Қазіргі таңда ірі мегаполистерде қоғамдық көлік мәселесі жөнге келтіріліп, жолаушы тасымалына үлкен көңіл бөлінуде. Алып қаланың іргесінде орналасқан ауданымыз үшін де осы мәселеге назар аударып, жолаушы тасымалындағы қызметтің сапасын арттыратын күн жеткен секілді. Осы орайда, аудан аумағындағы түрлі бағыттағы маршруттардың қызмет сапасын арттыру мақсатында қандай жұмыстар атқарылуда? Тоқтап қалған маршруттар қайта іске қосылады ма? Ескірген аялдамалар мәселесі қашан шешіледі? Тұрғындардың көкейінде жүрген осы сұрақтарды аудандық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Искаков Бейбіт Құлжамбайұлына қойған болатынбыз.

– Бүгінде ауданымыздағы қоғамдық көлік мәселесі бір жүйеге келмей, салдарынан қарапайым халық зардап шегуде. Айталық, Есіктен Алматыға қатынайтын автобус биыл сиреп кетті. Оған не себеп?

– Аудан орталығынан Алматыға жүретін №420 автобустың азаюына бірнеше себеп бар. Біріншіден, жолаушыларға Мегаполистегі «Саяхат» автобекетіне кіру қиындап кетті. Бұл жайтты аталған автобекеттің басшылығымен талқылаған болатынбыз. Сонымен қатар, Райымбек пен Пушкин көшесінің қиылысындағы жеке микроавтобус пен такси жүргізушілері №420 автобустың жолаушыларын алып кетіп, жұмыс жасауға мүмкіндік бермейді. «Шелек–Тұлпар» ЖШС-нің тарапынан жүргізілген тексеріс нәтижесінде автобустар дизель отыны мен жүргізуші, кондуктордың шығынын ақтамайтындығы анықталған. Сондықтан, сыйымдылығы үлкен қоғамдық көліктерді алып тастауға тура келді. Ағымдағы жылдың 15 қаңтарынан бастап орнына шағын автобустар жолаушы тасымалымен айналыса бастады. Бүгінгі таңда №420 бағытта 15 шағын және 2 үлкен автобус жолаушы тасымалымен айналысады. Сондай-ақ, 18 адамдық отандық 4 автобус лизингқа сатып алынды. Жолаушы тасымалындағы қызмет сапасын арттыру мақсатында осындай отандық автокөліктерді сатып алу жоспарлануда. Айта кетерлік жайт, жоғарыда аталған мәселелерге қарамастан, №420 бағыттағы қоғамдық көліктердің бағасы көтерілген емес. Себебі, тұтынушылардың басым көпшілігі – зейнеткерлер мен студенттер.

– Былтырғы жылы Бөлек пен Есік қаласының жоғарғы жағына жолаушыларды тасымалдайтын №2 маршруттық автобусы қайта жаңғырып, қуантып еді. Қазіргі уақытта тасымалдаушылар бірде жүйелі жұмыс істесе, кейде болмай қалады. Бұған кім жауап береді?

– Жасыратыны жоқ, қаладағы заңсыз жолаушы тасымалымен айналысатын такси жүргізушілерінің кесірінен Есіктегі №2 маршрутының тұтынушылары азайып кеткен. Өзіңізге мәлім, орталықтағы бірнеше жерде такси жүргізушілері қаумалап тұрады. Біздің комиссия арнайы тексеруге шыққанда олардың бірін де ұстай алмай қаламыз. Сондықтан, қазіргі таңда аталған бағыттағы маршруттың жұмысын тұрақтандыру мүмкін болмай тұр. Шыны керек, осы мақсатта аудан аумағында атқарылатын жұмыстар шаш етектен. Осы орайда, аудан әкімінің тапсырмасымен өз шығынын ақтамайтын маршрут шығындарының бір бөлігін мемлекет тарапынан субсидиялау көзделуде.

– Аудандағы, аудан орталығындағы аялдамалардың да жайы мәз емес. Қаланың шеті былай тұрсын, орталықтағы автобус аялдамаларының өзі кеңестік кезеңнің естелігі. Жауын-шашын мен боранды күндері жолаушыларға пана бола алмайды. Осыны ескеріп, жаңа аялдамалар жасау жоспарда бар ма?

– Оныңыз рас, аудандағы аялдамалардың басым бөлігі кеңес үкіметі тұсында бой көтеріп, қазіргі таңда ескірген. Жарамсыз күйге түскен осындай аялдамаларды арнайы комиссияның шешімімен жою жұмыстары басталып кетті. Бүгінде аудан орталығындағы орталық аурухана мен қаланың кіре-берісіндегі (Автошкола) аялдама жаңартылды. Алдағы уақытта да кәсіпкерлердің демеушілігімен автобус аялдамалары жаңа типке ауыстырылады.

– Шелек өңірінде де қоғамдық көліктің проблемасы әлі күнге шешілмей тұр. Ауыларалық автобустардың жоқтығынан такси бағасы шарықтап кеткен. Олқылықтың орнын толтыру жоспарда бар ма?

Шелек ауылында орналасқан автобекетте күнделікті №364  Шелек –Алматы және  №201 Шелек – Есік рейстерін жөнелтіп отыратын  диспетчер жұмыс істейді. Күніне 4 рет  Шелек – Алматы  және Алматы – Шелек (бір рет Ащыбұлақ ауылы арқылы өтеді) бағытында 30 орындық автобус және де 18 орындық шағын автобустар  қатынайды. Жол ақысы бір адамға 500 теңге. Осы уақытқа дейін  №364 Шелек – Алматы маршруты күніне  12 рейске   дейін қатынайтын болған. Қазіргі  таңда жеке микроавтобустар мен жеңіл автокөліктердің көп болуына байланысты аталған маршруттарда қатынайтын адам саны 90 пайызға дейін азайған. Салдарынан, №364 бағыттағы машруттардың шығындары көбейіп, рейс саны қысқартылды. Оның үстіне, автобустардың  техникалық жөндеу жұмыстары қомақты қаражатты талап етеді, ал жолаушыларды тасымалдаудан түскен қаржы жол жүру шығындарын да ақтамайды.

Бүгінде аудан әкімдігі аталған мәселелердің шешу жолдарын қарастыруда. Әкімдік тарапынан жоғарыда аталған әлеуметтік мәні бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығындарының бір бөлігін бюджет есебінен субсидиялау бойынша арнайы комиссия құрылып, қажетті қаражат көлемі анықталып, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына қаражат бөлу мақсатында бюджеттік өтінім тапсырылды. Қазіргі таңда қаражат қарастырылу үстінде. Бұл өз кезегінде кейбір ауылдарда тоқтап қалған автобус маршруттарын жандандыруға және қазір жұмыс істеп тұрған маршруттарды тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуде, жол ақысын өсірмеуде үлкен септігін тигізетіні анық. Сіз көтеріп отырған мәселе аудан әкімдігінің тұрақты бақылауында болады.

– Сұхбатыңызға рахмет.

Тілдескен Сардарбек НҰРАДИН.

Жаз шықса кейбір ауыл тұрғындары тіршілік нәрінен таршылық көріп, сығырайған су көзіне үңіліп отырады. Енді бірі, үйіндегі бар ыдысын арқалап, көрші елді мекеннен су тасуға мәжбүр. Айта кету керек, осындай келеңсіздіктер орын алмас үшін қаржы бөлініп, бірнеше ауылдарға ауыз су жүйесі тартылуда. Десек те, бұл жақсылықтың шарапатын биыл көрмейтін ауылдар да бар. Осы күнге дейін редакцияға түскен хаттар мен тұрғындардың көкейінде жүрген сауалдарын аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Дәурен Мәлібековке қойған болатынбыз.

– Дәурен Сайлаубайұлы, былтырдан бері ауданымызда ауыз су құбырларын жөндеуге көп көңіл бөлініп, бірнеше елді мекен тіршілік нәріне қанықты. Сол жайында қысқаша айтып өтсеңіз.

Иә, аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, соңғы жылдары ескірген құбырларды жаңартып, жаңа су құбырларын орнатуға ауқымды қаржы бөлініп, бүгінгі таңда игерілуде. Былтырғы жылдан биылғы жылға ауыспалы кезең ретінде Көлді, Қазатком, Екпінді,  Ащысай, Нұрлы ауылдарының ауыз су құбырлары күрделі жөндеуден өтіп, қайта жаңғыртылуда. Жұмыстар осы жылдың қараша айында аяқталуы тиіс.

–Жаз мезгілі басталса, Есік қаласы мен кейбір ауылдарда су тапшылығы туындап, тұрғындар әлекке түседі. Бұл мәселенің түйіні қашан шешіледі?

– Жаз мезгілінде күннің ысуына байланысты кейбір елді мекендерде ауыз су тапшылығы байқалады. Есік қаласымен қатар, Бөлек, Аймен, Қарасай ауылдары және саяжай тұрғындарына су жетіспей жатыр. Бұл мәселені шешу мақсатында 2014 жылы Есік топтық су жүйесінің жобалық-сметалық құжаттары әзірленген болатын. Жобаға сәйкес, 4 млрд теңгеден астам қаржыға аудан орталығы және айналасындағы 8 ауылдың ауыз су мәселесі шешіледі. Оның ішінде жоғарыда аталған елді-мекендер де бар. Бүгінде қаржының бөлінбеуіне байланысты сметалық жобаның мерзімі өтіп кетті. Жаңарту үшін қайта қаржы бөлуге сұраныс жіберіп қойдық. 

– Қаладағы судың сапасы өте төмен. Сумен келген қоқыстан үйдегі фильтрлер, тіпті, құбырлар бітеліп қалады. Ай сайын ауыз судың ақысын төлеп отырған тұтынушыға «Есік Су» мекемесінің сапалы тауар беруге мүмкіндігі бар ма?

Бізге осы күнге дейін судың сапасы таза еместігі жөнінде шағым түскен емес. «Есік Су» мемлекеттік мекемесіне қарайтын құбырмен берілетін ауыз су айына екі рет хлорланады. Біздегі сапасыз ауыз су Қызылжар (Көктөбе-2) мен Тауқаратұрық ауылдарынада ғана. Жаңбыр жауса ауыз су лайланып кетеді. Олқылықтың орнын толтыру мақсатында Қызылжар ауылының ауыз су жүйесінің жобалық-сметалық құжаттары әзірленген. Бүгінгі таңда мерзімі өтіп, жобаны қайта жаңарту керек. Десек те, қызыжарлықтарды сапалы тіршілік нәрімен қамтамасыз ету үшін 292 млн теңге көлемінде қаражат керек.

–Ақпараттық технология дамыған қазіргі заманда тұтынушыларға жақын болып, кері байланыс орнату үшін әлеуметтік желіде тіркелу керек. Қаладағы Инстаграм топтардағыарыз-шағымның көпшілігі сіздерге бағытталған. Оларға жауап бересіздер ме?

Шыны керек, өзім Инстаграм парақшасында тіркелмедім. Десек те, ауданда бізге бағытталған шағымдарға жауап қайтарып, мәселелерді шешу жолдарын қарастырамыз. Бүгінде бізге негізінен Бөлек пенсаяжай тұрғындары арызданып жатады. Жоғарыда айтқандай, Бөлектің мәселесін біз көтеріп, ауылды Есік топтық су жүйесіне кіргіздік.

Саяжайлықардың жайы қиын болып тұр. Себебі, саяжайлар ауылшаруашылық жері болып есептеледі. Оларға ауыл статусы берілмейінше, біз су құбырын жүргізіп, жолдарын жасап бере алмаймыз. Қателеспесем, 2007 жылдары саяжайдың жоғары жағындағы Бәйтерек шағын ауданына су құбырын тартқан болатынбыз. Саяжайлықтар өздері қаржы жинап, сол құбырдан үйлеріне дейін су тартып алған. Мектепке тартқан құбырға да жергілікті тұрғындар қосылған.

– Әлеуметтік желідегі бір хатта «Бір апта бойы үйімізде су жоқ. Себебі, орталық құбырлардың бірі тесілген. Оны реттеуге келген мамандар жөндеу жұмыстары үшін бізден ақша сұрап жатыр» – деп шағымданған. Бұл қаншалықты дұрыс?

–Біздің бөлімге немесе «Есік Су» мекемесіне осы тақырыптағы арыз түскен жоқ. Алайда, Есік қаласының төменгі жағындағы (Автопарк) көпқабатты үйлердің су құбыры «Есік Су» мекемесінің теңгерімінде емес. Демек, құбыр жарылып, су жүйесіне зақым келсе, тұрғындар өз есебінен жасауы керек. Біраз уақыт бұрын көпқабатты үйлердің бірінде құбыр зақымданып, суға жауапты мекеме жасауды тұрғындардың өздеріне қалдырған. Бірақ, біздің бөлім іске араласып, су жүйесін қалпына келтіріп берді. Нақты айтсақ, «Есік Су» мекемесіне қарасты магистральді құбырлардың барлығын жауапты мекеме өздері жасайды.

– Азаматтарымыз суды бақшаға жіберіп, егінін суарады. Зардабын басқа тұтынушылар тартады. Осы бассыздыққа тосқауыл бола ма?

Әрине, бүгінгі таңдағы ауыз су тапшылығының негізгі себептерінің бірі осы. Біздегі бар мамандармен үйлерді аралап, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырамыз. Оларға судың өз мақсатымен пайдалануды тапсырып, кесірін қалалықтар көріп отырғандығын айтамыз. Алайда, Есік қаласындағы арық жүйелері жоқ болғандықтан, бірқатар азаматтар құлақ аспай, бақшасын суаруды жалғастыра береді. Аталған мәселені шешу үшін алдымен арықтарды жөнге келтіру керек.

– Рахаттықтардың бас ауруына айналған тіршілік нәрі жайлы не айтасыз?

– Қызылжар ауылы секілді Рахатқа да су жүйесін жүргізуге жобалық- сметалық құжаттары 2013 жылы жасалған. Алайда, оның да мерзімі өтіп, жобаны қайта есептеуге қаржы сұрап отырмыз. Оған қарамастан «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында қаражат қарастырылып, ауылдың жоғарғы жағындағы таудан су құбыры жүргізілуде.

– Сұхбатыңызға рахмет.

Тілдескен Сардарбек НҰРАДИН.

Сейсенбі, 06 Тамыз 2019 17:18

Еңбеккердің ұйқысы аз

«Еңбегі көптің өнбегі көп» деген дана қазақтың айтқаны айдай келеді. Шындығында, еңбек адамның екінші анасы: ол сені асырайды, өсіреді, өндіреді. Асын адалдан тауып отырған кәсіпкер Демесінова Балжан Ерланқызының бұл өмірлік ұстанымы. Былтырдан бері іс қылып, Түрген шатқалының бойынан демалыс аймағын аймағын ашты. «Алтын .»  деп айдар тағып, демалушылардың бар жағдайын жасауда еңбектенуде.

«Ерінбесең жеңерсің» демей ме бұрынғылар. Жалпы көлемі жарты гектар жерді айналдыра қоршап, отызға жуық әртүрлі шатырларды көріктендіре тіккен кәсіпкер тазалыққа баса көңіл бөлетінін ашып айтты. – Ең бірінші, тазалық керек. Себебі, бұл көпшілік демалатын орын. Мұнда келушілерге бар жағдай жасау менің міндетім деп білемін. Ашылғалы бүгінгі күнге дейін 1000-ға жуық демалушылар келді. Әрбірімен жеке пікір алмастым. Ойын білдім. Әрқилы пікірлерін, ұсыныстарын жеткізді. Мен қуана қабыл алдым. Өйткені, біз демалушылар үшін жұмыс істейміз ғой, – деп ағынан жарылды Балжан Ерланқызы.

Қазіргі уақытқа дейін 40 млн теңгеге жуық инвестиция салып үлгерген кәсіпкер еңбек пен білімді қос қанатым деп түсінеді. Осы себепті, «Бастау Бизнес» жобасы арқылы білімін шыңдады. – Көбіне, онда білім алушылар  жеңілдетілген пайызбен несие алу мақсатында ғана оқиды емес пе? Алайда, мен ең бірінші кәсіпкерлік ілімімді толықтыруға баса көңіл бөлдім.

Себебі, бизнес – терең ізденісті талап етеді. Ал ол оқу-біліммен шыңдалмақ. Сондықтан курсты толық аяқтадым. Нәтижесінде, 6 млн теңге жеңілдетілген пайызбен несиеге де қол жеткіздім. Оны осы бастаған бизнесімді дамытуға салдым, – дейді. Бүгінде мемлекеттен алынған қаражатқа заманауи сәнді жасалған 3 қазақ үй орнатқан. Сегіз қанатты әр шаңырақтың әрбіріне 30 адамнан емін-еркін демалуына мүмкіндік жасалған. Бұдан өзге 28 шатыр демалушыларын күтуде. – Әлемдегі бірде-бір мемлекетте кәсіпкерлерге мұндай жағдай жасамайды. Бізде кәсіпке тегін оқытады, қажет қаражатыңды жеңілдетілген пайызбен қолыңа ұстатып, кәсібіңді бастауға мүмкіндік береді. Тіпті, салықтан да жеңілдіктер қарастырады. Қаражаттың қайтарымын өз ыңғайыңа қарап, күнтізбесін орнатуыңа да болады. Бұдан асқан қандай қамқорлық қажет? Тіпті, қазір жөнсіз тексерулерге де шектеу қойылған, – дейді Б.Демесінова.

Сонымен қатар мұнда келушілер форель балығын аулап, таза ауада демалуына бар жағдай жасалған. Ол үшін екі көлге 4000-нан астам бас форель балығын жіберген.  Мұның бәрі кәсіпкердің мұратқа жетуге жасалған қадамдары.

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Сейсенбі, 06 Тамыз 2019 17:01

Тазалық – денсаулық кепілі

«Бірге – Таза Қазақстан» республикалық тазалық акциясы басталғалы қалалар мен ауылдар жаңарып, жасарып, бір ерекше күйге енуде.

Аталған экологиялық шараға Есік қаласының және 25 ауылдық округтің тұрғындары да белсене атсалысты. Атап айтсақ, 1500-дей адам, 20 түрлі техника жұмылдырылды берекелі іске. Күл-қоқыстан тазарған ауыл-аймақ, артық заттардан арылған көшелер, арықтар, мәдени орындар – бәрі-бәрі еркін «тыныстады». Жұдырықтай жұмылған тұрғындардың күшімен барлығы 13 гектар жер тазартылып, 150 тонна қоқыс шығарылды.

Алмагүл НҰҒМАН.

Сәрсенбі, 31 Шілде 2019 14:48

Жетістік – еңбек еткенге иіледі

«Ештеңені білмейтін, ештеңені білуге талпынбайтын адамның жағдайы қиын. Өйткені оның бойында екі кесел бар: бірі – топастық, екіншісі – жалқаулық» деген екен Платон. Әлбетте, «Алма піс, аузыма түс» деп жатудан артық азап жоқ. Себебі, жетістік – еңбек еткенге иіледі. Бұған дәлел Айсара Кабулованың табысты тірлігі. Айналасы 18 сотық жеріне қора-жай салып, мал басын көбейтуді мақсат еткен кейіпкеріміз кәсіппен айналысуға бел буады. Арнайы «Бастау бизнес» жобасы арқылы білімін шыңдап, жобасын қорғайды. Жолдасы Нұрлан Кабулов қолдау білдіріп, 2 млн 300 мың теңге несиеге қол жеткізеді. Сөйтіп, оған сегіз сүтті бағыттағы сиырларды сатып алады. Жуырда аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы Саят Бизаковпен бірге Айсара Бақытқызының үйінде болып, шаруашылығымен таныстық.

Ә дегенде әңгімеміз кәсіп ашуға мемлекеттік қолдаудың толағай екенінен басталып кетті. – Осы іске бет бұрар алдында біраз адамдардан сұрадым. Алайда, оңды жауап алмадым. «Ой, ол болмайтын тірлік қой. Қаражатынан қағазын жинау қиын. Ары-бері жүрісі ұзақ» деушілер басым болды. Әйткенмен, бел шешіп кіріскенімде асып бара жатқан қиындықты көргенім жоқ. Бір ай курс оқыдым. Онда бизнестің қыр-сырын меңгеруге барынша дағдыландырды. Сонымен арнайы сертификатын алып, өз жобамды ұсындым. Ауылда тұрамыз, қолымызда бірді-екілі ірі қара, жылқы басы бар. Қысқасы, бір мал бақсаң да, он мал бақсаң да сол еңбек керек. Сөйтіп, сүтті бағыттағы сиырлар алу мақсатын алдыма қойдым. Жолдасым қолдады. Биыл сол арманымызға жеттік – дейді. Қазір күніне шамамен 60-70 литрдей сүт алады. Өнімді қабылдап алушылар үйінен әкетеді. Бұдан өзге қолдан май, ірімшік жасайды. Таза табиғи өнімге қай жерде болсын сұраныс мол екені белгілі. Оған да өз алушылары жетерлік.

– Таңнан тұрып мен сиыр сауамын, жолдасым жем-шөбін береді. Жуырда тағы екі асыл тұқымды жылқылар алып келдік. Ендігі ойымыз – малдың төлдерін алып, мал басын көбейтсек, бірқатарын арнайы бордақыласақ деген жоспар бар. Қазір жеріміздің көлемі 18 сотық. Уақытша малдарды ұстап тұруға мүмкіндігіміз бар. Кәсібіміз жүріп жатса, бұдан да үлкен шаруашылыққа айналуға құлшыныс жоқ емес. Мұның бәрі уақыт еншісінде. Бастысы, еңбек етуден ерінбеу – дейді А.Кабулова.

Төрт баласын еңбекке тәрбиелеп отырған отбасының ұстанымдары да бір: еңбек, еңбек және еңбек. Себебі, табан ет, маңдай тердің өтеуі – табысты жетістік.

Тақырыпқа тұздық:

Бүгінде «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» жүйелі жұмыс жүргізуде. Нәтижесінде мамыр айынан күні бүгінге дейін небәрі үш ай ішінде айданда 23 адам несие алып, тәтті еңбектің дәмін татып үлгерді. Бұл турасында аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Берік Иманбаев былай дейді: – Ауданымызда «Еңбек» бағдарламасы аясында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 101 адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарланған. Бүгінде толық 101 азамат оқуын аяқтап, сертификаттарын алды. Оқыған азаматтардың ішінен 23 адам шағын несиеге қол жеткізді. Оның 21-і – ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы жалпы сомасы 79 млн теңге, екеуі – несие серіктестіктері арқылы 8 млн 900 мың теңге. Ал қалғандары несие алмаймын, шағын қаражатпен кішігірім кәсіп бастаймын деушілерге 250 мың теңгеден қайтарымсыз гранттар берілді. Мәселен биылғы жылдың басынан 35 адам грант алды. Сол секілді осы шілде айының өзінде аталмыш бағдарламаға қатысушы тағы 35 адамға әрқайсына 250 мың теңгеден гранттар берілуде. Сонымен қатар жастар жылына орай 100 жас азаматты «Бастау Бизнес» жобасы арқылы оқытып, шағын несие немесе 200 айлық есептік көрсеткіш болатын (500 мың теңге) гранттар беріледі. Қазірдің өзінде 40 жас оқуын бастады. Мұндай мемлекеттік қамқорлыққа тек жастар емес, аз қамтылған, көпбалалы отбасылар, жұмыс істеуге ыңғайы келетін мүгедектігі бар азаматтар да ие бола алады. Басты шарт – «Бастау Бизнес» жобасы арқылы оқуы міндетті. Бұл 2018 жылғы 23 тамыздағы №513 ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген.

 

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Начало купального сезона в текущем году, показало печальную для Жетысусцев статистику. По состоянию на 25 июля, в водоемах области утонули 25 человек, 10 из них – дети, - сообщает служба коммуникаций Алматинской области.  

О причинах ЧП, а также о мерах безопасности на воде и о соблюдении правил пожарной безопасности в пожароопасный период и при уборке урожая, на площадке региональной службы коммуникаций рассказали представители ДЧС Алматинской области.

По словам спикеров, причиной трагедий, является ненадлежащий контроль родителей и купание в неположенных местах. Они также озвучили что больше всего люди тонут в Капчагайском водохранилище. Все это несмотря на то, что есть специально оборудованные пляжи, люди зачастую купаются на стихийных или так называемых диких пляжах. 

 «Вопреки проводимой работе, буквально недавно, в вечернее время, на Капшагайском водохранилище погибли два человека 1997 и 2000 года рождения. В Илийском районе на одном из необорудованных мест для купания погиб ребенок 10-12 лет. Дети находились без присмотра взрослых. В связи с этим хотелось бы до наших граждан донести основные требования по безопасному проведению их отдыха у воды: ни в коем случае нельзя купаться в необорудованных местах», - говорит начальник отдела ДЧС Алматинской области Игорь Жуков.

Хотя купальный сезон стартовал давно, Департамент чрезвычайных ситуаций Алматинской области все же проводит массовые рейды и комплекс практических и профилактических мероприятия, в целях предупреждения гибели людей на воде и возгорания сухостоев. Сотрудники Службы спасения проводят регулярные рейды по профилактике безопасности на воде на Алаколе, Балхаше и Капшагае. Раздают памятки и учат элементарным правилам оказания первой медицинской помощи при утоплении.

«Причинами чрезвычайных ситуаций на воде является неорганизованный отдых граждан на неконтролируемых спасателями водоемах, незнание или несоблюдение правил безопасности на воде, не выполнение владельцами частных зон отдыха требований безопасности на воде, неумение плавать, переоценка сил при плавании и оставление детей у воды без должного присмотра взрослых. Однако стараниями наших коллег, из водоемов региона, личным составом спасательных подразделений было спасено 46 человек», - говорит руководитель Оперативно-спасательного отряда Сайлаубек Чарапиев.

Рассказали спикеры и о количестве возгорания сухой травы за этот сезон.

- «С начала пожароопасного периода 2019 года в связи с устоявшейся жаркой погодой на территории области зарегистрировано 10 лесных и 2 степных пожара, произошло более 600 загораний, из которых вне территории населенных пунктов 291 загорание на площади более 300 Га, зерновых культур- 2 случая, на общей площади 6 Га. Просим граждан беречь нашу природу от пожаров» - отметил начальник Управления снижения рисков бедствий и контроля в области гражданской защиты Константин Канин.

Сейсенбі, 30 Шілде 2019 14:39

Экономиканың даму кепілі

Мемлекетіміздің 2050 жылға дейінгі даму стратегиясында көрсетілген еліміздің басты мақсаттарының бірі – бәсекелестікке қабілетті тауар шығарып, қызмет көрсетуге бағытталған теориялық алғышарттарды экономикалық нақты көрсеткіштерге ұластыру қажет. Ол – бүгінгі күннің көкейтесті талаптарының бірі. Ол үшін, экономистердің пайымдауынша, әр ел әлемдік шаруашылықта өз тауарымен және қызметімен өз орнын табуы тиіс. Яғни, мемлекет ішкі азық-түлік және киім-кешек  сұранысын мейлінше өзі қамтамасыз еткен жағдайда ғана ұлттық экономика бәсекеге қабілетті болмақ және ол тұрақты экономикалық даму кепілі. Осыны көздеген Тұңғыш Президентіміз шөбі шүйгін, топырағы құнарлы кең байтақ даламызда ауыл шаруашылығы саласына баса назар аударуды тапсырды Үкіметке. Сәйкесінше, мемлекеттен түрлі қолдаулар көріп, төрт түлігін түгендеген шаруалар бүгінгі таңда ұлттық экономиканың дамуына өз үлестерін қосуда.

Осы орайда, Елбасы Н.Назарбаев: «Мемлекет ауыл шаруашылығына жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Қаржыландыру жыл сайын өсіп отыр. Еліміздің агроөнеркәсібінің негізгі мақсаты – ішкі нарықты өзіміздің азық-түлікпен және отандық өнімдермен 80 пайызға дейін қамтамасыз ету. Бүгінгі күні агроөнеркәсіп саласын дамытудың алдағы кезеңге арналған бағдарламасы әзірленген. Бұл салада ауқымды жұмыстар күтіп тұр» – деп, болашақтың іргетасын қалап кеткен еді. Аграрлы ауданымызда да бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқарылып, жеміс-жидек, сүт пен ет өнімін өндіру қарқынды жүзеге асуда. Әсіресе, қос кеменің басын тең ұстап, өсімдік пен мал шаруашылығымен айналысып отырған шаруалар жетерлік. Солардың бірі – Бартоғай ауылдық округінде орын тепкен «Шелек» өндірістік кооперативі.

Ірі шаруашылықтың іргетасы 1995 жылғы аумалы-төкпелі заманда құрылған. Негізін қалаған ауданымыздың құрметті азаматы Аянбек Дауытқұлов 20 жылға жуық шаруашылықты өзі басқарып, дамытып келген. 2012 жылы өзінің ұлы Исламбек Аянбекұлы өндірістік кооперативті өз қолына алған. Жақында бартоғайлықтарды тұрақты жұмыспен қамтып, сүтті бағыттағы мал өсіруде көпке үлгі болып отырған шаруашылыққа арнайы барып, жұмыс барысымен танысқан болатынбыз.

Жаз маусымында кеңсе мен үйде отырмайтын шаруалардың жайы бізге мәлім болғандықтан, тікелей егістікке жол тарттық. Ойлағанымыздай іздегенімізді егістік алқабынан тауып, кооператив басшысы Исламбек Аянбеков алдымен өсімдік шаруашылығы жайлы әңгіме қозғады. Бүгінде 1050 гектарға соя, жүгері, жоңышқа мен көпжылдық шөп отырғызған олар күз айы таяған сайын жиын-терім науқанына қызу дайындық үстінде. Мұндағы өнімдердің негізгі бөлігі Алматы қаласының маңындағы ірі фермаларға сатылады. Қалғаны өз малдарының қысқы азығына сақталады.

– Біз секілді шаруаларға мемлекет бүгінде үлкен көмек көрсетіп отыр. Өнімдерімізге субсидия бөледі. Жеңілдетілген несие қарастырылған. Осыны пайдаланып осыдан 4 жыл бұрын лизингке соя мен бидай оруға комбайн алған болатынбыз. Оның да белгілі бір бөлігін мемлекет қаржыландырды – деген Исламбек Аянбеков ауыл шаруашылық техникаларын сатып алуда ұйымдастырылған лизинг барлығы үшін тиімді екенін айтты.

«Шелек» өндірістік кооперативінің негізгі бағыты – сүтті бағыттағы ірі қара өсіру. Қазіргі таңда фермада 135 бас «Алатау» мен «Черная пестрая» тұқымды сауын сиыры бар. Арнайы сиыр сауатын отандық аппаратпен қамтамасыз етілген шаруашылықтың өнімдері «ФутМастер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жөнелтіледі. Бұл құрылғылар да жақын арада ауыстырылады. Исламбек Аянбекұлының айтуынша, бағасы 16 млн теңге болатын сиыр сауатын ресейлік «Елочка» құрылғыларына тапсырыс берілген.

– Ірі қара сатып алғанда мемлекет көмек беріп, қордан несие алған болатынбыз. Қазіргі таңда малдарды толықтай игерудеміз. Келешекте мал басын арттырып, сүт өнімін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Негізгі бағытты мал шаруашылығына бұрсақ деген ниет бар – деп жоспарларымен де бөлісті кооператив басшысы. Қазіргі уақытта шаруашылықта 35 ауыл азаматы тұрақты жұмыспен қамтылған. Айлықты есептеу шетелдік принциппен жүзеге асады. Яғни, жұмысшылардың жалақысы істеген сағатына байланысты. Соның өзінде ауылдықтардың орташа айлығы 150-155 мың теңгені құрайды.

Әңгіме барысында кооператив басшысы мал дәрігері маманының жетіспейтіндігін айтып қалды. Сұрастырсақ, округтегі ветеринарлық маман малдың көптігіне байланысты үлгермейді. Десек те, вакциналарын тұрақты жасап тұрады. Сондықтан, білікті жас маман іздеген кооператив жалақы мен тұрғын үй мәселесін шешіп беретіндігін жеткізді.

Сардарбек НҰРАДИН.

 

Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Онда Тұңғыш Президентіміз Қазақстан үшін қайта түлеудің айрықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі.

Тұңғыш Президентіміз аталмыш жаңғырудың негізгі қызметі мен ерекшеліктеріне ой жүгіртіп, бұл жаңғырудың маңыздылығына тоқталады: «Жаңғыру атауы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды». Саяси, экономикалық реформаларда егеменді еліміз бірқатар жақсы нәтижелерге қол жеткізгені баршаға мәлім. Ол адами құндылықтар, рухани қазына, жастарды тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты сіңіре білу жұмысында рухани салаға басымдық берудің қажеттілігін алға қойып отыр. Бұл дегеніміз – ұлтымыздың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, мемлекеттік тіліміз бен әдебие-тімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту деген асыл ұғымға келіп саяды. Тұңғыш Президентіміздің рухани жаңғыруға, руханиятқа, білім, ғылымға маңыз беруі – үлкен көрегендік пен ұлттың алға ілгерлеуін жылдам қарқынмен жылжытатын қозғаушы күш. Бұл – тәуелсіз еліміздің бақытты болашағы мен алаңсыз келешегі үшін жасалып жатқан жұмыс. Өйткені, рухани байлықтың кемел болғаны бұл жеке азаматтарымыз үшін де, әрбір жеке тұлғадан құралған қоғам, туған еліміз үшін де өте маңызды үдеріс.

Мақалада аталған бағыт-тардың бәрі барынша өзектен-дірілген және уақыттың талаптарына нақты жауап береді. «Мәңгілік ел» болуымыз үшін бізге ауадай қажетті қасиеттер мен құндылықтардың қайнары тоғысып, ақыл-парасаты толыс-қан, ғаламдық ғылымды игерген адамдар көп болса, еліміз өркениетті, бәсекеге қабілетті болатыны ақиқат. «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адам-дарының бәсекелік қабілетімен айқындалады… Сондықтан әр-бір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында. Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар ұлтымызды, яғни барша қазақ-стандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы», - деп ашып көрсетеді. Бәсекеге қабілеттілік саясат пен экономикада, білім, ғылымда, технологияда, яғни барлық салада болуы тиіс. Бәсеке болған жерде әрбір тұлға өзінің ең сапалы қызмет түрін ұсынады. Білім мен тәрбиесі ғажайып түрде үндескен, ұлттық идеологиясы темірқазығына айналған табысты ел болуымыз үшін жақсылыққа ұмтылып, жаманшылықтан арылып, саналы түрде барлық қасиеттерімізді ізгілендіріп, сананы рухани жағынан үнемі жетілдіріп, дамытып отыруға тиістіміз.

Ұлттық жаңғыру ұлттық санамен тығыз байланысты. Оның түпкі мақсаты – ұлттық бірегейлікті сақтап, ел ішінде бейбітшілік пен келісімді үйлестіре отырып, ұлттық береке, бірлік салтанат құрған бәсекеге қабілетті, табысты ел болу. «Сонымен бірге, жаңғыру ұғымының өзі мейлінше көнерген, жаһандық әлеммен қабыспайтын кейбір дағдылар мен әдеттерден арылу дегенді білдіреді», - дейді тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев. Сондықтан рухани жаңғыру үдерісін дер кезінде қабылданған оң шешім деп танимыз. Осы рухани жаңғырудың жүзеге асырылуын біз және сіз болып, «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» бірлікте орындауымыз аса қажет. Бәсекеге қабілетті, әлемдік деңгейде танылған әрі дамыған рухани кемел ел болу –Тұңғыш Президентіміздің асыл арманы. Ендеше, тұңғыш Президентіміздің жастарға соны серпін, тың бастама ұсынуы келешекке қамданудың әрекеті деп түсінеміз.

Білім жүйесіне үштілділік керек пе?

Халқымыздың біртуар перзен-ті Мағжан Жұмабаев: «...Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілі болуы.Ұлттың тілінің кеми бастауы – ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат еш нәрсе болмасқа тиіс.Бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай көрініп тұрады. Қазақтың тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сар далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі – бәрі көрініп тұр. Қазақтың сары даласы кең, тілі де бай. Осы күнгі түрік тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, орамды, терең тіл жоқ», – деп тіл жайында терең толғанған екен кезінде. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері жүргізіліп келе жатқан тіл саясатының арқасында қазіргі таңда мемлекеттік тіл туралы оңды қоғамдық көзқарас қалыптасып отыр.Тіпті Отанымызда өмір сүріп жатқан басқа ұлт өкілдерінің де мемлекеттік тілді меңгеруге деген құлшынысы күннен-күнге арта түсуде. Мемлекеттік тілді білу – парыз, өзге тілдерді үйрену – құқық. Бүгінгі технология және жаһандану заманында көптілді меңгеру жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік. Көптілді меңгеру деген ұғым қазақ дүниетанымында бұрыннан бар түсінік. Кезінде халқымыздың «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деген аталы сөзі дәл бүгінгі дамыған дәуірімізге сәйкес айтылғандай. Тарихи деректерге жүгінсек, әлемде Аристотельден кейін екінші аға ұстаз аталған ұлы ғұлама Әбу Насыр әл-Фараби бабамыз өз өмірінде 70-ке жуық ұлттың тілін жетік білгендіктен, артына мәңгі өшпес мол рухани құнды мұра қалдырып кеткендігі анық. Көптілді меңгерген адам әуелі өз тілінде ой қорытып, туған халқына өнеге болып, өзге жұртпен бәсекеде ырықты орынды иеленіп, сан мәдениетті санасына салып сараптай алса, онда ол өз өмірін қалайда мағыналы өткізетін айтулы тұлға болып жетілері анық. Тілдердің үш тұғырлылығы идеясына  Тұңғыш Президентіміз нақты анықтамасын да береді: қазақ тілі мемлекеттік дәрежесінде мемлекет өмірінің бар саласында «бүкіл қоғамымызды біріктіруші» қызметін атқарса, орыс тілі ұлттар арасындағы қарым-қатынастарға қызмет етеді, ал ағылшын тілі әлемдік экономикаға, әлемдік қауымдастыққа кірігуімізге қызмет етеді. Осыдан артық қандай нақтылы анықтама керек?! Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялағаннан кейін Ата Заңында мемлекеттік тіл – қазақ тілі деп, сонымен қатар орыс тілін ресми тіл ретінде бекітті. Оның негізгі мақсаты ретінде ұлтаралық тұтастықты сақтау, қоғамның тілдік ортасын дисфункцияға ұшыратпау болған еді. Сондықтан да орыс тілі достық пен бейбітшіліктің, этносаралық қарым-қатынас тілі мәртебесіне ие болды. Қазірдің өзінде жаһандану үрдісі етек алған заманда халықаралық байланыс құралы және халықаралық экономика, халықаралық білім беру тілі – ағылшын тілін білмей әлеуметтік-экономикалық кеңістікке ену мүмкін емес. Сондықтан қазіргі таңда мектептерде шет тілін бастауыш сыныптардан, тіпті балабақшадан бастап оқыту енгізілуде. Себебі, ағылшын тіліне ерте жастан оқытудың тілді жақсы әрі еркін меңгеруге тигізер әсері мол. Көпжылдық зерттеу көрсеткендей, ағылшын тіліне ерте жастан оқыту балалардың жалпы және тілдік дамуын реттейді, балаларды өзге ұлт мәдениетін білуге және құрметтеуге үйретеді. Ғалымдардың зерттеулері көрсеткендей, үлкен адамға қарағанда кішкентай бала ағыл-шын тілін тез меңгереді. Дегенмен, сол көптілділік іргетасы ана тілден қалануы керек. Мысалы, жапондар секілді. Олар баласын қашан жапон тілінде дұрыс сөйлей білгенше өз тілінде оқытып, үйретіп, содан кейін ғана барып басқа тілді білуге ден қоя бастайтын көрінеді. Өркениетті елдердің осындай озық дәстүр-лерінен неге үйренбеске? Ана тілінде дыбыстарды дұрыс айтпай, дұрыс сөйлемеген баланың бойына патриоттық сезімді ұялата білеміз бе? «Өз тілін сезбеген бала — ана сүтін татпаған жетіммен тең» деп көрнекі жазушы Бауыржан Момышұлы айтқандай, ертеңгі күні жетімдерге тап болып қалмаймыз ба? Қазіргі заманғы мектептердің басты мақсаттарының бірі өсіп келе жатқан ұрпақты жан-жақты, жаһандану құндылықтарына бейімдеу, балалар мен жеткіншектердің көрші елдер мәдениетінің өкілдерімен дүниежүзілік кеңістікте өзара әрекет жасасуына деген шеберліктерін қалыптастыру. Оқытушылар мен оқушылардың алдында тұрған басты мақсаты – Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім стандарттары талаптары деңгейінде үш тілде білім меңгерген, өз елінің тарихы мен салт-дәстүрін білетін, көптілді коммуникативтік құзырлықтары қалыптасқан, өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі жетілдіруге талпынатын тұлғаны дамыту. Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде үш тілді білім беру моделін енгізудің өзектілігі мынада: алдымен, бүгінгі қазақстандық қоғамда көптілді, көп мәдениетті тұлғаға деген сұраныстың артуы. Ұлттық мектеп бітірушілерді жалпы қазақстандық және әлемдік білім және ақпарат кеңістігіне кіріктірудегі мәселелерді шешу қажеттілігі әрі болашақ ұрпақты қазақстандық патриотизмге, ұлтаралық қатынас мәдениетіне тәрбиелеудің өзекті мәселеге айналуы. Сонымен қатар, аз ұлт өкілдерінің этникалық ерекшеліктерін сақтаумен бірге олардың жалпы қазақстандық экономикалық, әлеуметтік-мәдени үрдістерге толыққанды қосылуына жағдай жасау және мектеп бітірушілерінің коммуникативтік және ақпараттық құзырлықтарының жеткілікті деңгейіне қол жеткізу.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020-шы жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көптілді білімі бар педагогикалық кадрларды даярлау іске асырылуда. Оны жүзеге асыру мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында базалық пәндер циклында шетел тілінен сағаттар санын арттыру және оқудың типтік бағдарламаларында өзгерістер енгізу арқылы жүргізіліп жатыр, әсіресе, пәнді үш тілде оқытатын педагогикалық кадрларды дайындауға байланысты. Осыған орай, ауданымыздағы білім беру саласында үштілділікті алғашқылардың бірі болып Абылайхан орта мектебі қолға алса, осы күнге дейін 11 мектепте химия, физика және биология пәндері ағылшын тілінде өтуде, яғни ауданымызда 198 ұстаз үш тілде сабақ беруде. Республика дәрежесінде бақ сынап сапалы білімнің арқасында жүлделі орындармен марапатталуда, ендігі жерде  «Дүниетану» және «Қоршаған орта» пәндерін үш тілде оқытатын педагог кадрларды дайындау қолға алынды. Атап айтсақ,  мектепке дейінгі білім беру жүйесінде ағылшын тілін оқытатын мамандар даярлау мақсатында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша таңдау пәні ретінде «Бастапқы шетел тілін үйрету мұғалімі» пәндері енгізіліп, оқытылуда. Көпшіліктің «Үш тұғырлы тіл» саясатын дұрыс түсінбей, тек қана қазақ тілін қолданайық деп наразылық көрсетуі артық. Біз мемлекеттік тілді дамытып, орыс тілі мен ағылшын тілін қажетіне қарай үйренуіміз керек.

Қорыта келгенде, Қазақстан-ның тілдер саясатындағы басты бағыт – тілдердің үштұғырлығы. Бағдарлама қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерту. Алайда, Қазақстан жерінде тұратын азаматтардың басын біріктіретін тіл ретінде қазақ тілі басты тіл болу керек екенін естен шығармайық. Сонымен көпұлтты Қазақстан жағдайында «Тілдердің үштұғырлығы» мәде-ни жобасы қоғамдық өзара келісімді нығайтатын маңызды фактор. Тілдердің үштұғырлығы идеясы Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін құруға және дамытуға бағытталған ұлттық идеологияның бөлігі болып табылады. Қазақстан үшін үштұғырлы тіл – елдік бәсекеге қабілеттілікке ұмтылудың бірінші баспалдағы. Өйткені, бірнеше тілде еркін сөйлей, жаза  білетін қазақстандықтар өз елінде де, шет елдерде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айналады.

 

Бәтес Аманова,

Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің басшысы.

Тілсіз жаумен күресу әзірге мүмкін болмай тұр. Оған себеп, тұрғындардың өздерінің өз өмірлеріне жауапсыздығы. Биылғы жылдың алты айында 5 адам суға кеткен. Оның ішінде екеуі кәмелеттік жасқа толмаған бала болса, үшеуі ойламаған жерден судағы қайғылы жағдайға душар болғандар.

«Бұл 2018 жылмен салыстырғанда жоғары болып тұр. Себебі, былтырғы жылы алты айлық көрсеткіш бойынша суға кеткендер саны үшеу еді және үшеуі де жасөспірімдер болған», – дейді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері әрі қоғамдық қорғау бөлімінің аға лейтенанты Е.Тергеусізов. Сонымен қатар, оның айтуынша: «2019 жылдың суға шомылу маусымы басталғалы бері қайғылы жағдайлар тоқтамай тұр. Нақтылайтын болсақ, 4-мамырда Қазақстан ауылдық округінде арыққа 2 жасар бала батып кеткен. 1-маусымда Ақтоған ауылында Шелек өзеніне кәмелеттік жасқа толмаған қыз бала батып, өмірмен қоштасқан. 21-маусымда Ақжал ауылына жақын жердегі Қапшағай су қоймасына батып кеткен еркектің мәйіті табылған. Ал, 22-маусымда Қарбалтабай ауылындағы каналға ер адам құлап, қаза тапқан. Дәл осы маусымның 30-да Түрген өзеніне де бір әйел адам құлап, ажал құшқан. Осы тұста айтып өту керек, қаза болғандардың ішіндегі балалардың өлімі – ата-анасының балаларын жіті бақыламағандығының салдарынан болып отыр. Ал, екі үлкен адам ішімдіктің кесірінен суға кеткен. Орын алған бір жағдай – байқаусызда аяғының тайып кетуінен болып отыр. Ескерте кетейік, адамдардың өлімі құтқарушылар жүрмейтін, қараусыз жерлерде орын алған. Қарапайым суға түсу ережелерін сақтай білмегендіктің соңы – оқыс оқиғамен аяқталды. Сондықтан, суға түскенде ерекше сақ әрі абай болу керек!».

Расында, бұл қайғылы жағдайлар басқаға сабақ болар. Суға түсуге болмайтын жерлерде өміріңізді бәске тікпеңіз!

Алмагүл НҰҒМАН.

Әлия есімді екі баласымен жесір қалған ана асыраушысынан айырылығанына байланысты әлі кәмелетке толмаған екі баласына мемлекеттен 18 мың 890 теңге жәрдемақы алады. Шарасыздық пен жоқшылықтың қамытын киген ана  төрт жасар үлкен ұлын Алматыдағы «SOS Kinderdorf» балалар қалашығына орналастыруға мәжбүр болған. Өзі кіші ұлымен үйде отыр. Жалғызбасты аналар арнайы жәрдемақыны бала бір жасқа толғанға дейін ғана алады. Әлияның пікірінше, бұл – әділетсіз...

Барша Қазақстан халқын, әсіресе, аналар қауымын қатты есеңгіреткен бас қаламызда орын алған жағдай әлі де ойлаған адамның жүрегін жылатпай қоймайды. Айта кетейік, 4 ақпанда Астанадағы аудандардың бірінде кенеттен шыққан өрттен бес бала қаза тапты. Оқиға болған сәтте олардың ата-аналары үйде болмаған. «Өрт салдарынан көз жұмған балалардың анасы пластикалық ыдыс шығаратын зауытта, ал әкесі көлік жөндеу орталығында жұмыс жасайды. Қайғылы оқиға кезінде екеуі де түнгі   ауысымда болған», – деп нақтылаған еді оқиға желісін Елорда әкімдігінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева. «Екі бала мектепте төртінші және алтыншы сыныпта оқып жүрген. 2014 жылғы үшінші бала өткен жылдан бастап мемлекеттік балабақшаға орналастырылған. 2016 жылғы балаға биыл балабақшаға жолдама берілуі тиіс еді», – деді Ж. Жүргенбаева.

Көпбалалы ана жетіспеушіліктің кесірінен орны толмас қайғыға душар болды. Жер-жерлерде бас көтерген  әйелдер қауымы мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақының ештеңеге жетпейтінін айтып күңіренді. Ана мен балаға деген қамқорлық тек сөз жүзінде ғана орын алып, іс жүзінде мүлдем басқа көріністерге куә болып отырғандаймыз. Неге десеңіз, отбасы мәселесі Елбасының ұдайы назарынан тыс қалған емес. Жыл сайынғы Жолдауында отбасы, демографиялық өсім, ана мен бала денсаулығын сақтау мәселелеріне ерекше мән беріп, тапсырмалар жүктейді.  Әйел – отбасының,  мемлекеттің  тірегі ретінде танылған. Ана мен баланы қорғау әлеуметтік гендерлік саясаттың аса маңызды құрамдас бөлігі ретінде жарияланды.Мемлекеттің дамуы, халықтың әл-ауқатының артуы тікелей отбасына байланысты десек, халықтың тұрмыс жағдайын жақсартудағы, отбасын нығайтудағы басым бағыттардың бірі – ана мен балаға әлеуметтік қолдау жасау болып табылады. Отбасы  маңызды әлеуметтік бірлік ретінде заңның қорғауында. Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабында «Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттiң қорғауында болады»деп атап көрсетілген. Сонымен қатар, Ана мен бала денсаулығын сақтау – денсаулық сақтау жүйесі алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі ретінде қарастырылған. Елбасы Н.Ә.Назарбаев ана мен бала денсаулығын еліміздің қазіргі және болашақтағы дамуындағы басым бағыттарының бірі ретінде анықтады. Еліміздің стратегиялық құжаттарында және ҚР Президенті Жолдауларында ана мен бала өлім-жітімін азайту және халықтың өмір сүру ұзақтығын арттыру қажеттігі атап көрсетілді.    2018 жылы Қазақстандағы жалпы өлім көрсеткіші бойынша ана өлімі 1,2 пайызға, ал нәрестелер өлімі 2,8 пайызға төмендеген... Алайда, ел ішіндегі, қарапайым халық арасындағы жағдай мүлдем басқа. Көп балалы аналар сол перзенттерін тәрбиелеп не үйде отырарларын, не жұмысқа шығып нанын табуға отағасына жәрдемдесерін білмей дал болуда. Осы тұрғыда «Қазақстан заңдары «Ана мен баланы қорғау туралы» халықаралық конвенцияға сәйкес келеді. Бірақ, баланың көбеюіне заң кепілдік бола алмайды» дейді сарапшылар. Қысқасы, «балаңды өзің үшін тудың, өзің бірдеңе қылып асыра» дегендей. Әрине, баланы өмірге әкелу – әркімнің өз таңдауы. Алайда, елдегі халық санының өсімін арттыру үшін ана мен баланың жағдайын жасау – басты талап. Әлемдік деңгейдегі SaveThe Children қайырымдылық ұйымы ана мен балаға жағдай жасайтын елдердің тізімін жасаған болатын. Ана денсаулығы, әйелдердің білім алуы мен табысы, сондай-ақ, бала өлімінің деңгейін есепке ала отырып, 176 елдің рейтингін шығарыпты. Аталмыш тізімде ана мен балаға ең жақсы жағдай жасайтын ел ретінде Финляндия көш басына шықты. Ал тізімнің соңында Конго Демократиялық Республикасы жайғасқан. Рейтингтің соңында тұрған он мемлекеттің барлығы Африканың тропикалық аймағында орналасқан екен. Ұйым деректеріне сүйенсек, Конгода 30 әйелдің біреуі босану кезінде немесе басқа да жағдайларда қаза табады. Ал Финляндияда 12 200 әйелдің біреуі ғана босану кезінде қайтыс болады. Жаңа туған балалар ең көп қайтыс болатын ел – Үндістан. Save The Children ұйымы мұнда жыл сайын 310 мыңға тарта жаңа туған сәби шетінейтінін растап отыр. АҚШ әйелдердің өмір сүру сапасы жөнінен 30-орында тұр. Дамыған елдер арасындағы жаңа туған бала өлімінің ең жоғарғы көрсеткіші Құрама Штаттарда тіркелген. Ал, Қазақстан бұл рейтингте 65-орынды иеленіпті.

Ана мен бала – қоғамның бас-ты байлығы бола тұра, мемлекет байлығы оларға арналмаған. Жәрдемақы мөлшері шектеулі және тек бір жасқа дейін ғана. Бала саны халық санағы кезінде жақсы да, өзге уақытта ата-ананың жауапкершілігінде. Жоқ, әлбетте, ешқандай ата-ана өз баласының жауапкершілігінен қашпайды ғой, есі дұрыс болса. Алайда, сол балалар мемлекеттің ертеңгі жарқын болашағы емес пе?! Оларға бүгін қамқор болмасақ, ертең өз қолдары аузына жеткенде ешкімнің көмегіне мұқтаж бола қоймас. «Ерім дейтін елі болмаса, елім дейтін ер қайдан шықсын» деп бекер айтылмаса керек-ті.

Алмагүл Нұғман

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 30, 2024

ПАРИЖСКОЕ СОГЛАШЕНИЕ И ПАРНИКОВЫЕ…

Изменение климата является одной из самых серьёзных угроз современности, и углеродные…
Қырқ 30, 2024

️ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІК ӨКІЛДЕРІМЕН…

Халықтық штаб мүшелері Б.Рахимов, Т.Ұзақов этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесулері…
Қырқ 30, 2024

Бүгін Халықтық штаб өкілдері…

Ондағы мақсат – 6 қазанда өтетін атом электр стансасын салу бойынша референдумға қатысып,…
Қырқ 30, 2024

Энергетиканы дамытудың бір жолы- АЭС…

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп,…
Қырқ 30, 2024

Жас ақындар мен жазушылар арасында…

ЕРЕЖЕСІ1. Жалпы ережелер 1. «AMANAT» партиясының Алматы облыстық филиалы (бұдан әрі –…
Қырқ 30, 2024

АЭС салудың халықаралық тәжірибесі

Атом электр станцияларын (АЭС) салу және пайдалану – әлемдегі көптеген елдер үшін энергия…
Қырқ 30, 2024

Безопасность АЭС для Балхаша: мнение…

С ростом потребности в устойчивых источниках энергии Казахстан всерьез рассматривает…
Қырқ 30, 2024

Хайрушев: Если мы откажемся от АЭС,…

Вопрос строительства атомной электростанции в Казахстане поднимается с самого момента…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет