Дүйсенбі, 08 Қараша 2021 13:51

Ұланы бар елдің ұраны бар

ЕЛІ ЕЛЕГЕН ЕРКІНКҮРЕСТІҢ ЕРЕНІ, КСРО СПОРТ ШЕБЕРІ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ Мәлік НАДЫРБЕКОВ70 ЖАСТА.

Біздің отбасы Алматы облысы бұрынғы Шелек ауданы Қорам ауылынан көрші Достық ауылына 1961 жылы көшіп келді. Мен Мәлікті содан бері білемін. Осы ауылдағы Қаратұрық сегізжылдық мектепте оқыдық. Ол мектепті менен бір жыл бұрын бітірді.

Ол кезде шағын ауыл мектебінде спорт залы болмаған. Дене шынықтыру пәнінде түрлі жаттығулар жасап, жүгіріп, доп қуып жүретінбіз. Болар бала болмысынан байқалады емес пе? Ойын баласы оқуымызды оқып, үй шаруасына көмектесіп, қалған уақытымызды көшеде алысып ойнаумен күн батыратынбыз. Күреске, күш сынасуға келгенде Мәлікке теңесетін бала жоқ еді. Тіпті, ересектеу балалар да тайсалатын. «Бөрі соғатын жігіт бөрікінен белгілі» демекші, Мәкең сол кезден-ақ қауқарлығымен ерекшеленіп жүретін.

«Жылқыда да жылқы бар, қазанаты бір бөлек, жігітте де жігіт бар, азаматы бір бөлек». Мәліктің әкесі Нәдірбек марқұм ел ішінде өте құрметті азамат еді. Ұлы Отан соғысына қатысқан, кейін атақты шопан болып, Қазақ ССР-ның «Алтын кітабына» аты жазылды. Мәскеуде өткен Бүкілодақтық ауыл шаруашылық көрмеге қатысқан, Құрмет белгісі орденімен мара-патталған, дене бітімі мығым кісі еді. Анасы Күлімхан апа да ірі денелі, сымбатты, жаны жайсаң жан болған. «Алып анадан туады» деген осы болса керек, осындай ата-анадан туған бала да осал болуы мүмкін емес-ті.

«Алысқа шабар жылқы жүйрік болады, намысқа шабар жігіт кіл мықты болады» деген халық даналығы. Мәлік онжылдықты бітірісімен Алматыдағы  Қазақ  мемлекеттік дене шынықтыру институтына оқуға түсті. Сол кезден күреспен айналысып, кештеу болса да, өзінің алғырлығын танытты. Жаттығу жасаудан жалықпайтын. Ерінбей ізденістің арқасында биік белестерді бағындыра алды. Алтын белдік – белдің сәні болса, асы жігіт – елдің сәні болары сөзсіз. Мәлік 17 жасқа келіп, күрес деген өнердің төресін тез меңгеріп, талай жекпе-жектерде бозкілем үстінде атой салып, жеңіске жеткен жігіт. Республиканың бес дүркін және ауыл-село жастары бүкіл одақтық ойындарының чемпионы атанды. Кейін Азия, КСРО, әлем чемпионы атанған өзінің ізбасарларын, талай шәкірттерін тәрбиелеп шықты. Көп жылдар Қазақстан Республикасының еркін күрес бойынша бас жаттықтырушысы болып қызмет атқарды. Осындай ерен еңбегі еленіп, еркін күрестен ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы атанып, «Ынтымақтастыққа қосқан үлесі үшін» медалімен, ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Мәлік жас спортшыларды тәрбиелеп, жаттықтырғанда, балуанның бастапқы жаттығу кезіндегі өзіне тән икемі, әдісіне, күрес тәсіліне де мән беріп, құрама құрамында жаттыққанда жаттықтырушының тек өз әдістерін ғана қолдануды талап етпей, барлық тәсілдерді қамтуды, әр балуанның өз икем, жылдамдығы, дене бітіміне де мән бергенді дұрыс деп санайды.

 

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

Оқылды 1266 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет