Жұма, 03 Ақпан 2023 10:13

Шелек тарихи-өлкетану музейі туралы бірер сөз

Қоғам бірігіп еңбек ететін жеке адамдардың жиынтығы және олардың арасындағы екі жақты қатынасы. Қоғамсыз адам, адамсыз қоғам жоқ. Қоғам бір орында тұрмайды, үнемі ілгерілеп дамиды. Тарихты адамдар жасайды. Әр адамның отбасы, ата-бабасының өткенін білуге қызығушылығы өлкесінің тарихын білуімен жалғасады. Туған өлке жайлы мәліметпен кітаптан танысуға болса, ал жиынтығын музейден көруге болады.

Мұражай алғашында бағалы бұйым мен заттар, мәдени жәдігерді сақтайтын қазыналық қор ретінде қалыптасты. Мұражай қалыптасуына көне замандардағы коллекциялар негіз болды. Рим шешені Марк Цицерон «Коллекция – шашыранды заттарды бір топқа біріктіру» деп түсіндірді.

Халықаралық музейлер күні 1977 жылы Мәскеуде дүниежүзі мәдени қауымдастығының Халықаралық музейлер кеңесінің бас конференциясында бекітілген. Бұл күн 1978 жылдан  150-ден астам мемлекетте мерекеленеді.

Қазақстан мұражай тарихы 1830 жылдан басталады. Орынборда жергілікті халықтың тарихы мен этнографиясын сипаттайтын мұралар негізінде 1831 жылы Неплюев әскери училищесінде губерниялық мұражай қазір ҚР Орталық Мемлекеттік мұражайының негізгі қорын құрауда. Қазір елімізде 15О-ден астам мұражай бар. Сол мұражайлардың бірі – Шелек тарихи-өлкетану музейі.

Шелек ауылы музейінің ашылуына мұрындық болған сол кездегі Шелек аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Құсайын Бижанов болған еді. Ал музейдің қалыптасуына сол кездегі аудандық партия комитетінің идеология саласының хатшысы Алмакүл Орынбетова көп  еңбек сіңірді.

Мұражайға бөлінген ғимаратты ретке келтіру, ұйымдастырушылық жұмыстары жылға созылған еді. Бaғыты жаратылыстану, тарихи, көркемөнер, өлкетану, мемориалдық мұражай болып топтарға бөлінсе, Шелек музейін аталған бағыттарды біріктіріп, жұмыс істейтін кең профильді мұражай деп атауға болады. Музей ісі – мұражай жәдігерлерін жинау, есепке алу, сақтау, қорларды жүйелеу, қайта қалпына келтіру, ақпарат жүйесінде тарату.

Шелек өңірі – қазақ қоғамының бұлжымас бір бөлігі

Музейге өлкеде өмір сүрген адамдар, қоршаған табиғат – Шілік өзені, Асы жайлауы, Алатау баурайын мекендейтін аң мен құс, балықтар, дәрілік шөптер жайлы мәліметтер, күнделікті тұрмыста қолданылған заттар мен бұйымдар сақталған. Сонымен қатар, өңір тұрғындарының қоғамның даму салаларындағы тарихи процестерге – жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен халық батырлары, Ресей патшасының қазақ азаматтарын бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде қара жұмысқа шақыруы, қазан төңкерісі, алаш қозғалысы, азамат соғысы, колхоздастыру, ашаршылық, қуғын-сүргін, қазақтың кейбір бөлігінің қоныс аударуы, екінші дүниежүзілік соғысқа қатысуы, кеңес өкіметінің құрылуына, тың игеру, ел экономикасы мен мәдениетін дамыту, шаруашылық жүргізуге араласуы, адамдардың қажырлы еңбектері жайлы мәліметтер бар.  

Музей ұйымдастыру кезінде 28 панфиловшы Совет Одағы батыры П.Вихрев есімі алғашқы рет белгілі болып, оның атына көше беріліп, Шелекте  ескерткіш қойылған еді.

Музей – тарихтың көзі, рухани білім ошағы, өткен мен бүгінді және бүгін мен болашақты жалғаушы алтын көпір.

Одақ кезі және бүгінгі күні денсаулық сақтау, спорт, ауыл-шаруашылығы, мәдениет, білім салаларына еңбегі сіңген  ағалар мен  аналардың фото суреттері қойылған.

Ауған, Чернобыль апаты және Желтоқсан көтерілісіне қатысқан азаматтар, ауданның құрметті азаматы атағын алған қоғам қайраткерлері жайлы материалдар жиналған.

1980 жылы 4 маусымда аудандық партия комитеті бюро шешімімен құрылған комиссияны Алмакүл Орынбетова басқарды. Комиссия мүшелері жиі жиналып, жұмыс барысын талқылап, міндеттер белгіленіп отырды. Әр мекеме, совхоз партия ұйымы хатшылары қап пен картон жәшіктерге салып, қағазға  қолмен жазылған  елді мекен, кеңшар құрылуынан бастап көп құжаттарды өткізген еді. «Жақсы келсе – іске, жаман келсе – асқа»  деп жай айтылмаған. Музей басшысы, қор жинақтаушының  немқұрайлылығынан сол құжаттардың көбі бүгінде музейде сақталмаған болып шықты.

Музейдегі мәліметтерден орнықты орын алған 1981-85 жылдары Бартоғай су қоймасы, Үлкен Алматы каналы,  Нұрлы ауылы құрылыстары, Қаратұрықта, Масақта, Нұрлыда товарлы сүт фермалары кешені, Авангард кеңшарында темекі жапырақтарын кептіру цехын орнату, Шелек балық тоған шаруашылығын жаңа тоғандармен кеңейту, аудандық аурухананың әкімшілік ғимараты, Қорам орта мектебі, Бартоғай мейрамханасы, Мелиоратор ауылы, Бартоғай су қоймасы жанында  үйлер кешені, Шелек ауылында жаңа монша, Т.Қабылов кеңшарында МТМ, Сарыбұлақ мал бордақылау бірлестігінде кешенді құрылыстар, т.б. қарқынды жұмыстар жүріп жатқан кез еді. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті бірінші хатшысы Д.Қонаевтың тікелей қадағалауында болған Бартоғай су қоймасы мен Алматы үлкен каналы құрылысына байланысты келушілер көп болды. Д.Қонаев ауданға 5 рет (соңғы 1985 жылы 30 мамыр) келіп, аудан халқы тынысымен танысқан еді. Әсіресе, аудандағы бірқалыпты тірлікті Алматы Үлкен каналы құрылыс жайында келушілер  бұзатын. Идеологиялық бағытта «партияның шешімдерін орындау» туралы көрнекі құрал (наглядная агитация) болу шарты бірінші орындағы  жұмыстардың басы-қасында мен де (үгіт және насихат бөлімі) болғандықтан бүгін талдау жасап, сол кезде белсене жүгіріп жүрген Алмагүл Орынбетованы (аудандық партия комитеті идеология саласы хатшысы), Серік Спатаевты (аудандық атқару комитеті төрағасының құрылыс жөніндегі орынбасары), Гүлдария Бокиеваны (аудандық комсомол комитеті 1-ші хатшысы), Бақыт Баймұқановты (РАПО басшысы) атар едім. Келген адамдарды қарсы алуға даярлық та керек. Сондай қарбаласта негізгі қызметіңдегі жұмыстар кейде екінші қатарда қалатын кездер болған. А.Орынбетова музей даярлығына байланысты партия ұйымының хатшысын тапсырмаларды орындауға шақырып алған уақыттарда, райкомда музейді менсініңкіремей, «Орынбетованың музейінің әңгімесі (1981 жылы)  бітпей жатыр» деген  әзіл де жүретін еді. Әңгіме көтергендер кейінде музейде басшы да болғаны белгілі. Сол әңгіме (Орынбетованың музейі) жай көтерілмеген болу керек.

Қазақта «Жақсы келді дегенше, жарық келді десеңші, Жақсылықтың ұрығын алып келді десеңші» деген мақал осы Алмакүл Абировна сынды адамдарға бағышталған болу керек. Кешегісіз бүгін жоқ демекші, Шелек музейінің іргетасын қалап, аудан тарихында жаңа мекеме ұйымдастырған адамның еңбегін бағалап, Шелек музейі атауына А.Орынбетова есімін беруге болады деп ойлаймын. Бүгінгі күні жасы сексеннің сеңгірінен асқан А.Орынбетова кәсіпкер, әлі де қоғамға пайдалы істер жасауға даяр. Мүмкіндігі мол ол кісінің атына аударса, музей одан әрі көркейеді. Ойымды жалғастырсам, күнделікті өмірде кімнің кім екенін ескере де бермейміз. Музей ашылғанына 42 жыл болып қалды. Қарбаласқан тіршілік оны ойлап ескеруге де, елеуге де дес бермейді, таңның атқаны сияқты, қатардағы зат тәрізді көңіл де бөлінбейді.

Жақсылық күн секілді, кейде бұлт астына жоғалып, кейде сәулесін мол шашып, жан-жағына нұрын төгеді. Осындай жақсылық сәулесін шашып, мейірім шуағын төгіп тұратын жақсы адамдар қатарымызда бар. Тек олардың қадірін біліп, құрметтеу, сыйлау азырақ.

Шелек тарихи өлкетану музейі туралы, оны ұйымдастыруға барлық ынта-жігерін салған А.Орынбетова туралы жылы лебізді көрген, білген, халық игілігіне осындай игі істердің басы-қасында болған ғана ауыз толтырып айта алады. Жаны жайсаң жақсы адамдармен жақын жүргенге не жетсін?! Жүздесіп, бірге жүрудің өзі мерейіңді өсіреді, таза ауа жұтқандай тынысың кеңейіп, көңіліңді көтереді.

Нұрлан МҰХАМЕТҚАЛИЕВ,

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Шелек ауылы.

Оқылды 7297 рет

Соңғы жаңалықтар

Нау 18, 2024

Құрылтай

Кешегі Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомат Тоқаев күн…
Нау 14, 2024

Түйінді түйіткілдер оң шешімін…

Жуырда аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырыстың күн…
Нау 07, 2024

Аудан әкімінің міндетін атқарушы …

Ардақты ақ жаулықты аналар, аяулы арулар! Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні…
Ақп 22, 2024

Отбасы – тәрбие бастауы

Жақында Азат орталау мектебінде Рахат округінің аналар кеңесінің төрайымы Райхан…
Ақп 22, 2024

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай Есік қаласында ауқымды…
Ақп 21, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Тустукбаев Бағлан Ахихатұлы, 1989 жылы 7 сәуірде Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы,…
Ақп 21, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Әділхан Азамат Әділханұлы, 1993 жылы 11 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келдім.…
Ақп 21, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы …

Мен Тойғанбеков Бақберген Бауыржанұлы 1988 жылы 21 сәуірде Еңбекшіқазақ ауданы Көктөбе…

Күнтiзбе

« Наурыз 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет