Бейсенбі, 03 Қазан 2024 10:00

Музыка мамандығы – мақтанышы

 

Музыка – адамзат баласы

өмірінің бір бөлшегі. Өнер туралы сөз қозғалса, жазушы Р.Роланның:

«Музыка тамшы сияқты, там-тұмдап жүрекке енеді де, жанды желпіндіреді» –

деген керемет сөзі еске оралады.

Өйткені музыка өнерінің көрнекті

туындылары мәңгілік, өміршеңдігімен, әсем әуезімен тыңдаушыны

өзіне баурап алатын қасиеті бар. Ия, музыка адамға қанат бітіріп, жан дүниеңді баурап алатын күйге бөлейді. Музыка жетекшісі жай ғана мамандық емес, оны атақ-абыройымен алып жүретін күш керек.  Ляззат бала кезден сазды әуенді жан-тәнімен сүйіп өскендіктен болар, осы музыка мамандығын таңдағаны.  «Әр нәрсеге асық болғанша, бір нәрсеге машық бол!» демекші, өзі таңдаған музыка мамандығын мақтан тұтатын Ляззат Жамылшиева бұл салаға бар өмірін арнап, жұмбақ және сиқырлы музыка әлемінің есігін айқара  ашқанына да 47 жылдың жүзі болыпты.

«Өнерліге есік ашық» емес пе? Әуелі Есік педагогикалық училищесін тәмамдаған Ляззат Жеткенбайқызы Шелектегі Абай атындағы мектепте ал-ғашқы еңбек жолын бастайды. Қалайда жоғары оқу орнына түсіп, мамандығын тереңірек меңгеруді ойлаған ол  Қыздар педагогикалық институтына түсіп, музыка және ән салу мамандығын меңгеріп шығады. Жоғары білімді Ляззат Шелекте 1976 жылы ашылған балалар музыка мектебіне 1982 жылдан бастап осы күнге дейін табжылмай еңбек етіп келеді. Алғашында баян аспабының мұғалімі, одан оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі, ал 1999 жылдан 2020 жылға дейін музыка мектебінің директоры болып істеді. Қазір зейнетке шықса да оқу ісінің меңгерушісі болып, еңбек етуде.

«Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға» – деп Абай Құнанбайұлы жырлаған-дай, Ляззат Жеткенбайқызы шығармашылық саланың ішін-де музыкалық эстетикалық тәр-бие беруде балаларға сұлулық-ты, көркемдікті сездіріп, үйретіп қана қоймай, ондай қасиеттерді әр жас жеткіншектің бойына сіңіре білуді де дағдыға айнал-дырған. Өнерге талпынған балалар әр нәрсеге бейім, не үйретсе, соны қағып ала қоятын зерек келеді. «Мен балалармен жұмыс жасағанда, музыка тілінің құдіреттілігін жаңаша көзқараспен және жүрекпен шынайы сезіне білуге баулуды ұнатамын. Музыка оқу іс-әрекетінде бала-лардың қиялы ұшқыр, музукада да ертегі әлеміндегідей қызығушылық танытуға байланыс жасаймын. Ерекше қиял әлеміне саяхат жасауға тырысамын. Әр баланың қабілетін, талабын шығармашылықпен ұштастырып,  талантын ашуға,  әдіс-тәсілдерді пайдаланып, үйретуді өзіме міндеттеймін. Музыка тілін терең меңгерген жан сезімтал, қабілетті болады. Біз тәрбиелеген балалар болашақта ақылды, белсенді болып өсетініне сенемін» – деп, ойын ортаға салды.

Ел тәуелсіздікке жаңадан қол жеткізген өтпелі, қиын кезеңде музыка мектебі мемлекет тарапынан қаржыланбай, жабылу жағдайында қалды. «Ұстаз болу – өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау» деген сөзді осы Ляззатқа қаратып айтқандай. 1997-2009 жылдар аралығында музыка мектебінің шаруашылық есепке көшірілгендігі, мемлекет тарапынан қаржыландыру тоқтатылып, дербес бөлімше-лер жабылып, жарық пен жылу жүйелері істен шықты. «Ақылды басшы алдырмас» – деген,  көреген басшы келе-шегін ойлайды. Осындай қыс-паққа алған қиыншылыққа қарсы тұрып, музыка мектебін қараусыз тастап кетпей, өздері отын тауып, ғимаратты жылытып, жұмыстарын жалғасты-рудың арқасында ғимаратты да, қызмет орындарын да сақтап қалды. Бастаушы болса, қостаушы табылады. Ұжым да директорды қолдап, қиыншылыққа қарсы тұра білді. Анау-мынау емес, бақандай 13 жыл кезең қиыншылығын бастан кешіріп, аудан, облыс басшыларына мәселелерін шешуді өтініп жүріп, ақыры музыка мектебі күрделі жөндеу-ден өтіп, бұл күндері қалыпты  жұмыс орныққан.  Осы орайда «Білікті басшы – қоғам көсбас-шысы» деп Ләззаттай басшы-ны мысалға келтіруге болады.

Жалпы музыкалық білім беру жүйесінің басты мақсаты – жас ұрпақты музыка өнеріне баулып, олар жан-жақты мәдениетті, білімді, сымбатты болып өсу үшін, ең жоғарғы мүмкіндіктерді қолдану.  «Ұстаз талантты болса, шәкірті талапты болады» деп тегін айтылмаған. Еліміз егемендік алып, тілімізді төрге шығарып, ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртқан  жаңа Қазақстанның  музыка өнерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуді міндет еткен Л.Жамылшиеваның шәкірт-тері  Испания, Италия, Грузия мемлекеттеріне барып, өнер жарыстарында бірінші орындарды жеңіп алса, өзі білімін көтеруде Грузия елінде бірінші орынды, еліміздің Көкшетау қаласында өткен халықаралық фестивальда бас жүлдені иеленді. Қазіргі таңда жоғары білімді, педагог зерттеуші өзі еңбек еткен өнер ошағының отын сөндірмей, қиын кезеңнен алып шыққан Ляззат Жеткенбайқызы аты өзгерген  Шелек балалар өнер мектебінде ұлағатты ұстаз болып  еңбек етіп жүр.

Қазір бұл өнер мектебінде 641 оқушы фортепиано бөлімі, халық аспаптары бөлімі, бейнелеу және хореография бөлімдері бойынша білім алады. Ляззаттың өзі вокалдан сабақ береді әрі оқу ісінің меңгерушісі.  Ұжым ортасында беделді. Адамгершілігі мол, мінезі ашық, жас мамандарға ұдайы қол ұшын беріп, көмек-тесіп жүреді. Білім мен өнер – егіз. «Өнерді сүйген адам, өмірді де сүйеді» дейді даналар. Ал осы аталмыш өнер мектебінен қанша өнерлі адамдар еліміздің түпкір-түпкірле-рінде абыройлы еңбек етіп жүр десеңізші!?

Ұстаз – ұлы есім. Осындай мәртебелі мамандықты, оның ішінде музыка маманының майталманы, ауданымыздың мақтанышы бола білген Л.Жамылшиева еңбегі үшін «Звезда Слава – Экономики Казахстан» орденімен, «Еңбегімен елге сыйлы» және «Балалық шақ досы» медальдарымен, сондай-ақ ауыл, аудан, облыс әкімдерінің Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттарымен марапатталды. «Өрлеу» біліктілікті арттыру институ-тының ұсынысымен «Вокальная музыка», «Типы певческих голосов» атты авторлық кітабы басылып шықты. Биыл Ляззат Жеткенбайқызын 65 жасқа толуымен және білім беру сала-сындағы қызметкерлердің барлығына ортақ кәсіби мереке – дүниежүзілік мұғалімдер күнімен құттықтап, өмірдегі бар жақсылықты тілейміз!

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

 

Оқылды 321 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет