Коронавирус пандемиясы кезінде Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) қалай өтеді? Оған қанша түлек қатысады? Шарттары қандай? Азаттық оқырмандарының осы және басқа да сұрақтарына Білім және ғылым министрлігі мен Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығы өкілдері жауап берді.

1. ҰБТ қашан және қанша орында өтеді?

Биылғы ҰБТ 21 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді. 2020 жылғы мектеп түлектері үшін тест 21 маусым мен 1 шілде аралығында, ал былтырғы мектеп бітірушілер мен колледж түлектеріне 1 шілде мен 5 шілде аралығында өтеді. Тест тапсырушылар 2 метр арақашықтық ұстануы тиіс. Емтихан ел бойынша 161 пунктте өтеді. Аудиториядағы адам саны 2 есеге қысқарады. Барлық аудиториядан онлайн трансляция жүргізіледі. Биыл ҰБТ-ға 111 109 адам (60179 адам қаладан, 50930 адам ауылдан) өтініш берді.

2. ҰБТ кезінде сақтық шаралары қандай болмақ?

Аудиторияға кіргенде дезинфекцияның 5 кезеңі болады. Талапкерлер дезинфекциялайтын тоннель арқылы және аяқ киімді залалсыздандыратын арнайы төсеніштен өтеді. Санитайзермен қолды тазалайды. Дене қызуы өлшеніп, маска ұсынылады.

ҰБТ өтетін аудиторияны залалсыздандырғанда аллергиясы бар азаматтардың жағдай ескеріле ме?

Қазақстанда пайдалануға рұқсат етілген дезинфекция ерітінділері берілген концентрацияға сәйкес оның дезинфекциялық затты қолдану жөніндегі нұсқаулығына сәйкес дайындалады.

3. ҰБТ тапсыру үшін қанша ақша төлеу керек?

Биылғы мектеп түлектері ҰБТ-ға тегін қатысады. Басқа талапкерлер ҰБТ үшін 2242 теңге төлейді.

4. ҰБТ кезінде калькулятор қолдануға бола ма?

Биыл тестілеу кезінде арифметикалық операцияларды (қосу, азайту, көбейту, бөлу) орындауды қамтамасыз ететін қарапайым калькуляторды пайдалануға рұқсат етілді. Бұл ретте калькуляторды аудиторияға кіргізуге рұқсат етілмейді. Калькуляторлар аудиториядағы үстелге алдын ала қойылады.

5. Тест сұрақтарын кімдер дайындады?

Тест тапсырмалары Білім және ғылым министрлігі бекіткен оқулықтарға сәйкес әзірленеді. Сұрақтарды сараптамадан өткізу жұмыстарына жалпы білім беретін орта мектептердің, лицей, гимназия, дарынды балаларға арналған мектептердің, Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибелі мұғалімдері қатысты. Тест тапсырмаларын әзірлеу және сараптамадан өткізу жұмыстарына жұмылдыруға іріктеу барысында мұғалімдердің педагогикалық еңбек өтіліне, тестология саласы бойынша тәжірибесінің болуына назар аударылады.

6. Биыл қанша тест кітабы шықты, оған қанша қаражат бөлінді және кітаптың құны қанша?

2020 жылы кітапшаларды басып шығаруға бюджеттен 16 870 000 теңге бөлінді. Жинақтың орташа бағасы – 152 теңге. Әуелде бюджеттен 94 865 кітапша басу жоспарланған. ҰБТ-ға қатысатындардың саны артып, кітапшалар саны 111 109-ға жеткен.

7. Апелляцияға беру тәртібі қалай жүзеге асады? Апелляцияға барған тест тапсырушының қолында қандай құжат болуы тиіс? Тест тапсырушы қай сұраққа шағым түсіретінін нақты білуі тиіс пе?

ҰБТ өткізу қағидаларына сәйкес апелляциялық өтініштер ҰБТ нәтижелері хабарланғаннан кейін келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін қабылданады және оны апелляциялық комиссия бір күн ішінде қарастырады. Талапкер тестілеуден өткен бөлімшеге барып өтініш береді. ҰБТ-ға қатысу үшін онлайн өтініш берген түсушінің өзімен бірге төлқұжаты, ал арнайы бланк толтыру арқылы өтініш берген түсушінің жеке басын куәландыратын құжаты мен тестілеуге рұқсаттамасы болуы керек. Талапкер апелляцияға өтінішті қандай пәнге, қандай тест тапсырмасына беретінін нақты білуі қажет және әрбір тест тапсырмасы бойынша дәлелді негізін көрсетіп (толық түсіндірме, тапсырманың толық шешімі) беруі тиіс.

8. Апелляциялық өтінішті кім қарайды? Өтініші қандай жағдайда қанағаттандырылады?

Тестілеу өткізу кезінде бірыңғай талаптарды сақтау және түсушілердің даулы мәселелерін шешу мақсатында Республикалық апелляциялық комиссия және тест өтетін жоғарғы оқу орнында апелляциялық комиссия құрылады.

Апелляциялық комиссияның құрамы тестілеу пәндері бойынша негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінен жасақталады.

Апелляциялық комиссия түсушінің әрқайсысымен жеке жұмыс істейді. Тест өткен пункттегі апелляциялық комиссия талапкердің шағымы бойынша оң шешім қабылдаған жағдайда, оның өтініші Республикалық апелляциялық комиссияның қарауына жіберіледі. Республикалық апелляциялық комиссияның шешімі соңғы әрі нақты шешім болады.

Апелляциялық өтініштер тест тапсырмасы дұрыс құрылмаса; дұрыс жауап болмаса; дұрыс жауаптар коды сәйкес келмесе; тест тапсырмасы шартының фрагменті (мәтін, сызба, суреттер, кестелер) табылмаса, соның кесірінен дұрыс жауапты анықтау мүмкін болмағанда; дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келетін боялған дөңгелекшені сканер екі және одан көп дөңгелекше ретінде оқыса; дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келетін боялған дөңгелекшені сканер бос дөңгелекше ретінде оқыса; жауап парағында ақау болған жағдайларда қанағаттандырылады.

9. Талапкер тест тапсырған кезде «шпаргалка», ұялы телефонмен ұсталса, жазалана ма?

Аудиторияда «шпаргалка», смартфонмен ұсталса, бірден шығарылып, нәтижесі жойылмақ. Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұловтың сөзінше, талапкер аудиторияға «шпаргалка», телефон алып кіруге тырысса, тест тапсыруға кірмейді, келесі жылы тапсыруға тура келеді. Ал видеокамераны сараптаған кезде қандай да бір заң бұзушылық анықталса, тест нәтижесі, гранты жойылады.

10. Талапкер ҰБТ тапсыратын жерді ауыстыра ала ма?

COVID-19 пандемиясына байланысты енгізілген карантин кезінде және ҰБТ-ға қатысуға өтініш берушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Республикалық мектептердің ресми хаттары бойынша биыл мектеп бітірушілеріне тұрғылықты мекенжайлары бойынша ҰБТ тапсыруға жағдай жасалды.

11. Оқуға тапсырғанда мектеп кезінде алған мақтау қағаздары мен сертификаттардың пайдасы бола ма?

Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық стандарттарына сай, ағылшын тілін меңгергенін растайтын TOEFL ITP (кемінде 310 балл), TOEFL IBT (шекті балл – 79-ден кем емес), TOEFL (шекті балл –567-ден кем емес), IELTS (шекті балл – 6.0 балл) халықаралық сертификаттары бар талапкер «Шет тілі (ағылшын)» мамандығын таңдаса, бейіндік пәнінен тестілеу тапсырудан босатылады. Талапкерлерге ағылшын тілінен жоғары балл жазылады.

SAT, ACT, IB халықаралық тестілеудің сертификаттары бар тұлғалар грант тағайындау конкурсына қатыса алады және сәйкесінше, ҰБТ-дан босатылады. SAT балдарын ҰБТ балына ауыстыру үшін SAT Reasoning және SAT Subject сертификаттары болуы шарт. Сонымен қатар, SAT пәнінің нәтижелері бейінді пәндер сәйкес келген жағдайда ҰБТ балдарына ауыстырылады.

SAT – АҚШ-тағы университеттерге түсу үшін арналған стандартталған тестілеу. ACT тесті негізінен АҚШ колледждеріне түсу үшін қолданылады. Ал IB бұл түлектерді АҚШ-тың ғана емес, Еуропа елдерінің университеттеріне түсуге дайындайтын білім беру бағдарламасы.

12. Халықаралық және республикалық олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, Алтын белгі иегерлеріне жеңілдік бар ма?

Мектеп пәндерінен халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жоба конкурстарында 1-3 орын алғандар, халықаралық және республикалық өнер конкурстарында, спорт жарыстарында 1-3 орын алғандардың таңдаған мамандықтары жеңісіне сәйкес келген жағдайда грант бөлінгенде басымдық берілуі мүмкін. Мысалы, екі-үш талапкердің ұпайы тең болса, грант бөлінгенде олимпиада жүлдегеріне, Алтын белгі иегеріне басымдық беріледі.

13. Биыл шетелдік қазақтарға грант бөліне ме? Пандемия кезінде шекара жабылуы бұған әсер етпеді ма?

2020-2021 оқу жылы Қазақстан азаматы емес, ұлты қазақ азамат үшін 4 пайыз квота шеңберінде грант бөлінді. ҰБТ-ға қатысу үшін ұлты қазақ шетел азаматтарының келуіне, сондай-ақ білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініш беруге рұқсат берілді. Пандемия кезінде шекара жабылуы бұған әсер етпеді.

14. Шығармашылық емтихандар қашан және қалай ұйымдастырылады?

Талапкер шығармашылық емтихан тапсыру үшін өтініштерін өздері таңдаған университет не колледжге 20 маусым мен 7 шілде аралығында тапсыра алады.

Шығармашылық емтихан 8-13 шілде аралығында өтеді.

Дереккөз: azattyq.org 

Өркен ЖОЯМЕРГЕН

 

Жақында NurOtan партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев, партия филиалының кеңесшісі Бағдат Рахимов, партия филиалының партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Асыл Байтулақов аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы Азим Халилов, ауылшаруашылығы бөлімінің бас маманы Құралай Керімқұлова ауданымызға қарасты ауылдық округтердегі жайылымдық жерлерді анықтау және мемлекет есебіне қайтару мақсатында арнайы рейд жүргізді.

Бүгінгі  таңда ауыл тұрғындары төрт түлікті өргізетін жайылымдық жерлердің басым бөлігі жеке шаруа қожалықтарының меншігінде. Аталған мәселе ауданда ғана емес, мемлекетіміздің күн тәртібінде тұр. Еліміз ауылшаруашылығы саласына баса назар аударатындығын ескерсек, ауданымыздың малды ауылдарында аталған мәселе өзекті. Жайылымдық болып саналатын жер көлемі аудандық жер қатынастары бөлімінің мәліметінше 33 473,0 гектарды құрайды.

Азим Халиловтың айтуынша, қазіргі күнде ауылдық округтер маңындағы жайылымдық жерлер анықталу үстінде. Анықталған жер телімдерінің алдағы уақытта құжаттарын рәсімдеу үшін мемлекет есебінен қаржы бөлінетін болады. Содан кейін жайылымдық жерлер болып есептелетін жер телімдері толыққанды ауыл тұрғындарының малдарын өргізу үшін бекітіліп беріледі.

Аудандық  ауылшаруашылығы бөлімінің мәліметінше жеке сектор және шаруа қожалықтарында 95 түйе, 20574 жылқы, 324 660 қой, 92 757 ірі-қара тіркелгенін және ұдайы мал басының өсіп отырғандығын ескерсек, алдағы уақытта жайылымдық жер мәселесі NurOtan партиясының қадағалауымен шешімін таппақ.

 

Әділет САРЫБАЙ

Сәрсенбі, 17 Маусым 2020 09:29

СOVID-19: жаңа антирекорд

Өткен тәулікте Қазақстанда 1033 адамнан коронавирус анықталып, 7 адам қайтыс болды.

Вирусты жұқтырғандардың 350-інде індет белгілері анықталса, қалған 683-і тасымалдаушы ретінде тіркелген. Яғни еш симптомсыз.

3 маусымнан бері коронавирус жұқтырғандарға ауру белгісінің бар-жоғына қарай екі бөлек есеп жүргізіп жатқаны белгілі.

Вирус жұқтырғандардың жалпы саны 21 717-ке жетті. Емделіп шыққаны – 9647,  қайтыс болғаны – 88.

В Казахстане сервисно-заготовительные центры (СЗЦ) впервые были созданы и на сегодняшний день успешно реализуются в Алматинской области, передает «JETISÝ MEDIA».

СЗЦ практически стал социальным проектом для бизнеса в селах. Так как, хозяйствам, на льготных условиях, предоставляется дорогостоящая современная техника.

При поддержке АО «РИР «СПК «Жетісу» были созданы более 50 СЗЦ по сахарной свекле, зерновым культурам, овощам, кукурузе, по выращиванию риса и картофеля, подготовке кормов. СЗЦ получили в финансовый лизинг 1202 единиц сельхозтехники. Таким образом, был обновлен машинно-тракторный парк. Сегодня сельхозпроизводители пользуются самой суперсовременной и «умной» техникой, которая в несколько раз оптимизировала расходы и снизила убытки аграриев. Спецтехника закупается у таких мировых заводов-изготовителей, как Claas, DEUTZ-FAHR, JohnDeere, FranzKleine, «Ростсельмаш», «Минский тракторный завод» и другие.

Об эффективности инструмента СЗЦ говорят цифры: в СЗЦ объединены более 200 мелких и средних хозяйств, 900 сельхозтоваропроизводителям на площади 29 тысячах га оказаны услуги по посеву урожая, его обработки и уборки. Создано более 700 постоянных и 12 000 сезонных рабочих мест. Так, создание 29 СЗЦ свекловичного направления позволило увеличить в четыре раза посевные площади сахарной свеклы с четырех тысяч га в 2015 году до 16,1 тысяч га в 2020 году.

В регионе также ставят цель возродить былую славу картофеля. Два года назад, по поручению акима региона Амандыка Баталова, в целях создания картофельного кластера СПК «Жетісу» закупил 290 тонн элитных семян сорта «Санте» и «Агрия» селекции компании AGRICO B.V.

Семена высокосортного картофеля в первый год были посеяны в Райымбекском районе на площади 70 га, в дальнейшем, в специализированном севообороте, семенной материал был размножен и уже в 2020 году высеян на площади более 3 300 га.

В ходе недавнего визита в Алматинскую область Премьер-Министр Казахстана Аскар Мамин положительно оценил проделанную работу руководства области в сфере сельского хозяйства. Премьер отметил, что эффективная работа СПК «Жетісу» должна стать примером для других институтов развития в регионах.

 

ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2020 жылғы 26 ақпандағы кеңесте берген тапсырмасын орындау мақсатында Агенттік ломбардтардың қызметін заңнама талаптарына сәйкестігі, қаржы пирамидасының белгілерін және заңсыз банк қызметін анықтау тұрғысынан тексеру бойынша шаралар қабылдады. Тексерулер ҚР Бас прокуратурасымен, ҚР Қаржы министрлігімен және ҚР Ішкі істер министрлігімен бірлесіп жүзеге асырылуда.

2020 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанның 17 қаласында 276 ломбардқа, халыққа қарыз беретін 11 онлайн-компанияға және 1 микроқаржы ұйымына тексеру жүргізілді.

Агенттік Қазақстан Республикасы Президентінің төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде зардап шеккен халықтың, шағын және орта кәсіпкерліктің қарыздары бойынша негізгі борыш және сыйақы сомаларын төлеуді тоқтата тұру туралы тапсырмасын орындау мәселелерін тексеруде. Бұдан басқа, Агенттіктің тексеру мәселелерінің аясына сыйақыны дұрыс есептеу, микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің (ЖТСМ) шекті мөлшерін сақтау, айыппұлдар мен өсімпұлдар есептеу, бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және жүргізу, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (КЖ/ТҚҚ) туралы заңнаманың талаптарын сақтау кіреді.

Прокуратура органдарымен бірлесіп, Агенттік қаржы пирамидасының және заңсыз банк қызметінің белгілерін тексереді. Мемлекеттік кірістер органдары камералдық бақылауды қоса алғанда, салықтық есепті ұйымдастыру және жүргізу мәселелерін тексереді. Ішкі істер органдары үй-жайлардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды тексеруді, талап етілмеген кепіл мүлкінің ұрланған немесе заңсыз жолмен алынған мүлікті анықтау тұрғысынан тексеруді жүзеге асырады.

Тексерулердің алдын ала нәтижелері бойынша ұйымның есеп саясатының болмауы бөлігінде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен жүргізу, операцияларды бухгалтерлік есепте тиісті түрде көрсетпей жүргізу, жасалған қаржылық есептіліктің болмауы; Кредиттеу қағидаларына сәйкес келмеу, сондай-ақ қарыз шартының сәйкес келмеуі бөлігіндегі; жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің (ЖТСМ) 100%-на асып кету және қарыз шарттарында ЖТСМ-ды көрсетпеу; бір жылдан астам мерзімге қарыз беру бөлігінде; кепілге салынған мүлікті сатқаннан кейін қарыз алушыдан берешектің қалдығын талап ету құқығы бөлігінде; Ұйымның жарғысында көрсетілген қызмет түрлерінің сәйкес келмеуі сияқты жүйелі бұзушылықтар және басқа бұзушылықтар анықталды.

Анықталған бұзушылықтар бойынша тиісті жауапкершілік шараларын анықтау және қолдану мақсатында оларды жіктеу жүзеге асырылады.

Анықтама үшін: 2020 жылғы 1 шілдеге дейін ломбардтар, кредиттік серіктестіктер және онлайн-кредиттеу компаниялары микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар ретінде Агенттікте есептік тіркеуден өтуге тиіс.

Сонымен қатар Агенттік микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер және ломбардтар үшін жарғылық және меншікті капиталға қойылатын жаңа талаптарды белгілеу мерзімін 2020 жылғы 1 шілдеден 2021 жылғы 1 қаңтарға ауыстырды («Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 сәуірдегі №55 қаулысы)

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қызметкерлері Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде ипотекалық қарыз алушыларға қосымша қолдау көрсету шараларын іске асыру мәселелері бойынша қоғамдық бірлестіктердің басшыларымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Агенттік өкілдері Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасы Қазақстанда 2015 жылдан бері ҚР Президентінің тапсырмасымен іске асырылып келе жатқанын және ипотекалық қарыз алушылардың жалғыз баспанасын сақтауға, борыш жүктемесін төмендетуге және олар үшін валюталық тәуекелді болдырмауға бағытталғанын хабардар етті.

2020 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша екінші деңгейдегі банктер және ипотекалық ұйымдар 256,7 млрд теңге сомаға 37 191 ипотекалық қарызды қайта қаржыландыруды мақұлдаған. Бағдарлама бірнеше блоктан тұрады.

Бағдарламаның бірінші блогы 2004 – 2009 жылдардағы кезеңде қарыз алған ипотекалық қарыз алушыларға қолдау көрсетуге бағытталған. Көрсетілген қарыздарды қайта қаржыландыруға Қазақстан Ұлттық Банкі 130 млрд теңге бөлді.

Бүгінгі күні бөлінген ақшаны банктер игерді және қайта қаржыландыру бұған дейін қайта қаржыландырылған қарыздарды өтеуден түскен ақша есебінен жүзеге асырылады.

2020 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 174,7 млрд теңге сомасына 28 117 қарыз мақұлданды, 161 млрд теңге сомасына 27 006 қарыз қайта қаржыландырылды.

Бағдарламаның екінші блогы 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін алынған жеке тұлғалардың валюталық ипотекалық қарыздарын Қазақстан Ұлттық Банкінің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы бойынша теңгемен қайта қаржыландыруды көздейді.

2020 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 82 млрд теңге сомасына 9 074 қарыз мақұлданды, 68,4 млрд теңге сомасына 7 750 валюталық ипотекалық қарыз қайта қаржыландырылды.

Бұдан басқа, ағымдағы жылдың басынан бастап Агенттік халықтың әлеуметтік осал топтарының (ХӘОТ) санатына жататын қарыз алушылардың ипотекалық қарыздары бойынша қарыз жүктемесін төмендетуге (Бағдарламаның үшінші блогы), сондай-ақ жеңілдікті ипотекалық қарыз беру не кейіннен сатып алу арқылы тұрғын үйді жалға алу арқылы жалғыз баспананы банктің балансынан кепіл берушінің меншігіне қайтаруға бағытталған қосымша шараларды енгізді.

Ипотекалық қарыздар бойынша халықты қаржылық қолдаудың қосымша шараларын ескере отырып, Бағдарламаның екінші блогы шеңберінде валюталық ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру мерзімі 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылды.

Қарыздың Бағдарлама талаптарына сәйкестігін анықтау үшін қарыз алушылар кредитор-банкке жүгінуі қажет.

Агенттік Бағдарламаның талаптарын орындау, оның ішінде қарыз алушыларды барынша қамту бөлігінде банктерге бақылау жүргізеді. Бұған қосымша Бағдарламаның талаптарын іске асырудың айқындылығын қамтамасыз ету және бақылау үшін Қазақстанның барлық өңірлерінде Бағдарламаның талаптары бойынша банктің қарызды қайта қаржыландырудан бас тартуының заңдылығы туралы қарыз алушылардың шағымдарын қарайтын арнайы комиссиялар жұмыс істейді. 2020 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша комиссиялар қарыз алушылардың 5 094 шағымын қарады.

Қоғамдық бірлестіктердің өкілдері өз кезегінде комиссиялардың өкілеттіктерін кеңейтуді және екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық қарыздар бойынша өтініштерді қарау мерзімін жеделдетуді ұсынды.

Агенттік қызметкерлері Бағдарламаның бірінші (2004-2009 жылдар аралығындағы кезеңде берілген ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру) және екінші (2016 жылғы 1 қаңтарға дейін шетел валютасымен берілген ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру) блоктары бойынша комиссиялардың шешімдері міндетті, үшінші блок бойынша (ипотекалық қарыз алушыларға қосымша көмек көрсету) – ұсынымдық сипаты бар екенін түсіндірді. Комиссиялар жұмысының міндеті Бағдарлама шарттарының орындалуын бақылау, қарыз алушыларға Бағдарлама шарттарын барынша пайдалану мүмкіндігін беру болып табылады, бұл үшін комиссиялардың жеткілікті өкілеттіктері бар және комиссиялардың шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

Екінші деңгейдегі банктердің өтінімдерді қарау мерзімдеріне келетін болсақ, карантин кезеңінде және төтенше жағдай кезеңінде Бағдарлама бойынша жұмыс қарқыны біршама бәсеңдеді. Қаржы реттеушісінің өкілдері Агенттік екінші деңгейдегі банктермен Бағдарлама бойынша қарыз алушылардың әрбір өтінішін жеке тәртіппен пысықтайтынына сенім білдірді.

Анықтама үшін: ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сайтында банктер қызметкерлерінің қарыз алушылармен өзара әрекеттесуі үшін байланыс деректері және банктердің ипотекалық қарыз алушыларға қосымша көмек көрсетуді қарастыруға қажетті құжаттардың тізбесі, сондай-ақ қарыздарды қайта қаржыландырудан бас тартуға қарыз алушылардың шағымдарын қарау жөніндегі комиссиялар туралы ақпарат орналастырылған. Сондай-ақ www.finreg.kz және www.fingramota.kz сайттарында «кері байланыс» функциясымен және Бағдарламаны іске асыру шарттары бойынша сұрақтар қою мүмкіндігімен Бағдарлама бойынша жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар орналастырылған.

Қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мына жедел желі телефондарына хабарласыңыз:

+7 (727) 2788 144 және +7 (727) 2788 122

(жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма сағат 9.00 – 18.30 аралығында,

сенбі – сағат 9.00 - 14.00 аралығында, жексенбі – демалыс)

e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс., Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. www.finreg.kz

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі дайындаған коронавирус инфекциясының симптомсыз түрі бойынша пациенттерге арналған жадынама

Үй карантинінде жатқан адамға нұсқаулық:

- Үйден шықпау керек.

- Жөтел немесе түшкіру кезінде ауыз бен мұрынды жабу керек. Вирустың таралуына жол бермеу үшін бір реттік майлықты пайдалану керек. Осыдан кейін бірден қолды сабындап жуып, спирттік негіздегі антисептикпен сүрту керек. Медициналық масканы нығыз жабыстыра тағып, екі сағат сайын ауыстырып отыру қажет.

- Тамақ ішер алдында, сонымен бірге дәретханадан кейін қолды сабындап жуып, спирттік негіздегі антисептикпен сүртуді ұмытпау керек. Қолды сүрту үшін мүмкіндігінше бір реттік майлықты пайдалану керек.

- Жеке пайдаланатын ыдыспен тамақ ішу керек.

- Денеде қызу немесе өзге де жайсыздықты сезінген жағдайда COVID-19 бойынша колл-орталыққа хабарласқан немесе өтінім себебін түсіндіре отырып, жедел жәрдем шақырған дұрыс.

 

Үй карантинінде болған жағдайда қашықтан мониторингтеуді қамтамасыз ету үшін мына шарттар орындалуы тиіс:

- Үй карантиніндегі адам смартфонына Smart Astana мобильдік қосымшасын орнатып, қосымшаға барлық рұқсатты (GPS, WIFI, Bluetooth) беру керек.

- «Мен карантиндемін» режимін қосып, үй карантині біткенше оны өшірмеуі керек.

- Телефон әрдайым өшпей, интернетке қосылып тұруы керек.

- Мобильдік қосымша әрдайым белсенді түрде немесе ұялы телефон бетіндегі режимде тұруы тиіс (қосымшаның істеп тұрғанын хабарландырулар немесе мәртебе виджетінен көріп отыруға болады).

- Үй карантині қызметін пайдалану кезінде қолданушы GPS, Bluetooth немесе WIFI режимін өшірмеуі тиіс.

 

Үй карантині қамтамасыз етілген отбасындағы адамдарға нұсқаулық:

- Бөгде адамдардың үйге кіруіне тыйым салынуы керек.

- Карантин бөлмесіне кірер кезде медициналық масканы нығыздап, мұрын мен ауызды жауып тұратындай кию керек. Егер медициалық маска кірлеп немесе дымқылданып кетсе оны жаңа маскаға ауыстыру қажет. Медициналық масканы шешкен кезде тиісті техниканы ұмытпай, алдыңғы бөлігін ұстамау керек.

- Отбасындағы адамдардың дене қызуын күніне 2 рет өлшеген жөн.

- Бөлмені күніне екі рет желдеткен дұрыс.

- Дымқыл тазалықты күнделікті жүргізу керек

- Қолды сабынмен жиі жуып, антисептикпен сүртіп отыру керек. Қолды сүрткен кезде бір реттік майлықты пайдаланған абзал.

- Дымқыл тазалықты күнделікті жүргізу керек

- Қолды сабынмен жиі жуып, антисептикпен сүртіп отыру керек. Қолды сүрткен кезде бір реттік майлықты пайдаланған абзал.

- Отбасының әрбір мүшесі жеке тазалық үшін бөлек ыдысты пайдалануы тиіс.

- Жөтел немесе түшкіру кезінде ауыз бен мұрынды жабу керек. Вирустың таралуына жол бермеу үшін бір реттік майлықты пайдалану керек. Осыдан кейін бірден қолды сабындап жуып, антисептикпен сүрту керек.

- Отбасындағы әрбір адамнан дене қызуы немесе жайсыздық байқалса COVID-19 бойынша колл-орталыққа хабарласу немесе өтінім себебін түсіндіре отырып, жедел жәрдем шақыру қажет.

Дүйсенбі, 15 Маусым 2020 09:08

Услышьте и задумайтесь

У каждого человека есть свой любимый город. Чаще всего тот, где промчалось его детство, с которым связаны самые дорогие сердцу воспоминания.

Города как люди – у каждого своя судьба,  лицо,  история и характер. Мой любимый город Есик расположен у подножия хребта Заилийского Алатау. Это так красиво – маленький городок, а вокруг горы.  Вспоминаю, как детьми мы катались с горки недалеко от курганов, и соседская девочка  мне крикнула: «Нашли Золотого Человека, идем смотреть!» И мы, наравне со взрослыми, побежали через поле к месту раскопок. Я видела, как археологи бережно очищали останки загадочного сакского вождя и собирали бесценные артефакты. С обретением независимости  на курганах открылся музей-заповедник «Есiк», в который приезжают  гости со всего Казахстана и из других стран. Они восхищаются нашими живописными местами, знакомятся с достопримечательностями, говорят, что хотели бы тут жить. В сравнении с прошлым мой город «дышит» уже в другом ритме. Он стал намного краше, его не узнать. Открываются деловые и торговые центры, разбиваются  парки и скверы, строятся новые жилые дома. Растет население, стало шумно и людно. Меня удручает одно – я не всегда вижу Есик чистым и ухоженным. Люди стали  мусорить на улицах, даже там, где установлены урны. Много курящих, которые бросают окурки на землю. Сейчас активно идет благоустройство улиц.  В обновление дорог, прокладку тротуаров  вкладывается масса средств и труда. И тут же, в двух шагах, видишь стихийные свалки.   Какое-то безразличие к своим поступкам… При взгляде на все это невольно рождаются стихи:

Жестокий век, жестокие сердца,

живем мы в мире только для себя.

Добра лишь для себя хотим,

а зла всегда другим желаем,

и словно яму им  копаем.

Кто мы? Зачем мы рождены?

Что в жизни сделать мы должны?

Каждый должен задать себе вопрос: «Что я могу сделать для тебя, любимый город, чтобы ты процветал ради будущего?»  Хочется крикнуть: «Ау, люди, услышьте меня! Давайте будем бережно относиться к  Родине, к месту, в котором родились и живем, к городу, аулу нашего детства…»

 

Гульбану ЖАКУПОВА

Жұма, 12 Маусым 2020 16:55

Назар аударыңыз!

Маусым айының 15-18 күндері аралығында «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол ЖОҚ» республикалық акциясы өткізіледі.

Акцияның басты мақсаты – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және жою, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа бейім адамдармен жеке профилактикалық жұмыс жүргізуге бағытталған жүйені қалыптастыру.   

Егер де сіз немесе жақындарыңыз отбасында зорлық-зомбылық құрбаны болса, сондай-ақ, отбасындағы зорлық-зомбылықтың күәгері болсаңыз, Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасының 102 телефонына немесе АПБ ЖПҚБ-нің әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция капитаны Райгуль Рашидқызы Тюлюбековаға 8-707-623-34-04 телефоны арқылы хабарласыңыз.

Сондай-ақ отбасындағы зорлық-зомбылықты тоқтату, көмек алу және қауіпсіз панада тұру үшін Талдықорған қаласындағы дағдарыс орталығының 8-7282-41-18-34 телефонына да хабарласа алазыз.

Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасының барлық аумағында «150» сенім телефоны (тәулік бойы, тегін, құпиялылық сақталады) қызмет көрсетеді.

 

*****

Если Вы или Ваши близкие подвергаетесь насилию в семье, а также стали свидетелем насилия, обращайтесь в дежурную часть управления полиции Енбекшиказахского района по телефону 102 или старшему инспектору по защите прав женщин от насилия ОМПС капитану полиции ТюлюбековойРайгуль Рашидовны по телефону 8-707-623-34-04.  

Чтобы остановить насилие в семье, получить помощь и безопасность проживания в приюте, Вы можете обращаться по телефону Кризисного центра г. Талдыкорган 8-7282-41-18-34.

Также на всей территории Республики Казахстан круглосуточно, бесплатно, ананимно, конфидициально работает телефон доверия «150».

 

 Р.Р. Тюлюбекова,

 старший инспектор по защите прав женщин от  насилия                                                                                                                                                                 

ОМПС  УП Енбекшиказахского района капитан полиции                                                                     

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 69-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары өкілеттіктерінің конституциялық мерзімінің 2020 жылғы қазан айында аяқталатынына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауы 2020 жылғы 12 тамызға тағайындалсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.

3. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

                Президенті                                                                                                    Қ.Тоқаев

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 11 маусым

                       № 351

*****

 

О назначении на 12 августа 2020 года выборов депутатов Сената Парламента Республики Казахстан
 

В соответствии с подпунктом 2) статьи 44 Конституции Республики Казахстан, статьей 69 Конституционного закона Республики Казахстан от 28 сентября 1995 года «О выборах в Республике Казахстан» в связи с истечением в октябре 2020 года конституционного срока полномочий депутатов Сената Парламента Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЮ:

1. Назначить на 12 августа 2020 года выборы депутатов Сената Парламента Республики Казахстан.

2. Правительству Республики Казахстан, акимам городов Нур-Султана, Алматы и Шымкента, областей принять меры по организационному, материально-техническому и финансовому обеспечению выборов депутатов Сената Парламента Республики Казахстан.

3. Настоящий Указ вводится в действие со дня опубликования.

 

          Президент
Республики Казахстан                                                                                                                  К.Токаев

 

Нур-Султан, Акорда, 11 июня 2020 года

 

                 № 351

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет