Елордада Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде тікелей эфирде өткен брифингте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Абай Құнанбайұлының Семейде жұқпалы індеттің тараған кезде, қандай қадам жасағанын мысалға келтіріп, мәйіт шыққан үйге халықтың көп жиналмауын өтінді.

«Абай Құнанбайұлы Семейге келген бір сапарында шаһарда жұқпалы індеттің тарап жатқаны жайында жайсыз хабар естиді.

Бірінші кезекте, Абай халыққа жаназа рәсімдерін өткізуге қатысты бірқатар өзгеріс жасауды түсіндіру керегін ұқты. Міне, осы тұста ол өзі білетін Сармолла есімді молданы шақырып, оған халық жұқпалы аурудан сақтану үшін жаназа, хатым, астарды аз адаммен өткізуді жұртқа түсіндіру керегін жеткізеді.

Сармолла: «Қаза болған адам үйіне, жаназаға халық аз жиналсын. Мәйіт шыққан үйге көп адам келмесін. Ол үйде ас ішу, халыққа тағам тарату, жетісін, қырқын жасау уақытша тоқталсын!» деген сөзін жеткізеді. Біз тарихтан сабақ алған, соған амал еткен елміз» деді Бас мүфти.

 

Ал ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров еліміздің мұсылман қауымына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының COVID-19 коронавирусі кезінде жаназа және құдайы ас өткізуге қатысты мәлімдемесін таныстырды.

Жаназа намазына қатысты талаптар:

– Жаназа намазына бір ғана діни қызметкердің қатысуы;

– Жаназа намазына тек отбасы және жақын тумаларының қатысуы;

– Жаназаға жалпы саны 30 кісіден артық жиналмау;

– Бойында дене қызуы немесе жөтелі бар кісінің жаназа намазына мүлде қатыспау;

– Жаназа намазына келуші кісі міндетті түрде санитарлық нормаларды (бетперде тағу, медициналық қолғап кию және екі метрден кем емес арақашықтық) сақтау;

– Індеттен қайтыс болған мәйітті дәрігердің нұсқаулығына сай жуу;

– Жаназа намазы мен уағыздың жалпы уақытын 5 минуттан асырмау;

– Жаназа намазы барысында қол алысып амандаспау;

– Жаназа намазының сабын түзегенде кемінде екі метр қашықтықты сақтау;

– Қабір басында мәйіт жер қойнына тапсырылғаннан кейін жамағатты тездетіп қайтару;

– Жасы үлкен кісілер, денсаулығы нашар адамдар (ер мен әйел) және жас балалар жаназа намаздарына қатыспау;

– Қонақ асын өткізбеу;

– Жаназадан кейінгі асты өткізбеуге немесе отбасы мүшелерімен шектелу.

 

Құдайы астарға (жетісі, қырқы, жүзі, жылы және тағы басқа) қатысты талаптар:

– Астарды өткізбеуге немесе отбасы мүшелері, жақын тумаларымен шектелу;

– Бір ғана діни қызметкердің қатысуы;

– Санитарлық нормаларды (бетперде тағу, медициналық қолғап кию және арақашықтық) сақтау.

Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына үндеу жолдады. Үндеудің толық мәтінін ұсынамыз.

Қымбатты отандастар!

Қадірлі достар!

Өздеріңіз білетіндей, коронавирус инфекциясының қатерлі пандемиясы әлемнің көптеген елдерін, соның ішінде Қазақстанды да шарпыды. Миллиондаған адам осы ауыр дертпен сырқаттанды, ол мені де айналып өткен жоқ. Бірқатар шет мемлекеттер мен үкіметтер басшыларының, көрнекті саясаткерлер мен қоғам қайраткерлерінің шынайы жанашырлығын танытып, маған моральдық қолдау көрсеткені көңілімді тебірентті. Баршасы қалтқысыз ниеттестігін жеткізіп, сергектік тілеп, тезірек сауығып кетуіме тілектестігін жолдады, сол үшін бәріне зор ризашылығымды білдіремін.

Олардың қатарында Ресей Президенті Владимир Путин, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин, Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымухамедов, Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоған, Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео, Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті Халифа Заид Әл Нахаян, Үндістанның Премьер-министрі Нарендра Моди, Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэ, Иордания Королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейн, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Армения Президенті Армен Саркисян, Украина Президенті Владимир Зеленский, Корея Республикасының Президенті Мун Чже Ин, Пәкстан Президенті Ариф Алви, Израиль Президенті Реувен Ривлин, Сербия Президенті Александр Вучич, Хорватия Президенті Зоран Миланович және т.б. бар. Бәрін түгел атап шығу мүмкін емес, бірақ мен олардың барлығының жолдаған хат-хабарымен таныстым. Қымбатты достар, сіздердің шын көңілден шыққан тілектеріңіз, ыстық ықыластарыңыз маған күш беріп, өмірге құлшыныс-қуатымды арттырды. Баршаңызға басымды иіп, зор денсаулық пен табыс тілеймін.

Мен еліміздің көптеген өндіріс ұжымдарынан, еңбек ардагерлерінен, әскери қызметшілерден, студенттер мен оқушылардан – өз қолдауы мен тілектестіктерін жеткізіп, маған мықты денсаулық тілеп, толық сауығып кетуіме ниеттестік білдірген көп қазақстандықтардан хаттар мен жеделхаттар, сондай-ақ әлеуметтік желі арқылы жолданған хат-хабарлар алдым.

Маған шынайы жанашырлығы мен қолдауын ғылыми қоғамдастық пен шығармашылық зиялы қауымның өкілдері де білдіргенін ризашылықпен айта кеткім келеді. Олардың арасында Серік Қирабаев пен Әлия Бейсенова, Бибігүл Төлегенова, Төрегелді Шарманов, Мырзатай Жолдасбеков, Сұлтан Оразалин, Ғарифолла Есім, Несіпбек Айтұлы, Жандарбек Мәлібеков, Талғат Теменов және басқа да Қазақстанға кеңінен танымал қайраткерлер болды.

Менің атыма Ольга Рыпакова, Дмитрий Баландин, Илья Ильин, Әлия Юсупова, Зарина Диас сияқты белгілі спортшыларымыз ізгі тілектерін білдірді. Баршаңызға көп рахмет айтамын! Мен бәріңізді де білемін. Сіздер және басқа да жастар – тәуелсіздік перзенттерісіздер. Денсаулық пен бақыт тілеймін!

Дәрігерлердің күш-жігері және олардың талаптарын мүлтіксіз орындаудың, сондай-ақ баршаның қолдауы мен жылы сөздерінің арқасында мен сырқаттан сауығып шықтым, қазір өзімді жақсы сезінемін, толыққанды жұмысқа кіріскелі отырмын. Халқыммен бірге бұл сырқаттың бүкіл ауыртпашылығын сезіндім, қазір емделіп жатқандардың бәріне төзім мен қажыр-қайрат және тезірек сауығып кетулерін тілеймін.

Біз өткеріп жатқан күрделі кезең – бүкіл адамзаттың басына түскен сын-сынақ. Сырқатпен күрестің ең алдыңғы шебінде жүрген дәрігерлер адамдарды аман алып қалу үшін барлық күшін жұмсауда. Бұл ретте медицина қызметкерлерінің еңбегіне баға жетпейді – мұны қазіргі уақыт айқын көрсетіп отыр. Болашақта да отандық денсаулық сақтау саласына баса көңіл аударып, оны дамытуға қажетті қаржылық және материалдық ресурстар бөлу керек. Осы орайлы сәтте еліміздің медицина қызметкерлеріне ерекше ризашылығымды білдіремін.

Естеріңізде болар, тәуелсіздіктің бастапқы жылдары менің шешіміммен арнаулы Ұлттық қор құрылып, алтын-валюта резерві жасалды. Бұл бізге әлемдік екі бірдей дағдарысты жеңіп шығуға септігін тигізді және сол қаражат қазір Үкіметке пандемияға қарсы ауқымды жұмыс пен тұрмысы төмендерге қолдау көрсету барысында көмегін тигізуде. Егер алдағы уақытта оны ақылмен, үнемдеп пайдалана білсек, өзге сын-қатерлерді де тиімді еңсере аламыз. Қазақстанның басқа елдер алдында қарызы ең төмен мемлекеттің бірі екені де біздің артықшылығымыз.

Еліміздің Президенті мен Үкіметі қалыптасқан жағдайды түзету үшін қажетті барлық шараны қабылдауда. Алайда көп нәрсе өзімізге байланысты. Дәрігерлер біз үшін қолдарынан келгеннің бәрін жасап жатыр. Алайда бұл ауруды жұқтырудан сақтану көбінесе әр адамның өзіне байланысты. Төзімді болу керек, әсіресе, жастарға. Қажетті гигиена талаптарын орындап, тезірек вакцина пайда боларына үміттене отырып, ауру жұқтырудан барынша ұзағырақ уақыт сау болуға тырысқан жөн. Тәртіп сақтап, өз денсаулығымызды, туған-туыстар мен жақындардың амандығын ойлауымыз қажет, дәрігерлерге сену керек.

Халқымыз басқа түскен қиындықты өзінің қайрат-жігері, ұйымшылдығы, болашаққа деген ұмтылысы арқылы бүкіл халықаралық қоғамдастықпен бірге лайықты түрде еңсеріп, аман-есен шығарына сенімдімін. Біз тағы да жеңімпаз боламыз. Еліміздің жақсы күндері алда. Біз біргеміз! Біз жеңеміз! Біздің ұранымыз осы.

Барлық отандастарымызға мықты денсаулық пен игілік, елімізге бақ-береке тілеймін!

Бейсенбі, 02 Шілде 2020 15:55

Елбасы коронавирустан айықты

Коронавирус жұқтырған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жазылып шықты.  

"Елбасының КВИ-ға тапсырған бүгінгі тесті теріс нәтиже көрсетті. Дәрігерлердің ұсыныстарына сәйкес, Нұрсұлтан Назарбаев өзін-өзі оқшаулау режимін сақтауды, қашықтан жұмыс істеуді және таза ауада серуендеуге уақыт бөлуді жалғастырады", - деп жазды Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.

Айта кетейік, бұған дейін 18 маусымда Айдос Үкібай Елбасының коронавирус жұқтырып, өзін-өзі оқшаулағанын хабарлаған болатын.

Алдағы 6 шілдеде Нұрсұлтан Назарбаев 80 жасқа толады. 

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру шаралары қаралды деп хабарлайды primeminister.kz

Елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында шектеу шараларын енгізу бойынша ұсынылатын шаралар туралы денсаулық сақтау министрі А. Цой баяндады.

Қазақстанда эпидемиологиялық ахуалдың өршуін және коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың өсуін ескере отырып, Мемлекеттік комиссия биылғы 5 шілдеден бастап 14 күнге келесі шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады:

Көлік қатынасы бойынша:

1. Елдер тізімін көбейтпей, халықаралық әуе қатынасын сақтау;

2. Өңірлер арасындағы әуе қатынасын, темір жол қатынасын сақтау (шектеулермен);

3. Өңірлер арасындағы жолаушылар автобусы қатынасын уақытша тоқтату;

4. Қоғамдық көліктің жұмысын уақыт бойынша шектеу.

 

Азаматтардың жүріп-тұруы бойынша:

1. Ойын-сауық, спорт және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу шараларын өткізуге тыйым салу;

2. Ашық ауада жаттығулар жасауға рұқсат ету;

3. Тұрғындардың көшелерде, саябақтарда, скверлерде 3 адамнан артық серуендеуін шектеу;

4. 65 жастан асқан адамдардың сыртқа шығуын шектеу.

 

Мына нысандардың қызметіне тыйым салу керек:

  1. Сұлулық салондары, шаштараз, спорт залдары, фитнес орталықтар, бассейндер, азық-түлік және азық-түліктік емес жабық базарлар, жағажайлар, аквапарктер, мәдениет нысандары, музейлер, көрмелер, форумдар, конференциялар және өзге де ұйымдастырылған бұқаралық іс-шаралар, ойын-сауық орталықтары, мектепке дейінгі балалар мекемелері (кезекші топтардан басқа), діни нысандар және т. б. (СОСО-дағы ойын-сауық орталықтары, ойын-сауық нысандары (караоке, бильярд, компьютер клубтары, боулинг орталықтары), кинотеатрлар, балаларды сауықтыру лагерлері, фудкорттар, банкет залдары).

  2. Мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), кеңселердің, ұлттық компаниялардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерінің кемінде 80%-ның қашықтан жұмыс істеу режимін сақтау;

  3. Алдын ала жазылу бойынша медицина орталықтарының қызметін сақтау;

  4. Дәріханалардың, азық-түлік дүкендерінің, ашық базарлардың қызметін сақтау;

  5. Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, келесі нысандардың қызметін сақтау: ашық ауада қоғамдық тамақтану нысандары; үздіксіз өндірістік айналымы бар құрылыс, өнеркәсіп кәсіпорындары; ашық ауадағы құрылыс жұмыстары; ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы және мал шаруашылығы жұмыстары; халыққа қызмет көрсету салалары, оның ішінде авто жуу, автомобильдерді және тұрмыстық техниканы жөндеу, ХҚКО-лар, екінші деңгейлі банктер (уақыт бойынша шектеу енгізумен).

Үкімет басшысы еліміздегі эпидемиологиялық ахуалдың алдағы уақытта қалай өзгеретініне байланысты аталған шектеу шаралары 2 аптаға ұзартылуы немесе қатаңдатылуы мүмкін екенін атап өтті.

Жаңа шектеу шараларын талқылауға орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Атамекен» ҰКП төрағасы А. Мырзахметов, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті Р. Жүрсінов және т. б. қатысты. 

 

Бейсенбі, 02 Шілде 2020 10:16

Әрдайым бұлай бола бермейді

Ойға шомып, аяғын әрең басып келе жатқан жігіт жолдың жиегінде отырған қартты көреді. Жанына тоқтап:

– Қария, мен жаспын, бойымда күш-қуатым да бар. Бірақ еш жерден жұмыс таба алмадым. Ұлым жатыпішер, жалқау, қызым құрбыларымен қыдыруды ғана біледі, ал келіншегім не тамақ дайындамайды, не үй шаруасына араласпайды. Не істеуіме болады, ақылыңызды айтыңызшы, – дейді.

– Бір тақтайшаға «Әрдайым бұлай бола бермейді» деп жаз да, есігіңе іліп қой, – депті қария.

Уақыт өте әлгі азаматтың ұлы кәсіп ашады, қызы жақсы жерге күйеуге шығады, ал келіншегі күнделікті түрлі тәтті-дәмді тамақ әзірлеп, қуантады. Өзі де жақсы жұмысқа орналасып, ісі алға басады. Бір күні тағы да баяғы жолмен өтіп бара жатып өзі ақыл сұраған қарияны көреді. Жігіт көлігінен түсіп:

– Ақсақал, сен мұнда әлі отырсың ба? Ал менің мына қымбат көлігімді қара, табысым да қомақты, өмірім де керемет. Қазір қандай ақыл айтасың маған? – дейді маңғаздана сөйлеп.

Сонда қария:

– Баяғыда есігіңе ілген тақтайшаны алып тастама, – деген екен.

 

PS: Ештеңе де мәңгілік емес. Бүгін бар, ертең жоқ дүниеге қатты мастану – нағыз ақымақтық. Атақ та, ақша да, тіпті денсаулық та уақытша. Ал адами қасиет пен көркем мінездің бар не жоқ болуы тек өзіңізге байланысты.

Аударған: Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

 Жасөспірімнің өзін-өзі анықтауы, қарым-қатынас ерекшеліктерін меңгеруі, өз ортасында абыройлы болуы  үлкендермен қарым-қатынас жасау барысында қалыптасады. Сондықтан жасөспірімнің айналасымен үйлесімді байланыс орнатуда, мамандық таңдауда, достары  арасында беделге ие болудағы талпыныстарында, жасөспірім үшін өмірінің қиын әрі жауапты сәті  – ҰБТ тапсыруда, түрлі сәтсіздіктен шығудың жолдарын іздестіруде бірінші көмекші болатын – мектеп психологі.

Осынау зор жауапкершілікті асқан төзімділікпен атқарып жүрген мамандарымызбен жуырда Абай атындағы орта мектепте (Шелек) «Суицидтің алдын алу психолог көмегіне жүгінуді көбейтті» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Оған аудан бойынша 139 психолог қатысты. Психолог, психиатр, білім беру және денсаулық сақтау салаларының қызметкерлері суицид жасауға бейім балалар мен жасөспірімдерді анықтап, оларға тиісті көмек көрсету тәсілдерін үйретті. Бұл мақсатқа жету үшін балалардың психологиялық денсаулыққа қатысты сауатын арттыратын тренингтер ұйымдастырылды. Суицидке бейім жасөспірімнің мінез-құлқында қандай өзгерістер болуы мүмкін екенін түсіндіріп берді.

Сонымен қатар, білім беру мекемелерінде жасөспірімдер арасындағы «Өмір қандай ғажайып!», «Өмір, сен маған қымбатсың!», «Өмір құндылықтары», «Қарым-қатынас жарастығы», «Сенімділік күш береді», «Өмірлік  мақсатқа жету», «Сенімді дос» т.б тақырыптарда тренинг сабақтар өткізіліп, өмірлік құндылықтарды үгіттейтін тәрбиелік сағаттарға оқушыларды қатыстыру жұмыстары ұйымдастырылды.

Айта кетейік, 2019-2020 оқу жылында «Кәмелетке толмағандар арасындағы зорлық-зомбылық, суицидтік жағдайлардың алдын алу», «Білім беру ұйымдарында тәрбиенің өзекті мәселелері», «Жасөспірімдер арсындағы суицидтік және жыныстық қатынастың алдын алу және болдырмау», «Отбасы тәрбиесі» т.б. тақырыптарда көшпелі 9 семинар-тренинг, 5 дөңгелек үстел өтті.

Атқарылған ауқымды істің нәтижесін барлау мақсатында аудан мектеп психологтері арасында «Педагогикалық оқу», «Жылдың үздік психологі» байқауы ұйымдастырылып, жүлделі бірінші орын иегері Т.Қабылов атындағы орта мектеп  психологі Айгүл Бекен облыстық «Жылдың үздік  психологі» байқауына жолдама алды. Аудан үмітін арқалаған ол облыста жүлделі үшінші орынға ие болды. Сәйкесінше, облыстық «Үздік психолог-2020» байқауында Бәйтерек орта мектебінің педагог-психологі Воцке  Ангелина жүлделі II орынды жеңіп алды.

 

Айжан БУХАРОВА, 

Еңбекшіқазақ ауданы

білім бөлімі әдістемелік орталығының әдіскері

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Egemen Qazaqstan газетінде жарияланған мақаласын назарларыңызға ұсынамыз.

Ел қуатты болса, қуа­ныш тұрақты болады. Ғасырларды уа­қыт ұр­шығында иір­ген мың­жылдықтар тоғы­сында Ұлы дала төсінде жаңа тұрпатты жас мемле­кет құрылды. Атасы – Алаш, керегесі – ағаш қа­зақ­тың зар заманда жо­ғалтқан құндылықтары қайтарылды, бары бү­тінделді, азаттықпен бірге сәулелі сәттерге толы шуақ­ты шежіресі түзіле бас­тады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті

Осы бір мерейлі миссияны орындау мемлекетіміздің негізін қалаушы ұлы перзенті, тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың маң­дайына жазыл­ғаны – әлемде аумағы жағынан алып елдердің алғашқы ондығына енетін, ұлан-байтақ жерінің асты да, үсті де табиғи ресурстарға бай, кешегі Кеңес Одағынан ірге бөліп шыққан кезде қолында жалын атқан от қаруы бар стратегиялық маңызы зор елге уақыттың өзі сыйлаған ерекше бағы. «Ақылды басшы алдырмас» деген, өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары әлем картасында орын алған тектоникалық үлкен сая­си өзге­ріс­тердің салмағын саралай отырып, Қазақстанның ұлттық мүд­­десін сыналап енгізе білген Ел­басы осы бір отыз жыл­дың ішін­де жас мемлекетті әлемнің дамыған 30 елінің қа­тарына қосу мақсатымен көш бастады. Көшіміз көлікті болды. Ұлтымызда «Бас болмақ оңай, бастамақ қиын» деген сөз бар. Бұл орайда Қазақстан – қалыптасқан қоғамдық құрылыстар ауысқан алмағайып кезеңде кемеңгер басшысын таба білген ел.

Тарих жолы тақтайдай тегіс, түзу бола бермейді. Бұрылысы мен қалтарысы жиі кездесетін дәуірдің сыншысы да көп. Ал нақты әрі батыл іс-әрекетке бара алатын адам­дар сирек. Мұндай тұлғалар та­рих­ты түзеді, жаңа заманды алға жетелейді. Міне, Нұрсұлтан Әбіш­ұлы – осындай айрықша ерік-жі­герімен ертеңгі көкжиекке батыл қарай білген бірегей реформатор, әлем мойындаған мемлекет қайраткері! Ол – тәуелсіз елдің төл тарихын өз қолымен жасаған тегеу­рінді тұлға! Елбасымыз әлем­­нің ең азулы елдерінің басшылары мен саяси қайраткерлері құрмет тұтатын биік­ке көтеріліп, еліміз халықаралық қоғам­дастықтың белді де беделді мүшесіне ай­налды. Бұл – күрмеуі қиын күр­делі кездерде халықты ауызбір­шілік пен татулыққа жұмыл­дырып, ескі түсініктен нарықтық қоғам­ға өт­кізген және әлемдік экономи­ка­ның белсенді қатысушысына айнал­дырған Нұрсұлтан Назарбаев феномені.

Менің Елбасын алғаш көр­геніме де 35 жылдың жүзі болып­ты. Нұрсұлтан Әбішұлы 1985 жыл­дың қыркүйегінде Қазақ КСР Ми­нистрлер Кеңесінің Төрағасы кезінде Қытайға келген еді. Ол кезде елшілікте жұмыс істейтінмін. Сон­да Үкімет басшысының қы­тай­лық­тар­мен келіссөздер барысында бай­қалған мол біліміне, тоталитаризм тұсын­да қа­лып­тасқан жайлар жөніндегі батыл ойларына, сөзінің жүйелілігіне бәрі­міз қатты разы болғанбыз. Елшілік қызмет­керлерімен бас-аяғы екі жарым сағатқа созылған бейресми әңгімеден кейін бас қос­қанымызда мен әріптестеріме қарап: «Те­гінде, біз Қазақстанның болашақ бас­шы­сымен сөйлескен шығармыз» дедім. Арада бес жыл өткенде Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің бас­­шы­лығына келді.

Қазақстанның Тұңғыш Прези­дентінің тәуелсіздік таңындағы алғашқы кадрлық шешімдерінің бірі менің де тағдырымды ай­қын­дап берді. «Беласу» атты кіта­бымда: «Бұл үлкен жүректі адам менің қабілетіме сенді, сенді де оны өзім туып-өскен Қазақ­стан игі­лігі үшін аямай жұмсауыма жол ашты» деп жазған болатынмын.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хат­­шы­­сының орынбасары бол­ған жылдарымда әлемге әйгілі саясат­кер­лердің Нұрсұлтан Назарбаевқа биік ба­ға берген сөздерін талай ес­­­ті­­дім. Халқымыз үшін мерей­лен­дім.

Елдің Президентіне ғана емес, емірен­ген етене перзентіне айнала білген Нұрсұлтан Әбішұлы Назар­баев қара­пайым еңбек адам­дарының отбасында дүниеге келді, қазақ мектебінде білім алды, еңбек жолының бастауында шойын қоры­тып шыңдалды. Өзі туып-өс­кен Алатаудың асқақ шың­дарын­дай асқаралы арманына ерте қол созды. Жастайынан жұрттың жа­йын ойлады, өзі де домбыра шер­тіп, халық мұрасын жақсы білген­діктен, зиялы қауымға жақын болды. Ұйымдастырушылық қабі­леті мен еңбекке деген ерен сүйіс­пен­шілігі жас жетекшіні басқару жүйесінің ең биік шыңына алып келді. 1989 жылы маусым айында ол Қазақстан Компартиясы Орталық Коми­тетінің бірінші хат­шысы болды, ал 1990 жылы сәуір айында Жоғарғы Кеңес оны Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті етіп сайлады. Осылайша, сол кез­дегі әлемдік геосаясаттағы ең ықпалды елдің бірі саналатын КСРО көлеміндегі ең жас әрі ықпалды басшы ретінде көзге түсті.

Нұрсұлтан Назарбаев кә­нігі саясаткер ретінде алып елдің кетеуі кетіп, ша­ңырағы шай­қа­лып тұрғанын жақсы сезінді. Сон­дықтан да сол сындарлы шақ­та Одақ басшылары ортасында жүріп жатқан ойыннан тыс болып, интеграциялық үрдіс­тердің жақтаушысы ретінде көрінді. Бұл ұстанымы қаһарлы елдің қабырғасы сө­гілген кезде ТМД ұйы­мын құруға негіз болды. Жа­ңа мемлекеттердің құрылуына байла­нысты «югославиялық сце­­нарийдің» болғанын ескерсек, бұл шын мәнінде ықти­мал қантөгістің алдын алған сарабдал шешім болатын.

Тәуелсіздік алған Қазақ­станның алдында тағдыршешті таңдау тұрды. Жас мемлекет әлемдік геосаясаттағы орнын анық­тап алуға тиіс еді. Бұл туралы Елбасы былай деп еске алады: «Қазақстан қандай ел болады? Азия мен Еуропаның арасына көпір бола ма? Немесе «Солтүстік – Оңтүстік» осіне айнала ма?

1

Мемлекет басшысы жүргізген қай­та құрулардың маңызы мен тарихи ауқымын түсіну үшін сол кездегі ел­дің ахуалын көз алдымызға елестетіп көр­сек те жеткілікті. Кеңестік қоғамнан тә­уелсіз Қазақ еліне тұралаған экономика, тоқтаған кәсіпорындар мен ауыл шаруа­шылығы, кедей­шілік, жұмыссыздық мә­селелері «мұраға» қалған-ды. Мұның бәрі әлеуметтік қысымды күшейте түсті, кез келген уақытта ел ішін­де тұрақсыздық белең алуы әбден мүмкін болатын. Сондай-ақ сол кездегі көптеген саясаткерлер мен сарапшылар еліміздің болашағына үл­кен күмәнмен қарағаны да шындық. Олардың пайымынша, Қазақстандағы эко­номикалық, демографиялық қиын­дықтар мен шекараның заңды түрде бе­кітілмеуі елдің шынайы тәуелсіздігіне нұқ­сан келтіреді-міс. Алайда Тұңғыш Президенттің парасатпен жүргізген пәр­­менді саясаты әлгіндей сенімсіздік та­ныт­­қан тұжырымдардың тас-талқанын шығарды. Бір ғана шекара белдеуін шегендеп берудің өзі қаншама қажыр-қайратты қажет етті десеңізші.

Әлбетте, Нұрсұлтан Әбішұлын жаһан­дық саясатта танымал еткен ең алғашқы қадамдардың бірі – Семей ядролық сынақ алаңын жабу туралы Жарлығы болды. Сол жылдары КСРО сияқты әскери әлеуеті зор мемлекеттің ядролық қару-жарағына ие болып қалу Қазақстанға қаншалықты ар­тықшылық бермек, әлде жаңа бір шиеленістің ошағы тұтана ма деген сауалдар күн тәртібінде тұрған-ды. Өйткені еліміздің қолындағы ядролық арсенал осы санатта әлемнің алғашқы төрттігіне қо­сылуға мүмкіндік беретін еді. Алайда, Елбасының саяси ерік-жігері арқылы қазақ ұлты әлемде ядролық сынақтан қатты зардап шеккен халық ретінде жойқын қаруды таратпау туралы бастама көтерді.

Тұңғыш Президенттің тоқ­тамын халықаралық қа­уым­дастық та оң қа­былдады. Бүгінге дейін Қазақстанның бас­тамасын қуаттаған бірқатар мемлекеттер ашық күнді тозаққа айналдырған ядролық полигондарын жауып, қолдау көрсетіп келеді.

Айталық Семей полигоны жабылғаннан кейін Ресейдің Жаңа жердегі сынақ полигоны, АҚШ аумағындағы «Невада» полигоны, фран­цуздардың Тынық мұхиттағы полигоны және Қытайдың Лобнор ядролық сынақ алаңы жұмысын тоқтатты. Жер шарының кез келген нүктесіне жетерлік бір мың екі жүз ядролық оқтұмсығы бар 110-нан астам баллистикалық зымыранды құрайтын мөлшері жағынан әлемдегі төртінші ядролық әлеует АҚШ және Ресеймен бірлесе отырып, залалсыздандырылды. 2006 жылдың қыркүйегінде аймақтағы өзге де елдермен бірге Орталық Азияны ядросыз аймақ деп жариялаған Семей келісіміне қол қойылды. Келісімге қазірдің өзінде 200-ге жуық мемлекет қосылып, 150-ден астамы ратификацияланды. Қазақстанның бұл бейбітшіл идея­сы негізінде Президент Жарлыққа қол қойған 29 тамыз – Дүниежүзілік ядролық қаруға қарсы іс-қимыл күні ретінде аталып өтеді. Осы бейбіт бастаманы әлі де белсенді жалғастыруымыз қажет.

Елбасы – БҰҰ мінберінен әріптестерін атомды бейбіт мақсатқа қолдануға үнде­ген салиқалы саясаткер. Бұл мәселе 1946 жылы алғаш шақырылған Бас Ассам­блеяда қозғалғанымен әлем елдері жанталаса қарулануын тоқтатпаған болатын. Сондықтан Тұңғыш Президенттің тегеурінді сөзі мен ісі бір арнадан табылып, ол жаһандағы жойқын қаруды таратпау жолындағы жүйелі жұмысты бастап берді. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев ғаламдық жылыну мәселесіне де бейжай қарамай, әлем назарын Орталық Азияның ғана емес, адамзаттың бас ауруына айналған Арал проблемасына аударды. Өйткені теңіздің құрғаған табанынан ұшқан тұз солтүстік жарты шарға жеткен болатын. Бүгінде кіші Аралдың арнасы толып, тұздылығы азайып, балық шаруашылықтарына қайтадан қан жүгірді, теңіз табанынан көшкен құмды тоқтату үшін үлкен аумаққа сексеуіл ормандары егілуде. Ол осы орайда экологиялық апаттармен күресуге жәрдемдесу мақсатында әлем­дік экономикалық мәселелердің реестрін дайындау сынды өте өзекті ұсы­ныс білдірді. Сол арқылы БҰҰ-ның әлемдік қарым-қатынастарды, адамзатқа ортақ мәселелерді реттеудегі орнын күшей­туге де үлес қосты.

Ол ұлтты біріктіруші ұлы тұлға ре­тінде тәуелсіздік тұжырымын бекітуге және нығайтуға бар күш-жігерін арнады. Еуразия құрлығындағы алыптардың ортасында отырып, достық рәуішті дипломатия арқылы мәмілегерлік жолды ұстанды. «Ел ұстама, ел ұстасаң, кек ұстама» деген бабалар сөзімен берік байлам жасады. Әлбетте, дүниенің екі бөлігі – Еуропа мен Азияның арасынан, екі өркениет – батыс пен шығыс мәдениетінің ортасынан, екі жүйе – тоталитаризм мен демократияның аралығынан жол тауып шыға білу – сұң­ғылалықпен, көрегендікпен сипатталатын саяси зор қабілет. Елбасы осы бір алшақ дүниетанымдардың арасынан қоғамға ортақ қасиеттер – азиялық дәстүр мен батыс жаңашылдығын жымдастыра отырып, жаңа тұрпатты мемлекеттің ұстынын қалыптастырды. Бүгінде барша әлем Қазақстанды қарқынды инте­грацияның қатысушысы және бейбіт ел ретінде біледі. Бұл – Елбасының ерен еңбегі мен ерекше көрегенділігінің нә­ти­жесі. Осы жолда ол АҚШ, Ресей, Қытай сияқты алпауыт елдердің, Еуропа, Азия елдері басшыларының бірнеше буынымен ресми-бейресми байланыс орнатып, Қазақстанның халықаралық қауымдастықтағы орнын айқындауға айрықша еңбек сіңірді.

Нұрсұлтан Назарбаев барлық рефор­маның қозғаушы күші де, кепілі де өзі болды. Сондықтан да қолға алған іс-қимылының дені сәтімен жүзеге асырылды. Оның бастамасымен еліміз жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшті. Барлық мемлекеттік құрылымдарда түбегейлі реформалар жүргізілді. Демо­кратия дәстүрлері орнықпаған, құқы­қтық тәртіп беки қоймаған елде қатаң орта­лықтандырылған жүйеден еркін нарыққа көшу үздік-создық, ауыр әрі күрделі болды. Бұл Нұрсұлтан Әбішұлы тарапынан жасалған тәуекелі зор, үлкен қадам еді.

НАТО-ның Бас хатшысы Дж. Роберт­сон бұл туралы кейін: «Президент Назарбаевқа өткенді бұзу және ел ішінде шынайы реформаларды жалғастыру, тез өзгеретін халықаралық жағдайға бейім­делудің қаншалықты қиынға түс­кенін жақсы түсінеміз» деп еске алады. Міне, осындай өтпелі кезеңде Елбасына бір мезгілде бір-біріне қайшы келетін мәселелерді шешуге тура келді. Ол бір жағынан халықтың күнделікті өмір сүруіне қажетті нәрселермен – қалалар мен елді мекендердегі жылу, жарық мәселелерін ше­шумен, екінші жағынан мемлекеттің ұзақ мерзімді стратегиялық даму жос­парларын айқындаумен айналысты. Бірінші кезеңде қатаң билік жүйесімен астасқан экономиканы либералдандыру міндеті тұрды. Өйткені мейлінше аз шығын мен күш жұмсай отырып, жоспарланған өзгерістерді жасау үшін қуатты атқарушы билік және халық алдындағы, тарих ал­дындағы жеке жауапкершілік керек екенін жақсы түсінді. Ең қиын реформалар осы уақытта жүргізілді. Жекешелендірудің бірнеше кезеңі өткізілді. Нәтижесінде өндіріске жан бітті, қаржылық және макро­экономикалық тұрақтандыру іске асырылды, бюджет пен салық жүйесі құрылды, инфляция жүгенделді, халықтың өмір сүру сапасының ең төменгі жеткілікті деңгейі қамтамасыз етілді.

Президенттің бас болып атқарған үлкен бір қызметі – ұлттық валютаның қол­данысқа енуі. Өзіндік қаржылық-экономикалық жүйе құрылды, биліктің атқарушы органдарының бірыңғай вер­тикалы бекітілді, Қарулы күштер және басқа да күштік құрылымдар жасақталды, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі нығая түсті. Сонымен қатар көппартиялы жүйе жасалып, азаматтық қоғамның негізі қаланды, баспасөздің еркіндігіне жол ашылды. Қазақстан өзінің өркениетті даму жолын таңдады.

Қол жеткізілген жетістіктер мемлекет­тік дамуды жоспарлаудың келесі кезеңіне өтуге, стратегиялық сипаттағы міндеттерді шешуге мүмкіндік берді. Осылайша Пре­зиденттің бастамасымен Қазақстанды дамытудың 2030 жылға дейінгі жоспары жасалды. Бұл құжат елімізді жаһандық дамудың күрделі өткелдерінен, сындарлы сәттері мен дағдарыстарынан аман алып өтуге жол сілтеді деп нық сеніммен айта аламыз. 2012 жылы еліміздің жаңа «Қазақстан-2050» стратегиясы қабыл­данды. Осы арқылы ХХІ ғасырдағы жаһандық он сын-қатерге дайын болу жөніндегі негізгі бағыттар белгіленіп, елі­міздің алдына әлемнің дамыған 30 мем­лекетінің қатарына қосылу міндеті қойылды.

Негізгі жетістіктерге сыртқы байланыс саласында көптеп қол жеткізгенімізді айтуға болады. Жетекші елдердің ара­сындағы теңгерімді саясатқа негіздел­ген дипломатия арқылы еліміз ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік алды. Елбасы әлемде жан-жақты байланысты жүргізе отырып, көпвекторлы саясаттың негізін қалады, оның авторы атанды. Ол бұрынғы КСРО мен ТМД кеңістігіндегі әріптестерінің арасынан жаһандық деңгейде мойындалған әлемдік көшбасшылардың санатына енді. Бұл жөнінде «Президент Назарбаев – кеңестік саясаттағы жарық жұлдыз, түрлі респуб­ликалар арасындағы ірі тұлға. Қазақстан лидері – белгілі деңгейде қатал, тәжірибелі, жедел шешім қабылдай алатын адам. Одақтың басқа республикаларының өзі мойындаған жылы шырайлы, талантты және табанды басшы. Назарбаев елді басқарып тұрғанда, Қазақстанның табыстарға жету мүмкіндігі анағұрлым мол болады» деген Сингапурдың бірінші Премьер-министрі, көрнекті саяси тұлға Ли Куан Юдың бағасы әділ болғанын тарих­тың өзі дәлелдеп отыр.

Нұрсұлтан Назарбаев әртүрлі мінезге ие адамдармен жарасым таба алады. Әрине оның харизматикалық болмысы туралы аз айтылмайды. Мұндай сирек қасиет әркімге беріле бермейді, бұл – расында да ең әуелі табиғат сыйы, содан кейін адамның өзін өзі үнемі дамытуына тікелей байланысты қасиет. Ұзақ жылдар бойы Елбасының еңбегіне шәкірті ретінде де, серіктесі ретінде де, үзеңгілесі ретінде де көңіл аудара жүріп, әр кез қабілетіне таңғалатынымды жасырмаймын. Ол көп оқиды, ұлттық әдебиетке ғана емес, шетел әдебиетіне де көңіл бөледі, барлық оқиғадан хабардар болып отырады, елдің тарихы мен мәдениетін жетік біледі, әсіресе экономикалық ақпаратқа жіті ден қояды.

Сыртқы саясатта қызмет еткен адам ретінде Нұрсұлтан Назарбаевтың шетелдік басшылармен кездесуге өте тыңғылықты әзірленетінін білемін. Ол Сыртқы істер министрлігі мен басқа да ведомстволар дайындаған ақпараттық материалдармен мұқият танысқан, содан соң жеке қойын дәптеріне өзінің тезистерін жазған еді. Оны барлық нәрсе қызықтырған деуге болады: сол елдің экономикалық жағ­дайы, кездесетін тұлғаның мінезіндегі ерекшеліктер, іскерлік қасиеттері және басқалар. Осының бәрін мықтап көңілге түйетін Тұңғыш Президент барлық әріп­тестері, тіпті БАҚ өкілдері үшін де тартымды, қызғылықты әңгімелесушіге айналады. Ең ерекше қасиетінің бірі – әзіл сөзді орынды қолданады. Елбасының тауып айтатын әзіл-қалжыңы әр кездесу соңынан әлемдік саясат өкілдері арасына бірден тарап кетеді. Оның тапқырлығын шетел саясаткерлері үнемі жоғары бағалайды.

Бұл қасиеттері оны ұдайы жетістікке жеткізіп келеді. Дегенмен, саяси тұлға­сының жөні бөлек. Ол әлемдік оқиғалар туралы, оны өз еліне өлшеп-пішу арқылы заманауи қарым-қатынастағы құрылымға үйлестіру туралы үнемі ойланады. Иә, Елбасы Қазақстанның әлемдік саясаттан шеткері қалмауы үшін де шетелдерге көбірек шыққан, резиденциясында шетелдік қонақтарды жиі қабылдаған.

Нұрсұлтан Әбішұлы Уинстон Чер­чилль­дің «Қиын уақытта елді мықты басшы басқаруы керек» деген сөзін басшылыққа алады. Қазақстанға қатысты қарасақ, саясат алыбының бұл тұжырымы өте өзекті, өйткені мұндай басшылықсыз ел оң өзгерістер жасай алмас еді. Елбасы өзі атап өткендей, реформалардың нәтижесінде ең басты мақсатқа – адамдардың психологиясын өзгертуге қол жетті. Сондықтан Францияның экс-президенті, көрнекті саясаткер Жак Ширак: «Франция 1991 жылдан бергі өзгерістерді өте маңызды әрі шешуші өзгерістер санайды. Белгісіздік және күрделілік жағдайында Сіздің еліңіз мемлекеттік құрылыстың кері айнал­майтын жолына түсті, өзінің ұлттық құндылықтары мен ұзақ тарихына адал­дық танытып, адамзаттың ортақ демо­кратиялық қағидаттары мен құқықтық мемлекетке бейілділігін көрсетті» деп зор бағасын бере отырып, Нұрсұлтан Әбішұлының Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесін шақыру, дін мен мәдениеттер арасындағы диалогтарды дамыту іспетті бастамаларын қолдайтынын жеткізді.

Елбасының арқасында Қазақстан интеграциялық үдерістерге ашық ел ре­тінде танылды. Мәселен, Шанхай ын­тымақтастық ұйымы, Еуразиялық эконо­микалық одақ, Ислам ынтымақтастығы ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Ұжымдық қа­уіпсіздік туралы шарт ұйымы, Түркі кеңесі және т.б. халықаралық ұйымдардың бел­сенді мүшесі әрі бастамашысы ретінде еліміз аймақаралық, мемлекетаралық қарым-қатынастарды тиімді дамытудың жақтаушысы болып келеді.

Елбасының ел астанасын Арқа төсіне көшіру туралы идеясы Қазақстанның дамуындағы маңызы зор тарихи бетбұрыс болды. Оның елорданы Есілдің жағасынан салу жөніндегі бастамасы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне де, әлемдік қа­уым­дастық алдындағы беделіне де айтарлықтай серпіліс әкелді. Бұл еліміздің геосаяси бағытын нығайтуға үлкен үлес қосты. Қазақстанның біртұтас ел ретіндегі дамуын айқындай түсті. Астананы көшіру идеясы елді біріктіруші факторға айналды. Бүгінде елордамыз – халқымыздың мақтанышы һәм сүйікті шаһары. Былтыр мен астана авторының елорданы салып, дамытуға қосқан орасан зор үлесін әділ бағалай отырып, қалаға Нұр-Сұлтан атауын беру туралы шешім қабылдадым. Бұл дұрыс шешім болғанына еш күмән жоқ. Бұл қадам Қазақстанның жаңа тарихы мен Елбасы есімінің біртұтас ұғымға айналғанын білдіреді.

Жаңа астанамыз әлемде бейбітсүйгіш қала ретінде ЮНЕСКО-ның арнайы баға­сына ие болды. Нұр-Сұлтан қаласы қазір Қазақ елінің ғана емес, әлемдік ой­талқылардың орталығы, халықаралық басқосулардың айтулы алаңы ретінде қа­лыптасты. Астанамызда 2010 жылы ЕҚЫҰ саммиті өтіп, әлем елдерінің басшылары бас қосты. Елорда 2011 жылы Қысқы Азия ойындарын Алматы қаласымен бірлесіп ұйымдастырды. 2017 жылы ЭКСПО ха­лықаралық көрмесі көз алдымызда зор табыспен өтті. Қазақ елі аталған көрмеде әлемдегі өзгермелі жағдайды ескере отырып, баламалы қуат көздерін дамыту туралы бастама көтергені мәлім. Бүгінде бұл бағытта жаңа технологиялар қолданысқа кеңінен енгізілуде. Осылайша жас мем­лекетіміз Жер шарының табиғи ресурстарын тиімді пайдалануға және қоршаған ортаны барынша қорғауға өзіндік үлесін қосты. Әлемдегі дәстүрлі діндер мен кон­фессиялар көшбасшыларының съезі тұрақты түрде өтіп келеді. Жаһандық деңгейдегі саясаткерлер Қазақстанның этносаралық татулық үлгісін «Назарбаев моделі» деп атайды. Олар Қазақстанның бұл тараптағы тәжірибесін жіті зерделеп, басқа елдерге таратуға да ықы­ласты болып отыр. Елордамыз Сирия дағ­дарысы бойынша Астана процесі атауымен бітімгершілік миссиясына қызмет етті. Осының бәрі шаһардың шынайы келбетін қалыптастырып, шын мәніндегі бейбітшілік қаласы екенін жаһан жұртына дәлелдей түсті.

Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылы­ғымен ел экономикасы қарыштап алға бас­ты, индустрияландыру бағдарламалары бойынша жемісті жұмыс жүргізілді. Көп­теген кәсіпорын құрылып, бәсе­келестікке төтеп бергендері ел игілігіне қыз­мет етуде. Табиғи ресурстарды игеруге әлемнің маңдайалды корпорациялары жұмылып, Қазақстан экономикасына қомақты инвестиция құйды. Олар бүгінде бюджетке айтарлықтай салық түсі­мін қамтамасыз етіп отыр. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі тұрғысынан да ел инфрақұрылымына қажетті нысандар көптеп салынды. Мұның бәрі ең әуелі халыққа жұмыс тауып беруге жол ашты.

Негізі, бизнес нағыз бәсекелестік ортада дамитыны белгілі. Ол үшін қолайлы орта құрылып, қажетті заңнамалық-құқықтық қолдаулар жасалуға тиіс. Яғни салынған инвестицияның қорғалатынына, әділ бәсекелестік ортада жұмыс жүргізілетініне сенім болуы қажет. Мемлекет кепілдігі осы арада керек. Бұл міндеттемені мемлекеттік институт жоғары деңгейде орындады. Қазір Қазақстанға инвестиция салуға мүдделі шетелдік инвесторларға қажетті жағдайдың бәрі бар. Жыл сайын елге тар­тылған инвестиция көлемі артып келеді. Бұл үрдіс халықтың әл-ауқатының артуы­на, тұрақтылығының нығаюына септігін тигізуде.

Қазіргідей аумалы-төкпелі заманда кез келген өзгеріске даяр болу, үне­мі ізденісте жүру, өзін өзі жетілдіру өте маңызды. Бұл ретте Елбасының «Бо­лашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы Қазақстан қоғамының ой-санасын прагматизмге үндеуге зор үлес қосты. Ел руханиятының айнасы іспеттес осы бағдарлама арқылы мәдениетіміз бен өнеріміздің жоғы түгенделіп, бары бағасын алды. «Рухани жаңғыруда» мемлекетіміздің жаңа сапалық деңгейге көтерілуіне мүмкіндік беретін қажетті қадамдар нақты белгіленді.

«Елу жылда ел жаңа, жүз жылда – қазан» дейді халқымыз. Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің билігін қолға алған 30 жылдың ішінде жаңа мемлекет құрудың барлық қиындығын бастан өткерді. Еңселі мұраттарды еңсеріп, толағай табысқа қол жеткізді. Қазақ жұртын төрткүл дүниеге танытып, барша әлемге мойындата білді.

Мен Елбасынан көп нәрсе үйрендім, өмірлік өнеге алдым. «Төрелі жерге ел тоқтайды, төбелі жерге мал тоқтайды». Былтыр еліміздің тарихында үлкен бетбұрыс болды. Тұңғыш Президент биліктің ауысуы барысында маған өлшеусіз сенім артты. Бұл тағы да Елбасы ел мүддесі жолында кез келген шешімге бара алатын ерекше батылдығын байқатты. Ең бас­тысы, біз биліктің ауысуын тұрақтылық жағдайында өткізе білдік. Бұл – Елбасының парасаты мен көрегенділігін көрсеткен тарихи оқиға. Былтырғы Президент сайлауында халық Елбасының стратегиялық бағдарын қолдап дауыс берді. Сондықтан бұл жеңіс – халқымыздың жеңісі!

Менің «Игілік – баршаға! Сабақтас­тық. Әділдік. Өрлеу» атты сайлауалды бағдарламам Елбасының бастамасымен қол жеткізген жетістіктерді еселеуге, Тұң­ғыш Президенттің бағытын жалғас­тыруға негізделген. Осылайша елімізде сабақтастық салтанат құрды. Бұл бағытта «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асырудамыз. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі ел ішіндегі күрделі мәселелерді билік тармағына жеткізуші алаңға айналды.

Биылғы алғашқы жартыжылдық бар­лық әлем елдері секілді Қазақстанға да оңай тимеді. Жаһанды әбігерге салған пандемия бізді де айналып өтпеді. Бұл сын-қатерлер халқымызды біріктіре түсті. Нұрсұлтан Назарбаевтың «Біз тәуел­сіздікті сәт сайын қорғауымыз керек!» деген қанатты сөзі бар. Жер шары­ның тұрғындарына қауіп төндірген қатерлі дерттен азаматтарымызды қорғау – тәуел­сіздігімізді де қорғау деп білемін.

Індетпен күрес шаралары әлі жал­ғасады. Елбасы осы сындарлы кезеңде де елімен етене екенін білдіріп, өзі же­текшілік ететін Nur Otan партиясының жалпыхалықтық «Біз біргеміз!» акция­сын жариялады. Үндеу тастап, үнемі бір-бірімізге қолдау көрсетуге шақырды. Күллі ел Елбасының ізгілікке шақыруын қабыл алып, күрделі кезеңде береке-бірліктің үлгісін көрсетуде. Бұл игі бас­тама Нұрсұлтан Әбішұлының халықты мемлекеттік мүддеге жұмылдырушы тұлға екенін тағы да айқын танытты.

Елдегі әлеуметтік ахуалды оңалту – біздің негізгі міндетіміз. Әлеуметтік қолдаумен бірге халықты еңбекке тарту­дың маңызы зор. Сондықтан жаңа жұмыс орындарын құруға күш салатын боламыз. Қазақстанның білімі мен ғылымын дамытуға ден қоямыз. Бұл – ел экономикасы мен келешегі жолындағы нақты қадам. Болашақта қазақстандықтардың адами әлеуеті жоғары болуы қажет.

Елбасы – еліміздің негізін қалаушы, елдігіміздің символы, тәуелсіз Қазақ­стан­ның төл тарихының бастауында тұр­ған тұғырлы тұлға! Қазақ елі қарымды қайраткерге үнемі құрмет көрсетіп келеді. Сексеннің сеңгіріне сергек жеткен саясаткердің ел мен жер алдындағы ұшан-теңіз еңбегі – ұрпаққа үлгі, баршаға өнеге! Тәуелсіздіктің бастауындағы ұй­қысыз түндер мен тынымсыз күндердегі атқа­рылған істерді кейінгі буын келешекте әлі талай рет зерделейді, әділ бағасын береді.

Нұрсұлтан Назарбаевтың бар ғұмыры тәуелсіздіктің елең-алаңынан бастап бүгінге дейін Қазақ мемлекетін нығайту ісімен біте қайнасып келеді. Шетелдіктер оны заманауи Қазақстанның негізін қалаушы және көшбасшысы ретінде жақсы біледі, сыйлайды. Тұңғыш Президентіміздің мемлекет қайраткері ретіндегі қарым-қабілеті талассыз мойындалған. Мен Елба­сымыз бен шетелдіктер арасындағы көптеген халықаралық кездесулер мен келіссөздердің куәсі болғандықтан, осыны зор жауапкершілікпен айтуға хақым бар деп ойлаймын. Ол – шын мәнінде жаһан жұртына кең танымал, халықаралық қауымдастықта айрықша беделді, әлемдік деңгейдегі саясат сардары. Елбасы бұл биікке қажырлы еңбегімен, парасат-пайы­мымен, маңдай терімен жетті.

Ендеше, біз өскелең ұрпақты барша жұрт мақтан тұтатын тарихи тұлғаның тағылымы арқылы тәрбиелеуіміз керек.

Сәрсенбі, 01 Шілде 2020 16:06

На крыльях золотых коней...

В 2020 году в календаре культурной и общественной жизни района сразу три «круглых» даты: 50-летие открытия некрополя «Алтын Адам», 10-летие музея-заповедника на сакских  курганах «Есік» и 85-летие со дня рождения ныне покойного археолога-популяризатора и исследователя древней истории Казахстана, подвижника казахстанской исторической науки Бекена ага Нурмуханбетова, участника раскопок Есикского могильника  в 1970 году.

Есикский некрополь – убедительное свидетельство тому, что в VI-IV веках до н.э. сакские племена создали свое первое государство, центр которого находился в Семиречье. Захоронение сакского правителя в костюме из чистого золота – шедевр ювелирного искусства древних мастеров Великой Степи. Изучение Есикского могильника подтвердило, что саки  не только создали  прикладное искусство мирового уровня, но также имели свою  письменность. На дне обнаруженной в Есикском кургане серебряной чаши высечена надпись из 26 знаков. В научном мире существует аргументированная точка зрения, согласно которой сакские племена говорили на прототюркских языках и были предками казахских племен. В любом случае, именно в этот период начинается формирование облика и языка современных казахов, их культуры, быта, народных обычаев.

Человек-легенда, который выдвинул идею  создания музея на Есикских курганах и более сорока лет посвятил ее осуществлению - старший научный сотрудник Института археологии им. А.Х. Маргулана, исследователь археологических памятников Кок-Мардана, Отырара, Баянжурека  –  Бекмуханбет Нурмуханбетов.

В 1969-1970 годах он был непосредственным участником раскопок на кургане Есик, в ходе которых был обнаружен «Золотой человек». Именно с тех пор Бекен ага продвигал идею о консервации земель Есикского могильника и открытия на его базе музея под открытым небом.  В 1992 году он  устроил первую экспозицию древностей в помещении аптеки напротив есикского почтамта, привез для демонстрации есикчанам реконструкцию Золотого Человека. Его  поддержала наша скромная районка «Еңбекшіқазақ». Из номера в номер она публиковала хронику небывалой выставки. При содействии главного редактора газеты «Еңбекшіқазақ» Х.Ахметжанова в Есик с визитом прибыл сам Первый Президент Казахстана Нурсултан Назарбаев. Именно после  встречи Первого Президента РК и аксакала-археолога  крылатые кони – элемент костюма Золотого Человека, украсили  герб молодого суверенного  государства.

газета "Еңбек жалыны" ("Еңбекшіқазақ") 1992 г

Итогом долгой беседы Елбасы с Бекеном ага было еще одно  решение: музею быть! Но прошло еще немало лет, прежде чем состоялось его открытие.  Между тем Бекен ага из года в год  устраивал самостоятельные экспедиции, с помощью добровольцев вел раскопки и добился, чтобы  курганы, уже «обраставшие» дачами, крестьянскими хозяйствами, были спасены от уничтожения и вошли в госпрограмму «Возрождение историко – культурного наследия». Тогда же на основе его рекомендаций был разработан проект «Музей под открытым небом «Есикские курганы (Есикский могильник и городище Рахат)». В 2010 году, в год своего 75-летия и 40-летия  обнаружения некрополя «Алтын Адам», аксакал увидел исполнение своей мечты – на курганах начал работу  музей-заповедник «Есік», в котором он до самых последних дней был  главным консультантом.

В 2010 году по инициативе Первого Президента РК  страны Н.Назарбаева, в рамках общенациональной программы «Культурное наследие» свершилось долгожданное событие –  был создан государственный музей-заповедник «Есік», в охранную зону которого ныне входят Есикские курганы, городища Тальхир (Талгар), Рахат, Орикты.

Раскопки вблизи села Рахат

Визит-центр музея в стиле восточного дворца расположен на северо-западной окраине г.Есика. Значительная  часть представленных  экспонатов  – археологические находки из сакских поселений и могильников в Алматинской, Южно-Казахстанской и Восточно-Казахстанской областях, а также подлинные предметы из захоронения «Алтын Адам».  Самый большой интерес посетителей вызывает  реставрация Золотого Человека. Реставратор В.Садомсков в 1970-73 годах воссоздал одежду, головной убор, обувь и оружие сакского правителя.  В 1995 году художник-реставратор А.Танабаев  изготовил другой вариант одеяния Золотого Человека. А в 1997 г. реставратор Крым Алтынбеков произвел третью, новейшую  реконструкцию, которая  теперь экспонируется в визит-центре музея «Есік». 

Музей-заповедник «Есік» выступает в роли базы научных исследований казахстанских и зарубежных ученых. На могильниках и городищах совместно с казахстанскими археологами приезжают работать коллеги из Китая и Кореи:  ведь  тюркский мир средневековья  охватывал огромную территорию от Японии до Адриатики. Именно  в районе сакских курганов берет начало история всего Центральноазиатского региона.  Здесь истоки современного Казахстана как наследника древних государств саков, тюрков и Золотой Орды. В 2020 году собственными силами музея продолжаются исследования городища Рахат,  где обнаружен средневековый некрополь. В местах поселений, насчитывающих до десяти культурных слоев,  найдены осколки керамики и фрагменты металлических изделий.   Курирует раскопки директор музея, кандидат исторических наук Гульмира Мухтарова, под руководством  которой коллектив молодых сотрудников продолжает дело Бекена ага, восстанавливая историческую память о значении Великой Степи в мировой истории.

И.ТУРАНИН

 

Қазақ елінің мемлекеттігі болған жоқ деп көкіді Алматының мөлдір суынішіп, қып-қызыл апорт алмасын, Қазақ Республикасының миллиард пұттап алған әлемде теңдесі жоқ астығының нанын жеп өскен Жириновский. Қазақстан тұрған жерде мемлекет болмаған деп, тіпті Ресейдің басшысы  да жаңсақ «жаңалық» ашты. Ал тарихи шындық саяси астарлы жалған сөздерді жоққа шығарды.

Сауаттылығы Ресей тұрмақ, Еуропа, Америка құрлықтарының саясаткерлерінен артық болмаса, кем емес алаш ардақтылары текті де терең білімді азаматтарымыз ақпан және қазан революцияларының нәтижесінде құрылған федерацияның құрамына 1918 жылы Қазақ автономиясын кіргізуге қол жеткізгені – тарихи шындық. Бұдан кейін 1936 жылы Қазақ елі сол Ресеймен, Белорусь, Украинамен тағы басқа, жалпы, он бес  республикамен тең құқылы Республика болып кірді Одаққа. Әрине, Ресейді метрополия демесек те, қалғандары колония деп аталмағанымен, соған жақын күй кешкеніміз де ақиқат.

Ал мемлекет қазақта болмаған деп шатаса бергендерге Керей, Жәнібек хандар осыдан 550 жыл бұрын іргесін қалаған Қазақ хандығы мемлекет емей, тайпа, не ру ғана деп кім айта алады?!

Түбіміз бірге түркілерден де әрі тереңдесек, осыдан мыңдаған жыл бұрынғы сақ бабаларымыздың іздері тек қана тасқа қашалған петроглифтерде ғана емес, тағы жылқыны көлік қып мініп, етін азық, сүтін сусын қылып пайдаланғын Ботай қазбалары дәлелдеп берді.

Ал біздің өзімізді де, бабаларымызды да өркениеттен ада, тек көшпелі малшылар ғана болған деген «болжамды» Жетісу өлкесіндегі көне сақ обаларынан табылған құнды өнер туындылары, металл бұйымдар-ақ жоққа шығарды ғой.

Есік қаласының іргесіндегі ежелгі сақ қорғандарының бірінен археологтарымыз КемалАқышев, Бекмұханбет Нұрмұханбетов бастаған ғалымдардың тапқан алтынға, «оранған ханзада» «Алтын адам» деген атпен әлемді дүр сілкіндіріп, нағыз сенсация  жасаған еді ғой. Осыдан екі жарым мың жыл бұрын ғұмыр кешкен сол бабалардың өткен жолын, құрған мемлекеттері мен салған қалаларын тарихшыларымыз әлі де ашып, зерттеп-зерделеп үлгере алмай жатқаны  да – бүгінгі күннің шындығы.

Мыңдаған жылдар бұрын тағы жылқыны әскери көлік, жауынгер аты қылып үйретіп, үстіне ер, сарбазға ат үстінен шіреніп тұрып садақ атуға болаттан үзеңгі,  қолына акинак қанжар, кеудесіне кіреуке сауыт кигізу үшін сол 25 ғасыр бұрынғы ұстахана шеберлері металлургияны қай деңгейде меңгергенін көрсетіп тұрған жоқ па?!  Аң стиліндегі өнер туындыларын, сол Алтын ханзаданың алтын бешпеті мен бас киіміндегі төрт мыңнан аса алтын детальдарын айтпағанда.

Бүгін мен неге жоғары пафоспен қазақтың, бабаларымыздың ұлан-ғасыр даланы қорғап, меңгеріп қана қоймай, айшықты іздерін бай тарихи деректерін қалдырғанын. Біріншіден, сол Есіктің Алматы қаласы жағынан кіре берісіндегі обадан табылған  Алтын Ханзадамыздың әлемге айғақталғанына елу жыл толып отыр. Сол сенсация авторының бірі Бекмұханбет Нұрмұханбетұлы тірі болғанда сексен беске толып отырған кезінде өткен ғасырдың тоқсан екінші жылы «Еңбекшіқазақ» газетінің ақпараттық та, тікелей де қолдауымен ұйымдастырған Алтын адам көрмесіне Нью-Йорктен келген іскер қонағына бірінші Президентіміз Н.Назарбаевтың өз  айтуынша экзотикалық бір жәдігерін көрсеткен эпизодты еске алып отырар ма еді?!

Сондағы Бекен ағамыз көрме қонақтарының, Елбасының Алтын адамның алтын бас киіміндегі мифтік қанатты аттар қандай мағына береді деген сұрағына: «Сақ бабаларымыздың алға, болашаққа ұмтылуының символы деп жауап берген еді. Сонымен қоса Бекен аға музей туралы да сұрағын қойған-ды. Алғашқы музей сол кездесуден кейін құрылды. Ал екіншісі –  Есік қорық мұражайының эксклюзивті жобамен салынып,  қызмет атқарып жатқанына да он жыл болыпты. Бұлнысан да Елбасының тікелей тапсыруымен тікелей бақылауымен салынған.

Өтпелі тоқсаныншы жылдар ұлы бастамалар, ұлы істер жылдары десек, Ұлы бабаларымыздың басқан іздерін жаңғырту жылдары деп те айтуға тұрады.

Бір классик өз кейіпкерінің аузына: «Ашкөзіңді, принц, алғақара – сізді ұлы істер күтіп тұр» деген мағынадағы сөздерді салған екен. Бұл сөздерді бүгінгі ұрпаққа қарата айтсақ: тарихымызды таразылап ұлыларымыздың ұлы істерін алға бастырайық.

 

Хайролла Ахметжанов,

Қазақстанның құрметті журналисі

Мемлекеттік қызметтерді үйде отырып І және ІІ топтағы мүгедектер, 70 жастан асқан қарттар, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі бар балалар ала алады. Ол үшін олардың өздері немесе қамқоршылары 1414 қысқа нөміріне қоңырау шалып, өтініш қалдыруы керек. Бұдан кейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мамандары оларға хабарласып, үйлеріне барып мемлекеттік қызметті көрсету күні мен уақытын белгілейді.
Биылғы жылдың 5 айында Азаматтарға арналған үкіметтің филиалдары тұрғындардың үйіне барып, 800 астам мемлекеттік қызмет көрсетті.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы облысы бойынша филиал директоры Ермек Бекжунусовтың айтуынша, үй-үйге барып мемлекеттік қызмет көрсету – корпорация құрылған сәттен бастап пайда болған қызмет және осы күнге дейін ол өзектілігін жоғалтқан емес. «Азаматтардың үйлеріне барып көрсетілетін ең танымал қызметтер – паспорттар мен жеке куәліктерді беру, мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиена құралдарымен қамтамасыз ету, мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз ету үшін құжаттарын рәсімдеу», – деді Бекжунусов.
Мемлекеттік корпорация қызметкерлері коронавирус пандемиясын ескере отырып, қызмет көрсету барысында барлық қауіпсіздік шараларын сақтайды. Барлық маман маскалармен және антисептиктермен жабдықталған. Қызмет алушылармен байланысты азайту үшін ХҚО мамандары дәлізден ары өтпей, әлеуметтік қашықтықты сақтайды.
Айта кету керек, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мүгедектерге мемлекеттік қызмет көрсету жұмысына көп  көңіл бөледі. Азаматтардың үйлеріне барып мемлекеттік қызмет көрсетумен қатар, ХҚО мамандары есту және сөйлеу қабілеті нашар адамдарға мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін ым-ишара тілін меңгерген.
Сондай-ақ, мүгедектігі бар 68 азамат Алматы облысы бойынша  филиалында түрлі лауазымдарда жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет