Жұма, 25 Ақпан 2022 10:01

Аудан азаматымен ажарлы

Еңбегімен елеулі болған Нұрлан Ердәулетұлы 1952 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Преснов ауданы Баян ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген. Әкесі Ердәулет, Ұлы Отан соғысының ардагері, анасы Асылтас үй шаруасын меңгерген.

Приишим орта мектебінің 1969 жылғы 19 түлегінің 18-і институт және техникумға оқуға түскенде, Нұрлан кеңшарда жұмысшы болып еңбек жолын бастаған. Ауылдың комсомол ұйымы жетекшісі, селолық Совет депутаты болып сайланады. Комммунистік партия қатарына өтеді. Лениннің 100 жылдығына орай мерейтойлық медальмен марапатталады. Кеңшарда ұзақ жыл еңбек еткен механизаторға береміз деп шешкен жаңа тракторды кеңшар партия ұйымы хатшысы жас маманды қолдау мақсатында Нұрланға бергізгенде анасы Асылтас: «Ана кісінің 5 баласы бар. Балам,  сен кімді асырай алмай жатсың? Қатарыңның бәрі оқуға кетті. Ертең оқуға сен де кетесің. Өз қолыңмен апарып беріп, үлкен кісінің батасын ал» – деген соң, су жаңа тракторды апарып бергенде, тракторист  қуанғанынан жылап жіберген екен.

1967 жылы Одақ көлемінде «Маяк» радиосы әр сағат сайын жаңалықтарда әнші Бибігүл Төлегенова СССР халық артисі атағын алғаны туралы хабарлап, «Гаухартас» әнін тыңдатқан. № 8 мектеп интернатта 8 класта мемлекеттік емтихан тапсырып жүрген кезде бұл жаңалықты кластасы Вера Макарова екеуі жазып алады. Байкал көлі жағасындағы мектеп-интернат тәрбиеленушілеріне Бибігүл Ахметқызының әнін бірнеше рет магнитофон жазбасын тыңдатып, Қазақстан туралы баяндама жасағанын 1992 жылы Қаражота ауылында концерт аяқталып, Алматыға жүруді жоспарлаған Бибігүл Ахметқызына Нұрлан Ердәулетұлы айтып бергенде, ол қатты риза болып, 3 сағат әңгімелескен екен.

Нұрлан Ердәулетұлы Қаражота селолық Кеңесі төрағасы қызметін атқарғанда 6 рет Алматы облыстық атқару комитетінің облыстық басқармалары: статистика, салық инспекциясы, әскери комиссариат (1 бөлім), аудандық атқару комитеттер хатшылары (Айдаров басқарған), жалпы бөлім қызметкерлері  Қаражота селолық Советінде семинар курстар өткізген. Ал 1992 жылы Алматы облысы басшысы А.Есімов облыстық басқарма басшылары, аудан басшылары қатысуымен Қаражота селолық Кеңесі базасында облыстық семинар кеңес өткізді. Нұрлан Ердәулетұлы Ленинградтық скульптор В.Андрющенконы ауылға шақырып 1941-45 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлер есімдерін мәңгі сақтау мақсатында Қаражота ауылында жергілікті тұрғындардың қолдауымен, 1992 жылы жұмысшылардың қолында мүлде нақты ақша жоқ кезінде ауыл орталығына «Қайғылы Ана» монументін тұрғызуды ұйымдастырған.

1893 жылы ауыл тұрғындарының күшімен салынған, кейіннен селолық Кеңес кеңсесі қызметіне пайданылып отырған  ғимаратты, коммунистік идея қылышын сүйретіп тұрған кезінде, қудалаулардан сескенбей, ішіндегі бөлмелерге бөлген жерлерді алғызып, кеңсе ғимаратын күрделі жөндеуден өткіздіріп, Шелек ауданында бірінші болып мұсылман жамағатына мешіт ашып берген.  Нұрлан Шелек ауылы зиратының 252 метр қабырғасын сплитер кірпішпен қоршатуға бүкіл Шелек азаматтарын көтеріп және Шелек ауылы ішіндегі орыс зиратын қоршатуда да ұйымдастырушылық қабілетін көрсетті.

Қаражота селолық Советіне қарасты 3 елдімекендегі көше аттарын көше тұрғындарының қатысуымен жиналыс өткізіп, халықтың келісімімен ауыстырған еді. Қаражота ауылындағы Г.Дмитров атындағы орта мектепті Бауыржан Момышұлы атына, Куликовка селосындағы Краснопартизан орта мектебін Сарыбұлақ орта мектебі, Милянфан ауылындағы Куликовка орталау мектебін Ақтоған орта мектебіне  Алматы облыстық атқару комитеті  келісімімен селолық совет сессиясында ауыстырған. Бұл жұмысты әрі қарай жалғастырып,  Куликовка селосы атауын – Сарыбұлақ, Милянфан селосы атауын Ақтоған деп ауыстыруға 9 ай Алматыға барып жүріп, республикалық ономастика комиссиясының 17 мүшесіне жолығып қолдарын қойғызып, 21 министрлік пен республикалық ведомства басшыларының қабылдауында болып, олардың  қолдарын қойғызып, мөрлерін бастырып барып, Қазақ ССР Министрлер Советінің шешімдеріне қол жеткізген.

Сонымен қатар Петропавл, Павлодар, Орал, Өскемен қалаларының, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы орталығы Преснов селосы (19 ғасырда орыс жазалаушы отрядының командирі капитан Пресновский) атауын өзгерту мәселелерін республикалық бұқараралық ақпарат құралдарында бірнеше рет көтерді.

Халық депутаттары Шелек аудандық Советіне 4 рет депутат болып сайланып, бюджет, жоспарлау, экономиканы дамыту тұрақты комиссиясына жетекші болған. Аудан көлемінде комсомол, партия, Совет органдарында  21 жыл қызмет жасаған,  мұғалім  және  экономист мамандықтарының иесі 42 жастағы Нұрлан Ердәулетұлы 1994 жылы Бұғыты сайлау округінен Қазақ ССР Жоғарғы Советі депутаттығына кандидат болып сайлауға қатысқан.

Нұрлан Ердәулетұлының көлемді, аналитикалық талдау арқылы танымдық, тәрбиелік мақсатта тарихи тақырыпқа жазған еңбектері республикалық «Егемен Қазақстан», «Президент және халық», «Қазақстан заман», «Қазақ әдебиеті», «Айқын», «Дат», «Ислам және өркениет» газеттерінде, Алматы облыстық «Жетісу», Ақмола облыстық «Арқа ажары», «Солтүстік Қазақстан»  газеттері беттерінде, «Алатау», «Қызылжар нұры» газеттерінде жарияланып отырған.

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ата аманатындай туған өңірдің тарихындағы қатпарлы құпияның бетін ашып, жабулы жұмбағын шешу, заманның ағымымен шыңырау түбінде қалған шындықты шығару, танытуға күш салды. 18 ғасырда жоңғар қалмақтарына қарсы күреске қатысқан Шағаман батыр жайлы «Егемен Қазақстан» газетінде мақаласы  шықты, Теріскейде жоңғар шапқыншылығына қарсы соғыстарда қалмақтың атақты батырларымен жекпе-жекке шығып, талай ерлік көрсеткен, Орталық Қазақстанда Баян батырмен серіктес болып, қалмақтармен болған соғыста 28 жаста қаза болған  Мықтыбай Бекайдарұлының 300 жылдығына арнап ғылыми практикалық конференция өтуіне мұрындық болып, батырдың ата қыстауында монумент орнатқызып, Ас  ұйымдастырып, «Тағзым» (2013 жыл Алматы) және «Мықтыбай батыр» (2022 жыл Қазақ ҰУ баспасы) кітаптарын шығарған. Қызылжар өңірінен Абылай хан тірегі болған Жапек батыр, Құлсары, Құлеке, Баян, Жәнібек, Тұр-сынбай, Ағынтай сынды қазақтың 28  батырлары жайлы академик Әлкей Марғұлан және басқа ғалымдардың еңбектері мен баспасөз бетінде 20 жылда жарық көрген мақалаларды топтап «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты жинақ даярлаған.

Сонымен қатар Жетісу өңірінің саңлақтары Есімбек батыр, Сәмен туралы, Қарқаралы округінде Кенесары бастаған ұлт азаттық күресте Ағыбай батыр серігі Көкбөрі Керней Елеген батыр жайлы, Көкшетау өңірінде елге танымал Жазы би туралы еңбектері газет беттерінде жария етілген. Албан руының Қызылбөрік бұтағы  Ер Қонақбай туралы, шежіре, ұрпақтары жайлы кітап шығарып, бабаға ескерткіш орнату, оның рухына ас беріп дұға қылуға үлкен жұмыс атқарды.

Қазақ халқының тарихын жоққа шығарғысы келген орыс шовинистері Солженицин, Дугин, Жириновский. Е.Просвирин, Лимонов, В.Штыгашев, О.Степченко мәлімдемелеріне қарсы, Ресей Дума депутаттары Федоровпен Никоновқа жауап ретінде «Дат» газетінде (2014ж.) «Казахстан – государство унитарное», «Ислам және өркениет», «Алатау» газеттерінде «Қазақ жеріне көз алартушылық тыйылмай тұр», «Сила в единстве» мақалалары  жарияланған.

«Ставить в стойло» деген Парламент Мәжілісі депутаты В.Божкоға жазған көзқарасы,  «Кредо жизни», «Жить по совести», «Богатство духа, дух богатства», «Взоры к истокам» атты еңбектері адамгершілікке, имандылыққа, ізгілік істерге, тектілікке  шақырады.

Нұрлан Ердәулетұлының республикалық, облыстық газеттерге шыққан мақаларының жинағы «Баян түлектерімен аян» деген атпен 2015 жылы Алматы қаласы «Айтұмар» баспасынан шықты.

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Нұрлан Ердәулетұлы бірнеше кітаптың авторы. Бүгінгі күнг 70 жасты алқымдап отырған автордың бірнеше өлкетану жұмыстарының қорытындысы іспеттес еңбектің нәтижесі – Солтүстік Қа-зақстан облысы «Жамбыл ауданы энци-клопедиясы», Алматы облысы «Шелек өңірінің энциклопедиясы», «Ауылым аты – Баян»  атты кітаптар  баспаға ұсынуға даяр.

Нұрлан Ердәулетұлының өмірлік жары Бокиева Гүлдәрия Бұтабайқызы екеуі ұл-қыз тәрбиелеп өсірген. Ертерек өмірден озған Гүлдәрия ару көп жылдар Шелек аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі, білім ордасының басшысы қызметтерін атқарған аяулы жан еді.

Нұрлан Ердәудетұлы қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан, ел ішінде абыройлы азамат. 1993-1994 жылдары Қазақстан халық бірлігі партиясының Шелек аудандық жетекшісі болды. «Отан» партиясының бастауыш партия ұйымына 16 жыл жетекшілік жасаған. Бүгін зейнеттегі Нұрлан Ердәулетұлы Шелек ауылдық округінің  өзін-өзі басқару қауымдастығында жас мемлекеттік қызметкерлерге кеңес беріп, көмектесуде.

 

Сөз соңында

Жоғарыда жарияланып отырған Нұрлан Ердәулетұлы туралы өмірбаяндық мақала турасын айтсам, Мұхаметқалиевтің осыдан бес-алты жыл бұрын басып шығарған «Баян түлектерімен аян» атты жинағының негізінде дайындалды. Яғни мақаланы баспаға дайындаған мен болсам да, толық авторы бола алмаймын. Өйткені Нұрлан Ердәулетұлын негізінен оның газетімізге үзбей жазып тұратын мақалалары, очерктері, тарихи шолулары арқылы, жастар тәрбиесі, патриоттық, отансүйгіштік тәрбие төңірегіндегі жарияланымдары арқылы, ал негізгі өзекті тақырыбы – өзінің жерлестері, Шелек өңірінің танымал азаматтары туралы суреттемелері арқылы тану үстіндемін.

Бұл күндері желіп отырып жетпіске жеткен Нұрлан Ердәулетұлы әлі де аттан түспеген азамат. Қазақтың «Атың барда желіп жүріп жер таны» деген мақалы тура Нұрлан Ердәулетұлы жайында де-сек те болады. Нұрекеңнің «аты» көп. Жүрдек пойызбен еліміздің солтүстік қиырдағы өзі туып өскен Баян атты ауылы, Қызылжар өңірі, Есіл бойы болса, сол жүрдек Тальгосын «ерттеп» мініп, Ұлытаудағы тарихи орындарды жол талғамайтын автокөлікпен шаршамай-шалдықпай шарлап шығатынын қайтесің?! Бұл са-парлар туристердің еріккеннен жер көру сапарларына ұқсамайды. Өйткені Нұрлан – филолог, тарихшы, қаламынан кең кө-лемді, терең ойлы туындылар туындаған журналист.

Көп жылдар бойы бір басылымда үздіксіз қызмет атқарып келе жатқандықтан, жазушы, журналистерді де, әйтеуір, шатып-бұтып бірдеңе жазып, жариялап «танымал болсам» деген бейшаралық тірлік иелерін де көріп жүрмін. (Бұндайларды «графоман» дейді, яғни «графо» – жазу болса, «ман» деген «ия» әріптерін қоссаңыз, түсінесіз).

Нұрлан Ердәулетұлына тән қасиет – өз жерлестері, отандастары туралы көбірек жазып-жарияласам деген ниет. Солардың еңбегін елге танытсам деген мақсат. Мақсат-тілектері орындалып та жатыр.

Соның бірі – бұрынғы Шелек ауданында, қазіргі Еңбекшіқазақ ауданында көп жылдар бойы ішкі істер жүйесінде қызмет атқарған жерлесі жайында газеттерге суреттеме-очерктер жариялап жүріп, ел назарын, аудан басшыларының да назарын аударып, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мерекесінде полиция полковнигіне «Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы» атағын бергізуге себепкер болғаны рас.

Ал Петропавл (болашақ Қызылжар) қаласындағы Ұлттық Ұлан академия басшылығы Нұрлан Ердәулетұлының ұйымдастырып өткізген Мықтыбай батырға арналған іс-шаралар, жарық көрген кітап пен телевизия бағдарламаларының негізінде Академия курсанттарын отансүйгіштікке тәрбиелеуге таптырмас құралдар болып отырғанын айтып, жүрекжарды алғысын жеткізді. Қаңтар қасіреті жағдайын бастан кешіп жатқан бүгінгі кезеңде патриоттық тәрбие кей жағдайда жайына қалып, алдыңғы кезекке бас пайдасы ғана шыққан кезеңде ел үшін, жер үшін қанын да, жанын да аямай, жаумен шайқасқан батырларымыздың өмірі жас жеткіншектерге үлгі болары сөзсіз.

Іске сәт, қаламдас! Жетпісіңде де желісіңнен жаңылма, Нұреке!

 

Хайролла АХМЕТЖАНОВ,

Қазақстанның құрметті журналисі, Еңбекшіқазақ ауданының Құрметті азаматы

Оқылды 911 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 21, 2024

Наш собственный корреспондент…

С начала 90-х годов прошлого века в областной газете «Огни Алатау» сменилось несколько ее…
Қар 21, 2024

«ЖАҢАРТУ» расширяет возможности…

Проект «ЖАҢАРТУ» («Обновление»), презентация которого состоялась в мае 2024 года,…
Қар 21, 2024

Артық шығын абырой әкелмейді

Елімізде діни рәсімдерді өткізу барысында көптеген қателіктер орын алып жатқанын естіп…
Қар 21, 2024

Кәсіп болмай, нәсіп болмас

Бүгінде балалардың жан-жақты дамуына, кәсіпке деген көзқарасын қалыптастыруға барлық…
Қар 21, 2024

«Атамекен» приглашает к диалогу

Национальная палата предпринимателей «Атамекен» Алматинской области выступила инициатором…
Қар 21, 2024

Бейбіт күн – бірліктің жемісі

Көпұлтты мемлекетіміздің ішкі саясатында ең маңызды дүние – ұлтаралық татулықты сақтау.…
Қар 18, 2024

Внимание, жители г. Есик!

Региональный офис ЮНЕСКО в Алматы совместно с Центром «Содействие устойчивому развитию…
Қар 14, 2024

АФМ проводится расследование в…

Она подозревается в хищении свыше 1,5 млрд тенге, собранных для помощи гражданам,…
Қар 14, 2024

ҚМА еріктілер қозғалысының…

Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд…

Күнтiзбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет