Бейсенбі, 14 Қазан 2021 09:19

Мектептегі туризм – тәрбие негізі

 

Еліміздегі туризм саласы 30 жылдың ішінде көптеген жетістіктерге жетті. Десек те, балалар мен жасөспірімдер арасындағы туризмнің ақсап тұрғаны жасырын емес. Жақында осындай мәселелерді қамтыған дөңгелек үстел өтті. Халықаралық туризм күніне орай ұйымдастырылған шара кезінде барлық санитарлық талаптар сақталды.

Жыл сайын 27 қыркүйекте туристер жиналып, атқарған істерін талқылап, жаңа белестерді жоспарлайды. Шара барысында бір-бірін сағынған Алматы облысының туризм ардагерлері қауышып, пікір алмасты. Келешектегі мектептегі туризмнің жағдайы туралы сөз алған Лариса Саржевская Текелі қаласындағы туризм жағдайы туралы баяндады.

– Бізде көптеген үйірмелер жұмыс істейді. Жорыққа керекті жабдықтарымыз жеткілікті. Облыстық жарыстарда Текелі қаласының туристері әрқашан жүлделі орындарға ие. Жоғарғы санатты туризм мамандарымыз да бар, – деді. Ал Жамбыл ауданынан келген Владимир Морев, керісінше, аудандағы туризм саласының шатқаяқтап тұрғанын алға тартты. Туризм орталығы жоқтығын, мектептерде үйірмелер жұмыс істемейтінін айтты. Қарасайлық Сұлтан Хасанов та бұл саланың дамуына көңілі толмайтынын жеткізді.

– Мен қазір зейнеткермін, бұрын Еңбекшіқазақ  ауданында А.Бубенцов атындағы мектепте «вело-туризм» үйірмесін жүргіздім. Шәкірттерім көпкүндік жорықтарға қатысып, разряд нормаларын орындады. Ал енді сол мектептегі менің туристерімді жаттықтыратын тәлімгерге жағдай жасалса, ауданда «вело-туризм» дамитын еді, – деп ұсынысын ортаға салды Талғар қаласында тұратын Сәрсен Қасымов.

Бүгінде Бәйдібек би ауылында тұратын Евгений Кондратов Н.Островский атындағы мектеп оқушыларын «спорттық бағдар» (спортивное ориентирование) бойынша жарысқа дайындап, ауданда, облыста, республикада жүлделі болған. Өкінішке қарай, жаттықтырушы зейнеткерлікке шыққалы туризм үйірмесі жұмыс істемейді.

Дөңгелек үстел барысында сөз алған осы жолдар авторы, Қорам орта мектебінің өлкетану музейінің меңгерушісі музей жұмысы жайлы баяндап берді:

– 2001 жылдан бері музей жұмысымен айналысамын. Мектеп музейінде 6 бөлімде: «Тарих қойнауында», «Халықтар дәстүрі», «Әдебиет және өнер», «Ауыл экономикасы», «Табиғат-экология», «Спорт және туризм», «Сөнбейтін жұлдыздар» сияқты экспозицияларда 600-ден астам экспонат бар. Музейге келушілер саны күннен-күнге артуда. Музейдегі экскурсия тегін өткізіледі, – деді.

Қызу талқыға ой қосқан Алифтина Волкова туризм саласы арқылы оқушылар табиғатты аялауды үйренетінін айтты. Сонымен қатар Бинолы Мамоев туризм – тәрбие құралы екенін тілге тиек етті. Александр Попов пен Дәулетхан Айтбаев та өз ойларын ортаға салды.

Дөңгелек үстелде айтылған ой-пікірлерді саралай келе аудандық балалар мен жасөспірімдер туризм орталығының директоры Мурат Ақаев жиынды қорытындылады.

– Қазіргі жағдайда біздің туризм орталығы аудан көлемінде жұмыс атқаруда. Сон-дықтан әр мектепте туризм ұйымдастырушы – туроргтарды мектеп басшылары арқылы тағайындап, олардың жұмыс істеуіне жағдай жасау керек, – деген М.Ақаев сала ардагерлеріне алғыс айтып, ризашылығын білдірді. Шара соңында ардагерлер естелік суретке түсіп, дастархан басында туристер әнін шырқады.

Тоқтасын ТҰЯҚ,

халықаралық балалар және жасөспірімдер туризм академиясының құрметті академигі,

«За доблестный труд» медалінің иегері, Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері,

Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы, спорт туризм ардагері.

Оқылды 1236 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « С верой в будущее страны Еңбекшіқазақ-2022 »

Соңғы жаңалықтар

Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…
Қаң 09, 2026

«Әдекең қайда..?»

Болмашы кекшіл, Болсаңшы көпшіл, – деп Абай айтқан. Осы екі жолға менің бір…
Қаң 09, 2026

Құрмет төрінде

Әне-міне дегенше, жылжып жылан жылы да өтіп, шапқылап жылқы жылы жетті. Жылан жылы жаман…
Қаң 09, 2026

Қолдау барда даму бар

Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі – ауыл шаруашылығын дамыту мен ауыл…
Желт 29, 2025

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына…

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бірі. Ол…
Желт 26, 2025

Бірлік бар жерде

Елдегі этносаралық келісім мен бірлікті нығайту – мызғымас мемлекет тірегінің кепілі. Осы…
Желт 26, 2025

Тәуелсіз елдің ұландары ән шырқады

Тәуелсіздік күніне орай «Біз – тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты патриоттық әндер байқауы…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет