Жолда бір әйел: «Айналамдағының бәрі – бас пайдасын ойлаған оңбағандар мен арсыздар. Күйеуім – ішкіш, қаңғыбас. Балаларым – тәртіпсіз, шетінен ақымақ. Ал мен байғұстың жүрісім мынау қайғырып, жалғыз...», – деп өзімен-өзі ашуға булығып келеді.

Оған соңынан ілесіп періште де келе жатыр. Қолындағы дәптеріне әйелдің айтқандарының бәрін рет-ретімен жазып жүр. Кілт тоқтап, жазғанына бір көз жүгіртті де, «Қызық, соншалық негативтің бұл әйелге қажеті не? Десе де, неге тапсырыс берсе, соны орындауым қажет», – деп, періште әйелдің айтқандарын орындауға асықты.

Аударған: Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

Жұма, 29 Мамыр 2020 10:47

Індетпен күрес жалғасуда

Төтенше  жағдай басталғалы бері көрмеген жақсы танысым кездесе  кеткенде құшағын жая  ұмтылып, төс қағысып қауышып жатыр. Төтенше жағдайды мемлекет басшылығы тоқтады деп жариялағанымен індеттің  тоқтамағанын, карантиннің аяқталмағанын білетін мен танысымның  құшағынан сытылып шығып, шегіншектей беріп едім, ол кеп кейісін патшағар: «Жел сөзге еріп достарыңнан жерінейін дедің бе? Төтеншеден  өтенше болғалы он күн болды ғой. Неменеге бәлсініп қалғансың?!»

Түсіндіруге тырысып жатырмын танысыма: «Індетті жұқтырғандар  саны  көбеюде. Қолымызды кеудеге қойып сәлемдессек те сағынып көріскенімізді білдіре аламыз ғой».

Танысымның аптығы әрең басылды: «Е-е, қайдан білейін – Үкіметтің қаулысы шығысымен  індет басыла қалады ғой десем».

Сол  аты жаман  ауруды  жұқтырғыш  пәлелерің үкіметті   тыңдамайды екен, – деп орынсыздау әзілмен аяқтадым ыңғайсыздықты.

Автокөліктің майын ауыстыруға техникалық жөндеу орталығына бардым. Ешкімде бетперде де жоқ. Залалдандыру сұйықтығы да, сақтық шаралары туралы жарнама, плакаттары да  жоқ.

Төтенше жағдай мемлекеттік деңгейде неге   тоқтатылғанын да түсіне білу керек қой. Кәсіпорындардың, қызмет  көрсету орындарының бір күн болса да тоқтап тұрғаны  қып-қызыл шығын, кәсіпкердің табыс көзінің  жабылуы, бюджетке қаржының  түспей  қалуы.

Қарапайым ғана мысалдың өзі  бүкіл еліміздің экономикасы, қаржылық-шаруашылық жағдайы сол еліміздің, халқымыздың денсаулығына  байланысты. Халық денсаулығы әрқайсымыздың  деніміздің саулығынан құралады. Олай  болса қанша  сағынып көріссең де достарыңмен, туыстарыңмен  жүрек  тұсына  оң қолыңды қойып ыстық сөздермен дәстүрлі сәлеммен  сәлемдескен абзал. Бертпердеңді,  маскаңды көпшілік шоғырланған жерде         тастамай жүр. Қолыңды жиі  жуып  жүр. Сақтықта қорлық жоқ! Ал жиындарға келсек, ресми  жиналыстар онлайн  режимге көшіп алған. Той-томалақ  басқа да  адами тіршіліктерді кейінге қалдыра  тұрсақ, өзіңізге  де, қоғамға да  көп пайдасы бар. Денсаулық сақтау тұрғысынан індетті  жұқтырмау жағынан! Оны таратпау талабынан.

 

Қ.Қасымұлы

«Талдықорған көшелерінде жайбарақат жүргендер көп. Маска тақпайды. Қала әкіміне шаруаны мықтап тапсырдым»,- деп айтты Амандық Ғаббасұлы баспасөз-мәслихатында.

Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов ел алдына шығып коронавирус төңірегіндегі барша сауалға жауап беріп, атқарылған шаралар мен қазіргі аумақтағы ахуалға тоқталды.

Бүгінгі күні облыста коронавирусқа шалдыққан науқастар саны 305-ке жеткен. Оның 181-і дерттен құлан-таза айыққан. Медицина қызметкерлерінің бақылауында 1415 адам бар. Үй карантинінде 1085 адам жатыр. Қазіргі таңда індеттің 31 аймақта карантин режимі алынған.

Алматы облысында Талдықорған, Кеген, Талғар аудандары кеселдің ошағы болып отыр. Қазіргі кезде коронавирусқа шалдыққандарды анықтау үшін 6 зертхана жұмыс жасап жатыр. Алдағы уақытта тағы бір зертхана өз қызметіне кіріседі.

Мемлекет пандемия кезінде халықтың тұрмыстық жағдайында назардан тыс қалдырмады. Мәселен, тек Алматы облысының 545 мың тұрғыны 42500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемге қол жеткізген. Коммуналдық төлемді өтеуге қатысты 15 000 теңгені алуға облыста 24 мың адам өтініш қалдырған.

Қазіргі кезде аталған соманы өтеу жүйелі түрде іске асып жатыр. Халықтың қамы демекші, карнатин уақытына қарамастан жұмыспен қамту жұмысы өз ретімен жүзеге асу үстінде. Осы мақсатта бюджет қаражаты есебінен 109,2 млрд. теңге қаржы бөлінген. Соның аясында 23 жұмыс орны ашылмақ.

Карантин режимін кезең-кезеңімен жеңілдету барысында әуе қатынасы қайта жолға қойылды. Бүгінгі күні Айдынды Алакөлге, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан күніне 6 мәрте ұшақ қатынайды. Ал Талдықорған қаласынан Үшарал жеріне тәулігіне екі рет әуе кемесі көкке көтеріледі.

Облыс әкімінің айтуынша, 13 маусымнан бастап Алакөлде демалыс маусымы ашылмақ екен. Ал, шомылу маусымына ауа-райы жылынған кезде ғана рұқсат берілмек.

«Қаладағы саябақтар әзірге ашық. Тек, демалыс орындарында, қоғамдық жерде санитарлық талаптарды қатаң сақтау керек. Ара қашықтықты да ұмытпау қажет»,- деп атап өтті Амандық Ғаббасұлы.

1 маусым күні тағы да комиссияның отырысы өтеді. Сол уақытта карантин режимі алынады ма, жоқ па? деген сауалға нақты жауап берілмек.

Сөз соңында аймақ басшысы, «алғаш рет облыс орталығында аты жаман аурумен ауырған науқас тіркелгенде ол сырттан келген адамнан тараған еді. Сондықтан да блок-бекеттердегі тәртіпті күшейту керек. Әлі де болса вирус бар. Карантин режимін сақтап, мамандардың ескертуіне құлақ асыңыздар. Елімізде індеттің таралуы өршіп кеткен жағдай да біз облыста қатаң режимге көшуге мәжбүр боламыз.»,- деді.

Облыс әкімі осы сөзімен барша халықты саналы түрде сақтық талаптарын орындауға шақырды.

 

Анар САБЫРОВА

Елдегі ТЖ жағдайына байланысты биылғы білім беру саласында бірқатар өзгерістер орын алды. Әсіресе бітіруші түлектер үшін ерекеше ереже мен өзіндік шарттар бекітілген.

Мектептің 9-11 сынып оқушылары аттестат алу үшін сынақ тапсырмайды. Жыл бойғы алған бағаларының негізінде қорытындысы шығарылады. Аттестатты тапсыру рәсімі 3-4 маусым аралығында өтеді. Облыс бойынша 1177 оқушы - «Алтын белгі» иегері, 851-і - «Үздік аттестат» иесі атанып отыр.

Ағымдағы жылы 15 256 оқушы алтын ұясымен қоштасты. Олардың ішінде 11589-ы ҰБТ тапсыруға өтініш берген.

Ұлттық бірыңғай текстілеуге өтініш беру 15 сәуір мен 10 мамыр аралығында онлайн форматта өткізілді.

Облыста ҰБТ тапсыруға арналған 16 пункт жұмыс істейді деп күтілуде. Барлық сынақ тапсыру орындары техникалық талаптарға сәйкес жабдықталған.

Ұлттық бірыңғай тестілеу форматы өзгеріссіз қалады. Әдеттегідей қағаз түрінде өткізіледі. Тест 5 пәннен тұрады. Олар: Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, таңдау бойынша 2 негізгі пән.

ҰБТ тапсыру уақыты 3 сағат 50 минутты құрайды.

Тест тапсыру 20 маусымнан 5 шілдеге дейін жалғасады. ҰБТ қатаң санитарлық ережелерге сәйкес өткізіледі деп жоспарлануда.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 «Жоғары білім үшін ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес білім беру гранттары 2017 жылдан бастап беріледі.

2017 жылы - 100, 2018 жылы - 106, 2019 жылы облыстық бюджеттен 250 білім гранты бөлінді, оның 79-ы көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына.

Сондай-ақ көп балалы отбасылардың балаларына 100 және атаулы әлеуметтік көмек алуға республикалық бюджеттен 301 грант бөлінді. Биыл 200 білім грантын бөлу жоспарланған.

Анар САБЫРОВА

В настоящее время наша страна переживает один из непростых исторических периодов. И самая большая опасность, подстерегающая наше общество сегодня, - разрушение личности. Сейчас материальные ценности доминируют над духовными, поэтому у людей искажены представления ο доброте, милосердии, великодушии, справедливости, гражданственности и патриотизме. Каким образом каждый из нас может изменить эту ситуацию? Прежде всего, это переориентация от мирских ценностей на ценности духовные. Как учитель  начальных классов считаю: решение этой проблемы возможно только путем формирования внутреннего мира  человека в согласии с наукой совести.

Каждый человек рожден, чтобы сделать мир прекраснее, ярче и добрее. Способность радоваться жизни и умение мужественно переносить трудности закладываются в раннем детстве. Чтобы стать добрым к людям, надо научиться понимать других, проявлять сочувствие, честно признавать свои ошибки, быть трудолюбивым, удивляться красоте окружающей природы, бережно относиться к ней.

«Наука совести» - понятие, введенное великим казахским философом Шакаримом. Замечательный знаток творчества Абая, Шакарим глубоко проникается его концептуальными идеями, развивая их.

Замечательная книга, которую написал Гарифола Есимов «Наука совести», где собраны все 45 слов-назиданий Абая  и  раскрывается вся суть  человеческой совести, философские  рассуждения о совести, нравственности и духовности человеческой души.

В Послании  нашего  Елбасы   в числе приоритетных задач  –  качественный рост человеческого капитала. «Патриотизм,  нормы морали и нравственности, межнациональное согласие и толерантность, физическое и духовное развитие, законопослушание. Эти ценности должны прививаться во всех учебных заведениях, независимости от формы собственности»,  –  призывает Н.А.Назарбаев нас, казахстанцев.

В современном обществе назрела насущная необходимость вернуть понятию «духовность»  статус объективной реальности, не менее важной для человеческого развития, чем материальная  обеспеченность.

А прививать  духовные  ценности учащимся должны  мы, учителя!

 «Учителю принадлежит самая главная роль в формировании будущего страны. Из всех профессий профессия учителя – самая благородная, самая трудная и самая важная»,  – слова педагога Ш. А. Амонашвили. «Уважайте чистое, ясное, непорочное святое детство!” (Януш Корчак). Иными словами, принимайте ребенка таким, каков он есть, помогайте ему совершенствовать его лучшие стороны! Человек должен постоянно духовно развиваться. А для этого нужны знания. Как знаниям проникнуть в человеческую душу,остаться там, дать ростки доброго, светлого, прекрасного? Помочь пробудить внутренний дух ребенка, реформировать духовный мир учителя сегодня возможно благодаря предмету “Самопознание».  Программа нравственно-духовного образования «Самопознание» основана на целостном подходе к пониманию человека, как обладающего не только биологической и социальной, но и высшей духовной природой. Включение в нее   трудов Абая и Шакарима  должно помочь подрастающему поколению осознать своё высшее духовное начало.  Как учитель  начальных  классов  твердо убеждена, что прививать духовно-нравственные ценности  необходимо, акивно включая в программы воспитания и образования лучшие образцы духовной культуры казахского народа и виднейших его мыслителей: Абая и Шакарима.

 

Анастасия  ШЕЛЕПИНА,

учитель начальных класов

СШ  имени  Аль-Фараби, с.Байтерек

Сыбайлас жемқорлық – қоғам өмірдегі ең қауіпті факторлардың бірі. Ол мемлекеттің жалпы ұлттық қауіпсіздігіне ғана емес, сонымен бірге оның барлық құрамдас бөліктеріне де зиянды әсер етеді.

Мемлекеттік сатып алу, мемлекет қаржысын талан-тараж етіп, ысырап қылу, жер телімін заңсыз беру, дүние-мүлкін, ақша капиталын салық декларациясынан, яғни мемлекеттен жасырып қалу сияқты мемлекет қалтасына қауіп төндіретін жат қылықтар әлі де баршылық.

Қазіргі таңда қоғамымызға, қауіп төндіріп, орасан кесел келтіретін осынау келеңсіз әлеуметтік құбылысқа қарсы шаралар қатаң қолға алынып жатыр.

Жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі ретінде анықталған.

Осыған орай Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы  № 154 Жарлығын (2019 жылғы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндамасы жарияланды).

Аталған баяндама Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру нәтижелері туралы қоғамды хабардар ету үшін қалыптастырылады. Онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор мен қоғамдық ұйымдар жұмысының қорытындылары баяндалды.

Бірінші тарау сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің стратегиялық бағыттары туралы ақпаратты қамтиды. Екінші тарау халықаралық және қазақстандық рейтингтер мен зерттеулерге негізделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы еліміздің ілгерілеуін талдаудан құралған. Үшінші тарауда еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі мақсаттары мен міндеттері белгіленген. Сондай-ақ, жаңғыртылған моделі озық әлемдік тәжірибеге сүйене отырып қалыптастырылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіндегі құрылымдық өзгерістер сипатталады. Төртінші тарауда Агенттіктің жобалары мен акциялары, қабылданған заңнамалық бастамалар, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою туралы айтылған.

Бұл жерде статистикалық деректер мен көрсеткіштер де көрсетілген мекеме қызметінің нақты нәтижелері көрсетілген.

Бесінші тарауда еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық бастамаларға қатысуы туралы ақпарат ұсынылған. Атап айтқанда,  Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобы (ГРЕКО) ұсынымдарының орындалуы туралы айтылған.

Алтыншы тарау сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты жетілдіруге бағытталған Агенттіктің тұжырымдары мен ұсыныстары нқамтиды. Атап айтқанда, олар сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған тұлғаларды қорғау жүйесіне, «сыбайласжемқорлық» ұғымын жеке секторға тарату, сондай-ақ мемлекеттік және квазимемлекеттік сатыпалу бойынша бірыңғай заңды қабылдау мәселелеріне қатысты.

Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес, қылмыстарды болдырмау мен алдыналу – баршамызға ортақ міндет.

Егер сіз ұйымдарда, мекемелерде сыбайлас жемқорлық құбылыстарына пара бопсалау фактілеріне немесе сыбайлас жемқорлық сипатындағы қандай да бір басқа көріністерге тап болсаңыз, сондай-ақ, егер сізге бұл мәселе немқұрайлыболмаса, сізбірыңғайCall-center 1424 телефон нөміріне хабарласа алатындығыңызды назарыңызға жеткіземіз.

Сыбайлас жемқорлық көріністерін жат құбылыс ретінде сезіну және қабылдамау – әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымына айналса ғана, жемқорлыққа қарсы шаралар нәтижелі болары сөзсіз.

 

Ернар Мақажанов,

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің

Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы

 

 

Сәрсенбі, 27 Мамыр 2020 10:42

АБАЙҒА МҰҚТАЖБЫЗ

Мәдениеттанушы, ақын Әуезхан Қодардың «Абай бізге мұқтаж емес, біз Абайға мұқтажбыз» дегені бар еді. Иә, шынымен де, Абайдың әр өлеңін оқыған сайын, оның тереңіне бойлай бересің. Ондағы ойды он оқығанда оның он қырын түсінесің, сезінесің. Бұл, ақынның өзі айтпақшы, «іші – алтын, сырты – күміс сөз жақсысы» болар деген ойға қаласың.

Абайдың әр шығармасы оқу-білімге шақырып, адами қасиеттерді, рухани тазалықты дәріптейді. «Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол» деп, ақын оқырманына жол сілтесе, енді бірде «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым. Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың» деп, өткір сөзбен осып алады. Мұның бәрі еліне, халқына деген жанашырлықтан туған, әрине. Алайда бұл жанашырлықты кезінде түсінбеген көпшілік «сын», «мін тағу», «тырнақ астынан кір іздеудей» көрді. Дегенмен, жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді.

Биыл Президент Қ.Тоқаев Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы Жарлыққа қол қойды. «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Абайды ұлтымыздың мәдени капиталы ретінде насихаттауымыз керек. Өркениетті елдер қазақтың болмыс-бітімін, мәдениеті мен әдебиетін, рухани өресін әлемдік деңгейдегі біртуар перзенттерінің дәрежесімен, танымалдығымен бағалайтынын ұмытпайық», – деген-ді.

 

Аружан БАҚТИЯР

 

Әрине, ұлыларын ұлықтау – ұлт парызы емес пе?! Осы орайда елімізде атқарылып жатқан шаруа аз емес. Бұл игі іске «Еңбекшіқазақ» қоғамдық-саяси апталығы мен mezet.kz желілік басылымы да өз үлесін қосып келеді. Солардың бірі – Абай оқулары байқауы. Ақынның өлеңдерін өскелең ұрпаққа дәріптеп, оқуға қызығушылығын ояту. Әрі өлеңнің мазмұнына мән беріп, қатысушыларды аңғарымпаздыққа баулу.

Айша ҒАБИДЕНҚЫЗЫ

 

Екі айға созылған байқауға қатысуға ауданымыздан ғана емес, жалпы, облыстан оқырмандар өтініш білдірді. Ақын өлеңдерін машығына келтіре мәнерлеп оқып, видео түсіріп жіберушілер көп болды. Дегенмен, сайыстың талаптарына сай таңдалған 61 үміткер келесі кезеңге өткен-ді. Байқауға қатысушылардан келіп түскен видеолар mezet.kz желілік басылымында және «Еңбекшіқазақ» газетінің әлеуметтік желілерінде жарияланды. Сол жерде дауыс жинап, қорытынды да шығарылды.

Сәбиден Мейрат

 

Алайда елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты жүлдегерлерді марапаттау салтанатын ұйымдастыру мүмкін болмады. Дегенмен, байқауға қатысып, өзгелерден оза шапқан 10 қатысушыны газеттің бас редакторы Хайролла Қасымұлы редакцияға жеке-жеке шақырып, жүлдесін табыстап, оқушылармен ой бөлісті. Абай жайында, әдебиет турасында сөз қозғап, ақ тілегін айтып, қатысушыларды қанаттандырды.

Шерхан ЕСЕН

 

Бас жүлдені Райымбек атындағы орта мектеп оқушысы Аружан Бақтияр алды. 7 сыныпты тәмамдаған Аружанға диплом мен естелікке Мұхттар Әуезовтың «Абай жолы» роман эпопеясы табысталды. Ал бірінші орынға шыққан Айша Ғабиденқызы – байқауымыздың ең кішкентай үміткері. Екінші орын Мейрат Сабиденге, үшінші орын Шерхан Есенге бұйырды. Ондыққа кірген барлық үміткерге диплом, Абай өлеңдері мен қара сөздерінің жинақтары табысталды. Сондай-ақ байқауға қатысқан 61 баланың барлығы Абай оқуларына қатысқаны үшін сертификатқа ие болды. Әрине, мұның бәрі балаларды ынталандырып, оқуға, білімге деген талпынысын арттыру үшін жасалып отыр. Абайды таныған әр оқырманның таным-түйсігі де тереңдей берері сөзсіз.

 

 

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

Алматы облысында 179 адам коронавирус инфекциясынан айықты. Бұл туралы «JETISÝ MEDIA» ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында белгілі болды.

Аты жаман ауруға шалдыққандар саны облыс бойынша 288 адамды құрап отыр. Жұқпалы аурулар ауруханасында 97 адам ем-дом қабылдауда. Олардың 13-і үйдегі карантинге жабылған.

«Өңірдегі індет жұқтырғандар санының өсуі халықтың карантиндік сақтық шараларын сақтамауымен тығыз байланысты»,- дейді Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бауыржан Ысқақ.

Облыста аталған кеселді анықтайтын 6 бірдей зертхана жұмыс жасайды. Тәулігіне 2,5 мың адамнан сынама алынады. Жақын арада 7-ші «Олимп» талдау мекемесі өз жұмысын бастайды. Аталмыш, зертхана іске қосылса онда тәулігіне алынатын талдаудың саны 3 мыңға жетеді деп күтілуде.

Бүгінгі күні коронавирус инфекциясына шалдыққандағы өсу көрсеткіші 4,6 %-ды құрап отыр. Ал, аталған көрсеткіш 7%-ға жеткен уақытта облыс орталығын карантинге жабу қауіпі туындайды.

Сондай-ақ, Бауыржан Ербозымұлы карантин шараларын жеңілдету Талдықорған қаласы мен Кеген, Талғар аудандарына қатысты емес екендігін атап өтті.

Аймақтың бас дәрігері әлі де болса вирустың жойылмағанын алға тартуда. Сондықтан барша халықты сақтық шараларын бұлжытпай ұстануға шақырады. Еске сала кету керек, облыста коронавирустан көз жұмғандар тіркелген жоқ.

Анар САБЫРОВА

Дүйсенбі, 25 Мамыр 2020 12:04

«ZhansugurovCollege» шақырады

«ZHANSUGUROV COLLEGE» техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламасы бойынша негізгі (9-сынып) және орта (11-сынып) білім базасында білім беру қызметін іске асырады. Колледж студенттері үшін ғылым докторлары,ғылым кандидаттары және жоғары санаттағы оқытушылар мен магистрлер мен докторанттар дәріс береді.Білім берудің көп деңгейлі моделі колледж білімгерлеріне университеттің заманауи оқу-зертханалық, ғылыми, ақпараттық – коммуникативтік базасында жұмысшы мамандығын, орта буын маманы біліктілігін және қолданбалы бакалавриат дәрежесін алуға мүмкіндік береді.

 І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің колледжі – бұл инновациялық үлгідегі колледж. Оның миссиясы – креативті және кәсіпкерлік ойлауы, іргелі білімі бар, еңбек нарығы талаптарына сай жас көшбасшылар буының қалыптастыру арқылы өңірдің және елдің адами капиталын дамытуға жағдай жасау.

 І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің Колледжіне білім алушыларды қабылдау мемлекеттік гранттар және ақылы негізде Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен бекітілген қабылдаудың үлгі ережесі негізінде жүзеге асырылады.

 Университет жанындағы колледжде оқу-бұл жоғары (бакалавриат) және жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура,докторантура-PHD) бағдарламалар бойынша ТЖКБ мен ЖОО-ның сәйкестендірілген білім беру бағдарламалары негізінде білімді жалғастырудың бірден – бір мүмкіндігі.

 Сапалы білім – перспективті жұмыспен қамтылудың кепілі!

Колледж таңдауда үздігін таңда!

Оқу және ауысуға қатысты сұрақтар бойынша ақпаратты төмендегі телефондар арқылы алуға болады.8(7282)24-09-29,87771119666,87772525553,87012852854

 

«ZhansugurovCollege» мамандықтары:

  1. Мамандығы: 0101000 Мектепкедейінгітәрбиежәнеоқыту

Біліктілігі: 010101 3 Мектепкедейінгіұйымдардыңтәрбиешісі

Оқунысаны: күндізгі, сырттай. Оқумерзімі: 9 кл 3 жыл 10 ай; 11 кл 2 жыл 10 ай

 

  1. Мамандығы: 0103000 Денетәрбиесіжәне спорт

Біліктілігі: 010302 3 Денетәрбиесіпәнініңмұғалімі

Оқунысаны: күндізгі. Оқумерзімі: 9 кл  3 жыл 10 ай; 11 кл 2 жыл 10 ай

Біліктілігі: 010303 3 Спорт жаттықтырушысы-оқытушы

Оқунысаны: күндізгі. Оқумерзімі: 9 кл  3 жыл 10 ай; 11 кл 2 жыл 10 ай

 

  1. Мамандығы: 0105000 Бастауышбілім беру

Біліктілігі: 010501 3 Бастауышбілім беру мұғалімі

Оқунысаны: күндізгі. Оқумерзімі: 9 кл 3 жыл 10 ай; 11 кл 2 жыл 10 ай

Біліктілігі: 010503 3 Шетелтіліненбастауышбілім беру мұғалімі

Оқунысаны: күндізгі. Оқумерзімі: 9 кл 3 жыл 10 ай; 11 кл 2 жыл 10 ай

 

  1. Мамандығы: 0111000 Негізгі орта білім беру

Біліктілігі: 011102 3 Орыстілі мен әдебиетмұғалімі

Оқунысаны: күндізгі. Оқумерзімі: 9 кл 3 жыл 10 ай; 11 кл 2 жыл 10 ай

 

  1. Мамандығы: 0201000 Құқықтану

Біліктілігі: 020101 3Заңгер

Оқунысаны: күндізгі, сырттай. Оқумерзімі: 9 кл 2 жыл 10 ай; 11 кл 1 жыл 10 ай

 

  1. Мамандығы: 0511000 Туризм (салаларбойынша)

Біліктілігі:​051102 2 Саяхатжүргізушісі

Оқунысаны: күндізгі. Оқумерзімі: 9 кл 1 жыл 10 ай; 11 кл 10 ай

Біліктілігі:​051103 2 Турист агенті

Оқунысаны: күндізгі. Оқумерзімі: 9 кл 2 жыл 10 ай; 11 кл 1 жыл 10 ай

Біліктілігі:​051104 3 Менеджер

Оқунысаны: күндізгі. Оқумерзімі: 9 кл 3 жыл 10 ай; 11 кл 2 жыл 10 ай

 

  1. Мамандығы: 0512000 Аудармаісі (түрлерібойынша)

Біліктілігі: 051201 3 Аудармашы

Оқунысаны: күндізгі, сырттай. Оқумерзімі: 9 кл 2 жыл 10 ай; 11 кл 1 жыл 10 ай

 

  1. Мамандығы: 0516000 Қаржы (салаларбойынша)

Біліктілігі: 051605 3 Қаржыжұмысыбойынша экономист

Оқунысаны: күндізгі, сырттай. Оқумерзімі: 9 кл 2 жыл 10 ай; 11 кл 1 жыл 10 ай

 

  1. Мамандығы: 1305000Ақпараттықжүйелер (қолданусаласыбойынша)

Біліктілігі: ​130501 1 Дизайнер

Оқунысаны: күндізгі, сырттай. Оқумерзімі: 9 кл 2 жыл 10 ай; 11 кл 1 жыл 10 ай

Біліктілігі:130502 3 Техник-бағдарламашы

Оқунысаны: күндізгі, сырттай. Оқумерзімі: 9 кл 3 жыл 10 ай; 11 кл 2 жыл 10 ай

 

  1. Мамандығы: 0402000 – Дизайн (бейінбойынша)

Біліктілігі: 040202 2 – Көркемдік-әсемдеужұмыстарынорындаушы

Оқунысаны: күндізгі. Оқумерзімі: 9 кл 2 жыл 10 ай; 11 кл 1 жыл 10 ай

 

Біліктілігі: 040201 3 – Дизайнер (бейінбойынша)

Оқунысаны: күндізгі. Оқумерзімі: 9 кл 3 жыл 10 ай; 11 кл 2 жыл 10 ай

  1. Мамандық: 1304000 – Есептеутехникасыжәнебағдарламалыққамтамасызету (түрлерібойынша)

Оқумерзімі: 9 кл 3 жыл 10 ай; 11 кл 2 жыл 10 ай

Біліктілігі: 130401 2 – Сандықақпараттардықайтаөңдеумаманы

Біліктілігі: 130404 3 – Техник - бағдарламашы

 

 ***********

Специальности «ZhansugurovCollege»:

  1. Специальность: 0101000 Дошкольное воспитание и обучение

Квалификация: 010101 3 Воспитатель дошкольных организаций

Форма обучения: очная, заочная. Сроки обучения: 9 кл 3 года 10 мес.; 11 кл 2 года 10 мес.

 

  1. Специальность: 0103000 Физическая культура и спорт

Квалификация: 010302 3 Учитель  физической культуры

Форма обучения: очная. Сроки обучения: 9 кл 3 года 10 мес.; 11 кл 2 года 10 мес.

Квалификация: 010303 3 Тренер-преподаватель по  спорту

Форма обучения: очная. Сроки обучения: 9 кл 3 года 10 мес.; 11 кл 2 года 10 мес.

 

  1. Специальность: 0105000 Начальное образование

Квалификация: 010501 3 Учитель начального образования

Форма обучения: очная. Сроки обучения: 9 кл 3 года 10 мес.; 11 кл 2 года 10 мес.

Квалификация:  010503 3 Учитель иностранного языка начального образования

Форма обучения: очная. Сроки обучения: 9 кл 3 года 10 мес.; 11 кл 2 года 10 мес.

 

  1. Специальность: 0111000 Основное среднее образование

Квалификация: 011102 3 Учитель русского языка и литературы

Форма обучения: очная. Сроки обучения: 9 кл 3 года 10 мес.; 11 кл 2 года 10 мес.

 

  1. Специальность: 0201000 Правоведение

Квалификация: 020101 3 Юрист 

Форма обучения: очная, заочная. Сроки обучения: 9 кл 2 года 10 мес; 11 кл 1 год 10 мес

  1. Специальность: 0511000 Туризм (по отраслям)

Квалификация: 051102 2  Экскурсовод

Форма обучения: очное. Сроки обучения: 9 кл 1 год 10 мес. ; 11 кл 10 мес.

Квалификация: 051103 2 Туристический агент

Форма обучения: очная. Сроки обучения: 9 кл 2 года 10 мес.; 11 кл 1 год 10 мес.

Квалификация: 051104 3 Менеджер

Форма обучения: очная. Сроки обучения: 9 кл 3 года 10 мес.; 11 кл 2 года 10 мес.

 

  1. Специальность: 0512000 Переводческое дело (по видам)

Квалификация: 051201 3 Переводчик

Форма обучения: очная, заочная. Сроки обучения: 9 кл 2 года 10 мес.; 11 кл 1 год 10 мес.

 

  1. Специальность: 0516000 Финансы (по отраслям)

Квалификация: 051605 3 Экономист по финансовой работе

Форма обучения: очная, заочная. Сроки обучения: 9 кл 2 года 10 мес.; 11 кл 1 год 10 мес.

 

 

 

Әуе компаниялары санитарлық-карантиндік шараларды сақтай отырып, рейстер санын дербес анықтауға құқылы.

 

 

ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің хабарлауынша, елдің барлық әуежайлар жұмысқа кіріседі, әуе компаниялары санитарлық-карантиндік шараларды сақтай отырып, рейстер санын дербес анықтауға құқылы.

Рейстер көліктегі бас санитарлық дәрігер белгілеген санитарлық қауіпсіздік шараларын күшейту жағдайында орындалады, яғни жеке қорғаныс құралдарын қолдана отырып, термометрия, әуе кемесіне отырар алдында әлеуметтік қашықтық және әуежайлар мен әуе кемелерінде кеңейтілген дезинфекция жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет