Дүйсенбі, 29 Қараша 2021 10:33

Қалтарысына шындық Жасырған «Қара шекпен»

 

Жақында  Қаракемер ауылдық мәдениет  үйінің   жанынан  құрылған халықтық театр әртістері Г.Шугаевтың «Қара шекпен» қойылымын көрермендерге   тарту етті.

Көрермен көңілінен шыққан «Қара шекпен» қойылымының қоюшы режиссері – Б.Төкенов. Аталған қойылым Тұзар атты иттің иесіне адалдығы жөнінде баяндалады. Қойылымның басты  ерекшелігі – адал, ақкөңіл адамдар мен қараниетті сұмпайылардың бетпердесін аң, құс, жануар ретінде бейнелеп жеткізуі. Спектакльде суреттелген Тұзар төбеттің қызықты да қиын тағдыры арқылы адам бойындағы пендешілік әрекеттердің болатындығын көре аламыз. Автордың адам мен жануар арасындағы қулық пен адалдық, махаббат пен немқұрайдылық сынды сезімдердің арпалысын салыстырмалы түрде баяндауы, қазіргі қоғамда орын алған түйткілді адамгершілік мәселелерін жаңаша қырынан көрсетілген. Оқиға аңдардың арасында өтіп жатқанымен, адам өмірінен еш айырмашылығы жоқ. Әлдінің әлсізге зорлығы, адалдық пен арамдық, аярлық, достық пен сатқындық, іштарлық сияқты қасиеттердің бәрі күнделікті өмірде әртүрлі жағдайларда адамдардың бойынан көрініс тауып жатады. Актерлер кейіпкерлері арқылы осыны айшықтап көрсете білді. Қожайынның Кико деген есегінің күйі кісі аяғандай, қырық есекке жүк болатын қапшықтарды бір соның арқасына арта береді, оның көз жасын көріп жатқан ешкім жоқ. Төбет қана оған аяушылық танытады. Сахнадан көрермендер залына, одан сахнаға қарай ұшқан құстай зулап жүрген Тұзардың Көкжалдардың арбауына түсіп, Көкшуланға ғашық болып қалатын тұсы бар. Аңдардың түпкі мақсатын түсінген ол Көкшуланға деген махаббатын тәрк етіп, қожайынына деген адалдығын сақтап қалмақ болады. Жайлаудан қыстауға көшкен қойшының есегінің  арқасынан түсіп қалған қойшының қара шекпенін көзінің қарашығындай күзетеді. Өз тобына қосып алғысы келетін Көкжалға: «Қожайыным қара шекпенінің қалып қойғанын білсе, осында міндетті түрде қайтып оралады. Өйткені ол менің оны күзетіп отыратынымды біледі», – деп, десте бермей, қақаған қыста аштан-аш қара шекпенге оранып, қожайынын күтеді. «Қарның аш қой» деп қоянның етін әкелген Көкшуланды қуып жібереді. Бірақ қожайынына сонша берілген Тұзардың еңбегі еш болады, ақырында шопанның қолынан мерт болады. Бұл спектакльден түйгеніміз – өмірде бір адамға өзіңді құрбандыққа шалып, көзсіз сенудің арты жақсылыққа апара ма? Төбеттің басындағы жағдай арқылы адамдардың өмірде біреулерді құдайдай көретіні, табынатыны дұрыс еместігін меңзеп, құлдық психологиядан арылу қажеттігін ескертіп тұрғандай ой түйдік. Т.Молдағалиев атындағы аудандық мәдениет үйінің концерт залында өткен «Қара шекпен» спектакліне  көрермен ерекше ықылас танытты. Қойылым соңында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Салтанат Беспаева халықтық театр ұжымына және жетекшісі Арайлым Мамырбековаға алғыс білдіріп, мәдениет қайраткері Балтабай Ибраев оларға зор шығармашылық табыс тіледі. Көптің ризашылығын алған халықтық театрымыз алда өтетін облыстық конкурста бақ сынамақ. Өңір руханиятына тыңнан түрен сала бастаған өнер ұжымының алар асуы алда екені шүбәсіз.

 

Е.АСЫЛ.

Оқылды 4794 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет