Еңбекшіқазақ ауданы, Рахат ауылдық округі, Қайназар ауыл тұрғындарының тарапынан «Құрылыс Көмек-ХХІ» кірпіш зауытының жұмысы бойынша бірнеше мәрте наразылық білдірген болатын.Сонымен қатар, Республикалық БАҚ өкілдерін шақырып, Алматы облысы, аудан әкімдігіне бірнеше мәрте өтініш арыздарын жазып жұмыс істеуіне қарсылық білдірген. Есепті кезеңде «Құрылыс Көмек-ХХІ» кірпіш зауытының жұмыс істеуіне жалпы 20 наразылық кездесу өткізіп, жалпы 600-ге жуық адам жиналған. Оның ішінде 8 кездесу аудан әкімдігінде, Алматы облысы әкімдігінде 4 кездесу жиналысы өткізілген.Қайназар ауыл тұрғындарының тарапынан кірпіш зауытының жұмысынан шаң көтеріліп, ауылды шаң басып…