Бейсенбі, 01 Қазан 2015 11:12

Азан шақырып ат қою міндет пе?

Азан шақырып ат қою сүннет амалы. Сондай-ақ, азан шақырып қойған аты дейтін де сөз тіркесі де бар халқымызда. Бұл сол сүннет амалының салтымызға сіңіп кеткендігінің айғағы болса керек. Қош делік. Азаттықтың ақ таңы атып, дәстүрлі дініміздің діңгегі қайта тұрды тұғырына. Халқымыз дін Ислам ұстанымдарына қайтадан бас қоюда. Осы орайда, азан шақырып ат қою және ата-анасының перзенті алдындағы парызы турасында ой қозғауды жөн санаған едік. 

Балаға ат қойғанда халқымыз көбіне діни аттар қоюға құмар. Бұл жақсы. Алайда, Алланың «Аллаһ» есімінен басқа және 99 көркем есімі бар. Бұлар – Алланың сипаттары. Көп адамдар Алланың осы сипаттарын есім қылып қояды. Ислам ғұламаларының айтуы бойынша, Алланың кейбір сипаттарының тек өзін қоюға болмайды. Мысалы: «Халиқ-Жаратушы». Бала немесе адам жаратушы бола алмайды ғой. «Құддыс-Кемшіліксіз», «Рахман-Аса қамқор». Бұл есімдер тек Алланың өзіне ғана лайық. Егер осы Алланың сипаттарын білдіретін аттарды қоюды қаласаңыз, онда «абд», яғни «құлы» деген сөзді қосу керек. Мысалы, Абдихалық – Жаратушының құлы, Абдырахман – аса қамқор Жаратушының құлы. Және Ислам ғұламаларының пікірінше Алланың сипаттарын білдіретін аттарды қоюға болады. Бірақ, ол адам сол есімге лайық болуы керек. Мысалы, Ғалым – білуші, Самиғ – естуші, Басыр – көруші, Қадыр – күші жетуші. Абзалы осы сипаттардың алдына «абд» сөзін жалғау. Мысалы, Абдығалым – білушінің құлы немесе білушіден сұраушы, Абдысамиғ – естушінің құлы, Абдыбасыр – көрушінің құлы, Абдықадыр – күші жетушінің құлы. Енді Ислам дінінде кітаби аттар бар. Бірде Жәбірейіл (ғ.с.) келіп, Мұхаммедке (с.ғ.с.): «Я, мұхаммед! Алла Тағала сізге сәлем жолдап, мынаны айтты: «Я, Әуелгі және Ақырғы пайғамбар! Егер сенің үмметіңе осы аттарды қойса, оларға көр азабы болмайды», – деді.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) өз хадистерінде ата-ананың перзенті алдындағы ақысы немесе бала алдындағы міндетінің үш түрін көрсетеді. Біріншісі – балаға жақсы ат қою, екіншісі – дұрыс тәрбие беру, үшіншісі – өз уақыты келгенде үйлендіру.

Сүннет бойынша бала туған бойда-ақ немесе туғаннан кейінгі жетінші күні ат қойылған. Бір хадисте бұл туралы «Баланың әкесіндегі құқықтарының бірі жақсы әдеп пен жақсы есім» делінген (Суюти, әл-Жамиғус-сағир 2, 538). Тағы бір хадисте «Сендер қиямет күні аттарыңмен және әкелеріңнің есімімен шақырыласыңдар» делінген (Әбу Дәуіт, Әдеп, 70).

Асыл дініміздің ұстанымдарында ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән беріледі. Қасиетті аяттар мен хадис шәрифтерде ұрпақ тәрбиесінің тым әріден, яғни адамның үйленбей тұрып жақсы жар таңдауынан басталатындығы айтылады.

Омардың (р.а.) халифалығы кезінде бір адам оған баласын ертіп келіп: «Ей, мұсылмандардың әміршісі. Мынау – менің ұлым. Өзіме қарсы шығып, жапа шектірді», – деп шағымданады. Омар балаға қарап: «Құдайдан қорықпайсың ба? Баланың әке-шешеге қарсы шыққанын кімнен көрдің? Ата-ананың ақысын білмеуші ме едің?» – деп ұрсады. Бала еш қаймықпай: «Мырзам, айтып тұрғаныңыз әке-шешенің ақысы. Ал, баланың ақысы жоқ па?» – деп сұрайды. Омар: «Иә, ата-анада баланың да ақысы бар. Ең әуелі үйленерде баласына ана болатын жақсы жар таңдауы тиіс. Тәрбиесіз қызға үйленсе болашақта туылатын балаға қиянат жасаған болады. Баласы туылғанда оған жақсы ат қоюы керек. Сосын ес білгенде оған Аллаһтың кітабы Құранды үйретуі керек», – деп санап береді. Мұны естіген бала: «Уа, мұсылмандардың әміршісі! Әкем жоғарыдағы айтқандарыңыздың ешбірін орындаған жоқ. Біріншіден, менің анамды құл базарынан сатып алған. Оның өткен өмірі белгісіз. Екіншіден, маған қара қоңыз деген мағына білдіретін «Жуал» деген нақұрыс ат қойған. Үшіншіден, Құраннан бір әріп те үйретпеді», – деп зарлап қоя бергенде Омар баланың әкесіне бұрылып: «Балаңның қиянат жасағанын айтып шағымданасың. Негізінде сен оған қиянат жасағансың. Бұл қателік алдымен өзіңнен кеткен. Енді амал жоқ. Бар, жолыңды тап», – деп шығарып салады. Сондықтан да ізгі ұрпақ болуын қалаған жан ең әуелі балаға жақсы ана таңдауы, кейін жақсы ат беруі, кейін жақсы тәрбие беруі, одан кейін үйлендіруі керек.

Бала алдындағы екінші міндет – дұрыс тәрбие беру, яғни діни сауатты, ақыл-ойының қадірін, жаратылысының мәнін білетін ұрпақ тәрбиелеп, өсіру.  Бұған қарсы келу – адам табиғатына балта шабумен бірдей.

«Бала тәрбиелеу – тонналап садақа беруден де артық сауап» (Тирмизи) болса, «оларды әдепті, тәрбиелі етіп жетілдіру» (Ибн Мажә), балаларға дінін жақсы көргізу – «баланың әкесіндегі ақыларынан» (Бәйһақи). «Әке баласына жақсы тәрбиеден артық мирас қалдыра алмайды» деген хадис те әкенің баласы алдындағы орнын белгілейді.

Баланы жақсы көру оны бұл дүниеде разы қылумен бітпейді, мәңгілік азаптан, тозақтан құтқаруды ойлау – сауапты істерден. Әкенің баласын тозақ отынан қорғап, сақтауы – жалған ғұмырдағы оттан сақтаудан да маңыздырақ. Тозақ отынан қорғау – иман келтірту, парыз амалдарды үйрету, адал мен арамды ажырата білгізу арқылы жүзеге асады.

Әкелердің өз жаратылысының мәнін біліп, құлшылық жасауымен қоса, отбасы жауапкершілігін жете түсінуі жаратушы әміріне мойынсұнғандығы болып табылады: «Барлығың бір үйірдің бағушысы секілдісіңдер. Бағушы үйірін қорғағаны секілді сендер де үйлеріңдегі және қол астыларыңдағы адамдарды жаһаннамнан қорғауға тиіссіңдер! Оларға мұсылмандықты үйретпесеңдер олар үшін жауапты боласыңдар!» (Мүслим).

Ақырет азабынан қорқатын әкелер бала ақысына кіруден қорқады. Бұл фәни тірлігінің соңында сұрау барын біледі: «Мұсылман балалар әкелерінің кесірінен Уәйл атты жаһаннамға түседі. Өйткені бұлардың әкелері тек ақша табу, көңіл көтеру құмарлығына түсіп, тек дүние істерін қуалап, балаларына мұсылмандықты, Құран кәрімді үйретпеді. Мен мұндай әкелерден ұзақпын. Олар да менен ұзақ. Балаларына дінін үйретпегендер жаһаннамға түседі» (С. Әбәдийа). Өзі үшін харам болған арам нәрсені баласына жасатқан адам күнә істегенмен тең. Балаларының арақ ішіп, құмар ойнауына, өтірік пен ұрлық секілді жаман мінездерге баулуға себеп болғаны –  әкенің ислам шариғатына қарсы келгені.

Өкінішке қарай, қоғамымызда теріс ағымға еріп, «Құран-кәрімнің» өзін қабылдамай, адасып жүрген берекесіз отбасында берекесіз тәрбие алып, Алла әмірін аяқасты етіп жүрген жандар да кездеседі. Әр жанұя үлкен мемлекеттің кірпіші екенін ұғынғанда ғана, елдің мәңгілігіне сенім оянбақ. Мәңгілік елдік белесін бағындыру елдің экономикасына ғана байланысты емес, ол өскелең ұрпақ тәрбиесінде жатыр. Исламдық тәрбиені тек діни тұрғыдан діннің талаптары ретінде түсіну де қателік. Ынтымақ пен бірлік тек көркем мінезді қоғамда салтанат құрады.  Ал, көркем мінездің ең көркем үлгілері тек ислам дінінде. Елдің татулығы – мемлекет қауіпсіздігінің кепілі. Сондықтан ұрпақ тәрбиесін оттың төңірегін қамтитын әңгіме емес, ұлттың ұлттық мүддесі деп түсінгенде, тәуелсіздігіміз тұғырлы болмақ.

 

Баспаға әзірлеген  Ә.МАНАСБЕК.

Оқылды 6732 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Как не попасть в капкан? Біз экстремизмге қарсымыз! »

Соңғы жаңалықтар

Қар 21, 2024

Наш собственный корреспондент…

С начала 90-х годов прошлого века в областной газете «Огни Алатау» сменилось несколько ее…
Қар 21, 2024

«ЖАҢАРТУ» расширяет возможности…

Проект «ЖАҢАРТУ» («Обновление»), презентация которого состоялась в мае 2024 года,…
Қар 21, 2024

Артық шығын абырой әкелмейді

Елімізде діни рәсімдерді өткізу барысында көптеген қателіктер орын алып жатқанын естіп…
Қар 21, 2024

Кәсіп болмай, нәсіп болмас

Бүгінде балалардың жан-жақты дамуына, кәсіпке деген көзқарасын қалыптастыруға барлық…
Қар 21, 2024

«Атамекен» приглашает к диалогу

Национальная палата предпринимателей «Атамекен» Алматинской области выступила инициатором…
Қар 21, 2024

Бейбіт күн – бірліктің жемісі

Көпұлтты мемлекетіміздің ішкі саясатында ең маңызды дүние – ұлтаралық татулықты сақтау.…
Қар 18, 2024

Внимание, жители г. Есик!

Региональный офис ЮНЕСКО в Алматы совместно с Центром «Содействие устойчивому развитию…
Қар 14, 2024

АФМ проводится расследование в…

Она подозревается в хищении свыше 1,5 млрд тенге, собранных для помощи гражданам,…
Қар 14, 2024

ҚМА еріктілер қозғалысының…

Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд…

Күнтiзбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет