Қазіргі таңда елімізде жастар келешегіне зор үміт артып, үкіметіміз жағдайын жасап, қамқорлығына алып отыр. Соның бір дәлелі, Шелек ауылының №1 орта мектебінің 7»ə» сынып оқушысы Аяла Абдрахманованың жетістігін атап айтуға болады.
Аяла сыныбында озат оқушылар қатарында. Үздік оқумен қатар қазақтың ұлттық қолөнерін дәріптеу жолында шығармашылық талабы да көңілге қуаныш ұялатады. 2019 жылдың 9 ақпанында Алматы қаласында өткен «Жас жұлдыз» республикалық байқауына қатысып қолөнерден яғни, тоқыма тоқудан жəне Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне орай жазған «Жыр арқауы Шəлкөде» атты шығармасы үздік деп танылып, екі сында да бас жүлдені иеленіп қайтты.
Наурыз айында Кеген ауданында өткен «Жарқын болашақ» атты республикалық байқауға қатысып, шығарма жазудан бас жүлде, қолөнерден 1- орын алды.
Қыркүйек айында Алматы қаласында өткен «Бойтұмар» атты республикалық байқауда шығарма жазып тағы да бас жүлде алды.
Қараша айында Шелек ауылында өткен «Ұлы дала ұрпағы» атты республикалық байқауға қатысып, қолөнерден кезекті бас жүлдені иеленді.
Шығарма жазудан 1-ші орынды иеленіп, қолөнерден үздік шыққан Аяла Париж қаласына жолдаманың иесі атанды.
2020 жылы қаңтар айында Талдықорған қаласында өткен «Ақжелең» байқауында бақ сынап, шығарма жазудан 1-орын, қолөнер байқауынан бас жүлде иегері атанып, Ташкент қаласына жолдама алды. Аяланың мұндай жетістікке жетуіне №1 орта мектебінің директоры Ардақ Мұхамеджанқызының, технология пәнінің мұғалімі Жұпар Қадырова мен қазақ тілі пəнінің мұғалімі Оразгүл Құрбанова апайларының сіңірген еңбегі зор. Сондықтан ұстаздарына бар жақсылықты тілей отырып əрдайым құрметке бөленіп жүре беріңіздер демекпіз. Сондай-ақ, Аяла қызымыздың атынан анасы Аяла Абдрахмановаға және Сіздерге арнаған өлең шумағын ұсынамыз.
Гүл бағындай жайнап өмір өрісі,
Мейіріммен, шапағаттың кеніші.
Менің əрбір жетістігім өзге емес
Анам сенің еңбегіңнің жемісі!
Редакциядан: Аяланың сан байқауда жеңімпаз болуына себепші болып жүрген «Үздік ұстаз» төсбелгісінің иегері Жұпар Қадырова
«103». Бас ауырып балтыр сыздай қалса осы нөмерді теріп жедел жәрдем көмегін күтетініміз ақиқат. Ондағы мейірімді дәрігер, дәрі-дәрмек, емханаға жедел түрде жеткізетін көлік – өмір мен өлім арасындағы күресте ең алғы шепте жүретін жауынгерлер. Ендеше, медицина саласында жаңа жүйе және тың жаңалықтардың енуіне байланысты халық арасында түрлі түсінбеушіліктер туындауда. Осыған байланысты аудандық көпсалалы емхана қабырғасында орналасқан жедел жәрдем бөліміне арнайы барған едік.
Бүгінде жедел жәрдем көліктері облыс арқылы басқарылады. Сондай-ақ, кейінгі енгізілген тәртіпке сәйкес сіз 103 нөміріне қоңырау шалсаңыз, облыстық жедел-жәрдем бөлімінің диспетчеріне түседі. Осы орайда аудан тұрғындары арасында түсінбеушілік туындауда. Бұрын 103 нөміріне шалынған қоңырау тікелей аудандық көпсалалы емхана қабырғасындағы жедел-жәрдем бөлімінің диспетчеріне түсетін. Сөйтіп, жедел жәрдем көліктері диспетчердің нұсқауымен сіздің үйіңізге келетұғын. Жаңа тәртіп бойынша сіз 103 нөміріне қоңырау шалып, мекен жай, ауыл атауымен қатар қай ауданнан хабарласып тұрғандыңызыды айтуыңыз қажет.
Мұның себебін сұрай барғанымызда облыстық жедел-жәрдем бөлімі, оңтүстік өңірі бойынша жетекші Нариман Нұрғалиев былайша түсінік берді:
– Бұрынғы жүйе бойынша анықталған кемшіліктер салдарынан, яғни, байланыс жүйесіндегі олқылықтар жедел-жәрдем қызметін орталықтандыруға се-бепші болды. Айталық, бұрын 103 нөміріне Есік қаласынан қоңырау шалған тұрғын Қаратал ауданына, ондағы 103 нөміріне қоңырау шалған тұрғын Есік қаласына түсіп кетіп, басқа да түсініспеушіліктер орын алды. Осы себепті орталықтандыру арқылы, қоңырауларды және жедел жәрдем көліктерінің жүріп-тұруын бақылауға мүмкіндік алдық – дейді Нариман Нұрғалиев.
Облыстық жедел жәрдем бөлімінде отырған диспетчерлер қоңырауды қабылдап алып, аудандық жедел-жәрдем бөліміне жібереді. Осы жерде тағы бір келеңсіздік туындайды. Облыстық жедел жәрдем бөлімінің диспетчерлері ауданымызға қарасты Есік қаласы мен ауылдарын, ондағы мекен-жайларды толық білмейді. Сонымен қатар, көше атауларының өзгеруі, тұрғын үй нөмірлерінің ретсіздігі, жедел жәрдем көліктерінің науқастың мекен-жайын таппай көше кезіп жүру себептерін тудырса, Нариман Нұрғалиевтың сөзінше: – «Жақын арада аудандық көпсалалы емхананың жедел жәрдем бөліміне тағы бір диспетчер қызметін енгізу жоспарда тұр. Әзірге онда бір диспетчер бар. Онда аудан орталығы Есік қаласы мен ауылдарды жақсы білетін маман жұмысқа тартылады» – дейді. Сөйтіп, жедел-жәрдемнің науқасқа жедел жетуі үшін жүйені жетілдіре беретіндерін жеткізді жетекші.
Сонымен қатар диспетчер жедел-жәрдем көліктерінің қай жерде жүргендігін «GPS» жүйесі арқылы бақылап отыруға мүмкіндік алған. Облыстық жедел-жәрдем бөлімінің Есік филиалына қарасты жедел-жәрдем көліктері тек Тескенсу ауылдық округіне дейінгі аумаққа жауапты. Әрмен қарай Шелек емханасына қарасты жедел-жәрдем көліктері қызмет көрсетеді.
Сондай-ақ, Нариман Нұрғалиевтың мәліметіне сүйенсек, әрбір 10 000 тұрғынға бір жедел-жәрдем көлігі берілуі тисі. Бұл – белгіленген заң. Облыс көлемінде ең үлкен Еңбекшіқазақ ауданы үшін 9 жедел жәрдем көлігі деген аздық етеді, әрине. Ауданымызда ресми тіркелген 299 800 тұрғын бар. Бұл әлі тіркелмеген аудан тұрғындарын айтпағанда. Сондай-ақ, жедел жәрдем көліктерінің көбі ресейлік «Уаз» маркалы темір тұлпарлар. Мұның себебін сұрағанда Нариман Нұрғалиев: «Аудан таулы жерде орналасқандықтан көбіне жол талғамайтын Уаз көліктеріне тоқталдық. Сондай-ақ, жүргізушілер де Уаз көліктерін жүргізуді қалайтындығын жеткізді. Себебі, бұзылған жайда жөндеу жұмыстары тез арада жүргізіліп қатарға қосылады» – дейді.
Әлгі сіздің шақыртуыңызға жедел жәрдем көлігінің кешігіп жатуы дәл осындай себептерден туындаған. Жақында халық алдындағы есеп беру кездесуінде облыс әкімі Амандық Баталов жедел-жәрдем көліктерінің жетіспейтіндігін айтып, бұл олқылықтың орны осы жылы толатынын жеткізді. Атап айтсақ, облысқа 70 жедел жәрдем көлігін алу жоспарлануда.
Жалпы, өмір мен өлім арасындағы күресте жеңімпаз атану үшін бес қаруың сай болуы қажет екендігі әркімге де аян. Бұлар сенімді көлік, дәрі-дәрмек, тәжірибелі дәрігер. Ал біздің бес қаруымыз сай ма? Сіз не дейсіз оқырман?
Әділет САРЫБАЙ
Жақында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалында зияткерлік меншік мәселесі бойынша жиын өтті. Шараға кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Нұрболат Серғали, Еңбекшіқазақ ауданаралық әділет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Толқын Ақанова, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Асыл Байтулақов, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының менеджер-кеңесшісі Нұрлан Дайырбаев, сот орындаушылар және жеке кәсіпкерлер қатысты.
Бүгінгі таңда түрлі бренд тауарлардың бәсекелестері көбейіп, тауар белгісін заңсыз қолданып жатады. Айталық, осыдан бірер жыл бұрын «Coca Cola» және «Dizzy» сусындарын жертөледе заңсыз дайындап, сатқандар ұсталған болатын. Бүгінде осы тектес оқиғалар көптеп тіркеліп, кәсіпкерлер мен тұтынушылар зиян шегуде. Осыны жеткізген әділет басқармасының жетекші маманы Талғат Жүгербаев келген қонақтармен таныстырды. Жоғарыда аталған жағдайдың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған шараға зияткерлік меншік және авторлық құқықты қорғаумен айналысатын «Бизнес Оптима» компаниясының өкілдері арнайы келіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
– Қазақстанның тұтыну нарығында, сонымен қатар, әлем бойынша контрафактілік (жасанды) өнім көлемі ұлғаюда. Тұтыншушылардың басым бөлігі бұл тауарлардың тигізетін залалын білмегендіктен, сапасыз тауар өндірушілердің құрбанына айналады. Контрафактілік өнім түпнұсқа секілді қымбат бағада сатылуы мүмкін және керісінше, тұты-нушыларды тарту мақсатында арзан сатылады. Елімізде сапасы төмен, ал кейде қауіпті өнімнің пайда болуы ұлт денсаулығына залал келтіреді және тұтынушылардың өміріне қауіп төндіреді. Себебі, ол заттардың кім және қалай жасағандығын білмейміз – деген компания өкілі осындай жасанды тауарларды сатып алуда сақ болуға шақырды.
Жиынға қатысқан тіс пастасын өндіретін «Colgate» компаниясының сарапшысы Юлия Александровна аталған компания өнімінің түпнұсқа немесе көшірме екендігін қалай ажыратуды көрсетті. Ең алдымен, түпнұсқа қорабының ашылатын тұсында қағаз алты жерден кесілген. Ал көшірмесінде үш жерден, кейбірінде мүлдем жоқ. Сонымен қатар, түпнұсқаның жазулары түсінікті, біркелкі әрі қатесіз жазылған. Тауар көшірмесін өндірушілер бұған мән бермеген. Оған қоса, тауарды сатып алғаннан кейін оның иісі мен түрі арқылы анықтауға болады.
Әділет басқармасының бас маманы Ғалым Достанов аудан аумағында осындай жағдайдың тіркелгендігін айтты. Сөзіне сүйенсек, Құлжа тас жолының бойындағы жанармай бекеттерінің бірінде аталған тіс пастасының көшірмесі саудаланып келген. Бірақ, жанармай бекетінің иесі бұл жайттан мүлдем бейхабар болған. Алайда, кәсіпкер жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлеген.
Кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Нұрболат Серғали да жиылған кәсіпкерлерге алаяқтарға алданып қалмауын ескертті:
– Өздеріңіз білесіздер, Мемлекет басшысы 3 жылға жеке кәсіпкерлерді тексеруге мораторий жариялады. Осыған орай, біз жалған тауар өндіріп сатушыларды тексеріп, анықтай алмаймыз. Олар да жеке кәсіпкер ретінде тіркелген. Осылайша сіздерге келіп, тауарларын ұсынуы мүмкін. Сіз сатқан көшірме тауардан адам денсаулығына зиян келсе, сізді құзырлы органдардың тексеруіне мүмкіндігі бар. Тауар ұсынушылардың сертификаттары мен құжаттарын сұраңыздар – деп кеңес берді бөлім басшысы.
Басқосу соңында сөз алған партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Асыл Байтулақұлы:
– Көшірме жасаушы алаяқтар тек күнделікті тұрмыста жиі қолданатын, сұранысқа ие тауарларды жасап шығарады. Оны сіздер де қолданасыздар. Өзіміздің қауіпсіздігіміз үшін тауар аларда абай болғанымыз жөн – деп кәсіпкерлерге кеңесін айтты.
Мамандардың сөзінше, белгілі бір сауда нүктесінде көшірме тауардың сатылып жатқандығы туралы шағым түссе, тауар белгісін заңсыз қолдану фактісі анықталса, тексеру жүргізіліп, қомақты айыппұл салынады кәсіпкерге. Тіпті, кәсіпкердің алданып қалғандығы да жауапкершіліктен құтқармайды.
С.НҰРАДИН
В нашей стране преодоление коррупции является одним из главных направлений государственной политики, приоритетность которого обозначена главой государства.
В послании Первого Президента Республики Казахстан Н. Назарбаева народу Казахстана «Стратегия «Казахстан-2050» – новый политический курс состоявшегося государства» указано, что коррупция – не просто правонарушение. Она подрывает веру в эффективность государства и является прямой угрозой национальной безопасности.
Коррупция угрожает фундаментальной ценности нашего государства – независимости, благодаря которой стали возможны все успехи Казахстана. Коррупция разрушает доверие общества к государству, снижает эффективность государственной власти, серьезно препятствуя социально-экономическому и духовному прогрессу страны. Без наличия у граждан антикоррупционной культуры, стойкого иммунитета к коррупции, ее публичного порицания невозможно достижение желаемого результата. Енбекшиказахская районная территориальная инспекция Комитета ветеринарного контроля и надзора МСХ Республики Казахстан, являясь государственным органом, осуществляет свою деятельность согласно нормативным правовым актам. С начала 2020 года в территориальной инспекции МСХ РК проведено 3 собрания по предупреждению коррупции.
В территориальной инспекции на постоянной основе проводится разъяснительная работа среди государственных служащих о недопущении проявления фактов коррупции, совершении коррупционных правонарушений, за которые предусмотрена административная и уголовная ответственность. В здании районной территориальной инспекции имеется ящик для обращений граждан и указаны номера горячей линии, по которым можно обратиться в компетентные органы в случае совершения государственными служащими коррупционных правонарушений.
А.ИСКАКОВ,
главный специалист, ветеринарно-санитарный
инспектор Енбекшиказахской районной территориальной инспекции КВКиН МСХ РК
Шелек ауылдық округінің әкімдігі мен мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастырумен Қазақстан Республикасының тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөз қорын насихаттау, Абай шығармашылығын дәріптеу арқылы қазақ тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген этнос өкілдерінің ықыласын арттыру мақсатында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты байқау өткізілді. Оған №1, Абай, Ы.Алтынсарин, В.Вихров, Т.Кенжебаев, Ә.Молдағұлова, М.Мәметова, А.Розыбакиев орта мектептерінің өнперпаздары қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.
Байқауды Шелек ауылдық округінің әкімі Е.Есенхановтың өзі ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Одан әрі байқаудың шарты бойынша Абайдың балалық шағы, есейген кезі немесе өнері туралы ұжымдық көрніс көрсету, өлеңдері мен қара сөздерін және өз шығармашылығынан бір өлеңді мәнерлеп оқу, Абай әндерінің бірін нақышына келтіріп орындау талап етілген болатын. Алайда тек үш мектеп қана өз көрністерін дайындаған. Ал басқа жағынан толықтай дайындалып келген.
Байқауға «Еңбекшіқазақ» газетінің тілшісі Н.Тілеуқабыл, Шелек ауылдық музыка мектебінің оқытушысы А.Төлегенова, Алматы облысы «Тіл» оқыту әдістемелік орталығының Еңбекшіқазақ аудандық филиалының Шелек өңірі бойынша оқытушысы Б.Ахметова қазылық етті. Қазылардың шешімі бойынша үшінші орынға В.Вихров орта мектебі, ал екінші орынға №1 орта мектебі ие болды. Жүлделі бірінші орынды Ә.Молдағұлова мектебі жеңіп алды. Қалған мектептер алғыс хаттармен марапатталды. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Н.Исабекова,
Шелек ауылдық округі әкімдігінің жастар ісі жөніндегі
әдіскер-нұсқаушысы
*****
Жуырда Нұрлы ауылындағы «Балапан» бөбекжай балабақшасында тәрбиешілер арасында балабақшаның музыка жетекшісі Б.Тұрсынғали ұйымдастыруымен «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» атты музыкалық іс-шара болып өтті. Аталған шараға Масақ ауылдық округінің әкімі Е.Нұрмаханов, Нұрлы орта мектебінің директоры Ш.Абітқожаева, балабақша меңгерушісі Т.Мамырова, сонымен бірге тәрбиешілер мен ата-аналар қатысты.
Шараның басты мақсаты ақынның шығармашылығын дәріптей отырып, оны барынша насихаттау, ұжымның арасындағы бірлікті арттыру. Шара барысында Абай атамыздың өмір жолы мен өлеңдері, қара сөздері мен әндерінен жарысқа түсті. Сонымен бірге Абай атамыз туралы сұрақтар қойылып, ақын шығармашылығы мен өмірін қаншалықты білетіндіктері анықталды.
Абай атамыз тек қазақтың мақтанышы ғана емес, әлемдік ортақ тұлғаға айналған данышпан. Сондықтан оның әрбір ақлиялары мен өнегелері жас ұрпақ үшін таптырмас қазына. Болашақта да мұндай игі шаралар өз жалғасын табатыны анық.
Б.Тұрсынғали,
«Балапан» бөбекжай балабақшасының музыка жетекшісі
*****
«NurOtan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филилалының жұмыс жоспарына сәйкес Шелек ауылындағы Абай атындағы орта мектебінде «Ұлы Халықтың ұлы ақыны» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды. Іс-шара өскелең ұрпақты Абай Құнанбайұлының өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын, өлеңдерін, қара сөздерін, насихаттап өскелең ұрпаққа жеткізу мақсатында өткізілді.
Әдеби-сазды кешке «NurOtan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Байғоджаев, ауданымыздың құрметті азаматы, ел ағасы Е.Сұлтанғазиев, ақын Ш.Құсайынұлы, ардагер ұстаздар мен ауылдық мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты. Келген қонақтар өз ризашылығын білдіріп, іс-шараға еңбегі сіңген әріптестерімізді Алғыс хатпен марапаттады. Осындай іс-шаралар алдағы уақытта өз жалғасын табады.
Б.Рахимов
Жуырда Тескенсу ауылы Жамбыл орта метебінде осы мектептің 1982 жылғы түлектерінің ұйымдастыруымен ғасыр ақыны Тұманбай Молдағалиевтың туғанына 85 жыл толуына орай «Ақ ниеттің адал жаршысы» атты шара болып өтті. Онда дәстүрлі кештерге ұқсас ән мен жырдан шашу шашылып, соңында әжелерге арналған «Ғажайып алаң» атты сайыс ұйымдастырылды.
Ғасыр ақыны аталған ғаламат талант иесі Т.Молдағалиевтың жырлары қазақ әдебиетіне жалынды леп пен өзгеше соқпақ әкелген жырдың жақұты болды. Тұманбайдың өлеңдерін жаттап, сөзіне жазылған әндерді әуелетпеген қазақ кемде-кем. Бүгінде арғы дүниеде жатсада аты ұмытылмай келе жатқаны жүрек тербер әсем лирикаларының арқасы екені анық.
Шара барысында мектеп директоры М.Ыдырысов ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, өткізіп жатқан шараларының маңыздылығына тоқталды. Ауданымыздың ғана емес, барша қазақтың мақтанына айналған Тұмағаңды жас ұрпаққа дәріптеу, әрине, құптарлық іс. Осы шараны ұйымдастырып, демеушілік көрсеткен Тескенсу ауылының 1965 жылғы азаматтары. Олардың қатарында А.Кітапбаев, Б.Әбдірешов, А.Мырзабатыров, А.Алишева т.б секілді ауылының болашағына бей-жай қарамайтын үлгілі жандар бар. Шараның мәнді өтіп, есте қалуы үшін Т.Молдағалиевтың досы марқұм Едіге атамыздың жары Әнипаш апамыз ақынның өмірі мен өнегесі туралы көптеген естеліктер айтып, өткен тарих туралы сыр шертті. Сонымен бірге, мектеп оқушылары дайындаған сазды бағдарлама келгендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Онда ақынның өлеңдері оқылып, әндері шырқалды. Әсіресе, топпен «Қаражорға» биін билеген бүлдіршіндердің өнеріне барлығы риза болысты.
Шара соңында әжелеріміз ресейлік «Поле чудес» интеллектулдық ойыны нұсқасында даярланған «Ғажайып алаң» ойынына қатысып, ақын өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін сынады. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Нұрсерік ТІЛЕУҚАБЫЛ
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2020 жылғы 18 наурыз күні сағат 17.00-де Үндістан Республикасы Нью-Дели қаласында Үндістан Ұлттық музейінде «Ұлы дала: Уақыт. Кеңістік. Мәдениет» көрмесін ашады.
Көрме Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған халықаралық «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» көрме жобасы аясында 2020 жылғы 18 наурыз - 19 сәуір аралығында өтеді.
Көрменің басты жәдігері «Алтын адам» - ел рәміздерінің ажырамас бөлігіне айналған Қазақстан тарихындағы ең танымал археологиялық сенсация. «Алтын адам» 1969 жылы Алматының маңайындағы Есік қорғанында археолог Кемал Ақышевтың жетекшілігімен жүргізілген археологиялық жұмыстар нәтижесінде табылды. Қорғаннан арасында киімдерді безендіретін детальдар, сол сияқты әшекейлер мен тұрмыстық заттар бар төрт мыңнан астам алтын бұйымдар табылды. Зерттеушілердің қорымдағы заттардың топографиясын тер төгіп зерттеулері нәтижесінде, көрмеге ұсынылып отырған сақ жауынгерінің келбетін жаңадан жасап шығу мүмкін болды.
Үндістан Ұлттық музейіне ұсынылған көрмеден киімі алтын жапсырмалы және жебе, қар барысы, арқар, жылқы және құс түріндегі алтын тілімшелер әшекейлеп тұрған конус пішінді ерекше бас киімді Алтын адамның реконструкциясын және осы жас ақ сүйек сақ жауынгерімен (археологтардың пікірлері бойынша 17-18 жастар шамасында) бірге жерленген ерте темір ғасырының (б.д.д V-IV ғғ.) археологиялық олжаларының коллекциясын тамашалауға болады.
Есік Алтын Адамы - халықаралық көрме жобасының аясында әлемнің 12 музейінде ұсынылған Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің басты жәдігері. Көрме Беларусь, Ресей, Әзербайжан, Қытай, Польша, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Солтүстік Македония, Түркия, Малайзия және Грецияда үлкен жетістікпен өтті.
Бастапқы сиқырлы мәнінен айрылған жануарлардың сәндік бейнелері зергерлік бұйымдарда, миниатюра кітаптарда, ағаш, тас және сүйек нақыштарында, сәулет сынды ортағасырлық өнерде әлдеқайда жинақталыңқыраған түрде, стильденген ою, зер элементтерінің пішінін қабылдап қолданыста қала берді. Бұл үрдістер экспозицияға қойылған XV ғасырға тән деп даталанған Сайрам көмбесінен табылған зергерлік өнер бұйымдарынан айқын байқалады.
Көрмеде сол сияқты Тақсай (Батыс Қазақстан облысы), Талды-2 (Қарағанды облысы) және Берел (Шығыс Қазақстан облысы) сынды сақ қорғандарынан табылған археологиялық бірегей олжалар да көрсетілетін болады.
Есік қорғанынан табылған заттар арасында ежелгі жазба ескерткіштерінің бірі руна жазумен жазылған жазбасы бар күміс тостағанның экспозициядан алар орны ерекше.
Сонымен қатар, көрмеге Батыс Қазақстан облыстық тарих және археология орталығының археологиялық отряды 2012 жылдың сәуірінде қазба жұмыстары кезінде табылған «Тақсай ханшайымы» ұсынылады. Тақсай қорымында ғалымдар 35-40 жастағы әйелінің қоғанын зерттеді. Оның қасында ыдыстар, сәнді бас киімнің әшекейлері және көптеген алтын бұйымдар табылды. Ғалымдар шайқастардың көріністерін бейнелейтін ағаш тарағы ерекше артефакт деп санайды.
Көрмеге Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің қорларынан барлығы 292 зат ұсынылады.
Көрменің ресми ашылуының алдында Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі мен Үндістан Ұлттық музейі өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.
Дереккөз: inform.kz
Халыққа қызмет көрсету орталығының көмегіне күндігіне жүздеген адамдар жүгінеді. Сансыз кезектер, сырғып жатқан сағаттар мұның барлығы бір ғана анықтаманы алуға кеткен уақыт өлшемі. Енді бұл мәселе өз шешімін тапты.
«eGov mobile» жаңа мобильді қосымшасы арқылы есепсіз қағаздарды әп сәтте қолға түсіре аласыз.
Еріктілер жылы аясында облыстың жастары «eGov mobile» жүйесін насихаттау, оның қолданушыларының санын арттыру мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастыру үстінде. Алматы облысы, жастарға қызмет көрсету орталығы ХҚО қызметкерлерімен бірлесе отырып, түсіндіру жұмыстарын бастап кетті.
Дәлірек айтсақ, аптасына бір рет, әр сейсенбі сайын арнайы мамандармен семинар-тренинг өткізіледі. Халықты ақпаратпен толық қамтамасыз етуге жағдай жасау үшін жастарға қызмет көрсету орталығында «Egov-сынып» ашылған. Мұндағы мақсат - Елбасының цифрлы Қазақстан жобасын насихаттау және халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру.
Бүгінгі таңда ХҚО-да 634 мемлекеттік қызметтің түрі алынса, электрондық цифрлы қолтаңба арқылы 534, TelegramBot-тан 25, «eGov mobile» ұялы телефон қосымшасынан 68 қажетті қызмет түрін алуға болады.
Сала мамандарының айтуынша, алдағы уақытта барлық мемлекеттік қызметтер электрондық үкіметке көшуі мүмкін. Сондықтан осы бастан жүйені дұрыс пайдаланып, тиімділігін өз пайдалрыңызға жарату абзал.
Қазіргі кезде қала бойынша «eGov mobile» жаңа мобильді қосымшасына тіркелгендердің саны 6100 құрап отыр. Олар электронды қызметті тұтынуды 60 пайызға үйренген.
Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Жомарт Мандатұлының сөзіне құлақ түрсек, Талдықорған қаласынан 200-ге тарта адамға осы қосымшаны қолдануды үйрету жоспарланған. Бұл көрсеткішті облыс көлемінде алып қараса 1000-ға жуық тұрғын қолға алынған жұмыстың нәтижесінде жүйені жетік меңгереді деп күтілуде.
Мобильді үкіметке тіркелу қиындық тудыртпайды. Қосымшаны ЭЦҚ-мен немесе бір реттік пароль арқылы авторизациялау арқылы кәдеңізге жатаруға мүмкіндік мол. «eGov mobile» электрондық үкіметтің мобильді қосымшасы Play Market, AppStore-дан жүктеу қолжетімді.
Мемлекеттік мекемелердің табалдырығын тоздырмай-ақ қажетті құжатыңызды алуға болатын «eGov mobile» -дің пайдасы көл-көсір.
Анар САБЫРОВА
Бүгінде қызметтің ауыр не жеңіліне қарамастан, әйелдер қауымы еркектермен қатар әр салада еңбек етіп жүр. Нәзік жандылар білім, медицина, сауда-саттық саласымен бірге қарулы күштер қатарында да қызмет етуде. Өзге салалар түсінікті ғой, ал әскери сала әйел заты үшін қиындық туғызбай ма? Темірдей тәртіп, бұлжытпай орындалуы тиіс бұйрық, қатал басшы және тағы да басқа қиыншылықтар әйел үшін, әрине, қиын. Әйелдер мерекесіне орай Қаракемер кенті Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6654 әскери бөліміне арнайы бардық. Ондағы ерлермен қатар әскери қызмет қиындығын мойымай көтеріп жүрген нәзік жандылар туралы жаздуы жөн санадық.
Кейіпкеріміз – 6654 әскери бөлімінің саптық бөлімінде аға маман, жауапты орындаушы қызметіндегі кіші сержант – Іңкәрова Салтанат Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданында дүниеге келген. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін тарих пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша аяқтаған. Саналы түрде әскери қызметті таңдаған Салтанат небәрі 23 жасында 2007 жылы қарулы күштер қатарына қабылданған. Петропавл қаласынан басталған әскери қызмет жолы оны жары – 6654 әскери бөлімінің тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Жандос Көлбаевпен табыстырды. Салтанаттың айтуын-ша, олар Қазақстанның тек Батыс және Шығыс өңірлерінде ғана болмаған. Ал өзге өңірлерді әскери жанұя түгелдей аралаған. Гүлдана, Айзере есімді қыздары бар. Қаракемер ауылындағы Қ.Орынбетов атындағы орта мектебінде бірі мектепалды даярлық сыныбында, бірі – 2 сынып оқушысы.
Қызмет қиын ба? – деген сұраққа: – Қиындығы бар, әрине. Алдымен, балаларға көңіл бөлу, үйдің жұмысы, әскери қызметтен бөлек уақыт талап ететіні аян. Бұл жағынан алғанда әскери қатаң тәртіп түсіністікпен қарап, әйелдерге деген жеңілдіктер қарастырылған. Сондай-ақ, туған-туыс, көрші-қолаң да қол ұшын созып, жәрдемдесуге даяр, – дейді Салтанат.
Сондай-ақ, жарыңның мәртебесі жоғары лауазым иесі болғаны да қиын. Оның ары мен абройына нұқсан келтірмеу үшін жұмысты уақытылы әрі тындырымды орындауға тырысасың, – дейді.
Бүгінде әскери қызметке әйелдер қауымы да көптеп бет бұруда. Себебі, ел үшін, жер үшін жанқиярлық әрекеттер тек еркектерге емес, әйелдер қауымына да тән түсініктер екендігін дәлелдегендей. «Алып анадан туады» – дейтін тәмсіл де дәл осы түсінікті айғақтап тұр.
Әділет САРЫБАЙ
Совет деловых женщин при Президиуме Национальной палаты предпринимателей Республики Казахстан «Атамекен» создан с целью продвижения комплекса мер, необходимых для развития женского предпринимательства в Республике Казахстан, координации взаимодействия государственных и общественных структур по вопросам развития женского предпринимательства.
С момента создания Совета деловых женщин Енбекшиказахского района осенью 2018 года его возглавляет Шолпан КАСЫМБАЕВА, заместитель председателя совета предпринимателей Енбекшиказахского района, директор областного филиала «Ассоциации поддержки и развития фармацевтической деятельности Республики Казахстан», член рабочей группы при Министерстве здравоохранения РК, эксперт Рабочей группы Мажилиса Парламента РК по проекту Кодекса « О здоровье народа и системе здравоохранения», делегат бизнес-форума деловых женщин Объединенных Арабских Эмиратов и Казахстана.
Накануне 8 Марта мы попросили Шолпан Булетаевну рассказать о предназначении Совета, о предпринимательницах, входящих в его «ядро», поделиться планами на ближайший период. – Шолпан Булетаевна, что является главной целью Совета деловых женщин, с кем он сотрудничает, на что ориентируется в своей деятельности?
– Основной миссией Совета является объединение женщин для повышения их активности в деловой среде. Совместно с неправительственными организациями и местными исполнительными органами, НПП «Атамекен», члены Совета ведут работу по внедрению госпрограмм здравоохранения, образования, и воспитания, культурного развития детей и молодежи, по обеспечению благоприятного правового, финансового и делового климата для женщин в сельских регионах, по доступности для них финансовых, общественных, образовательных институтов. Мы добиваемся повышения социального статуса женщин в традиционном обществе, организуем обучающие семинары, курсы для сельских женщин, привлекая госучреждения, банки, НПО, крупные компании. Важно устранить барьеры для женского предпринимательства, способного внести существенный вклад в социально-экономическое развитие страны.
– Какие примеры деятельности Совета Вы можете привести?
– Начиная с 2018 года Совет деловых женщин района регулярно оказывает консультативную помощь женщинам- предпринимателям по вопросам развития бизнеса, участвует в реализации программ «Бизнес бастау», «Бизнес советник», «Жас кәсіпкер», которые проводит директор районной НПП «Атамекен» Бахытгуль Дуйсебекова. В прошлом году Совет организовал 3 обучающих тренинга для женщин в рамках программы «Соса-соla белестерi». В июле 2019 года на базе нашего района совместно с региональным филиалом НПП «Атамекен» и районным акиматом был проведен масштабный республиканский семинар-совещание по развитию женского предпринимательства в сельских регионах.
Члены СДЖ также нередко возглавляют НПО и профессиональные объединения.
Вот лишь несколько примеров. В феврале 2019 года в районе учрежден филиал Казахстанской ассоциации дошкольного образования (КАДО) директором филиала избрана Галия Жаманкулова, директор яслей-сада «Дана» с.Саймасай. В августе 2019 года под моим руководством открыт Алматинский филиал «Ассоциации поддержки и развития фармацевтической деятельности Республики Казахстан», который активно участвует в разработке и обсуждении законодательной базы фармацевтического рынка. В ноябре 2019 года директор частных детских садов и гимназии Жазира Отарбаева и директор Фонда местных сообществ Енбекшиказахского района, лидер устойчивого развития среди сельских женщин Бахыт Ельчибаева приняли участие во II Республиканском форуме сельских женщин. Президент Альянса «Одақ Евросоюз» Асиям Медведюк (Шелекский регион) способствует укреплению производственно-сбытовых цепочек фермеров (соя,кукуруза, яблоки, овощи, молоко) по проекту Евросоюза «Одақ».
Весомую лепту в работу Совета вносят председатель ОФ «Союз женщин района» Роза Исатаева, директор ТОО «Шелек-Тулпар» Адалят Газиева, директор музея беркутчи «Жеті қазына» в с.Нура Динара Серикбаева, собственник детсада «Дилана» в с.Ават Жанна Нокабаева, директор кризисного центра «Интизар» Уркыз Илиева, директор Фонда местных сообществ Бахыткуль Ельчибаева. Сформировано молодежное крыло СДЖ, его лидеры – выпускницы программы «Жас кәсіпкер», предпринимательницы Гульжан Амиркулова и Асем Тынайбекова.
– Неотъемлемая черта «женского» бизнеса – благотворительность. Много ли у нас таких предпринимательниц?
– Вы правы, сердечное участие и отзывчивость свойственны многим деловым женщинам. Материальную помощь учащимся, юным спортсменам постоянно оказывает директор частных детских садов и гимназии Жазира Отарбаева. Предпринимательница Жанна Нокабаева раздала 640 новогодних подарков, в течение учебного года за счет собственных средств ИП «Ж.Нокабаева» ежедневно получают горячее питание около ста детей в школах имени В.Терешковой, имени Абылайхана, имени Р.Токатаева, имени Аль-Фараби. Детсад «Дана» Галии Жаманкуловой в с.Саймасай бесплатно посещают 10 детей из малообеспеченных семей. ИП «Шабалдина Н.Р.» оказало материальную помощь детям в школе имени Абылайхана, обеспечивает бесплатное горячее питание для десяти учеников. Директор Есикского частного профессионально-технического колледжа Карашаш Есенова провела акцию «Килограмм счастья» по подержке многодетных семей продуктами, в ходе акции «Твори добро» привезла новогодние игрушки, сладости в детдом г.Талгара «Нұр». С 2017 года колледж по госпрограмме занятости и массового предпринимательства обучает студентов из малоимущих, малообеспеченных, многодетных семей, детей-сирот, детей-инвалидов, ежегодно на краткосрочных курсах обучает и трудоустраивает около 80 безработных граждан района. С 2019 года студенты-волонтеры колледжа помогают подшефным семьям в решении бытовых проблем. Поддержку таким семьям также оказывает директор музея «Жеті қазына» Динара Серикбаева. Ветеран движения НПО, директор кризисного центра «Интизар» Уркыз Илиева в с. Енбек построила приют для женщин и детей, пострадавших от бытового насилия. За прошлый год она организовала два «круглых стола», приняла участие в 4 международных конференциях по защите прав женщин и детей. Уркыз Злаудуновна удостоена звания почетного члена Совета деловых женщин области.
– Что включают мероприятия Совета по обучению, социальной и благотворительной помощи на 2020-й год?
– В План работы Совета деловых женщин района 2020 года заверстаны мероприятия по десяткам направлений. Будут организованы мастер-классы для начинающих с участием успешных и опытных женщин-предпринимателей района; деловые встречи с руководителями государственных структур по применению нормативно-правовых актов, регламентирующих предпринимательскую деятельность. Разработан проект, направленный на развитие системной подготовки молодежных кадров на предприятиях района. Будем добиваться включения представителя СДЖ района в районную комиссию по противодействию коррупции. В общественной сфере намечено провести творческий вечер, посвящённый наследию Абая Кунанбаева; музыкальный конкурс одарённых детей, в том числе с ограниченными возможностями; конкурс актуальных бизнес-идей среди молодых бизнес-вумэн. Будет оказываться благотворительная помощь уязвимым слоям населения, многодетным матерям, одиноким людям преклонного возраста, состоится акция «Караван добра». Совет также примет участие в поощрении волонтерских инициатив среди молодежи.
– О чем Вы мечтаете больше всего?
– Рассказать о каждой женщине-предпринимательнице: о том, какой груз ответственности они несут, оставаясь при этом хрупкими, нежными, заботливыми женами и матерями.
От всей души поздравляю наших прекрасных женщин-предпринимателей с наступающим праздником 8 Марта!
Примите мои самые искренние поздравления с праздником весны – праздником красоты, жизни, обновления, радости и веры в собственные силы!
В канун этого светлого дня желаю, чтобы теплые и чистые лучи весеннего солнца подчеркивали вашу красоту, индивидуальность и женственность.
Желаю вам счастья и любви, здоровья и дальнейшего процветания вам и вашим близким!
С уважением, Шолпан Касымбаева
Подготовил И.Туранин
Халқымыздың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдығына орай елімізде өткізіліп жатқан игі істердің әралуандығы қуантады. Сондай ерекше іс-шараның бірі – «Шапағат» бөбекжай-балабақшасында өтті.
Балабақша тәрбиешілері мен онда оқу тәжірибесінен өтіп жүрген Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі студенттері жұптасып, ән байқауында бақ сынасты. Яғни музыкалық білім алып жатқан шәкірттер мен кәсіби музыкадан алыс тәрбиешілер Абай әндерін қосылып шырқады.
Әрине, үлкен сахнаға дайындалып жүрген болашақ әншілер үшін бұл – үлкен тәжірибе. Олай дейтініміз, байқауға қатысқан үміткерлерге қойылған басты шарт – жеке өзін көрсету емес, жұбымен бірге жеңіске жету. Яғни, күнделікті қызметтегі сегіз сағат уақытын тек бала тәрбиесіне арнайтын балабақша қызметкерлерінің әншілік мүмкіндіктерін ашып, әнге қызығушылықтарын арттыру. Осыны ескерген үміткер әншілер өздерінің музыкалық мүмкіндіктерін көрсетуге емес, жанындағы жұбына икемделіп, оның сахнадағы рөліне басымдық берді. Екі кезеңнен тұрған байқауға 6 жұп қатысты. Сондай-ақ ЕГЭК студенттері шағын концерт қойып, көрерменнің көңілін көтерді.
Байқау соңында ұпай санымен алға шыққан – Сымбат Бақыт пен Балауса Мекебаеваға бірінші орын бұйырса, өзге қатысушылар да арнайы мақтау қағаздарымен марапатталды. Кеш соңында сөз алған балабақша меңгерушісі – Күнсая Умарова осындай тамаша байқаудың ұйымдастырушысы – ЕГЭК музыка пәнінің оқытушысы Тамара Хуанышқызы мен қаты-сушыларға алғысын айтты.
Құралай МҰРАТҚЫЗЫ
Осы аптада аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің ұйымдастыруымен «Жетісу – адалдық алаңы», жобалық кеңсесі және «Сапалы жол» жобалары аясында бекітілген іс-шаралар жос-парына сәйкес Есік қаласындағы Қ.Орымбетов көшесінің орташа жөндеу жұмыстарына мониторинг жасалды.
Орташа жөндеу жұмыстары 2019 жылдың маусым айында басталған болатын. Жобаға сәйкес, 3 шақырым жерге асфальт төселіп, жол белгілері қойылып, арықтар жөнге келтірілу керек. Оған бюджеттен 140 млн теңге бөлінген.
Шара барысында техникалық бақылау жүргізуші «Доринжпроект» ЖШС-нің инженері Роман Ример жөндеу барысында кеткен қателіктерді тізіп, белгіленген уақытқа дейін, яғни, мамыр айына дейін олқылықтың орнын толтыруды тапсырды. Айтуынша, бүгінде жолдың кейбір жерлерінде асфальт жабындылары бұзылып жатыр, кәріз, ауыз су құдығының қақпақтары асфальттан төмен түсіп кеткен. Жоба мерзімі аяқталғанға дейін жол жиегін тазалап, құрылыс қалдықтарын шығару да тапсырылды мердігер мекемеге.
– Қар жауып, қыс мезгілі түскендіктен былтыр құрылыс жұмыстарын тоқтатып қойдық. Тіпті, қазіргі ауа-райының өзі асфальт төсеуге мүмкіндік бермейді. Қазіргі уақытта басқа жұмыстарды атқарып жатырмыз. Күн жылынғанда асфальт төсеп, кеткен кемшіліктерді жоямыз. Сонымен қатар, атқарған жұмысымызға 2 жыл кепілдік береміз – дейді қосалқы мердігер «АБЗ карьер ДРСУ» ЖШС-нің қызметкері Ермек Абуханов.
Жалпы жобаға 140 млн теңге бөлінгендігін жеткізген бөлім басшысы Бейбіт Искаков әлі жол қабылданбағанын, қабылдау актісіне қол қойылмағандығын атап өтті. Сонымен қатар, техникалық бақылау мекемесі қойған талаптар орындалмағанша, қалған 58 млн теңге мердігер «РСУ-1» ЖШС-не берілмейтіндігін айтты.
С.НҰРАДИН
Жуырда Түрген ауылы М.Ломоносов атындағы орта мектепте кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылу күніне орай «Ауғанда от кешкендер» атауымен ардагерлермен кездесу өтті.
Тарихи оқиға жайында мәлімет беру, оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында ауған соғысы ардагерлерімен болған кездесу мемлекеттік Гимнмен ашылды. Оған Черемисин Сергей Степанович, Колыхалов Валерий Николаевич, Шлыков Сергей Григорьевич, Дутов Владимир Александрович, Азизов Мусадин Мукадинович ардагер ағаларымыз қатысты. Кездесу барысында слайдтар, фотосуреттер, ауған соғысы фильмінен үзінділер көрсетіліп, қаза тапқан жауынгерлерді еске алу мақсатында 1 минут үнсіздік жарияланды. Оқушылар ардагерлерге өз ойларында жүрген сұрақтарын қойып, сұхбаттасты. Сұрапыл соғыста кеудесін отқа тосып, Отан алдындағы борыштарын адал атқарып келген жауынгер-интернационалист ағаларымыз бастан кешкен қиындықтары туралы әңгімеледі. Кеш оқушылар дайындаған қазақ, орыс және ағылшын тілінде оқылған жыр шумақтары, ән және бимен жалғасын тапты. Соңында ардагерлер сөз алып, оқушыларға өздерінің ризашылығын білдірді.
Айнаш СЛЯМБЕКҚЫЗЫ,
М.Ломоносов атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Есік қаласындағы Р.Тоқатаев атындағы орта мектептің акт залында 1 наурыз «Nur Otan» партиясының 21 жыл толуына және «Алғыс айту» күні мерекесіне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.
Шараға ауданымыздың беделді азаматтары, партия ардагерлері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, «Жас Отан» жастар қанаты, бөлім, мекеме басшылары, қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдарының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары К.С.Байғоджаев жетекші партияның тарихына тоқталып, қатысушыларды атаулы мерекемен құттықтады. Сонымен қатар партия қатарына жаңадан қосылған азаматтарға партия билетін табыс етіп, партияның жұмысына етене араласып, елеулі еңбек еткен бірқатар партияластарды алғыс хаттармен марапаттады.
Салтанатты шара соңы Қайназар ауылының мәдениет үйі өнерпаздарының концертіне ұласты.
Б.Рахимов