Приближается знаменательная дата – 75-й День Победы. Этот праздник никогда не потеряет значения для казахстанцев. Мало таких семей, где не провожали на фронт дедов и прадедов, из которых более миллиона человек пали на полях сражений Великой Отечественной. Тем большее значение имеет возможность отдать долг уважения еще остающимся в живых фронтовикам. В районе их осталось всего семеро.
Коллектив районного отдела обороны во главе с полковником Владимиром Азноваряном взял себя шефские обязанности, посещая ветеранов, оказывая им посильную помощь. Заместитель начальника ОДО Болат Смаилов, старшие специалисты отделений Нурсултан Тажибаев, Нурсерик Кабылбеков на днях навестили Михаила Федоровича Митрогана, проживающего в с.Байтерек. Они поздравили Михила Федоровича и его супругу Анну Григорьевну с наступающим праздником, привезли ценные подарки, расспросили ветерана о бытовых нуждах, пообещали помочь привести в порядок подъезд к дому.
Обращаемся ко всем руководителям учреждений и организаций – спешите сделать доброе дело для наших самых уважаемых аксакалов, пока они среди нас, не медлите выразить им признательность за подаренную потомкам мирную жизнь.
И.ВИКТОРОВ
Шелек ауылының тұрғыны Күншайым Солтанқұлова қос ғасырмен тең жасасып, жүзге толып отыр. Өз өмірінде алапат аштықты да, қанды репрессияны да, конфескілеуді де, зұлмат соғыс кезеңін де көрген әрі сол күндердің ауыртпалығын қайыспай көтеріп бүгінге жеткен кейуананың қайсар рухы мен асыл сүйегіне таң қалмай шараңыз жоқ.
Бүгінде ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, төрт құбыласы тең өскен бақытты ана. Ең қызығы, туылған күні де халықаралық әйелдер күніне сәйкес келетін 8 наурыз екен. Бүгінде шөпшек сүйіп отырған ардақты әжені мерекесімен әрі келе жатқан туылған күнімен арнайы құттықтауға Шелек ауылдық округінің әкімі Е.Есенханов, ардагерлер және ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ә.Айтақынов, әйелдер кеңесінің төрайымы С.Базылбекова т.б. азаматтар барып қайтты. Осы орайда ғасыр жасаған әжеміз келгендерге ақ батасын беріп, алғысын білдірді.
Н.ТІЛЕУҚАБЫЛ
Коронавирус әлемнің 115 еліне таралды. Дәл қазіргі уақытта бұл вирусты жұқтырғандар саны – 114 571 адам болса, 4030 адам COVID-19-дың құрбаны болды.
Ең көп адам шығыны Қытайда тіркелсе – 3136 , дертке шалдыққандар мұнда – 80 761. Ал тізімді ары қарай Италия, Оңтүстік Корея мен Иран, Франция, Испания, Германия жалғап тұр. Бұл елдердің әрқайсысында ауруды жұқтырғандар саны 1200-ден асқан.
Су – тіршіліктің қайнар көзі, онсыз өмір жоқ. Аллаға шүкір, ауданымызда ешқандай елді мекен тіршілік нәрінсіз отырған жоқ. Су жүйесі ескірген ауылдарда қайта жаңғыртылып, жаңа су құбырлары тартылуда. Алайда, соңғы кездері аудан орталығы мен жақын маңдағы ауылдарда ауыз су сапасы сын көтермей, тұрғындар наразылығын тудыруда.
Жаз мезгілінде су қысымы төмендеп кететіндігін айтып шағымданатын тұрғындар, осы жолы басқа шағыммен су жүйесіне жауапты «Есік Су» мекемесінің табалдырығын тоздыруда. Барлығының айтар арызы біреу – су сапасының төмендігі.
Әлеуметтік желілерде тіршілік нәрінен құм, балдырлар мен түрлі заттар шығып жатқандығы туралы қаптаған суреттер мен видеолар тарап жатыр. Тіпті, кейбір жерлерде ішіп отырған судың ішінде құрттар жүр. Бірнеше сатылық тазалаудан өтетін ауыз су мұндай күйге қалай түскендігі жайлы тұтынушылар білмей дал. Бұл турасында «Есік Су» мекемесінің директоры Марат Бердалиев тілшілерге берген сұхбатында былай түсіндірген еді:
– 2012 жылы салынған жаңа құбырлар бүгінде қолданыста. Осы құбыр арқылы тұтынушыларға жеткізілетін су бірнеше этаптан тұратын фильтр мен тазалаудан өтеді. Есік қаласы мен жақын маңдағы ауыл тұрғындарын қоса алғанда 50 мың адамға қызмет көрсетеді біздің мекеме. Соңғы кездері судың сапасыздығына қатысты шағымдар түсіп, арнайы комиссия құрылды. Аудан әкімдігі, прокуратура, тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасы өкілдерінен тұратын жұмыс тобы судың сынамасын алып, зертханаға жіберді. Зерттеу нәтижесі бойынша нақты шаралар қабылданатын болады – дейді Марат Берделиев. Бүгінде бұл мәселе облыс басшылығы мен аудан әкімінің тікелей назарында.
Бүгінде Есік қаласы бойынша ауызсу жүйесінің ұзындығы 131 шақырымды құрайды. Оның 40 шақырымын магистральді құбыр. Аталған құбырлардың басым көпшілігіне 30 жыл болған, бүгінде 91 шақырымы толықтай күрделі жөндеуді қажет етеді. 2018 жылы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі тарапынан Есік топтық су құбырының жобалық-сметалық құжаттары әзірленген. Жоба құны 4 млрд 476 млн теңгені құрады. Есік топтық су құбырына аудан орталығымен қатар, жақын орналасқан Бөлек, Әймен, Қызылжар, Қарасай, Қайназар, Көктөбе, Рахат және Өрікті ауылдары кіріп, су жүйесі толықтай жаңартылатын болады. Осылайша, 105 мыңнан астам тұрғын сапасы ауыз сумен қамтылады. Бұл туралы аудан әкімі Бинәлі Ысқақ өзінің есептік кездесулерінде жұртшылыққа жеткізген болатын. Ауқымды жоба осы жылдың мамыр айында басталмақ.
Бұдан бөлек, бірнеше елді мекенде ауыз су мәселесі оң шешімін табуда. 2018 жылы Екпінді, Казатком, Көлді, Нұрлы, Ащысай және Ават ауылдарының ауыз су жүйелерінің құрылысы басталған болатын. Бүгінгі таңда 4 ауылда жұмыстар аяқталды. Ащысай, Ават, Казатком ауылдарындағы нысандардың құрылысы осы жылы аяқталады. Атқарылған жұмыстардың арқасында елді мекендерді орталықтандырылған су жүйесімен қамтамасыз ету деңгейі 89,9 пайызға жеткен.
Сардарбек НҰРАДИН
В честь празднования 75 летия Победы в Великой Отечественной войне поэтапно планируется из собственных средств строительной компании «КВП» реконструкция парка села Ащысай.
28 февраля аким Енбекшиказахского района Б.Ыскак ознакомил местных жителей с планом предстоящей работы. К вопросам реконструкции парка сельчане отнеслись с особым вниманием. Корректировку проекта аким района поручил провести с учетом потребностей жителей и современных тенденций.
На первоначальном этапе будут проводиться работы по ограждению территории, обновлению обелиска павшим в Великой Отечественной войне, выкладке брусчатки, установке бордюров, скамеек и урн. Вторым этапом является озеленение, предусматривается посадка лиственных, хвойных деревьев и кустарников. После чего в обновленном парке появится несколько функциональных зон – центральная, игровая для детей и зона свободного отдыха и техническая. Завершение основной работы планируется ко дню Победы – 9 мая.
Также глава района поручил акиму сельского округа взять под особый контроль вопрос о передаче местного клуба из частной собственности на государственный баланс. Наряду с этим ранее созданная комиссия по решению остро стоящих вопросов сельских жителей выехала для выяснения проблем водоснабжения села Нура Согетинского сельского округа.
Д.Тюлемисова
Денсаулық сақтау мүддесін әлеуметтік қорғаудағы мемлекеттік жүйе 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап толығымен іске қосылды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру еліміздің әр азаматына қатысы бар тың реформа болып табылады.
Медициналық сақтандырудың аралас моделін таңдаған еліміз халықты медициналық қызметтердің жоғарғы сапасымен және денсаулық сақтау пакетімен қамтамасыз етеді.
Осыған орай Алматы облысы бойынша МӘМС үшін жарна және аударымдар ретінде 540 млн. теңге аударылған болатын.
«Денсаулық сақтау саласына жаңа өзгеріс енгеннен кейін, аталған саланың бюджеті 1,5 есеге артып, 115,9 млрд. теңгені құрады. Ал, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін қаржыландыру көлемі 36 млрд. теңгеден асып жығылады».
- «2020 жылға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 73 медициналық ұйымдармен келісім-шарттар жасады, оның ішінде 44 медициналық ұйым мемлекеттік меншік, 29-ы жеке меншікке тиесілі»,-дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» КЕАҚ Алматы облысы бойынша директоры Нұрлан Таңжарықұлы.
Жыл басынан бері денсаулығын жақсарту үшін ақхалатылардың қызметін тұтынудың оң нәтижесі байқалады:
• Ұсынылатын стационарлық қызметтер көлемі жоспарланғанға қарағанда 22,4% -ға өскен. Жедел жағдайлар, керісінше, 12% -ға төмендеген. Осыдан-ақ науқастардың жағдайы тұрақтанғанын және де жоспарлы түрде ем қабылдап жатқанын аңғаруға болады.
• Консультациялық-диагностикалық қызметтерге жүнігу 2019 жылғы қаңтармен салыстырғанда 10,5 есеге артты. Соның ішінде КT және MРТ қызметтерін қолданау 50% -дан жоғары деңгейге жеткен.
• Барлық облыстарда сауықтыру және медициналық оңалту қызметтерінің 89,6% -ға өсуі байқалады, оның ішінде неврология (инсульт) саласында көрсетілетін қызметтер көлемі 2,2 есе көбейген.
• Ал, стоматологиялық қызметте 66,6% -ға өсу тіркелді.
Ағымдағы жылдың 1 сәуіріне дейін елдің барлық тұрғындары шартты түрде сақтандырылған болып саналады және олар ТМККК және МӘМС пакеттері аясында медициналық қызметтерді тегін ала алады.
Осы кезеңде азаматтар өздерінің сақтандыру мәртебесін анықтап, міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне тіркелуі керек. Жеңілдік кезеңі аяқталғаннан кейін, сақтандырылмаған пациенттер денсаулық сақтау ұйымдарынан көмек алуды жалғастыра береді. Ол тек медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында ғана, қалған қызметтер ақылы болады. Сондықтан 31 наурызға дейін МӘМС жүйесіне тіркелу қажет.
Анар САБЫРОВА
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың: “Қазақ халқының тарихы, кейбіреулер айтып жүргендей, кешегі қазақ хандығы шаңырақ көтерген ХV ғасырдан басталмайды. Хандықтың құрылуы бір басқа, бүгінгі қазақ халқы – сонау есте жоқ ескі замандардан-ақ тұлпарларының тұяғымен дүниені дүр сілкіндірген көне сақтардың, ежелгі ғұндардың, байырғы түріктердің ұрпағы, үлкен үйдің қара шаңырағын ата жұртта сақтаған халық” – дегені тарихқа терең үңілуге үндейді.
Рас, бүгінгі қазақ мемлекеттілігінің территориясы Қазақ хандығының аумағынан тұратындықтан, біз үшін хандық кезеңдегі шекараны анықтау аса маңызды. Алайда, хандық дәуірдегі шекара белдеулері туралы қолымызда нақты карта сызбасы болмағандықтан, шекара сызығын тарихи деректер негізінде ғана болжауға болады. Әсіресе, Қытай, Ресей, Өзбекстанмен арадағы шекара сызығын анықтауда тарихи деректер басты өлшем бола алады.
Алашорда үкіметінің негізін қалаушы мемлекет қайраткері Райымжан Мәрсеков: «Халық болған соң, халықтың мекен қылып, жайлап жүретін жері, суы болады. Жері, суы бар болса, өзінің билігі, өз тізгіні өзінде болған, әмір иелері өзінде болған халық, сол мемлекет болып табылады» дейді.
Қазақ елі өз тәуелсіздік ғасырының бестен бірін толтырды. Бұл мерзім адам өмірімен есептегенде де, тарихи тұрғыдан алып қарағанда да көп уақыт емес. Бірақ осы бір қысқа мерзімге қарамастан тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы экономикалық-әлеуметтік және саяси қиыншылықтарды еңсере білген қазақ елі әлем мойындаған мемлекеттер қатарына қосылды. Еліміздің саяси өмірі жаңартылып, түбегейлі өзгерістер жасалды. Мемлекеттіліктің барлық институттары құрылып, экономикамыз нарықтық жолға түсті. Халықтың әл-ауқаты жаңа деңгейге көтерілді, әлеуметтік салада жаңа асулар бағындырылды. Мемлекеттік шекарамыз айқындалып, елдің тұтастығы, жердің бүтіндігі қамтамасыз етілді. Елбасының көрегендігі мен ерік-жігерінің нәтижесінде Қазақстан әлемде тұңғыш рет ядролық қарудан бас тартып, Семей сынақ полигонын жабуы бүкіл дүниежүзінің назарын өзіне еріксіз аударған болатын. Осы бір батыл қадамның нәтижесінде мемлекетіміздің тәуелсіздігінің қауіпсіздігіне әлемнің іргелі мемлекеттері кепілдік берді. Әлем елдерімен терезесі тең тәуелсіз мемлекет құрып, ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы ұлы арманы мен мақсаты орындалды.
Қазақ елі тәуелсіздігінің көк байрағын өз қолымен тұңғыш көтеріп, тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құрған – Елбасымыздың аз жылдың аясында туған елін әлемдік қауымдастыққа танытқандығына, өзгелермен бірге өз халқымыз да куә.
1991 жылы 1 желтоқсанда қазақстандықтар өздерінің Тұңғыш Президентін сайлап, сенім артты, ел тәуелсіздігін аманат етті, жауапкершілік жүгін арқалатты.
Ант беру рәсімінен кейін тебірене сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: – Бүгінгі күн – қазақ елінің шежіресіне мәңгі енетін күн. Тарихтың талай бұралаң белесінен өтіп, бұл күнге де жетіп отырмыз. Бәрін де көрген халықпыз, бәріне көнген халықпыз. Ежелден еркіндікті аңсап, азаттықты көксеп келе жатқан еліміздің басына талай рет бақ та орнап, бағы да тайып, сағы да сынған, қилы кезең, зар заманға да талай ұшыраған. Айқайлап жүріп, ашаршылыққа ұрынып, ұрандап жүріп ұлт мүддесін ұмытқанымыз да ақиқат. Шүкір, кештеу болса да ес жиып, еңсе көтеріп, егеменді елдің туын да тіге бастадық. Қазақ Республикасының Президентін бүкіл халық сайлағаны – осы жолдағы ең биік белестің бірі. Елдің қамын ойлайды, намысын жібермейді деп бір ауыздан сенім артқандарыңыз үшін шын жүректен алғысымды айтамын. Елім үшін, халқым үшін, Қазақстаным үшін тарихтың қай сынағына да тәуекел деп бас тігуге дайынмын. Бұл жолда ең алдымен дана халқыма, дарқан еліме, ата-бабамның аруағына сүйенемін,–деп тебірене ағынан жарылды.
Президентке бүкіл халық атынан өкілдік берілгеннен кейін 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды.Тарих бізге 1991 жылдың 16-желтоқсанынан бастап Тәуелсіз мемлекет құрудың сыбағасын ұсынды. Сөйтіп, еліміздің тар жол, тайғақ кешулі қасиетті сапары, азаттықтың арпалысқа толы ақ жолы бас-талып еді. Елбасы өзінің туған халқына деген сеніммен тәуекел деп тәуелсіз елдің іргетасын қалауды, оны нығайтуды қолға алған болатын.
Елбасы Назарбаев өзіне сенім артқан өз халқына ең бір қиын жылдардың өзінде орындалуы мүмкін болмайтын мәселеге байланысты ешқандай уәде бермеді. Халқының алдындағы беделі сонысымен де арта түсті. Егер уәде бере қалса, бәрін де орындады. Бойындағы туа біткен қасиеті және өмірлік тәжірибемен бекіген төзімшілдігі, сабырлығы, ұстамдылығы бар Тұңғыш Президентіміз бүкіл қазақстандықтарды өзінің айналасына топтастыра алатын саясаткер және дара тұлға екендігін танытты.
Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшылығына келген алғашқы сәттен бас-тап айрықша ерекшелігі бар өзгеше бір халықаралық және ұлтаралық мәселелер шиеленісінің шешуін асығыстыққа салмай, уақыттың талабына, қазақстандық жолдың ерекшелігіне үйлестіре, жан-жақты мүдделердің түйісу нүктесін таба біліп шешудегі даралығымен бірден әлем назарын аударды.
Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздіктің бетбұрысты кезеңдерінде Мемлекет басшысы ретінде әсіресе экономикалық және саяси дамудың үлгілерін талдау мәселесіндегі біліксіздікке қатаң қарсы тұра білді. Ешкімнің ойына келмеген және де бәріне бірдей жаға бермейтін, бірақ өміршең маңызы бар шешімдерді батыл қабылдап жатты. Елбасының өз кезінде: – Кейде адамдарды еркінен тыс қазір барғысы келмейтін, бірақ объективті түрде баруға тиіс жаққа жетелеуге тура келді, – деп айтқанын осы күндері еске ала отырып, яғни, билік үшін күрестегі батылдық пен билік басындағы батылдықтың екеуі екі басқа екендігін өз ісімен дәлелдей білгендігі еріксіз сүйсіндіреді.
Мемлекеттің, оның басшылығының қандай саясат жүргізуіне, қандай бағыт және жол таңдағанына сәйкес саяси құрылым, саяси жүйе, саяси билік түрі орнайды. Аталған саяси жүйе мен билік түрі және елдің саяси бағыты жаңадан тәуелсіздік алған елдердің таңдаған даму үрдісіне және сол елдің басшылығының жүргізген саясатына байланысты да қалыптасады. Сол сияқты тәуелсіздік алғанына жиырма бір жыл толған Қазақстанның да жаңа мемлекеттілікті қалыптастырудан бастап өзіндік мемлекеттік құрылыстағы, әлеуметтік-экономикалық дамудағы, елдің қоғамдық өмірінің кезең-кезеңімен демократияландыру бағытындағы қазақстандық жолы қалыптасты.
«Назарбаевтың нұсқасы» деп аталған бұл стратегия шетелдік саясаттанушылар мен қайраткерлердің оң бағасына ие болуымен қатар қазақстандықтардың да басым көпшілігінің қолдауына ие болды. Бұл қолдаудың дәйектілігі мен шынайылығы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың елдің Тұңғыш Президенті ретінде де, тәуелсіз елімізді өтпелі кезеңнің ауыр қиыншылығынан алып шығуда және оның бұл бағыттағы жүргізіп отырған саясатымен байланысты болған Парламент және Президент сайлауларында айқын жеңіске жетуінен де көрініс тауып келеді.
Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстанның өзіндік даму жолын таңдауы туралы бастамасы алғаш рет 1992 жылы мамыр айында «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясында» жария етілді.
Тәуелсіз еліміздің бағытын айқындауда, оқиғаны болжап білуде, түпкі мақсатқа қол жеткізуге сенімді болуға мүмкіндік беретін Қазақстан қоғамы дамуының айқын және нақты стратегиясының қажеттігін баса көрсеткен Елбасы Н.Назарбаев аталған еңбегінде мемлекет алдында қойылып отырған нақты стратегиялық мақсаттарды белгілеп берді. Мемлекет басшысы еліміздің саясат саласындағы басым бағыты жас егеменді мемлекеттің күшті президенттік республика құру бағытына тікелей байланысты болу қажеттілігіне назар аудартты.
Ел тәуелсіздігінің баянды болуы мен болашақтың кемелділігін қамтамасыз ету жолындағы Тұңғыш Президентке артылар жүк те ауыр болды. Артылған жүкті абыроймен көтеру, халық сенімін ақтау, тәуелсіздікті тұғырлы ету, әлемдік қауымдастыққа терезесі тең елдер қатарында болуды жүзеге асыру одан да қиынырақ істерді атқаруды, батыл шешімдер қабылдауды қажет етті. Осы аталған аса маңызды мақсат, міндеттерді шешу тұрғысында Елбасы Н. Назарбаев бірден-бір дұрыс қадам жасай алды. Бұл қадам – тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен қалана бастаған Қазақстанның өзіндік даму жолы еді.
Бұлжол тек экономикалық үлгіні таңдауға, жалпы конституциялық ережелерді қабылдауға, президенттік күшті билікті орнықтыруды ғана емес, сонымен бірге саяси режимді, инфрақұрылымдыжәне конфессионалдық қатынастарды қамтудың да саяси үлгісі болатын. Қазіргі уақытта бұл үлгі дүниежүзінде, беделді халықаралық ұйымдарда және республикамыздың өзінде де аса жоғары бағаланып отыр. Қазақстанда жиырма жылға таяу уақыт бойы этникалық және діни өзара түсіністіктің сақталуы көп жағдайда қазақстандық жолдың мәртебесін арттыра түседі. Бұл жолдың оңтайлы шешілуінің және тиімділігінің Қазақстан Президентінің атымен байланыстырылуы да қазақстандық қоғамның Ұлт Көшбасшысының төңірегіне одан әрі топта сатүсу қажеттілігін айқындайды.
Қазіргі тәуелсіз Қазақстанның даму тарихын бізге өткеннен іздеудің қажеті жоқ. Өйткені, біздің өзіміз тәуелсіз елімізбен бірге өмір сүріп келеміз. Тәуелсіздіктің қиыншылығын да, жемісі мен жеңісін де, тіпті әрбір қадамын өзіміз де бірге көріп, бірге ілгері жылжудамыз. Содан да болар елдің бүгінгі жетістігі мен табысы құдай берген несібе сияқты болып көрінуі де мүмкін. Бірақ, оның олай еместігін, тәуелсіз елдің бүгінгі әлем сүйсініп отырған жетістігін біз өзіміздің өткенімізбен жәнебүгінімізбен салыстыра отырып, тәуелсіздіктің жиырмабір жылдық жолын еңсеру бізге оңайға түспегендігін, мұның сарабдал жолында Елбасының даналығы мен көрегендігі жатқандығын айтқанымыз дұрыс.
Н.ШАҢБАЕВ,
тарих пәнінің мұғалімі
Бүгінде көпбалалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың және жетім балалардың жағдайы кімді болса да алаңдататыны ақиқат. Себебі олар – халықтың әлеуметтік жағынан алғанда әлжуаз тобына жатса, мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау ауадай қажет екендігі аян. Ал көрсетілетін көмектің маңыздысы жұмыспен қамту, соған сай білім беру, жалпы, нарықтық ортаға бейімдеу болса, арнайы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту орталығына хабарласқан едік.
Мемлекетіміздің бұл бағытта арнайы «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бар. Аталған бағдарлама әлжуаз топтың әлеуметтік мәселесін шешу мақсатында үш бағытты қамтыған. Алғашқысы, мектеп бітірген түлектерді еңбек нарығындағы сұранысқа сай мамандықтарға мемлекет есебінен оқыту. Бұған жетім және әлеуметтік жағынан аз қамтылған жанұяларда тәрбиеленіп жатқан мектеп түлектері және басқа санаттағы азаматтар да қатыса алады. Бұл бағытта биылғы жылы 150 азаматты оқыту жопсарланған. Сондай-ақ, ағымдағы жылы 250 азаматты қысқа мерзімді қайта даярлау курстарына жіберу жоспарлануда. Атап өтетіні, оқуға жолдама алған азаматтар шәкіртақы, ыстық тамақ, жатын орын және жол ақымен мемлекет есебінен толық қамтамасыз етіледі.
Былтырғы жылы 4783 адамды жұмыспен қамту жоспарланса, 2020 жылдың 1 қаңтарына 6093 адам аталған бағдарламаның қызығын көрген.
Бағдарламаның екінші бағыты – «Бастау бизнес» яғни кәсіпкерлікті дамыту жобасы бойынша азаматтарды оқыту жұмыспен қамту орталығының жоспары бойынша наурыз айына белгіленген. Бағдарлама қатысушылары өз бизнес идеяларын іске асыру мақсатында мемлекет тарапынан грант ала алады. Биылғы жылы осындай қаржылай қолдауды 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 80 азаматқа беру беру белгіленсе, тағы да 18 азаматқа 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде грант беру жопсарлануда.
Былтырғы жылы «Бастау бизнес» жобасы аясында 313 аудан тұрғыны кәсіпкерлік негіздерін игеріп, 220 азамат 851 475 000 теңге көлемінде шағын несие алған. Сондай-ақ, жаңа бизнес идеяларын іске асыру мақсатында 70 азамат 17 500 000 теңге көлемінде гранттар алған. Сонымен қатар, әлеуметтік жағынан аз қамтылған жанұя азаматтарын және көпбалалы аналарды кәсіпті жүргізу негіздеріне оқытып, бастамасын қолдау мақсатында 27 азаматқа 13 635 000 теңге көлемінде гранттар берілген.
Былтырғы «Жастар жылы» аясында 29 жасқа дейінгі азаматтардың кәсіп ашып, оны жүргізуі үшін 68 азаматқа 34 340 000 теңге көлемінде гранттар берілген.
Бағдарламаның үшінші бағыты – жастар практикасы және азаматтарды қоғамдық жұмысқа тарту. Жұмсыпен қамту орталығының жоспарына сәйкес биылғы жылы 80 түлекке алғашқы жұмыс тәжірибесін беру мақсатында жолдама беру жоспарлануда. Сондай-ақ, тәжірибесін аяқтаған азаматтарды келісім-шарттың талаптарына сәйкес, сол мекемеге тұрақты жұмысқа орналастыру көзделуде.
Сонымен қатар еңбек нарығын дамыту, жұмыссыз азаматтарды қоғамдық жұмысқа тарту мақсатында 122 азаматқа жолдама беру жоспарланса, бүгінгі күнге 66 азамат қоғамдық жұмысқа тартылған. Жыл соңына дейін аталған азаматтардың барлығын тұрақты жұмыспен қамту жоспарланып отыр.
Былтырғы жылы Жастар жылы аясында оқу бітірген түлектерді жұмыспен қамту мақсатында 182 азамат алғашқы еңбек тәжірибесін алу мақсатында жолдама алған. Тәжірибені аяқтаған 137 жас келісім-шарттың талаптарына сәйкес тұрақты жұмысқа тұрғызылған. Сондай-ақ, әлеуметтік жұмыс орындарына жолдама алған 102 азамат та тұрақты жұмыспен қамтылған.
Сонымен қатар, ақылы қоғамдық жұмысқа 731 азамат тартылып, 599 азамат тұрақты жұмыспен қамтылған.
Мүмкіндігі шектеулі жандар да бағдарлама назарынан тыс қалмаған. Яғни, ауданымыздың 127 азаматы ақылы қоғамдық жұмыс орындарында және әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтылса, өз кәсібін дөңгелету мақсатында олар да гранттар мен шағын несиелер алған.
Сондай-ақ, 2019 жылы құрамында 51380 адам бар 9980 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалса, оның ішіндегі 4806 отбасы көпбалалы төрт және одан жоғары балалары бар. Оларға бюджеттен 5725,8 млн теңге көлемінде қаржы төленген.
2020 жылдың 1 қаңтарынан атаулы әлеуметтік көмек берудің жаңа тәсілдері бойынша құрамында 232 адам бар 58 отбасынан өтініш қабылданған. Бүгінгі таңда, өтініштер учаскелік комиссиялар қарауында.
Әлеуметтік жағынан алғанда әлжуаз топтардың мәселесі аталған бағдарлама аясында шешімін таппақ. Сондай-ақ, дәулетіңді тасыту үшін міндетті түрде экономист, юрист болудың қажеті де жоқ. Елге дәнекерлеуші, ағаш ұстасы, электрик сынды мамандықтар жетіспейді. Осы олықылықтарды реттеу үшін қабылданған бағдарламаның шапағаты тиіп, жұмыссыздық түбегейлі жойылса деген тілегіміз де жоқ емес.
Әділет САРЫБАЙ
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақалаларының аясында ұлттық сананы жаңғырту және бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыру мақсатында жақында Түрген ауылындағы Д.А.Қонаев атындағы орта мектепте «Абайтану» оқулығының авторы, филология ғылымының докторы, профессор Руда Зайкенқызымен кездесу өтті.
Әдеби-музыкалық кеш сахнасы қойылыммен ашылды. Ұлы ақынға арнап оқушылар өлеңдерін оқыды. Ақынның әндерін сүйсіне орындап жүрген «Асыл аналар» тобы «Көзімнің қарасы» әнін әуелетті. Оқушылар ақынның қара сөздерін мәнерлеп оқып, көрерменге рухани азық сыйлады. «Абайтану» оқулығымен таныстыру үшін А.Н.Бекболатова сөз алып, оқушыларға блиц-сұрақтар қойды. Сонымен қатар «Арман-ПВ» баспасының оқулықтар әлемі кітап көрмесімен таныстырып өтті. Ақынның ғылыми-философиялық ойы турасында түсінік қалыптастыру мақсатында 11 «А» сыныбымен Абайдың «Толық адам» философиясы тақырыбында сабақ өткізілді.
Кеш соңында «Абайтану» оқулығының авторы, филология ғылымының докторы, профессор Руда Зайкенқызымен сыр-сұхбат жүргізілді. Руда Зайкенқызы Абай мұрасы – біздің ұлт болып бірлесуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық екенін айтты.
М.Арипбаева,
Д.А.Қонаев атындағы орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Облыс аумағында коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуының алдын алу мақсатында ведомствоаралық комиссия құрылды. Бұл туралы «Jetisy` media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында белгілі болды.
Жер жаһанды жайлаған індетке дүниежүзі бойынша 92 мың адам шалдыққан, оның 3200-і көз жұмған. Аталған ауыру анықталған мемлекеттердің қатарын күндігіне 5-6 ел толықтырып отыр.
Соңғы екі айдың ішінде Алматы облысына шет елден 2970 адам келген. Оның 240-ы Қытай мемлекетінен оралса, қалғандары - басқа да елден келіп тұрақтағандар.
Алматы облысы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Қайрат Қажыманұлының айтуынша, Қытай Халық Республикасынан елімізге ат басын бұрған барша азаматтарды карантинге жабуға міндетті. Бүгінгі таңда Қытай елінен облысымызға тұрақтаған 73 адамды арнайы ауруханаға жатқызса, өзге келушілерде ауру симптомы анықталмағандықтан медициниа қызметкерлерінің бақылауымен үйлеріне жіберілген.
Әлемде жүріп жатқан індетке байланысты облыста "коронавирустық инфекцияның алдын алу, таралуына жол бермеу және эпидемияға қарсы іс-қимыл жөніндегі жедел жоспар"әзірленген.
Коронавирустық инфекция немесе коронавирустық инфекцияға күдік анықталған кезде хабарлау схемасы жаңартылған. Ведомствоаралық комиссия мүшелері 4 штаб отырысын өткізген.
Барлық санитарлық-карантиндік пункттер санэпидқызмет, обаға қарсы күрес станциясы қызметкерлерімен және 15 адамнан тұратын медицина қызметкерлерімен күшейтіліп, облыс бойынша 450 медицина қызметкері арасында коронавирустың алдын алу бойынша 21 оқу-жаттығу өткізілді.
«Медициналық ұйымдар қажетті дәрі-дәрмектермен және вирустық инфекцияға қарсы қорғану құралдарымен қамтамасыз етілген, дене қызуы көтерілген науқастар үшін арнайы сүзгілер жұмыс істейді. Бұдан басқа, қорғаныш құралдарын және вирусқа қарсы препараттарды (костюмдер, маскалар, науқастарды тасымалдауға арналған капсулалар) сатып алуға 52,6 млн.теңге (РБ) бөлінді»,- деп мәлімдеді Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бауыржан Ербозымұлы.
Бүгінгі күні 28,0 млн.теңгеге жеке қорғаныс құралдары сатып алынған. Олар - 250,0 мың бірлік- маска, 150,0 мың бірлік - қолғап және дәрі-дәрмектің 17 түрі.
ҚР Бас санитарлық дәрігерінің 20.02.2020 ж. № 9-ПГВр қаулысына сәйкес 20.02.2020 ж. шекарадан өткен азаматтар: 1 А санаты (ҚХР), 1 Б (Гонконг, Макао, Тайвань, Оңтүстік Корея, Жапония, Италия), 2 санат (Сингапур, Тайланд, Азербайжан), 3 санат (Германия, АҚШ, БАӘ, Ұлыбритания, Франция, Бахрейн, Кувейт, Испания, Малазия) үш санатқа бөлінеді.
2 және 3 санаттағы елдерден келген азаматтар үй карантинінде болады және күн сайын үйде тексеру жүргізіліп, қоңырау шалып, жағдайлары бақылауда болады.
Коронавирустан сақтану жолдары:
-қолды сабынды сумен жуу керек, көпшілік орындарда қол жууға мүмкіндік болмаса, спирттік негіздегі қалталы дезинфекциялық заттарды немесе ылғалды беторамалды (влажные салфетки) пайдаланыңыз;
көз, мұрын, бетіңізге қолыңызды барынша тигізбеуге тырысыңыз;
аурудың белгілері бар адамдармен қарым-қатынас жасамаңыз;
үй-жайда жиі ылғалды тазалау жұмыстарын жасаңыз;
бөлменің ауасын жиі желдетіп тұрыңыз;
адамдар көп жиналатын орындарға баруды доғарыңыз;
аса қажеттілік болмаса, Қытайға және басқа да елдерге сапарды эпидемиялық жағдай жақсарғанға дейін кейінге қалдырыңыз;
«жөтелу этикетін» сақтаңыз - жөтелгенде және түшкіргенде мұрын мен ауызды беторамал немесе майлықпен жабу абзал.
Айта кетерлігі, сала мамандары коронавирус инфекциясы тек тірі ағзалар арқылы ғана таралатынын алға тартып отыр. Яғни, ел арасында тағамдардан, шекара асып келетін түрлі жеміс-жидектерден жұғады деп желдей есіп жүрген ақпараттың тек қауесет сөз екенін айтты.
Анар САБЫРОВА
Өткенге үңілмей болашақты бағдарлау мүмкін емес. Алайда, тіршілікке өзек байлап, күні-түні еңбек еткен адамда кемшілік те болары айқын. Мұндайда қазақ: «Сын түзелмей, мін түзелмейді» деген. Кезекті VI-шақырылған аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының біріккен отырысында да бірқатар мәселелер талқыға түсті. Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында өткен жиын күн тәртібінде екі мәселе: Еңбекшіқазақ ауданында мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру және ішкі саясат бөлімінің негізгі бағыттары бойынша 2019 жылы атқарған жұмыстарының барысы және 2019 жылы атқарылған жұмыстарының қорытындысы және туындап отырған түйінді мәселелерді шешу және тұрақты комиссияның қаулыларын орындау үшін аудандық сәулет және қалақұрылысы бөлімі тарапынан қабылданған шаралары мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары қаралды.
Алғашқы мәселе бойынша аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Момунжан Исламов кеңейтілген баяндама оқыды. Бөлім тарапынан атқарылған істерді таразылаған Момунжан Акваржанұлы: – Қазір ауданымызда мемлекеттік ақпараттық саясатты қолдауға бөлінген қаржы тұрғындар саны мен ауқымы жағынан ең төмен аудандардан да төмен болып отыр. Бұл өз кезегінде жергілікті ақпарат құралдарын жан-жақты қолдауға кедергі келтіруде. Осыған орай қолдау көрсетулеріңізді сұраймын, – деді.
Өз кезегінде халық қалаулылары ауданымыздағы ұлтаралық татулықты, дінаралық тұрақтылықты қамтамасыз етуде кетіп жатқан бірқатар кемшіліктерді ашық айтты.
Екінші мәселе бойынша мінберге көтерілген аудандық сәулет және қалақұрылысы бөлімінің басшысы Семейқазы Молдақасымов депутаттардың рейд барысында анықтаған мәселелерінің түйіні тарқатылғанын жеткізді:
– Қазір Есік қаласындағы көлік кептелістерін азайту мақсатында өздеріңіз рейд барысында белгілеген Тіккелдиев көшесі ашылды. Алдағы уақытта бұл жұмыс жүйеленеді. Екіншіден, Жамбыл атындағы орталық жастар саябағының аумағындағы салынған кафе де сот шешімімен сүрілетін болды. Бұл бағытта жұмысымыз дәстүрлі жалғасады. Қазір заңсыз салынған мұндай сүрілуі тиіс бірнеше нысандар бар,– деді.
Өз кезегінде мәслихат хатшысы Бекет Ахметов аудан орталығы саналатын Есік қаласының көркін ашу мақсатында жұмысты күшейту керектігін атады: – Есік – тек «Алтын адамның отаны» емес, аудан орталығы. Сондықтан мұндай статусқа сай болу үшін жарқыраған шамдары, көркі көз сүріндірерлік архитектуралық нысандар бой көтеруі тиіс. Әрі қала орталығынан сарқырай аққан өзенімізге де өң бере алмай отырмыз. Айналамыздың бәрі жыпырлаған заңсыз сауда орталықтары, жөнді-жөнсіз салынған нысандар. Есік қаласын дамытудың архитектуралық жобасын депутаттар көргісі келеді. Келесі есебіңізде осы ұсынысымыз бойынша нақты жоспармен келіңіз, – деді.
Комиссия отырысы VI-шақырылған Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың кезекті 59 сессиясымен жалғасты.
Қайнар ЖҰМАҒОЖА,
аудандық мәслихат депутаты
Елбасы Н.Ә.Назарбаев еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы жылдарынан бастап, этносаралық татулық пен келісімді сақтауға, дамытуға, олардың қауіпсіздігі мен бейбіт тұрмысын қорғауға бар күш-жігерін салды.
Мемлекеттегі бейбітшілік және келісім, оның қауіпсіздігі және тұрақтылығы этносаралық қарым-қатынастың орнықтылығына, төзімділікке және оң бағытталғандығына көбіне көп байланысты. Жастарда патриотизмді, азаматтықты, дінге төзімділікті және халықтар достастығы сезімін қалыптастыруда көп ұлтты мемлекет шеңберінде дамып жатқан ұлттық қатынастар мәнді әсер етеді.
Этносаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудағы теориялық негізінің және тұжырымдамалық алғы шартының айқындаушы компоненттерінің бірі – санына қарамай, әрбір этнос бүкіл адамзат үшін орасан құндылық, оның баға жетпейтін игілігі және бірегей бөлігі деген қағида болады.
Қазақстан Республикасы бабалардан қалған және жалпыадамзаттық дәстүрлерді сақтай отырып, тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді сақтауға мүмкіндік беретін өз дамуының сарабдал саясатын таңдады.
Ел ішіндегі татулық пен ұлттар арасындағы достықты насихаттау, оны халыққа түсіндіру, соның негізінде қоғамдық пікірді қалыптастыру Қазақстан дамуының негізгі кепілі бола алады.
Қазақстанда жалпы мемлекеттік және ұлттық мүдделердің бірлігі, ұлтаралық қатынастың үйлесімді сабақтасуы айрықша мәнге ие болып отыр. Бірақ бұл Қазақстанда ұлттық қарым-қатынас мәселелері түбегейлі шешілді деген сөз емес. Қазіргі уақыттағы ең басты мәселе азаматтық татулық пен ұлтаралық келісім, халықтар достығы, ынтымақтастық пен бауырластық мәселелерін нығайту экономикада орын алып жатқан дағдарысты жою, әлеуметтік шындық, сөз бен істің үйлесімділігі сияқты принциптерді жүзеге асыру жолдарын іздестіру. Ұлттық мақтаныш пен ұлтжандылықтың мағынасын дұрыс бағалау – өзара түсіністік пен халықтар бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосады.
Қазақстанның даму, өсу, өркендеу жолындағы басым бағыттарының бірі — ұлттық келісім, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің жоғары деңгейі екені даусыз.
Қазіргі және келешек ұрпақтың басты міндеті – бір-біріне деген ықыласты қатынастар, төзімділік және көпұлттылық кемшілік емес, керісінше, мемлекеттің артықшылығы болып табылатын Қазақстан территориясында өмір сүріп жатқан әрбір халықтың тілі мен мәдениет құрметтеу арқылы осы бейбітшілікті аялау және сақтап қалу болып табылады.
Анар САБЫРОВА
Жақында Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің мәжіліс залын-да Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы аясында театр сахнасында ұлы ақынның рөлін ерекше сомдап жүрген Қазақстанның еңбек сіңірген қоғам қайраткері, «Құрмет орденінің», «Құлагер» сыйлығының иегері, театр және кино актеры Болат Әбділмановпен кездесу өтті. Шараға колледж ұжымы, студенттері мен мектеп оқушылары қатысты.
Кездесудың шымылдығы оркестрдің сүйемелдеуімен колледж хорының орындауындағы хакімнің әнімен түрілді. Еркебұлан Уразаев, Дина Оразғалиқызы Абайдың әндерін әуелетіп, жас ақындар арнауларын оқыды.
«Сыр-сұхбат» бөлімінде кеш қонағына түрлі сұрақтар қойылды.
Өзінің өмір жолынан сыр шерткен Болат Мәзімбайұлы актерлық өзінің ата-анасынан дарығандығын айтты:
– Менің анам Алтын Ружова – халық әртісі. Әкем Оразғали Әбділманов – ол да еңбек сіңірген әртіс. Үлкен сахнада Кебек, Сырым Датұлы, Балуан Шолақ, Қабанбай сынды ұлы тұлғалардың рөлін сомдаған. Мен осы кісілердің отбасында дүниеге келгеніммен, әкемнің перзент сүймеген ең үлкен ағасы Мәзімбайдың қолында тәрбиелендім. 18 жасқа дейін өзімнің шын әке-шешемді білген жоқпын – деген Болат Әбділманов тағы бір қызықты ақпаратымен бөлісті. Айтуынша, қазан айында туылғандықтан атын «Октябрь» деп қойған. Кейіннен, әжесі бұл есімге қарсы болып, атын «Болат» деп өзгертіп алған.
Ең алғашқы Абайды 30 жасында «Қалың елім қазағым» спектаклінде ойнаған Болат Мәзімбайұлы осы сомдаған рөлін Абай өміріне енуге жасалған алғашқы баспалдақ екендігін жеткізді.
– Орыстың ұлы сыншылары «Отеллу без голоса играть нельзя» – дейді. Сол секілді, Абайды ойнайтын актердің де даусы кәсіби тілмен айтқанда баритон болу керек. Кең тынысыты, эпикалық үнді, зор дауысты адам болуы керек. Мыңмен жалғыз алысқан Абай қарапайым тұлға емес – дегенді алға тартқан Болат Әбділманов қазақ халқы өзін өзге рөлмен емес Абаймен танығанына қатты қуанатындығын атып қалды.
– Жасыратыны жоқ, өмір болған соң, өнер болған соң түрлі рөлдерді сомдайсың, жағымсыз кейіпке енесің. Кейде жеккөрінішті тұлғаның рөлін алып шығасың. Бірақ елім мені осы рөлдермен емес, Абай рөлін сомдаған Болат ретінде танып, үлкен құрмет көрсетіп жатады. Бұл мен үшін абырой, үлкен мақтаныш – дейді.
Кездесу барысында «бүгінгі күннің Абайына» түрлі сұрақтар қойылып, жастар алғыс-тілектерін жеткізді. Шара соңында Болат Мәзімбайұлы Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін оқып, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Қорытынды сөзінде колледж директоры Алмас Жылқыбаев актерға ризашылығын білдіріп, ауданымыздың символына айналған «Алтын адам» мүсінін сыйға тартты.
С.НҰРАДИН
Қазақ – ат қоюға шебер халық. Әрине, атау беріп, ат қою былай қарағанда қарапайым көрінгенімен, тереңдей түссеңіз ,оның тым күрделі екенін байқайсыз. Өйткені әрбір берілген атаудың өзіндік ерекшелігі болады. Көбінесе басқа халықтардың тілінде кездесетін атауларда оның сыртқы пішініне көп мән беріледі. Мұндай олқылық тіптен ғылыми терминдерге де қатысты. Ал біздің бабаларымыз атау бергенде оның сыртқы тұрпатына емес, оның ішкі мазмұнына мән береді. Сондықтан берілген атау терең мағынаға ие болып, халықтың философиялық танымы мен өмір тәжірибесінен хабар беріп тұрады. Осыған байланысты халқымыздың «құрттың атын жаңылып малта қойыпты» деген мақалы бар. Яғни, орнымен айтылмаған немесе жөнімен қолданылмаған нәрсеге қарата айтылатын сөз. Ал шын мәнінде малта дегеніміз судың түбінде жататын, сықпа құртқа ұқсап кететін, түсі ақ, өте жеңіл тастың атауы. Кезінде құртты суға езіп көжеге қататын немесе сусын ретінде пайдаланатын болған. Суға езіліп кішірейіп кеткен құрттар осы малта тастан аумай қалатын. Сондықтан екеуінің сыртқы ұқсастықтарына қарап кішкентай езілген құрттарды малта құрт деп атаған. Сырттай қарағанда құртқа малта атауын беруде ешқандай сөкеттік жоқ сияқты көрінеді. Бірақ бабаларымыз осы бір сырттай салыстыруға көңілдері көншімегені анық. Демек атау беру қазақтар үшін өте маңызды процесс болғаны анық.
Мәселен ас қорытуға арналған аса қажетті ферментті бөлетін безді ғылымда «Pancreas» деп атайды. Бұл тасбақаның жотасындағы тасы немесе сауыты дегенді білдіреді. Яғни бұл термин де без бен тасбақа сауытының сыртқы ұқсастығына қарап берілген атау. Ал орыстар «поджелудочная железа» деп атаған. Мұнда да асқазанның астында орналасуына қарап атағандығы анық. Екеуінің де көзбен көргендеріне бола атай салғандары күмән тудырмайды. Ал қазақтар болса мұны «ұйқы безі» деп атағанды жөн көрген. Себебі бұл бездің жұмысы тоқтаған жағдайда адам ауыр ұйқыға кетеді. Яғни, комаға түседі. Демек, ұйқы бұл бездің атқарар қызметімен байланысты. Тағы бір тілімізде кездесетін атаулардың бірсыпырасы отпен байланысты. Иә, от өмірдің өзегі екені шындық. От – жылу мен жарықтың бастамасы, энергияның көзі. Адамзат қоғамының дамуы мен гүлденуі де осы отпен тығыз байланысты. Сондықтан ежелгі халықтар оны тәңірінің бір сипаты ретінде көріп, оны қасиетті культ ретінде білген. Алғаш болып мифтік түсініктен бас тартып, нақты ғылымдарға жол бастаған ежелгі грек философтары да әлемнің негізін от, су, ауа, жер деп қараса, қытайлар бұл элементтердің қатарына металды қосады. Демек ежелгі философияның негізін қалаған мектептердің бәрінде от ең басты элемент. Ал бабаларымыз отты қасиетті деп қарағанын жақсы білеміз. Жаңа түскен келінге отқа май құйдыру, ауырған малды оттың арасынан айдап өту, отты сабамау т.б. секілді дәстүрлеріміз осының айғағы. Тіптен оттың өзін ғана емес, оның қалдығы күлді де кез-келген жерге төкпеген, күл төккен жерді баспаған. Бұрынғы сақтар мен ғұндар, үйсіндер мен қаңлылар да, одан бері түріктер үшін ошақтың маңызы ерекше. Ол үйдің ортасында орналасып, оған аса мән берілген. Сондықтан бүгінгі жанұяны бейнелейтін «от басы, ошақ қасы» тіркесі де тегіннен-тегін айтылмаса керек. Отау, отбасы, отан түсінігі де осы отпен тығыз байланысты. Ошақты айнала отырып, оттың басында өз жанұясымен отырған адамнан бақытты жан барма екен, сірә?! Отбасы да от секілді адамның жанын жылуға бөлеп, болашағына жарық түсіретін мейірім мен махаббатқа толы қасиетті орта. Ал Отанның отбасынан басталатынын ескерсек барлығы түсінікті болып шыға келеді. Барлығымыз осы ұлы отанның құшағында түтін түтетіп, өсіп-өнеміз.
Осындайда Отан ұғымының ішкі мәніне үңілсеңіз тағы бір қызыққа тап боласыз. Орыстың «родина» атауы туып өскен мекен, туған жер деген мағынаны беретінін жақсы білеміз. Демек, бұдан қай жерде туып-өссе сол жер отаны деген ұғым туады. Ендеше атақты дін ғұламасы, алғашқы болып Құран Кәрімнің аудармасын жасаған Халифа Алтай ақсақалдың оқиғасын қалай түсіндіреміз? Оның туған жері де, өскен ортасы да түрік елі. Яғни, оның отаны да сол жер болуы керек. Бірақ қазақ елі тәуелсіздігін алысымен-ақ Қазақстанды Отаным деп осында қоныс аударғанын, ұшақтан түсе салып жерін сүйгенін неге жоримыз?! Онда ол өз туған жерін тәрк етіп, басқа елді таңдағаны сатқындық болып шықпай ма?! Мұстафа Өзтүрік, Қабдеш Жұмәділовтардың да осы қатарда болғаны ма?! Осыған негізделгенде Отан дегеніміз тағдырыңды сол жермен байланыстыруға негіз болған, оның атын естігенде жүрегің жалынға оранатын, сен үшін оттан да ыстық мекен. Ал олар үшін ондай жер туып-өскен жері емес, алыстағы қазақ елі болғаны ақиқат. Сол себепті Отан ұғымы мен туған жер ұғымының арасындағы айырмашылықты дәл тапқан бабаларымыздың теңдессіз тапқырлығына таң қаласың.
Нұрсерік ТІЛЕУҚАБЫЛ