2019 жылы 2018 жылмен салыстырғанда тұрғы үй құрылысы 25 % артқан. Жалпы алғанда 894 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілген. «Нұрлы жер», «Бақытты отбасы», «7-20-25» бағдарламаларының аясында облыс көлемінде 2 443 отбасы баспаналы болды, оның ішінде 1 779 көп балалы отбасы қоныс тойын тойлады. Халықты баспанамен қамтамасыз етуде кәсіпкерлердің көмегі өлшеусіз. Олар былтырғы жылы қолдауға мұқтаж жандарға 170 пәтер алып берген.
Ал, өткен аптада атымтай жомарат азаматтар Қапшағай қаласынан 30 пәтер алуға мүмкіндік беретін арнайы сертификаттарды табыстап, көптің қошаметіне бөленді. Бірақта, үй кезегінде тұрғандардың саны мұнымен азаймасы анық. Бүгінде 50,7 мың адам, оның ішінде 20- сы әлеуметтік осал топ өкілдері, 5527-сі көп балалы отбасы баспана кезегінде тұр деп айтты өңір басшысы өз баяндамасында. Сондықтан да биыл тұрғын үй және инженерлік инфрақұрылым құрылысына қажетті қаражат мөлшері 1,6 есеге артып, 32,6 млрд. теңгені құрады.
Барлығы 939 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда, оның ішінде 147,7 мың шаршы метрі"Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша бой көтереді.
«Біз барлық бағыттар бойынша 3600 отбасын, оның ішінде 2400 әлеуметтік жағынан осал және көп балалы отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету міндетін қойып отырмыз. Сонымен қатар, Қарасай, Іле, Талғар аудандарында және Қапшағай қаласында жеке құрылыс салушылар есебінен 1300 пәтерлік жеті тұрғын үй кешені салынатын болады. Алдағы уақытта жыл сайын кемінде бір млн.шаршы метр тұрғын үй құрлысын жүргізетін боламыз»,- деп жағымды жаңалықпен бөлісті облыс әкімі.
Қала халқының саны күннен-күнге артуда. Бүгінгі таңда қалада 180 мың адам өмір сүреді. Осыған байланысты үйге мұқтаждардың саны арта түспек. Соған орай 8-ші шағын ауданында782 пәтерлік 24 көп қабатты үйдің құрылысы басталады. Оның 7-і биылғылы жылы қолданысқа беріледі деп жоспарлануда. Сондай-ақ инвесторлар есебінен 726 пәтерлік 22 көпқабатты тұрғын ұй шығыс шағын ауданында бой көтереді.
2019 жылы коттедж қалашығында 155 үй тұрғызылып, бірінші кезекте көп балалы отбасыларға үйдің кілті басыталған болатын. Биыл 403 коттедж үйлер өз иелерін таппақ.
Анар САБЫРОВА
В целях развития внутреннего туризма в 2020 году планируется начать реконструкцию взлетно-посадочных полос аэропорта в городе Ушарал Алматинской области. Об этом сообщил аким Алматинской области Амандык Баталов на отчетной встрече с населением, которое состоялось в Талдыкоргане в драмтеатре имени Б. Римовой, - передает Jetisy` Media со ссылкой на Kazakhstan today
В этом году начнется реконструкция аэропорта г.Ушарал, что позволит принимать большие самолеты.
Глава региона отметил, что в целом развитие туризма идет хорошими темпами.
«В прошлом году количество туристов увеличилось на 19% и превысило 2,3 млн. человек. А объем оказанных услуг вырос в 1,2 раза и достиг 16 млрд. тенге», - сказал Амандык Баталов.
Продолжается работа по реализации плана развития побережья озера Алаколь. В прошлом году на озере введено в эксплуатацию 35 объектов туризма на сумму 2 ,6 млрд. тенге, создано 187 новых рабочих мест.
Большое внимание уделяется строительству транспортной инфраструктуры, ведущих к туристским объектам. Так, был сделан капитальный ремонт автодороги «Кокпек- Кеген- Тюп- Жаланаш- Саты- Курметты- подъезд к озеру Кольсай», «Алматы - Нарынкол» до каньона «Чарын».
Айгерим Сарымсакова
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Алматыда өткен азаматтық қоғаммен кездесуде «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» заңы туралы айтты.
«Мен бірінші кезекте бұл жерге сіздерді тыңдау үшін келдім. Сосын сұрақтарыңызға жауап беріп, пікірлеріңізді тыңдағым келді. Екі сөзбен айтқанда, 1995 жылы қабылданған заңға өзгеріс енгізсек пе деп ойладық. Бірақ талқылау мен талдау кезінде өзгеріс енгізгенше жаңа заң қабылдаған дұрыс екендігі анықталды. Нақты өзгеріс енгізу мүмкін болмай шықты. Жаңа концептуалды заң қабылдау керек», - деді Дәурен Абаев «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» заңын талқылау кезінде.
Министр жаңа заңның күшті тұстарын да тілге тиек етті.
Оның айтуынша, жаңа заңда ұйымдастырушылардың, журналистер мен қатысушылардың құқығы мен міндеттерінің мәртебесі айқындалған, мемлекеттік органдардың уәкілеттілігі бекітілген, митинг өтетін арнайы орындар белгіленген. Митинг өткізу тәртібін хабарландыру ережесі енгізілген. Өтініштерді қарау тетігі нақтыланған.
«Біздің айтпақ болған барлық новелламыз жайлы сіздер білесіздер. Осы арада отырған әріптестеріміздің көпшілігі бұл заңның өте салмақты екендігімен келіседі. Бейбіт жиналыстар туралы жаңа өзгерістер енгізіледі», - деді министр.
Жақында аудан жастары арасында «Көңілді тапқырлар алаңы» ойынын дамыту, талантты жастарды ел ішінен екшеп халықпен қауыштыру мақсатында Есік қаласындағы Т.Молдағалиев атындағы аудандық мәдениет үйінде көңілді тапқырлар алаңының маусымашар ойыны өтті.
Оған Есік қаласы және Қазақстан, Асы, Масақ, Қаракемер, Рахат, Көтөбе ауылдық округтерінен барлығы 15 құрама қатысты. Аталмыш ойынға халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты, әнші Нұртас Қайратұлы, аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі, «Жас Отан» ЖҚ аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Айбек Ілебаев және ауданымыздың Көңілді тапқырлар алаңы ойындарының президенті Бақытжан Қаби төрелік етті. Тартысты да қызықты өткен ойын тек бір ғана бөлімнен, яғни 7 минуттық фристайл «Сәлемдесумен» өткізілді. Нәтижесінде алдағы сәуір айында өтетін ойынның 1/2 кезеңіне 10 құрама жолдама алды. Төрешілер ойын соңында келесі ойынға өтпеген топтарды алғыс хаттармен марапаттап, сәттілік тіледі.
Арайлым БАҚБЕРГЕНҚЫЗЫ,
аудандық жастар ресурстық орталығының маманы
Жақында Қаракемер ауылдық мәдениет үйінде Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Қара өлеңнің Хантәңірі» атты байқау өтті.
Байқауға Қаракемер, Талдыбұлақ, Түрген ауылдық округтерінен сексенге жуық өнерпаз жастар қатысты. Олар ақиық ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқудан өзара сайысқа түсті. Жатқа әрі мәнерлеп, ақын жанының қалтарыс-бұлтарыстарын ақтара келіп, өлеңі арқылы сол бұлқан-талқан қуатты халыққа жеткізе білу өнердің төресі болса керек. «Сәби болғым келеді, сәби болғым, мына өмірден хабарсыз жаңа туған» – деп, ақын өмірдің қиын-қыстау сәттерінде күйзелген болса, бұл өлеңді оқыған жас та дәл сондай күй кешуі қажет. Құры сөз бен өлең дейтін әлемнің айырмашылығы міне, сонда. Зыр еткізіп, тісі тісіне жұқпай ағызып өте шығатын жандар қара өлеңнің өлкесінен аулақ жүрсін. Мұнда:
«Ойпырмай көктем, көктем,
Дүние-оу сен осындай көкпенбек пе ең...
Қымырандай ашимын қырға шығып,
Өзегімде жылайды өткен-кеткен» – деп, шынайы күйініп, шынайы қуанатын ақ жүрек адамдар ғана керек. Әділдік жолында бәйгеге басын тігіп, тайсалмай қарсы жүретін қаһармандар керек. Байқау осыны ұқтырғандай. Мұқағалидай ғажап ақынның өлеңдері де осы құдіретті құндылықтар үшін күресу қажеттігін меңзегендей. Жастар жарыса өлең оқыды. Нәтижесінде, бас жүлде Қ.Орынбетов атындағы орта мектеп оқушысы Санжар Амангелдіге берілді. 1-орынды Талдыбұлақ орта мектебінен Мақпал Тұрған, Қ.Орынбетов атындағы орта мектеп оқушысы Айгерім Тәңірбергенова өзара бөлісіп алса, 2-орынды Талдыбұлақ орта мектебінің оқушылары Инабат Шаяхмет, Наргиз Камалова, Қ.Орынбетов атындағы орта мектеп оқушысы Олжас Шамейхан бөлісті. 3-орынға Қ.Орынбетов атындағы орта мектеп оқушылары - Рамазан Кәкім, Жансая Қылышова, Фатима Қаржау ие болып, әділ қазылар алқасы тарапынан бағалы сыйлықтар мен мақтау қағаздарын алды.
Әділет САРЫБАЙ
Сұлулығымен тамсандырған, ақындардың жырына арқау болып, талайларға ән салдырған киелі Жетісуды сөзбен суреттеп жеткізу мүмкін емес. Табиғаттың барлық сұлулығын өз бойына жинап алған Жетісудың өзен-көлдері, тау-тастары мен жазық даласы сан мыңдаған тарихтан сыр шертеді.Облыста 7 ірі өзеннен бөлек, ыстық шөлдалалар, мыңдаған шағын және үлкен сарқырамалар, көлдер мен өзендерді, ормандар мен Алатаудың қарлы шыңдарын кездестіруге болады.Жетісу өңірі Сиверс алмасының отаны болып есептелінеді.Бұл өлкенің көркем табиғаты туристердің көз жанарын жаулайтыны анық. Осы себепті Жетісу өлкесі саяхатшылардың аялдайтын мекені болуға әбден лайықты.
Туристерді тұрақты түрде қабылдайтын аймақтың дамуы мен келешегіне қатысты туристік жобалардың бірқатарын Алматы облысының туризм басқармасының басшысы Жанар Алчимбаеваайтып берді.
Бәрімізге айқын, жеті өзені тоғысқан ұлы өлке шығыста Қытай Халық Республикасымен шектесіп, Солтүстік Тянь-Шань жоталарының арасында орналасқан. Теңдесі жоқ қазақ жерін «алтын бесік» деп атайды. Жұмбағы көп жұмақ мекеннің көркемдігін жер жаһанға мәшһүр ету мақсатында Алматы облыстық туризм басқармасы 2019 жылдан бастап өлкенің көрікті жерлерін кеңінен таныту үшін "Google", "Yandex", "Wikipedia" жаһандық платформаларымен жұмыс істеуді бастаған.
Туристік салаға, тамақтану, демалыс объектілеріне, көлік қызметтеріне қатысты барлық мәліметтерді осы платформаларға түсіреді. Бұл қызметтерді мобильді телефон арқылы тез табуға көмектеседі. Бизнесмендердің пікірлері бойынша кейбір нысандарда алдын ала орындарға тапсырыс беруге болатын онлайн қызметтерді қолдануға болады. Бұл Жетісу туристік брендінің дамуы мен танылуына өте тиімді әсер етіп жатыр.
Өткен жылдың ерекше оқиғаларынның бірі туристік саланы дамытудың мемлекеттік бағдарламасын қабылдауы. Онда басым бағыттар анықталған. Республика бойынша 10 үздік жобаға Алматы облысының екі жері – Алакөл және Алматы тау кластері кіреді. Ал 50 үздік жобаға "Қорғас" , Жоңғария, Балқаш көлінің жағалауы кірген.
2019 жылы облысқа 40 млрд.теңге жеке инвестиция тартылған сол арқылы көптеген жаңа нысандардың құрылысы басталады. Осы жылы Алакөл көлінің жағалауында коттедж қалашығы бой көтермек, сондай-ақ Ұйғыр ауданында тау кластерінің көз тартарлық бір неше нысандары салынып, саяхатшыларға есігін айқара ашады деп жоспарланған.
2020 жылы туристік маршруттарды жайғастыру үшін бірыңғай брендбук туристік бағыты іске асыру жоспарлануда. Алғашқы бағыт, Шарын саябағында, Көлсай көлдерінде, Іле Алатауы және Жоңғар Алатауы ұлттық парктеріне бет алады . Сонымен қатар, биылғы жылы біз Алтын Емел паркінде геосаябаққа қатысты саяхатшыларға арналған турөнімдерді даярлап отырмыз,- деп хабарлады Жанар Галифулдақызы
Бұған дейін Алматы облыстық туризм басқармасы зерттеу институтымен 3 жыл бойы геологиялық парк құру бойынша зерттеу жүргізген болатын. Осы жылдан бастап, маусым айына дейін геоэкскурстарды таныстыруды жоспарлап отыр. Саяхатшылар демалумен қатар медициналық қызметтерді де ала алады. Биылғы маусымнан бастап, Алакөлдің бірнеше нысандарына медицина қызметкерлерін тартады деп күтілуде. Бұдан басқа, ішкі нарық үшін ауқымды маркетингтік стратегияны әзірлеу қолға алынған.
Іске асып жатқан Тау-кен кластерінің жобалары 8 бағытқа бөлінген. Бүгінгі күні жоба Талғар ауданынан бастап Шарын, Көлсай, Қаскелеңге дейін қамтылды.
Жақын арада демалыс орындарын кеңейтіледі.Демалыс орындары екі алаңға бөлінеді: "Апорт" және "Ақтас". Сондай - ақ қазір "Түрген" жобасы бойынша инвесторлармен жұмыс жасалуда, бұл Түрген шатқалындағы ірі тау курорты. Бұдан басқа, Шарын шатқалына жақын жерде "Парк –шатқал"жобасы жүзеге асырылады. Жоба өзінің бірегейлігімен қызықты. Онда аспалы көпірлері бар локация ұсынылады деп тілге тиек етті басқарма басшысы.
Жетісу өңірінде жергілікті және шетелдік туристер қызығушылық танытатын бірнеше үздік орындар бар. Олар Алматы облысының төл құжаты болып саналады. Алайда, өңірдің туризм басқармасы жүргізген зертетуінің барысында туристердің қызығушылығын тудыратын 162 қызықты нысан анықталды. Бүгінгі таңда тұтынушылар, соның ішінде шетелдік туристер баратын туристік орындар қалыптасқан. Ең көп келетін орындар: Алакөл, Көлсай, Қайыңды, Шарын шатқалы. Бұдан басқа, саяхатшыларға Жоңғар-Алатау ұлттық паркі, Корин шатқалы, суда ескекпен есу сайысын жүргізу үшін жақсы сипаттамасы бар өзендер кіретін Жоңғар кластері үлкен қызығушылық тудырып отыр.
Ел басының "Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласын жүзеге асыруға келер болсақ, "Киелі жерлер "бағыты бойынша жұмыс жасалуда. Таңбалы тас " - жартастағы ресурстаркөрмесі, өте қызықты және тарихи маңызды бар нысан. Бірақ, біраз уақытқа дейін автожолдың сапасына байланысты оған өту мүмкін емес еді.Соған байланысты жөндеу жұмыстарын жүргізіп, биыл аяқталады деп сенім білдірді Жанар ханым.
Алматы облысында әлемнің әр шетінен келген қонақтарды қабылдайтын бірнеше этноауылдың болуы үлкен қуаныш. Мәселен, мұндай тарихы бар этноауыл – Талғар ауданындағы "ғұндар". Сонымен қатар, Қарасай ауданындағы "Номад" этноауылы да бар. Өткен жылы онда Тұңғыш Президенттің "Ұлы даланың жеті қыры"атты бағдарламалық мақаласының идеяларын жүзеге асыруға бағытталған тақырыптық фестивальдер өткізілген. Ағымдағы жылы аталған фестивальдар коммерциялық мәртебеге ие болады. Яғни, бұл нысан өз туристерін қабылдауға және ірі іс-шараларды ұйымдастыруға дайын.
Шетелдік туристер Алматы облысына экологиялық таза мекен деп ат басын бұрады. Ұшса қыран құстың қанаты талатын, сайын даланың болмысына тамсанбайтын адам кемде кем. Облыстың экономикасының дамуына үлес қосатын айшықты саланың сансыз жетістіктері ел игілі үшін екені даусыз. Топырағында мәдениет пен өркениеттің тамыры кеңінен жайылған осынау өлкеге келгендер өзгеше сезімге бөленетіні һақ. Әлемнің 7 кереметі туған өлкенің көркемдігіне жетпес, Қазақ даласының кербез бөлігі болған Жетісу өңірі саяхатшылардың сая табар орнына айналуда.
Гүлжанат Нұрасыл
Жақында Жаңашар ауылындағы Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінде Тұрар Рысқұловтың туылғанына 125 жыл толуына орай апталық өтті.
Ашылу салтанаты оқушыларды қазақ халқының тау тұлға азаматы, ұлты үшін талай мәрте тәуекелге бел буған Тұрар Рысқұловтың өмір жолымен таныстырудан және ұлтжандылығын дәріптеуден басталды. Апта бойы барлық сыныптарда «Тұрар Рысқұлов – халық жанашыры» тақырыбы аясында ашық сынып сағаттары өтті. Тарих пәнінің мұғалімдері мен оқушы-гидттер апта бойы барлық білім алушыларды арнайы кес-те бойынша мектеп қабырғасындағы Тұрар Рысқұлов мұражайымен таныстырды. Мектеп кітапханашысы Сара Бабаханованың ұйымдастыруымен Ұстаздар арасында «Сахна оқырманы» тақырыбындағы әдеби-сазды кеш өтті. Кеште ұстаздар қауымы Т.Рысқұлов рухына арнау өлеңдерін, монологтарын, хаттарын оқыды. Мектеп оқушылары Тұрар Рысқұлов рухына арналған өлеңдерді мәнерлеп оқып, 3-4-сынып оқушылары бірігіп «Туған ел» әнін хормен орындады. 7-10-сынып оқушылары «Халықтың Тұрары» тақырыбында көрініс қойды. Көріністе қоғам қайраткерінің халық үшін күрес жүргізуі, Сталинмен кездесуі, Түрксіб теміржолын салу кезеңіндегі қазақ халқының мүддесін жоғарыға қойып, аштық кезеңінде Сталинге халықтың жағдайын айтып, аман алып қалуды талап етуі, соңында сотталуы және Тұрар Рысқұловтың халыққа айтқан арыз-назы көрсетілді. Апталық «Тұрар Рысқұлов – Алаш қайраткерлерінің бірі және бірегейі» тақырыбымен салтанатты түрде жабылды.
Мәнсия ТУКЕТАЕВА,
Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
2019 жыл... 12 ай... 365 күн... Тағатсыз сағат тілімен таласқан ауданымыздағы табанды тірліктер енді тарих қойнына тартты. Әлбетте, оны қайтару мүмкін емес. Тек есте қаларлық ілкімді істерді ой таразысына салып, екшеп-текшегеніміз болмаса. Әлемнің екінші ұстазы әл-Фараби айтқандай: «Қандай әрекет, қандай іс істесек те, содан рахат табу, соның рахатын көру – біздің мақсат». Ал рахатын көретіндей, елге пайда беретіндей қандай қам-қарекет болды? Бұл сұраққа өзінің қорытынды есебінде Бинәлі Ысқақ толыққанды жауап берді. Оған аудан тұрғындарымен қоса Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Ләззат Тұрлашев та қатысты. Аудитория арасынан аудандық мәслихат хатсышы Бекет Ахметов, аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім, мекеме басшылары да табылды.
«Әкім бол – халқыңа жақын бол!». Ғасырлар мұғдарынан өткен бұл өрелі ойды бүгін жаңаша өрбіттік. Ел Президенті Қ.Тоқаев та «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» болуымызды күн тәртібіне көтерді. Айтылуы әрқилы болғанымен, тамыры синоним! Демек, өңіріміздегі жақындықты жат емес, тұрғындарымыз сезінуі тиіс. Осы мақсатта биылғы аудан әкімі Б.Ысқақтың халық алдындағы есебі де тыңнан түрен салды: әр ауылға барды, тұрғындарын қабыл алды, өзекті мәселелермен толтырып қайтты қорды. Ендігі шешім – осы жыл шеңберінде. Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің акт залында өткен қорытынды есепте аудан басшысы атқарылған жұмыстарды таразылады.
– 2019 жылдың қорытындысы бойынша ауылшаруашылығы өнімінің өндірісі 120 миллиард теңгені құрады (өсім 17 млрд. тенге) Былтыр 103 миллиардтеңге болған. Мұндай жетістікке біз жаңа технологияларды ендіру, ғылыми ізденіс күшімен жеттік. Ең бастысы, бұл мемлекет тарапынан агроөндіріске жасалған қамқорлық жемісі. 2019 жылдың өзінде 3 млрд 109 млн теңге ауылшаруашылығы өнімін өндірушілерге субсидия берілді. Сол секілді 1660 тонна жеңілдетілген сұйық отын, 130 тонна минералды тыңайтқыштар таратылды. «Бастау бизнес» жобасы арқылы 87 кәсіп ашуға ниетті азаматтарға 317 млн теңгеге жеңілдетілген несие де берілді.
«Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламалары да жүйелі орындалды. Нәтижесінде 3000 басқа арналған 5 ірі мал бордақылау алаңдары ашылды.
2019 жылы ауданымызда 2 сүт-тауарлы фермасы («Марал» шаруа қожалығы – 50 басқа, «СпатайГрупп» ауыл шаруашылық кооперативі – 80 бас) ашылып, іске қосылды. Одан басқа, Саймасай ауылдық округінде «Айдарбаев» шаруа қожалығы – құны 1,2 миллиард теңге, 250 бас сауынды сиыр мен 300 бас танаға арналған сүт-тауарлы фермасын іске қосты, – деді.
Кеңестің «көзін» көрген суармалы су жүйелерін жаңғырту жұмыстары да қолға алынған. Бұл мақсатқа қазір республикалық бюджеттен 2,6 млрд теңге бөлінген. Нәтижесінде, бау-бақша көлемі де ұлғайған. Айталық, былтырдың өзінде 728 гектарға алмабақ отырғызылған. Оның 206 гектары интенсивті бақтар. Биылдың өзінде мұндай бақтардың көлемі 800 гектарға ұлғайтылады деген жоспар бар. Бұл турасында кеңінен әңгімелеген Бинәлі Әбдіқапасұлы:
– Бақшаларды дамытумен қатар жеміс сақтайтын заманауи қоймалар да іске қосылуда. Мысалы, 2019 жылы «Алма матер филдс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Тауқаратұрық және Кызылшарық ауылдарында әрқайсысының сыйымдылығы 3600 тонна ірі жеміс сақтайтын 2 қойманы іске қосты.
Жеміс-жидек сақтайтын осы қоймалардың барлығы қосымша шырын, пюре және басқа алма, жеміс өндіру қондырғыларымен жабдықталған.
Ауданымызда осы жылы құрылысы басталатын мынадай ірі жобалар бар:
– Қорам ауылындағы сыйымдылығы 7,9 мың тонна «Феникс групп» трансұлттық компаниясының қоймасы;
– Қазақстан мен Орта Азияда теңдесі жоқ Ақши ауылдық округінде қуаттылғы 7 мың тонна «Frosco» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мұздату технологиясын қолданатын жеміс-көкөніс қоймасы;
– Тескенсу ауылындағы 5 мың тонналық «Арнау агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қоймасы, – деді.
Өнеркәсіп өрісі де кеңейіп келеді. Айталық, жыл қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 40 млрд 536 млн теңгені құрады. 2018 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 2 миллиард 222 мллн теңгеге артық.
– Өткен жылы келесі ірі өнеркәсіп жобаларды іске асыру басталды, атап айтқанда:
– Қырбалтабай ауылдық округінде инвестициялық сомасы 1 миллиард 487 миллион теңгені құрайтын, 78 жұмыс орнымен қамтамасыз ететін, қуаттылығы 50 мың тоннаға дейін сояны өңдейтін «Жетысу Соя» ЖШС-нің зауытының құрылысы аяқталуыда.
– Саймасай ауылдық округінде жалпы инвестициялық соммасы 200 миллион теңгені құрайтын «ASSORTI Rancho» ЖШС-гі жылына 1000 тонна бөдене етін өңдеу цехін іске қосып, 22 жаңа жұмыс орнын құрды.
– Байтерек ауылдық округінда«Алматы жол құрылысы компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қиыршық тас зауыты іске қосылды. Қуаттылығы – жылына 87 мың тонна қиыршық тас, 20 мың тонна асфальт-бетон қоспаларын өндіру, жоба құны 53,5 миллион теңге, 10 жұмыс орны ашылды.
Бұдан басқа, 2019 жылы біздің аудан үшін ең ірі жобаны іске асыру басталды, ол – вольфрам кенін өндіруге арналған «Жетісу вольфрамы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Бұғыты тау-кен байыту комбинатының құрылысы.
Қуаттылығы – жылына 3,3 миллион тонна вольфрам кені, жоба құны – 95 миллиард теңге, 500 жаңа жұмыс орны ашылатын болады, – деген аудан басшысы жасыл энергия көздерін пайдалану да ауданымызда қарқын алғанын айтты. Рас, бүгінде Түрген өзенінде бір, Есік өзенінде 3 ГЭС жұмыс істеп тұр. Өткен жылдың еншісінде қуаттылығы 4,5 МВт болатын тағы бір гидроэлектр станса іске қосылды. Шелек өзенінде қуаттылығы 40 МВт болатын іргелі стансаның құрылысы жүргізілуде. Жобаның құны 1,2 млрд теңгені құрайды. Бұл турасында аудан басшысы: – Желдің қуаттылығын пайдалану жұмыстары да қарқын алды. Масақ округінде қуаттылығы 4,5 МВт болатын алғашқы жел электр станасы жұмысын жүргізуде. «Нұрлы ВЭС» ЖШС ықпалымен тағы да қуаттылығы 5МВт болатын станса құрылысы аяқталмақ. Аталған округте «Самрұқ Грин Энерджи» ЖШС тағы да 5 МВт-тық жел электр стансасын іске қосты. Бұдан бөлек «Энергия Семиречья» ЖШС 60 МВт-тық, «Жерұйық Компани» ЖШС 50 МВт-тық жел электр стансасының құрылысын жүргізуде. Бұларға тартылған инвестиция көлемі 49,5 млрд теңге, – дейді.
Сол секілді Көкпек жазығында қуаттылығы 200 МВт болатын күн электр стансасының құрылысы да басталмақ. «КЗА Констракшн» ЖШС бұған 80 млрд теңге инвестиция құймақ.
Биылға өндірілген энергия көздерін реттейтін 700 МВт-тық қосалқы станса құрылысы жүргізілмек. Бұл станса Сөгеті округі аумағына салынбақ.
Шағын және орта бизнес субъектісінің де саны артуда. Деректерге сүйенсек, 2018 жылдан 528 бірлікке өсіп, бүгінде олардың саны 19138-ге жеткен. Ауқымды істердің нәтижесінде ауданға тартылған инвестиция көлемі артып, былтыр 38 млрд 356 млн теңгеге жеткен.
Салық түсімдері де 18 млрд 104 млн теңгені құрады. Өсім 103,3 пайыз.
Биылға тағы бір айшықтап айтатын жаңалық «7-20-25» бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылыстарының жүргізілуі:
– Ауданда 7-20-25 бағдарламасы бойынша екі құрылыс мекемесі («Альтаир» ӨК, «СилкСтройИнвест» ЖШС) Есік қаласында көп пәтерлі 6 тұрғын үйдің құрылысын бастайтын болады.
«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 60 пәтерлі жалға берілетін тұрғын үйді реконструкциялауға 701 миллион теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталды. 304 миллион теңгеге 30 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы басталды.
Жеке тұрғын құрылысын жүргізу үшін жер учаскесін алу кезегінде 20 600 адам тұр. Бұл мәселені шешу үшін 6 ауылда инфрақұрылымдардың құрылысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттарды дайындаудамыз. Атап айтар болсақ, Шелек ауылында 238 га, Ақши ауылында 90 га, Алға ауылында 30 га, Қайназар ауылында 24 га, Қазақстан ауылында 22 га, Қазатком ауылында 18 га Барлығы 422 га, немесе 5 000 жер телімі, – деді Б.Ысқақ.
Талай жыл қабырғаға батқан ауыз су мәселесі де биыл шешілмек.
– Осы жылы көптен күткен құны 4,5 миллиард теңгеге Есік топтық су құбырының екінші кезегінің құрылысы басталмақ. Бұл өз кезегінде Есік қаласы мен оған жақын орналасқан 8 елді мекен мен 18 саяжай серіктестігінің (аталған жобамен қамтылған жалпы халық саны 100 мыңнан астам адамды құрайды) ауыз су мәселесін шешпек. Сол секілді аудан тұрғындарын көгілдір отынмен қамту жұмыстары да ретімен шешімін табады. Осы жылы Ават, Кайназар, Азат, Бәйтерек, Жаңашар ауылдарына көгілдір отын тартылмақ. Қазір газды әр аулаға қосу тұрғындар қалтасын қағып отыр. Бұл мәселені шешу мақсатында инвес-торлармен келіссөздер жүргізілуде, – деді.
Ауданымыздағы әлеуметтік осал топтарға да қолдау жүйеленген. Былтырдың өзінде атаулы әлеуметтік көмекті ауданымызда 7811 отбасы алған. Демеушілер көмегімен аз қамтылған отбасыларға 200 тонна көмір, 39 млн теңгеге азық-түліктер таратылған. Көпбалалы 10 отбасына үйдің, 2 отбасына пәтердің кілті табысталған. – Биыл әрқайсысы 60 пәтерлік үш көпқабатты үйдің құрылысы басталмақ. Екеуі Есікте, біреуі Шелекте. Бұл пәтерлер де көпбалалы отбасыларға беріледі. Сондай-ақ, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті қолдау» бағдарламасы бойынша 3342 адам жұмыспен қамтылды, 731 адам қоғамдық жұмыстарға орналастырылды, 773 азамат кәсіптік оқытуға жіберілді, 223 азаматқа жеке бизнесті ашу үшін жалпы соммасы 869 миллион теңгеге несие берілді, – деді аудан басшысы.
Өз баяндамасында үш ауысымды мектептер мәселесі күн тәртібінде тұрғандығын жеткізді. Бүгінде Рахат №1, В.Терешкова атындағы, Х.Абдуллин атындағы, Ж.Қайыпов атындағы білім ордалары үш ауысымда. Бұдан өзге алдағы екі-үш жылда Түргендегі, Бәйтеректегі және Достық ауылындағы мектептер де үш ауысымға көшпек. Осындай түйткілдердің түйінін тарқату мақсатында Есіктің төменгі бөлігіне 1000 орындық мектеп, жоғарыда аталған білім ордаларына әрқайсына 300 орындық жапсаржайлар салу жоспарда. Бүгінде жобалық-сметалық құжаттары жасалуда. – Түйткілді мәселені шешу үшін біз мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында аталған елді мекендерде 600 орындық үш жеке мектеп салу туралы келісімге қол жеткіздік. Есік қаласында осындай бір мектеп ашылды. Ол – «Мейрімді періште». Бүгінде білім ошағына 250 бала қабылданды, балаларды қабылдау жалғасуда. 500 орындық тағы бір жекеменшік мектеп Бәйтерек ауылында салынды. Өз жұмысын жаңа оқу жылында бастайтын болады. Көктемде 800 орындық тағы бір жекеменшік мектептің құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз.
Сондай-ақ, мектеп оқушылары мен педагогтарға комфорттық жағдай туғызу үшін ескі мектептер мен типтік емес ғимараттардың орнына жаңа 17 мектеп салу (Төле би, Алмалы, Қазатком, Екпінді, Ақтоған, Қайнар, Базаркелді, Қайрат, Сарыбұлақ, Өрнек, Дихан, Баяндай, Таутүрген, Шалқар, Лавар, Қойшыбек, Азат ауылдары) және 18 мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындап отыр.
Осы жылы 502 миллион теңгеге Шелек ауылындағы Х.Бижанов атындағы орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз.
Ағымдағы жылы Шелек ауылындағы Абай атындағы және Ащысай ауылындағы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептеріне күрделі жөндеу жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеуге қаражат бөлінді, – дейді аудан басшысы.
Денсаулық сақтау саласы да күн тәртібінде. Бұл ретте әңгімелеген Бинәлі Әбдіқапасұлы: – Ауданның денсаулық сақтау саласы да оң көрсеткіштерді көрсетуде. 2019 жылы 1 582 000 медициналық қызмет көрсетілді, 2018 жылмен салыстырғанда 26 пайызға көп.
Медициналық қызметтің сапасы жақсарды, жаңа стандарттар ойдағыдай енгізілді. Осының бәрі жүрек қан тамырлар, қатерлі ісік, туберкулез және басқа ауруларынан өлімді азайтуға септігін тигізді. Ана өліміне жол берілген жоқ.
Шелек ауылындағы аудандық аурухананы күрделі жөндеуге 484 миллион теңге қаражат бөлінді. Қазіргі кезде жөндеу жұмыстары аяқталуда, сондай-ақ 2020 жылы жаңа медициналық жабдықтар мен құрал-саймандарды сатып алуға 107 миллион теңге бөлінді. Қосымша ауқымды абаттандыру жұмыстарына қаржы бөлуге сұраныс берілді.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы Корам мен Көктөбе ауылдарында әрқайсысының құны 329 миллион теңге болатын 50 орынға арналған жаңа дәрігерлік амбулаторияларды салуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ жобалық-сметалық құжаттары мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін дәрігерлік амбулатория Қызылшарық ауылында да салынбақ, – деді.
Баяндамасының қорытындысында былтырғы тұрғындар тарапынан түскен 15 ұсыныстың бәрі де орындалғанын жеткізді.
Мінберге көтерілген Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Л.Тұрлашев, облыс аумағында атқарылған табысты жұмыстарды айтып, аудан әкімі Бинәлі Ысқақтың есебіне қанағаттанатындығын жеткізді. Кездесу соңында Ләззат Тұрлашев және Бинәлі Ысқақ қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындар тілегін тыңдады. Жиынға қатысушылар аудан әкімінің бір жылдық жұмысына оң бағасын берді.
Қайнар ЖҰМАҒОЖА
Дін – ізгіліктің белгісі, тәрбиенің құралы. Дегенмен, оны жойқын қару ретінде пайдаланатын топтардың шығып жатқаны жасырын емес. Осы тұрғыда шынайы дін мен басқаның аражігін ажыратып алу маңызды. Әсіресе, жастар үшін.
Сондықтан да жер-жерде діни экстремизм мен терроризмнің не екенін, оның салдары қандай болатынын түсіндіру жұмыстары кең көлемде жүргізіліп келеді. Мұндай шараның бірі Р.Тоқатаев атындағы орта мектепте өтті. Аудандық кітапхана қызметкерлері мен мектеп ұжымы бірлесе ұйымдастырған шарада жалпы дін, ислам діні, экстремизм мен терроризм ұғымдары жайында кеңінен талқыланып, түсіндірілді.
Еңбекшіқазақ ауданының діни істер жөніндегі инспекторы – Сатай Олжас оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, Алматы облысы бойынша «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» КММ жүргізген мониторинг қорытындыларымен таныстырды. Арам пиғылын әлеуметтік желілермен жүзеге асырушы экстремистік топтардың жұмыстары мен айла-тәсілдері туралы нтернетті белсенді пайдаланатын жастарға жан-жақты айтылды.
Алматы облысы бойынша дәстүрлі емес діни ағымдардың әлеуметтік желідегі аккаунттары мен топтарында тіркелген қолданушылардың жас көрсеткіштеріне зер салсақ, былтырғы мәліметтер негізінде 18 жасқа дейінгілер саны – 6933, 18-30 жас – 10 324, 30 жастан жоғарылар – 4083 болса, жасын көрсетпеген қолданушылар – 15 877 екен. Яғни осыншама жан өздері біліп-білмей тіркелген дәстүрлі емес діни ағымдардың топтарында жарияланған ақпаратпен сусындап қана қоймай, оны өзгелерге таратып отыр. Мысалы, негізгі ақпарат көзінде жарияланған материалдар саны – 6 266 623 болса, оны аккаунт қолданушылары таратқанда 128 527 983-ке дейін көбейеді екен. Ал олардың көпшілігі араб әліпбиімен жазылғандықтан, видео-аудио материалдардың негізгі бөлігі араб-парсы тілдерінде болғандықтан оның мазмұнын толық түсінбестен таратып жатамыз. Қарапайым мысал, барлығымыз бір-бірімізге жұма сайын жарыса жіберетін «Жұма мүбәрак болсын» сынды сурет-видеолардағы араб әліпбиімен жихадқа шақыратын мәтіндер жазылған жайттар да кездескен екен. Біз тілді білмегендіктен, еш арам ойсыз оларды таратып жатырмыз. Ал ол үшін заң алдына жауап беруге тура келетінін де ескеру керек.
Осы орайда діни сауат пен білімімізді арттырудың маңызы жайында дінтану пәнінің мұғалімі Өміржан Ерғалым мен аудандық кітапхана қызметкері Күлия Саурықова өз ойларын ортаға салып, балаларға көрнекілік құралдарын, видеоларын көрсетті. Р.Тоқатаев атындағы орта мектептің директоры Рима Смағұлқызы мұндай іс-шараларды оқушыларға жиі өткізіп тұратынын айтып, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Қ.Мұратқызы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирустық инфекция бойынша Қазақстан Республикасында қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді.
Баспасөз конференциясындағы баяндаманың толық нұсқасын назарларыңызға ұсынып отырмыз.
11 ақпанда сағат 7.00-де Қытай Халық Республикасында барлық провинцияларында (автономды аудандарда, муниципалитеттерде) жаңа коронавирустық пневмонияның 42 638 расталған жағдайы тіркелді, оның ішінде 1 016-сы өліммен аяқталған (өлім көрсеткіші – 2,3 %), 3 996 (9,3%) адам сауығып шығарылды.
Әлемде 27 елде коронавирустың жаңа түрімен сырқаттанудың 448 расталған жағдайы тіркелді.
Бұл ретте, ҚХР-да сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 31 қаңтардан бастап 11 ақпан аралығында 3,6 есе (22%-дан 6,1%-ға дейін) төмендеді.
Бұл ҚХР-да эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтану үрдісі байқалғанын көрсетеді.
Сонымен қатар басқа елдерде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуі 3,8%-дан 27%-ға дейінгі аралықта.
Республикада коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуына жол бермеу мақсатында ағымдағы жылғы 6 қаңтардан бастап мемлекеттік шекара арқылы өтетін барлық пункттерде барлығы 260 885 адам қаралды, оның ішінде ҚХР-дан – 30 852.
Бүгінгі таңға температурамен және ЖРВИ симптомдары бар 140 адам емдеуге жатқызылды, оның 113-і сауығып шықты, 27-і стационарда жатыр. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық.
Емдеуге жатқызылған адамдардың ешқайсысында коронавирус анықталған жоқ.
Медициналық ұйымдар Қытайдан келген 23 059 адамның денсаулығына тұратын жері бойынша 14 күн бойы мониторинг жасайды.
Бүгінгі күні инкубациялық кезеңнің аяқталуына байланысты 15 478 адам мониторингтен алынды, 8 690 адам медициналық бақылауда тұр. Ешкімде коронавирустық инфекцияға күдік тіркелген жоқ.
Әлемде коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты:
Біріншіден, Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша ағымдағы жылдың 27 қаңтарында ҚР Үкіметі жанынан Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Машбекұлы Сапарбаевтың төрағалығымен коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі іс-шараларды үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылды, оның құрамына барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері кіреді.
Екіншіден, ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі іс-шаралар жоспары іске асырылуда (2020 жылғы 29 қаңтардағы №14-р өкім).
Үшінші, ҚХР-дан шекара арқылы өтетін барлық пункттерде санитариялық-эпидемиологиялық бақылау күшейтілді (тепловизорлармен бақылау, денсаулық жағдайының мониторингі);
Төртінші, медициналық ұйымдардың дайындығы қамтамасыз етілді (10,2 мың төсек, оның ішінде 4,4 мың қосымша), маскалар, медициналық бұйымдардың бағасы, олардың қорлары бақылануда.
Бесінші, визалар беру, ҚХР азаматтарының 72 сағаттық визасыз болу режимі, «Қорғас» ШЫХО қызметі тоқтатылды.
Алтыншы, 1 ақпанда Ухань қаласынан санавиациямен 83 қазақстандық, сондай-ақ Қырғызстанның 18 азаматы, 5 – Беларусь, 1 - Арменияның азаматы эвакуацияланды, олар кейін арнайы медициналық мекемелерге карантинге жатқызылды.
Жетінші, кезең-кезеңмен жолаушылар тасымалы тоқтатылды (авиа, теміржол, автокөлік);
Аса қауіпті инфекциялар ұлттық орталығы Ұлттық биотехнологиялар орталығымен бірлесіп коронавирусты жедел диагностикалауға мүмкіндік беретін қазақстандық диагностикалық жүйені әзірледі.
Бұдан басқа, Ресей Федерациясы мен ҚХР-дан диагностикалық тесттер алынды. Осылайша, коронавирустық инфекцияға күдікті барлық пациенттерге, сондай-ақ Ухань қаласынан арнайы бортпен келген адамдарға зертханалық диагностика жүргізілді. Барлығы 313 адам тексерілді. Нәтижелері теріс, коронавирус табылған жоқ.
Ресей Федерациясы мен Өзбекстан Республикасының Денсаулық сақтау министрліктерімен бірлесіп Ухань қаласынан эвакуацияланған азаматтарымыздың денсаулық жағдайына мониторинг жүргізілуде (Түмен облысы – 3 адам, Ташкент қаласы – 5 адам). Жағдайы қанағаттанарлық, коронавирус анықталған жоқ.
Сонымен қатар, Пекин қаласындағы ҚР азаматтарын шығару мәселесі қарастырылуда. Бүгінгі таңда 363 адам қайтып келуге ниет білдіріп отыр.
Бүгін таңғы сағат 6:05-те Нұр-Сұлтан қаласына Пекиннен Қытайдың 36 қаласынан Қазақстанның 217 азаматы бар рейс келді. Барлығы кемінде 3 күн мерзімге медициналық және зертханалық тексеру үшін стационарға жеткізілді және емдеуге жатқызылды. Денсаулық жағдайлары қанағаттанарлық. Жұмыс жалғасуда. Мерзімі аяқталған жағдайда және талдаулары теріс болған жағдайда тұрғылықты жері бойынша бақылауға берілетін болады.
Жақында Есік қаласында «Алматы облысы білім беру мекемелері қызметкерлерінің кәсіптік одағы» аудандық филиалының қолдауымен аудан мектептерінің ұстаздары арасында шаңғы тебуден жарыс өтті.
«Алматы облысы білім беру мекемелері қызметкер-лерінің кәсіптік одағы» аудандық филиалының төрағасы Серік Надырбаев: – «Жарысты өткізудегі мақсат – Елбасы саясатын қолдау және ұстаздар қауымын салауатты өмір салтын ұстануға тарту, сондай-ақ, шаңғы тебу спортының дамуына себепші болу», – деді. Аудан мектептерінен бәсекеде бақ сынау үшін 60-тан аса ұстаздар қауымы келген. Оларға төрешілер Д.Нұрмұхамбетов, Қ.Бірімбаев, Н.Матаева жарыс ережесін түсіндіріп және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау жөнінде нұсқаулықтар берді. Ерлер 3000 метр қашықтыққа, әйелдер 1000 метр қашықтыққа шаңғымен сырғанауы қажет болды. Төрешілер шаңғышыларды жас ерекшеліктеріне қарай бес топқа бөліп, жарысты бастауға пәрмен берді. Бірінші кезекте әйелдер қауымы 1000 метр қашықтықты қысқа уақыт ішінде бағындыруға барынша тырысып бақты. Бір-бірін басып озуға ұмтылған әйелдер арасынан мәре сызығын 1-топта Айдана Сағат (Байтерек орта мектебі), 2-топта Светлана Сляднева (М.Ломоносов атындағы орта мектеп), 3-топта Гулзира Түңлікбева (И.Шорманов атындағы орта мектеп), 4- топта Назигуль Иштымбаева (Алға орта мектебі), 5-топта Екатерина Шамакова (Б.Маилин атындағы орта мектеп) кесіп өтті. Ал, 1-топта Көкен Назерке (И.Шорманов атындағы орта мектеп), 2-топта Айнур Бахыт (Рахат орта мектебі), 3-топта Махерам Нурахунова (М.Ауезов атындағы орта мектеп), 4-топта Кәкей Хыргауыл (Аймен орта мектебі), 5-топта Наталья Матаева (Қ.Сәтпаев атындағы орта мектеп) мәре сызығын екінші болып кесті. Қыздар арасында шаңғы тебу техникасы ерекше көзге түскен 1-топта Жадыра Шоманова (аудандық балалар мен жасөспірімдердің туристік және экскурсия орталығы), 2-топта Раушан Парманова (И.Шорманов атындағы орта мектеп), 3-топта Айгүл Жүнісжанова (Абылай хан атындағы орта мектеп), 4-топта Нук Еркегул (Аймен орта мектебі) үздік үштікті қорытындылады.
Ерлер арасындағы 3000 метр қашықтықта үздік шаңғы тебушілерді анықтау кезегі келіп жетті. Мұнда 1-топта Диас Сугірбаев (И.Шорманов атындағы орта мектеп), 2-топта Қанат Бірімбаев (И.Шорманов атындағы орта мектеп), 3-топта Рашид Бахтиев (Т.Рысқұлов атындағы орта мектеп), 4-топта Дулат Нурмухамбетов (Абылай хан атындағы орта мектеп), 5-топта Сәрсен Қасымов (А.Бубенцов атындағы орта мектеп) қарсыластарына «шаң қаптырды». Екінші орынды 1-топта Нартай Қанатбек (Рахат ауылдық №1 орта мектебі), 2-топта Дидар Шерганаков, 3-топта Жақсыбек Аманбаев (И.Шормановатындағы орта мектеп), 4-топта Аслан Фахратов (Д.Қонаев атындағы орта мектеп), 5-топта Тұрсынбек Бухатов (А.Жексембеков атындағы орта мектеп) алып жарыс жолын жақсы аяқтаса, Серикбол Сисенбаев (Абылай хан атындағы орта мектеп), Азат Зурдунов (И.Шорманов атындағы орта мектеп), Қайрат Беделбаев (Д.Қонаев атындағы орта мектеп), Элмар Касымов (Қ.Сәтпаев атындағы орта мектеп), Нұрлан Сайлыбаев (Абылай хан атындағы орта мектеп) 3-орынды еншіледі. Бәсеке соңында жүлделі орындар иеленген ұстаздар кәсіподақ ұйымының атынан грамоталар және қаржылай сыйлықтар алып, естелік суретке түсті.
Нұрғиса Әлішев,
ұйымдастыру жөніндегі маман
«Будь, стань человеком!»
Абай.
Сегодня весь мир находится в поиске образовательных программ по развитию общечеловеческих ценностей.
Кто как не учитель, имеющий возможность влияния на воспитание ребенка, должен уделить этой проблеме важнейшую роль в своей деятельности? Нравственность – это духовные качества, которыми должен руководствоваться человек с раннего возраста, этические нормы, правила поведения, определяемые этими качествами. Цель педагога – знакомить ребенка с принципами морали и этики, формировать его нравственные представления и понятия.
Каждый народ имеет духовные и нравственные истоки. Одной из таких фундаментальных опор в сознании казахского народа является творческое наследие выдающегося просветителя Абая Кунанбайулы. Абай – один из величайших гуманистов человечества. В его произведениях максимально отражены традиции народного творчества и осмысление проблем общества. Воздействовать на умы и чувства людей, обновлять общество средством поэтического слова, вселять глубокое уважение к достоинству человека – вот что характерно для Абая-воспитателя.
Актуальны сегодня мысли Абая о формировании нравственных принципов и духовных ценностей в процессе самой жизни в противовес религиозному учению о «божественной предопределённости» морали. По мнению Абая, человек не рождается с какими-то готовыми качествами личности. Все понятия о добродетели, все правила поведения приобретаются в процессе его жизни. Высшая цель воспитания, по мнению Абая, — сделать из ребёнка труженика и патриота, а цель обучения — познание вселенной, приобретение знаний, получение образования и профессии.
Таким образом Абай формулирует в своих поэтических и прозаических произведениях нравственные принципы для достижения высшего этического идеала: «Адам бол!»: во-первых – трудолюбие, во-вторых – стремление к знанию, разумности, в-третьих – умеренность, в-четвёртых – совестливость, в-пятых – самоконтроль, самовоспитание, самодисциплина.
Главными средствами нравственного воспитания Абай считает труд и просвещение. У него нет почти ни одного произведения, где не говорилось бы о значении труда. Абай воспевает труд как жизненную потребность человека и основу его нравственности. Человек труда есть истинный носитель добродетели. Что касается науки, просвещения, то их Абай считает универсальными средствами для разрешения всех нравственных проблем, говорит о необходимости воспитания в молодом человеке стремления к знаниям и разумности.
Хочу напомнить слова Абая: «Качества духовные – вот что главное в человеческой жизни. Живая душа и отзывчивое сердце должны вести человека, тогда и труд его, и достаток обретают смысл».
Е.ШИРЛИНГ,
учитель начальных классов СШ имени Аль-Фараби
Жақында Түрген ауылындағы А.Жексембеков атындағы қазақ орта мектебінде «Тәуелсіз Ел тірегі – білімді ұрпақ» атты Жексембеков Абыхан Аманбайұлын еске алуға арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
1 ақпан дәл осы Түрген ауылындағы алғашқы қазақ мектебінің ашылуына тікелей мұрындық болған тұлға Абыхан Аманбайұлының туған күні. Осыған орай, аталған конференция Абыхан Жексембеков турасында кеңінен әңгімелеу және есімі берілген мектеп оқушыларының және ұстаздар қауымының бүгінгі жетістіктерін саралау мақсатында ұйымдастырылды. Оған аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов қатысып сөз сөйлесе, аудан әкімінің орынбасары Мақсат Бекетаев, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғожаев, аудандық «Еңбекшіқазақ» газетінің бас редакторы Хайролла Ахметжанов құрметті қонақтар қатарында төрден орын алды, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан арнайы келген Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Шәркүл Таубаева, Алматы облысы бойынша педагогика қызметкерлерінің біліктілігін арттыру орталығының директоры Толқын Әуелғазина, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің № 74 мектеп-гимназиясының директоры Жеңіскүл Нүсіпжан баяндамалар оқып конференция ажарын аша түсті. Абыхан Аманбайұлының еңбегі мен өмір жолы турасында естелікер айтылумен қатар «Мұғалімнің инновациялық мәдениеті», «Өмірі өнегемен өрнектелген өр тұлға» тақырып-тарында оқылған баяндамалар ұстаздар мен мектеп оқушылары және қонақтар үшін тың ізденістер ұсынды. «Қала мен ауыл мектебінің тәжірибе алмасуы» тақырыбында оқылған баяндама аясында А.Жексембеков атындағы мектеп директоры Гүлбақыт Қасымжанова және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің № 74 мектеп-гимназиясының директоры Жеңіскүл Нүсіпжан өзара ғылыми-әдістемелік тәжірибе алмасу мақсатында екі жақты меморандумға қол қойды. Сонымен қатар, мектеп оқушылары ұсынған концерттік бағдарлама көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Әке жайындағы әсерлі естеліктерімен бөліскен Абыхан Жексембековтың қыздары Венера және Мәншүк Жексембековалар мектептің бүгінгі таңда еліміздің ең алдыңғы мектептері қатарына енуі үшін жан-жақты қолдау білдіретіндіктерін жеткізді. Атап өтсек, мектеп қабырғасында 600-ге тарта оқушы білім алса, оларға 58 мұғалім дәріс беруде. Барлығы да ЖОО-ны тәмамдаған білікті мамандар. Сонымен қатар, әр жылы дәстүрлі түрде ақпан айының 1-жұлдызында Абыхан Аманбайұлын еске алу мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, жыл бойына мектеп ұжымымен атқарылған істерге сараптау, талдау жұмыстары жүргізіліп отырады.
Әділет САРЫБАЙ
Ташкенсаз
Х.Абдуллин атындағы орта мектептің акт залындағы келелі жиын өткен жылғы аудан жетістіктерін саралаудан басталды. 2019 жылы ауылдық округ тұрғындарына «Egov» электронды үкімет порталы арқылы 360 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Ал, 2018 жылы 56 қызмет, яғни, тұрғындар сауаты күн санап артуда. Осы орайда, әкімдік ғимаратында электронды үкімет порталы арқылы өзіне-өзі қызмет ету бұрышы ашылып, бүгінгі таңда тұрғындар тарапынан белсенді қолданысқа ие. Сондай-ақ, елімізде жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі қабылданып, төртінші деңгейлі бюджет белгіленгені аян. Бұл орайда округ әкімдігіне былтырғы жылы түскен салық көлемі 18 млн 167 мың теңге. Болжанған сомадан 118% артық. Сонымен қатар 2019 жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Ташкенсаз ауылында «Учительская», «Жеңіс» көшелері және Х.Абдуллин атындағы орта мектеп алдындағы алаңқай асфальтталған, яғни, 5000 шаршы шақырым. Жұмсалған қаржы көлемі 10 млн 500 мың теңге. Сондай-ақ, өткен жылы 132 жанұя атаулы әлеуметтік көмек алған. Ондағы 45 отбасы көпбалалы. Оларға көрсетілген қаржылай қолдау көлемі 75 млн 722 мың теңге болған. Өзге де аудан және ауылдық округте өткен жылы атқарылған жұмыстар барысымен таныстырған аудан әкімі Бинәлі Ысқақтың және ауылдық округ әкімі Эльвира Масутованың есебі тұрғындар тарапынан қанағаттанарлық деп танылды.
Саймасай
Саймасай ауылдық округіндегі есеп беру кездесуінде аудан басшысы атқарылған жұмыстар легін тарқата келіп, өткен жылы «Айдарбаев» шаруа қожалығымен 250 бас сиырға арналған сүт өнімдері фермасының құрылысы аяқталғанын жеткізді. Сондай-ақ, Германиядан 3 млн теңгеге «Голштин» асыл тұқымды 327 бас сиыр әкелінген. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың аяғына дейін тағы да 4 млн теңгеге «Джерси» асыл тұқымды 400 бас сиыр әкелу жоспарлануда. Бүгінгі таңда аталған шаруа қожалығында 727 мал басы бар. Ондағы 580 сиыр аналық бас, 53 жылқы болса, күніне 6,300 кг сүт өндіріп отыр.
Сондай-ақ, округ аумағында «Assorti Rancho» кешені жұмыс істеуде. Кешен мейрамхана және демалыс орны есебінде қаладан келетін қонақтарға қашаннан таныс. Жаз мезгілінде күніне 100 адамға дейін қызмет көрсететін болса, 2018 жылдан бері аталған демалыс орны бөдене құсын өсіруді қолға алған. Бүгінгі таңда құстың саны 1500-ге жеткен. Күніне 500 жұмыртқа өндіру үстінде. Құстың еті мен жұмыртқасы «Assorti Rancho» мейрамханасына жеткізіліп, емдік мақсатта тұтынатын келушерге ұсынылады. Сонымен қатар, аталған кешен 50 гектар жерге таңқурай жемісін еккен.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасына сәйкес ауылдық округтің 3 бірдей тұрғыны «Бастау бизнес» және «Жеке кәсіпкерлік» курстары бойынша дайындықтан өткен. Өз кәсібін дөңгелету үшін 2 тұрғын 6 млн 500 теңге көлемінде жеңілдетілген несие рәсімдесе, 1 тұрғын 505 мың теңге көлемінде грант ұтып алған.
Өткен жылы, мамыр айында Нұр-Сұлтан қаласында өткен республикалық деңгейдегі «Рухани қазына – 2019» фестивалінде Қаракемер ауылының мәдениет үйі «Үздік ауылдық мәдениет үйі» номинациясында жеңімпаз атанған. Округ тынысын тұрғындарға кеңінен баяндаған Дархан Ахметовтың есебі қанағаттанарлық деп танылды.
Түрген
Түрген ауылдық округі әкімдігінің акт залында тұрғындарға есеп берген аудан әкімі Бинәлі Ысқақ аудан жетістіктерін әр сала бойынша атап өтті. Ауылшаруашылығы, инфрақұрылым, әлеуметтік-эконмикалық ахуал сөз болған есептік кездесу интенсивті жаңа технологиялардың аудан аумағына келуін кеңінен қамтыды. Түрген ауылындағы 707 шаруа қожалығының 90 субьектісі алма жемісін өсірумен айналысса, оның ішінде 134 гектар бақ дәл осы интенсивті технология қолданумен өскен. Сонымен қатар, өткен жылы «Голд-Продукт» АҚ 4 млн 727 мың 823 бірлік түрлі шарап және өңделген көкөніс көнсервілерін шығарған. Тұрақты жұмыспен 252 адамды қамтыса, жиын-терін уақытында қосымша 400 адамға жуық жұмыс күшін тартқан.
Өзге де ауданда өткен жылы орын алған оқиғалар легін кеңінен баяндаған аудан әкімінің есебі тұрғындар тарапынан қанағаттанарлық деп танылды.
Осыдан кейін Түрген ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Мәди Бейсенбаев кезек алды. 2019 жылы өзін-өзі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы аясында 8 адам арнайы оқытылып, жеке кәсіп ашуға бет бұрған. Оның 7 субьектісі мал шаруашылығын дамытуды қолға алса, 1 адам өзге кәсіп түрін таңдаған. Олар осы мақсатта 34,7 млн теңге жеңілдетілген несие рәсімдеген. Сондай-ақ, өткен жылғы есеп бойынша табиғаты тамаша Түрген шатқалына 40 000-ға жуық турист келіп демалғанын жеткізді. Туристер саны жыл санап артып отырғандығын айтқан Мәди Бейсенбаев келешекте округтің дамуында туризм саласының айтарлықтай үлесі боларын сөз етті. Сонымен қатар «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Түрген ауылындағы Сатай көшесінің тұрғындарына 1200 метр ауызсу құбырлары тартылып, 5 млн 1327 мың теңге жұмсалса, тағы да 3 млн 137 мың теңге қаржы қарастырылып кәріз жүйесін тазарту жұмыстары жүргізілген.
Сондай-ақ, өзге де өткен жылғы істелген жұмыстар баян етілген округ әкімі міндетін атқарушы Мәди Бейсенбаевтың есебі қанағаттанарлық деп танылды.
Көктөбе
Аудан әкімінің кезекті есеп беру кездесуі Көктөбе ауылдық округінде жалғасты. «Алма-Агро» ЖШС және «Утениязов» ШҚ 30 гектар жерге интенсивті технологияны қолдана отырып алма жемісінің көшеттерін отырғызған. Тартылған инвестиция көлемі 232 млн теңге. Осы жылы «Алма Иссык» ЖШС аталған технологияны қолдана отырып 9 гектар жерге көшеттер егуді жоспарлап отыр. Негізгі бағыты жүзім және сәндік ағаштар мен көпжылдық өсімдіктер өсіретін мекеме арнайы питомникте 50 мың алма ағашының жас көшеттерін дайындау жұмыстарын қолға алуда. Сонымен қатар, округте тіркелген 538 шаруа қожалығы 555 гектар жерге алма бақ ексе, ұсақ шаруа қожалықтары 195 гектар жердегі ескірген алма ағаштарын кесіп, орнына алманың сұранысқа ие тұқымдарын егу жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ, бүгінгі таңда бос жатқан құнарлы жерлерді игеру жұмыстары жүргізіліп, шаруа қожалықтары тарапынан инвестиция тарту, көшеттер егу қарқын алған.
Сонымен қатар, округ әкімі Болат Жасыбаев Көктөбе ауылдық округі аумағында 30-дан аса ұлт өкілінен құралған 15 007 адам тұратындығын жеткізді. Аула саны – 2621.
Өткен жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Қызылжар ауылының ауыз-су құбырларына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. «Асыл-Тау» ЖШС ауылдан 4,5 км жоғары орналасқан «Бүгіл» өзенінің арнасын тазартып, арнайы сүзгілер орнатқан. Сондай-ақ, ауыл көшелерін жарықтандыру бағытында 9 млн 301 мың теңге жұмсалып, 91 жарықтандыру бағаны орнатылған.
Шағын және орта кәсіп те округте өз деңгейінде дамып, 170 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Сонымен қатар, ауылдық округтің 12 көшесінің атауы өзгертіліп, өскелең ұрпақ үшін үлгі болар тұлғалардың есімі берілген.
Төле би және Алмалы ауылдарында мектеп салу мәселесі аудан әкімінің тікелей қолдауымен қолға алынған. Бүгінгі таңда Төле би ауылында 450 орындық мектеп құрылысының жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өтуде.
Сондай-ақ, Көктөбе ауылында дәрігерлік амбулатория салу жоспарына сәйкес жер телімі белгіленіп, ағымдағы жылы құрылыс жұмыстары жүргізілмек.
Осы және өзге де атқарылған істер сөз болған аудан әкімі Бинәлі Ысқақтың және ауылдық округі әкімінің есебі бірауыздан тұрғындар тарапынан қанағат-танарлық деп танылды.
Атап өткен жөн, әрбір ауылдық округте аудан әкімі есептік кездесу өткізгеннен кейін тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдау жүргізіп отырды. Аудан әкімімен бірге аудан мәслихат хатшысы Бекет Ахметов, аудан әкімінің бірінші орынбасары Айбек Бидаев бастаған бөлім басшылары да бірге жүріп, тұрғындар мәселесі бойынша хаттама толтырылып, шешу жолдары анықталды.
Бөлек
Бөлек ауылындағы М.Горький атындағы орта мектепте өткен есептік кездесуде аудан әкімі бір жылғы атқарылған жұмыстар бойынша баяндама оқып, жос-парлармен бөлісті.
– Ауданымызда 84 мектеп болса, оның 17-сіне жаңа ғимарат салу керек. Бұл нысандар типтік емес әрі ескі. Сонымен қатар, тағы 17 мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Оның ішінде Бөлек ауылдық округіне қарасты мектептер де бар. Кезең-кезеңімен жақын жылдары бұл мәселені шешетін боламыз – деп, Бинәлі Әбдіқапасұлы балалардың алаңсыз сапалы білім алуына барлық жағдай жасалатындығын айтты.
Есік топтық су құбырының екінші кезеңі де Бөлек ауылдық округін айналып өтпейді. Бюджеттен 4,5 млн теңге бөлінсе, Есік қаласының айналасындағы 9 елді мекенде тіршілік нәрі оң шешімін таппақ.
Округ әкімі Асыл Изиев ауылшаруашылығы саласында ілгерлілеушілік бар екендігін жеткізді өз есебінде. Оған қоса, кәсіпкерлік саласы мен ауылға инвестиция тарту ойдағыдай жүзеге асуда.
– Округ бойынша сыйым-дылығы 11 мың тоннадан астам жеміс-жидек қоймалары жұмыс істеуде. Жалпы осы салаларда 870 адам жұмыспен қамтылған. «Гас Ойл Сити» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 150 миллион теңгеге жуық қаражатқа Қарасай ауылында 30 жұмыс орны бар, 180 бүлдіршінге арналған балабақша ашты – деді округ әкімі.
Есік
Бинәлі Әбдіқапасұлы аудан әкімдгінің мәжіліс залында өткен Есік қаласы тұрғындары алдындағы есебінде аудан орталығында электр энергиясын өндіру қарқынды жүзеге асып жатқандығын алға тартты. Сөзіне сүйенсек, ауданымызда 3 гидроэлектростанция Есік өзенінде, Түрген өзенінде 1 ГЭС іске қосылып, электр энергиясын өндіруде. Ағымдағы жылы Есік өзенінде қуаттылығы 4,5 мВт ГЭС-1-дің құрылысы аяқталды. Құрылысқа 814 миллион теңге жұмсалды. Сондай-ақ Шелек өзенінде қуаттылығы 40 МВт ГЭС-тің құрылысы басталды, жоба құны 1,2 миллиард теңгені құрайды.
Сондай-ақ, Есік қаласында тұрғын үй мәселесі де қолға алынуда.
– Ауданда «7-20-25» бағдарламасы бойынша екі құрылыс мекемесі («Альтаир» ӨК, «СилкСтройИнвест» ЖШС) Есік қаласында көп пәтерлі 6 тұрғын үйдің құрылысын бастайтын болады. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Есік қаласынан 60 пәтерлі жалға берілетін тұрғын үйді реконструкциялауға 71 миллион теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталды.
Сонымен қатар, Есік қаласынан 30 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. 4 ауылға (Ақши, Шелек, Алға, Қайназар) жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін инфрақұрылымын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде – дейді аудан басшысы. Оған қоса, аудан орталығындағы оқушылар санының артуына байланысты В.Терешкова атындағы орта мектепке қосымша ғимарат пен сая-жай маңына жаңа мектеп салу жоспарлануда.
Есеп берген қала басшысы Бауыржан Бименов түрлі салалардағы ілгерілеушілікке тоқталды, жоспарларын ортаға салды. Бүгінде қала аумағында өнеркәсіп пен кәсіпкерлік саласы қарқын алуда. Бауыржан Мыныханұлының сөзіне сүйенсек, жыл қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 13 млрд 447 млн теңгені құраған. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 898 млн теңгеге артық, өсім 107 пайыз.
«Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағ-дарламасы аясында 331 млн 830 мың теңгеге 2 жоба қаржыландырылды. «Мейірімді періште» балабақшасына 184 млн теңге жұмсалған.
Бүгінде Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 6339. 26 сауда, қызмет көрсету және шағын өндіріс нысандарының іске қосылуынан 171 жұмыс орындары ашылған. Сонымен бірге, аудан орталығына 5 млрд. 146 млн теңге жеке инвестиция тартылған. Ағымдағы жылы «MG» шаруа қожалығы жылдық қуаттылығы 250 тонна балық өсіретін, форель шаруашылығын ашуды жоспарлап отыр. Инвестиция құны 570 млн теңгені құрайды. Ол өз кезегінде 22 адамды жұмыс орнымен қамтамасыз етеді.
Есептік кездесулер соңында аудан және округ әкімдерінің есебіне ұсынылған қанағаттанарлық деген баға жиылған көпшілік тарапынан қолдау тапты. Есептік кездесу соңында аудан әкімі азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады.
Өділет САРЫБАЙ
Сардарбек НҰРАДИН