздік сияқты ұлттық мерекені бүгінгі таңда қазақ халқы жүрегімен сезінуі керек. Тәуелсіз елдің ең басты тұғыры, қоғамның рухы, жігері. Тәуелсіздік – ащы термен келген тәтті жеңіс. Төгілген қанның, өлмеген жігердің отымен келген ұлы күн. Біз – бақытты ұрпақпыз. Себебі, ата-бабамыз көрген шапқыншылықты, табаны тілім-тілім болған босқыншылықты, бір түйір дәнге зәру болған аштықты, талай боздақтың жа-нын, жақынын алған сұм соғысты мына біз, жас ұрпақ, көргеніміз жоқ. Бейбіт өмірмен қатар, аталарым армандаған, өз қолы жетпесе де келер ұрпағы үшін күрескен, қазып қалсаң асты қазынаға толы кең байтақ жерді, бай тілді, тәрбиеге тұнып тұрған салт-дәстүрді, ең бастысы тәуелсіздіктің тәтті дәмін татып жатқан жарқын ұрпақпыз.

Нұрахмет ДІНМҰХАММЕД,

Әл-Фараби атындағы орта мектептің 7 сынып оқушысы.

Оқылды 1842 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Берекелі күз Көрме өтті »

Соңғы жаңалықтар

Қаз 06, 2025

Шетелге шығатын саяхатшыларға…

Әлемдік туризмнің дамуы азаматтардың шетелге шығу мүмкіндігін арттыруда. Дегенмен, әрбір…
Қаз 06, 2025

Фортификация дегеніміз не?  

Фортификация – белгілі бір азық-түлік өнімдеріне дәрімендер мен минералдар сияқты…
Қаз 06, 2025

Балық өнімдерінің қауіпсіздігі

Балық және балық өнімдері халық денсаулығы үшін аса құнды тағам болып табылады. Оның…
Қырқ 30, 2025

Бруцеллез-аса қауіпті ауру!

Бруцеллез (сарып) - жануардан адамға жұғатын аса қауіпті жұқпалы ауру. Бруцеллезбен…
Қырқ 23, 2025

Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің…

Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі – халықтың денсаулығын қорғау, сапалы…
Қырқ 23, 2025

Педикулездің алдын алу туралы

Педикулез (лат. *pediculosis*) — адамның терісі мен түктерінде паразиттік тіршілік ететін…
Қырқ 23, 2025

Биологиялық белсенді заттарды…

Халықтың денсаулығын сақтау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында Қазақстан…
Қырқ 23, 2025

«Тұрғын үй мен ғимараттарды…

Қоғамдық денсаулықты сақтау және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету…

Күнтiзбе

« Қазан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет