Дүйсенбі, 05 Қыркүйек 2022 14:16

Еліңнің аты қай тілде?

Еліңнің аты қай тілде? tilalemi.kz

Бурабайдағы Абылай хан алаңын аралап келіп, таксиге отырдым. Баратын жер шетін айтып, қызмет ақысымен келіскен соң «ат үстінен», яғни авто терезесінен болса да Оқжетпес шыңын, Қызылемшек тауын, тағы басқа табиғаттың көркем көріністерін тамашалап келе жатқан келісті көңіл күйімді елулердегі таксисттің «Я на поляне, я на поляне, еду в Шучинск» деп зарлап қоя берген дауысы әйгілі Жұмбақтастан назарымды бірден бөліп жібергені. Қазақтығында шек жоқ таксистке қарап:

– «Поляна» деген не? – деймін.

– Алаң ғой, соны да білмейсіз бе? – деп бажырая қарады.

– Ендеше неге өз атымен айтпайсыз, Абылай алаңы деп. Жаңа ғана осы жерге көрші Ресейдің Омбы қаласынан келген туристік автобустың жүргізушісінен қай бағытқа барасыз деп сұрағанымда алдымен «Боровое» деді де, әп-сәтте сөзін түзеді «Бурабай» деп. Ал сіз болсаңыз Абылай ханның резиденциясы болған, талай жауға қарсы жорықтар басталған алаңды жалаң сөзбен орысшалап тастадыңыз. Көкшетау қаласын «Кокчетав» деп бүлдірген орыс тілділердің қатесін түзеп, Көкшені – «Кокче», тауды «тав» дегізбей орнына келтіруге оншақты жыл кетті дейді көкшетаулықтар.

Бұл жаздағы демалыста туып-өскен өлкені аралаған сәттерден аз-кем көрініс.

Ал бізде, біздің Есік қаласында, аумақта не болып жатыр? Осыдан тура отыз жыл бұрын орыс тілді журналист редактордың орынбасары болған Дулат есімді азамат: «Қазақта сөз жоқ «істік» деген, «ыстық» деген сөз бар. «Иссык» деген сөз жоқ», – деп бүгінгі қала аты бар аудан орталығының аты Есік екенін дәлелдеп, траскрипциясын да түзетуге қол жеткізген еді. Осы күнге дейін барлық әкімшілік анықтамаларда, ірілі-ұсақты карталарда «Есик» деп орыс тілінде жазып, «Есік» деп қазақша жазылуы заңдастырылып, бекітілсе де «Иссыктан» арыла алмай келеміз.

Жер-су атауларын, ономастика, топонимиканы, ең бастысы ежелден бері елдіктің белгісі болып келе жатқан, адамдар арасындағы басты байланыс құралын – ұлттық, мемлекеттік тілімізді саясатқа айналдырып, елімізді ауыздықтап «ерттеп мінгісі» келетін саясаткерлердің әрекетіне не істерсің?

«Тілі жоғалған елдің өзі де жоғалады» деді кезінде ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы. Елдігіміздің ең басты белгісі ұлттық тіліміз – қазақ тілі, Ата Заңда айшықтап жазылған мемлекеттік тіліміз. Таңқаларлық бір жағдай, өткен ғасырларда тайпа-тайпа, ру-ру болып жүргенде қолданған тілімізді дербес мемлекет болғанда, Тәуелсіз ел болғанда өмірімізге толыққанды енгізе алмауымыздың себебі не? Мәселенің төркіні тым тереңде жатқан жоқ. Біріншіден жетпіс жыл кеңестік дәуірдегі үстем ұлттың тілімізді ғана емес, ділімізді, әдет-ғұрпымызды, тарихымызды, мәдениетімізді жойып жіберу мақсаты мен әрекеті. Бұл саясатқа қарсы тұрған азаматтарымыз берісі қызметтен шеттетілді, әрісі «халық жауы» деген атпен атылды, айдауға, қуғын-сүргінге ұшырады. Ал елде қалған көнбістер, ұлтсыздандыруға қарсылық көрсете алмағандар өз тілін ұмытуға дейін барғаны да рас. Міне, енді біздің ұлтты бөліп-жарып, бір-біріне қарсы қойып, дегенін істетуге метрополияның қолданатын әдісі туындады.

Бүгінгі күнге дейін басқаларды айтпағанда тіл жағынан екі жарылған елміз. Шала қазақ деп ана тілінде сөйлемейтін отандастарды атасақ, нағыз қазақ деп өз тілімізде сөйлейтіндерді айтамыз. Өз тілінде сөйлеген азаматтарды «ұлтшыл», «нацик» деп атауға дейін барып отыр кейбір саясаткерсымақтар. Бұған қарсы қояр уәжіміз, қаруымыз – бірігу, тілімізді қолдану аясын кеңейту, тереңдету. Қоғамымыздың, мемлекеттік құрылымдардың заңдастырылған тілді қолдануына қол жеткізу! Төбелеспен, айғай-шумен емес, мәдениетті түрде заң талабын орындату арқылы.

Сөз соңында түйіндеп айта кетерлік мәселе – жер-су, елді мекен, көше аттарында әлі де келеңсіздіктер көп. Ауданымызда «Космос» деген ауыл бар. Есікте, басқа елді мекендерде Грушевая, Яблоневая, Набережная, одан басқа көрші мемлекеттер қалаларының аттарымен аталған көшелерден көз тұнады. Енжарлықты қойып, осы кемшіліктерді түзейік те. Сырттан келіп біреу түземес ономастикалық олқылықтарды.

Қ.ҚАСЫМҰЛЫ.

Оқылды 824 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Қандастар көшінің қарқыны артып келеді

Соңғы жаңалықтар

Желт 25, 2024

2024 жылғы су тасқыны: азаматтарға…

2024 жылғы су тасқыны елімізде соңғы 80 жылда орын алған ең ірі су тасқыны болды.…
Желт 25, 2024

Қазақстандық оқушылар халықаралық…

Биылғы жылдың қорытындысы бойынша 1816 оқушы 35 халықаралық олимпиада мен конкурстарға…
Желт 24, 2024

Әлеуметтік әмиян: 703 мыңнан астам…

Үкімет отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан…
Желт 23, 2024

Жемқорлықпен күресте қоғамның рөлі…

Алматы облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес белсенді түрде жүргізілуде. Бұл туралы…
Желт 23, 2024

«Таза Қазақстан» объединила миллионы…

По инициативе Главы государства Касым-Жомарта Токаева с апреля текущего года была…
Желт 23, 2024

Қазақстанда «Халықтың экологиялық…

Үкіметте Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша экологиялық сананы ұзақмерзімді…
Желт 19, 2024

Итоги года: Ключевые достижения и…

Энергетический сектор Казахстана является одной из ключевых отраслей экономики. В…
Желт 19, 2024

Жыл қорытындысы: Еліміздің…

Еліміздің энергетикалық секторы экономиканың негізгі салаларының бірі саналады. Орнықты…
Желт 19, 2024

О мерах по либерализации экономики

12 ноября 2024 года, во исполнение Указа Главы государства от 8 мая 2024 года № 542 «О…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет