Жұма, 20 Сәуір 2018 10:53

Бала тағдыры – ойыншық емес!

Тағдыр тауқыметі әркімге де тоқпағын даярлап тұрар-ау. Алайда, сол дүрбелеңге балалардың тағдыры түскені жүректі ауыртпай қоймас. Балғын шақтың бал дәмін татар уақытында ащы өмірдің өткелінде қалып қойған жасөспірімдер мәселесі қа-ралды кезекті жиында.

Сәуірдің тоғызында аудан-дық әкімдікте кәмелетке толма-ғандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті. Комиссия төрағасы А.Бидаев бастаған комиссия мүшелері алдарына келген жасөспірімдердің мәселесін жан-жақты талқылады. «Арбаны да сындырмай, өгізді де өлтірмей» тығырықтан шығар жолды қарастыруға тырысты. Атап айтсақ, Түрген ауылының тұрғындары, кәмелеттік жасқа толмаған (кейіпкерлердің аты-жөні айтылмайды) ағайынды екі бала аналары қараусыз қалдырып өз бетімен кеткен-діктен, ал әкелерінің басқа отбасы бар болғандықтан ешкімге керексіз күйде күн кешіп жатқан-дығы анықталған. Жауапсыз десек тым жеңіл болар, балаларын тастап шырылдауық шегірткенің өмірін сүріп жатқан ананың әрекеті – сорақылық болар. Жиында да алға қойған мақсат – қайда екені белгісіз болған анасымақты тауып, аналық құқығынан айыру. Кейіннен, балаларды асырап аламын деген өтінішпен келіп отырған ағайындарына жәрдемдесу болды. Бұл тек бір мысал. Шалыс басып, ұрлық жасаған, үйінен қашып дала кезген қаншама жасөспірім мәселесі жиында талқыланды. Шешімін тапқандары да, кейінге шегерілгендері де жоқ емес. Комиссия төрағасы отырыста қабылданған шешімдердің орындалуын кезекті жиында міндетті түрде қадағалайтынын жеткізді.

Балаларымыз, мейлі, өзіміздікі болсын, көршінікі болсын, жалпы, бәрі – бақытты болуы үшін жаралған. Ал, баланың бақыты – әкесі мен анасының сыйластығы, отбасының жылу-лығында. Балапандарды бал шағынан айырмайық!

Алмагүл НҰҒМАН.

Оқылды 1748 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 10, 2025

Көкжөтелдің қаупі

Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін, тыныс алу жолдары, қан тамыры мен…
Желт 10, 2025

Жаңа туған кездегі профилактикалық…

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және…
Желт 10, 2025

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді…

Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар…
Желт 10, 2025

Моншалар мен сауналарға қойылатын…

Қоғамдық монша, сауналарға барған кезде ол орындардың санитариялық жағдайына ерекше…
Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет