Құрметті ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері, ардагерлері!
Сіздерді айрықша атап өтетін кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Ауыл шаруашылығы – азаматтарымыздың өмір сапасына тікелей әсер ететін экономиканың басты салаларының бірі. Сіздердің тынымсыз, тіршілікке қажетті еңбектеріңіздің арқасында бүгінде отандық аграрлық сектор қарқынды дамып келеді. Әрине, біз одан әрі еңбектеніп, еліміздің игілігі үшін әлеуетімізді арттыра беретін боламыз.
Сарқылмайтын еңбексүйгiштiгiн бейнелейтiн ауыл шаруашылық саласы қызметкерлеріне, өндiрiс озаттарына, барлық диқандар мен мал өсiрушiлерге кәсіби мереке қарсаңында ерекше алғыс пен ризашылығымды бiлдiремiн.
Бар өмірін туған жердің дамуына арнап жүрген сіздерге ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайына үлестеріңізді қосып, табысты еңбек пен төккен тердің жемісін көруге тілектеспін. Өңіріміздің дамуы мен шаруашылықтың шыңдалуы жолындағы еңбектеріңіз абыройлы болсын. Дендеріңізге саулық, бақыт, отбасыларыңызға береке тілеймін!
Кез келген егемен елдің рәмізі болатыны секілді өз валютасының болуы да заңды. Өйткені, ұлт-тық валютаны жариялап, оны айналымға түсіру тәуелсіздіктің басты қа-дамдарының бірі еді. Ал, теңгенің айналымға түсуі егеменді Қазақстанның қар-жылай да тәуелсіз екенін тағы бір айғақтаған болатын.
1993 жылдың 12 қарашасы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. 1993 жылдың 15 қара-шасында Тәуелсіз Қазақстан Республика-сының төл валютасы айналымға енді. Ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау 1993 жылы 15 қарашада сағат 8.00-де басталып, 20 қарашада сағат 20.00-де аяқталды. Ұлттық Банк бастапқыда 1 теңгені сол кездегі мың рубльге бағалаған болатын. Дегенмен, еліміздің саяси, әлеуметтік мәселелері және мемлекет аралық қатынастар ескеріліп 1 теңге 500 сомға бекітілді. 1994 жылы қағаз тиындардың орнына жезден жасалынған 2,5,10, 20 және 50 номиналды монеталар шықты. Ұлттық валюта банкнот және монета түрінде айналысқа енгізілді. Қазір банкнот – Ұлттық Банктің Алматы қаласындағы Банкнот фабрикасында, ал монета – Өскемендегі Монета сарайында шығарылады. Ел Президентінің Жарлығымен 1997 жылдан бері 15 қараша төл валютамыздың туған күні әрі қаржыгерлер күні болып белгіленді. 2006 жылы 15 қарашада жаңа үлгідегі банкноттар айналысқа енгізілді.
2006 жылы 15 қараша күні ұлттық валютамыздың жаңа дизайнмен әрленген 200, 500, 1000, 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттары айналымға ашықты. Дизайн мемлекеттік рәміздерді, еліміздің сәулет нысандары мен табиғи ландшафтарын бейнелей отырып, Қазақстанның осы заманғы бейнесін береді. Қолайлылық үшін номиналдарды сандық және жазбаша белгілеулер ірі қаріптермен басылды. Нашар көретін адамдар үшін банкноттарда әр жеке номиналға тән жоғары бедерлі арнаулы элементтер пайдаланылған. 2007 жылдың мамыр айында Тайландта өткен валюта конференциясында 10 мыңдық теңгеміз «Үздік жаңа банкнот» аталымы бойынша бірінші орынға ие болды.
Ақпараттар ғаламтордан алынды
Еңбекшіқазақ ауданының аумағында ағымдағы жылдың қараша айының 13-15 күндері аралығында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдың алу мақсатында «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол ЖОҚ» республикалық акциясы өткізіледі.
Акцияның басты мақсаты - тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жою, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа бейім адамдармен жеке профилактикалық жумыс жүргізуге бағытталған жүйені қалыптастыру.
***
С 13 по 15 ноября текущего года, на территорий Енбекшиказахского района проводиться республиканская акция «Нет-насилию в семье» с целью профилактике бытового насилия.
Главной целью акции является предупреждения и ликвидация бытового насилия, формирование системы направленные на проведения индивидуальной профилактической работы с лицами, склонных к насилию в отношении женщин.
Р.Тюлюбекова,
Еңбекшіқазақ АПБ ЖПҚБ-нің
Әйелдерді зорлық-зомбылықтан
қорғау тобының аға инспекторы,
полиция капитаны
Панадура жағалауында ауыл тұрғындары, полиция және жағалау күзеті 30-дан астам киттерді теңізге сәтті қайтара алды @mezet.kz
video & photo by Sri Lanka Tweet
Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстанның болашағы – бүгінгі жастар. Сіздер оларға қандай білім берсеңіздер, Қазақстан сол деңгейде болады» деп жалпы ұстаздар қауымына зор жауапкершілік жүктеген еді. Арқалаған аманатқа қиянат жасамау мақсатында Есік мектепаралық оқу-өндірістік комбинатының ұжымы аянбай жан-жақты қызмет етуде. Соның айқын көрінісі – «Қолөнер – еңбектің қайнар көзі» атты аудандық іс-тәжірибелік семинар.
«Қазақстан қайта даярлау біліктілікті арттыру» курсынан келген Махмут Жәлелов, аудандық білім бөлімінің әдіскері Қайрат Әукен кезегімен сөз алып, жиынның нәтижелі өтуін тіледі. Іс-тәжірибелік семинарға аудандағы мектептерден технология пәнінің мұғалімдері келіп, оқушыны шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін арттыру жолындағы тәжірибелерімен бөлісті. Шәкірттердің шеберлігін, білімі мен еңбегін осы күні ұйымдастырылған көрмеден анық байқадық. Іскерлік, икемділік қабілеттерінің арқасында өз қолдарынан шыққан бұйымдарын көпшілік назарына ұсынған өнерлі өрендер ұстаздарының еңбегін ақтады. Шебер сыныптарда тігін бұйымдарымен киім тігу, терме бау тоқу, трикотажды жіптен дорба тоқу көрсетілсе, көркем жобалар осы семинарда көздің жауын алды.
Алмагүл НҰҒМАН.
Қазақ халқының көнерген ұлттық аспаптарын таныстыру, насихаттау, балалар шығармашылығын дамыту мақсатында «Қазақ халқының көнерген аспаптары мен би өнері» атты байқау өтті жақында. Бәйдібек би мәдениет үйінде шымылдығы түрілген шараны «Елім-ай» қоғамдық қоры және аудандық мәдениет үйі ұйымдастырды. Аудандық ішкі саясат бөлімі қолдау білдірді.
Иә, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақ-қа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «...Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр алмаса, ол адасуға бастайды» деген еді. Ал рухани тамырымыз ол біздің ана тіліміз, мәуелі мәдениетіміз, ұлттық салт-дәстүріміз. Осыны темірқазық етіп, тарихи соқпақта сүрленіп қалған құндылықтарымызды қозғауға күш салған қордың бұл үшінші шарасы. Бастапқыда облыстық деңгейде айтыс ұйымдастырса, ауданымызда жыршылық өнерді дамыту мақсатына кеңейтілген дөңгелек үстел де өткізген-тін. Енді міне, ауданымызда алғаш рет көнерген ұлт аспаптарын насихаттау мақсатында «Үні кетпес құлақтан» атты ұранмен байқаудың бастамашысы боп отыр. Сонымен аудан бойынша көнерген аспаптарда ойнау номинациясына 10-ға жуық үміткер қатысты. Сазсырнай, тастұяқ, асатаяқ, домбыра, шертер аспаптарының дау-сын естіген көпшілік қошеметін де аяған жоқ. Шертер аспабында ойнаған қайназарлық Арайлым Макетаева Раздықтың күйі «Аңшының зары» арқылы талайды тәнті етті. Ал екі бірдей аспапта өнер көрсеткен Қарақат Әсет тайтұяқтың сүйемелдеуімен ән де орындап берді. Әрі ойнап жатқан аспаптарының тарихымен де таныстырды. Нәтижесінде, әділ-қазылар алқасының шешімімен кіші топ яғни 15 жасқа дейінгі бүлдіршіндер арасында бірінші орынды түргендік М.Ломоносов атындағы орта мектеп оқушысы Дана Алтынбек, екінші орынды Қарақат Әсет иеленсе, космостық Фуат пен Карина (І.Жансүгіров атындағы орта мектептің 2 сынып оқушылары) үштікті қорытты. Ал үлкен топта (15-25 жас аралығы) қаракемерлік «Кемер сазы» үшінші, Космос ауылы Т.Рысқұлов атындағы орта мектептің оқушылары Мирас пен Ілияс екінші, қайназарлық Арайлым Макетаева бірінші орынды жеңіп алды.
Ал би байқауына үлкен және кіші топтан 26 үміткер қатысты. Алайда, арнайы үйрететін мамандардың (хореограф) болмауынан көптеген кемшіліктер орын алды. Дегенмен Рахат округіне қарасты «Бахар», түргендік «Әдемі-ай» би топтары кәсіби шеберліктерін көрсете алды. Нәтижесінде жүзден жүйрік шыққан кіші топта Жаңашар оркугінің бүлдіршіндері үшінші, қайназарлық «Бахар» би тобы екінші, түргендік «Әдемі-ай» тобы бірінші орынды қанжығалады. Ал, сәйкесінше «Бахардың» үлкен тобы 15 жас-тан жоғары жасөспірімдер арасында біріншілікті иеленсе, «Қаражорға» биімен талайды тәнті еткен Нүрия Сәрсенәлі екінші орынға табан тіреді. «Бүркіт» образын би арқылы жоғары дәрежеде сомдаған жаңашарлық «Іңкәр» тобы үздік үшіншілікті қорытты.
Қайнар ЖҰМАҒОЖА.
Деструктивті діни ағымдар белең алған уақытта, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, адасушыларды дұрыс жолға тарту – ең негізгі міндет. Осы орайда, жақында облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен Есік қаласындағы Жамбыл атындағы жастар саябағында «Экстремизм мен терроризмге жол жоқ!» атты сурет көрмесі өтті.
Шара барысында қала тұрғындары мен қонақтары діни тақырыпта салыған сурет туындыларын тамашалады. Сондай-ақ, «OPENAIR» форматында «Мұны білгеніңіз жөн» тақырыбында аудан орталығының халық көп шоғырланатын орындарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өтті. Түсіндіру барысында қарапайым тұрғындар дін мамандарына сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды.
Сардарбек НҰРАДИН.
Легендарный оперный певец и дирижер Пласидо Доминго посетил ЭКСПО-2017. Короля оперы и его семью поприветствовал сам глава национальной компании Ахметжан Есимов, после чего мегазвезда направилась на гольфкаре к главному павильону ЭКСПО – «Нур-Алем». Первым делом звезда мировой величины расписалась в книге почетных гостей и написала свои пожелания.
«Какой впечатляющий, изумительный и волшебный павильон! Выставка запомнится, как одна из величайших в истории ЭКСПО! Поздравляю!», – написал маэстро.
Сразу же после этого золотой голос Испании зашел в юрту, где ему показали энергию четырех стихий. Там же ему продемонстрировали волшебное звучание кобыза. Напомним, что в столицу Казахстана Пласидо Доминго прибыл со всей своей семьей. Под впечатлением остались не только маэстро, но и его внуки.
«Я потрясен у меня нет никаких слов. Я хочу поздравить вас с такой великолепной выставкой ЭКСПО. В течение все моей жизни я посещал много разных выставок, в том числе и ЭКСПО. Выступал, как артист, певец, организовывал культурные мероприятия. Все они были большими событиями в культурной жизни человечества, но эта выставка она больше чем просто выставка. Такое ощущение, что мы попали на другую, более совершенную планету. Это торжество науки будущего», – отметил мегазвезда.
Король оперы также отметил масштабное развитие столицы. Отметим, что это не первый визит маэстро. В Астану Пласидо Доминго приезжал еще в 2009 году.
«То, насколько развился город за это время, просто не поддается никакому описанию. То, каким стал город сейчас и то, каким он был тогда, это просто великолепно. Я уверен, что у Астаны будет прекрасное будущее», – заключил Пласидо Доминго.
Выходя из казахстанского павильона, маэстро и его внук загадали желание и кинули монету в воду. Следующим пунктом остановки по маршруту «ЭКСПО-2017» стали павильоны Австрии, Испании, а также Германии. Напомним, что король оперы прибыл в столицу Казахстана 23 июля для проведения самого престижного в мире конкурса вокалистов. Путешествие Пласидо Доминго в Астану продлится до 4-го августа.
Департамент по связям с общественностью.
Адамның рухани байлығы мәдениет болса, мәдениет үйі сол байлықтың кені. Нұра ауылының мәдениет үйінде өнердің өзегі саналатын өлең сайысына жан-жақты дайындық жасап, қонақтарын қошеметпен қарсы алды.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бо-йынша «Еңбекшіқазақ аудандық әйелдер одағы» қоғамдық қорының қолдауымен, аудандық жастар ресурстық орталығы мен Сөгеті ауылдық округінің ұйымдастыруымен «Елбасы және Астана» атты жас ақындар мүшәйрасы өтті.
31 жыл мәдениет үйін басқарып жүрген тәжірибелі директор Дәулет Тұрғанбаев бастап, осы өнер ошағында біте қайнасқан кітапхана, музей қызметкерлері қостап, бұл шараға тыңғылықты дайындалыпты. Қазақы нақыштағы ою-өрнекпен әшекейленген сахна төріне жыр сайысының тақырыбы ілініп, «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» және «Өнегелі өнер» деген тақырыпқа сай кітаптар көрмесі қойылды. Келген қонақтар мен жас ақындар осы кеңшардың алғашқы қазығын қағып, 30 жыл басқарған директор Сағыныш Еспергеновтың музейін аралап, көрмедегі кітаптармен танысты.
Ауылдық кітапхана қызметкері Клара Есімова жас ақындарды таныстырып, шараны жүргізді. Өзін таныстыру, төл туындысын жатқа оқу кезең-дерінен тұратын мүшәйраға 6 округтен – Тес-кенсудан Еркежан Әбілтай мен Дінмұхаммед Бекболатұлы, Қаракемерден Жадыра Конгирбаева, Қырбалтабайдан Гүлзира Бақыт, Қаратұрықтан Нұрлан Әбдінұр, Сөгетіден Бағжан Әлпия мен Мұхит Жомартов, Шелектен Думан Иманбаев, барлығы 8 қатысушы қатысып, бақ сынасты. Та-қырыпты жан-жақты ашатын жыр мазмұнына ерекше көңіл бөлінді. Әрі сахнада өзін ұстауы, талапқа сай киімі, мәнерлеп оқуы – бәрін әділ-қазылар мүшелері: қоғамдық қор төрайымы Роза Омарқызы, аудандық жастар ресурстық орталығы-ның бас кеңесшісі Сұлтан Тойғанбай мен аудандық «Еңбекшіқазақ» газетінің өңірлік тілшісі назарда ұстады. Жарыс кезеңдерінің арасында мәдениет үйінің қызметкерлері – көркемдік жетекші Жайырбек Құрамаев, директор Дәулет Тұрғанбаев патриоттық рухтағы әндерді асқақтата орындады.
Нәтижесінде, тескенсулық ең жас талант иесі Дінмұхаммед Бекболатұлы оза шауып, көш бастаса, сөгетілік Мұхит Жомартов пен қаракемерлік Жадыра Конгирбаеваның жиған балы тең түсіп, қосымша «Ауылым» деген тақырыпта бір-екі шумақ өлең құрап оқу тапсырылды. Жадыра біраз дайындалуға рұқсат сұраса, Мұхит бірден шумақ құрап:
Алтын бесік – ауылым сені еледім,
Кіндік қаным тамған жерім сен едің.
Ес білгелі өзіңде өсіп, еркелеп,
Ер жеткіздің, бақытқа мені бөледің.
Сөгетімді құрметке бөлеп келемін,
Шабытыма арқау болған өлеңім, – деп өлең өнеріне төселген талант иесі екенін танытты. Жадыра да Қаракемер туралы бір шумақ өлең құрастырып, үшінші орынды иеленді. Оза шапқан үш талапкерге диплом, бағалы сыйлық, қалғандарына алғыс хат табыс етіліп, естелікке суретке түсті. Талант таудың басында тасты жарып шығатын еңлік гүл сияқты, бәлкім келешекте музаның аламанында топ жарып шығатындар да бар шығар осы таланттардың ішінде. Лайым, солай болғай!
Анарбек БЕРДІБАЕВ.
Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне Жетісу өңірінің шеберлері қатысып, «Шығыс базары» этноауылында «Қазақтың қолөнері – төл өнері» көрмесін өткізіп жатыр. Жетісу өңірінде гобелен, зергерлік өнер, керамика, кесте тігу, киіз басу, ағаш, металл, тері, сүйек сынды материалдармен жұмыс істеу жан-жақты дамып келеді. Келуші қонақтар жоғарыда аталған дүниелердің жасалу барысын да тамашалай алады.
Бұл өнер салаларымен айналысып жүрген шеберлердің еркін шығармашылық ізденіс, көркем идеяларды жүзеге асыру мақсатында шынайы шексіз мүмкіншіліктер жинағанын көреміз. ЭКСПО-ның басты мақсаты – «Болашақ энергиясы» тұжырымдамасын талқылау болса, шеберлер көрмесінің мақсаты – Тәуелсіз Қазақстанның ұлттық өнерін әлемге таныстыру болып табылады.
Тәуелсіз жас мемлекетіміз үшін ЭКСПО-2017 көрмесін өткізудің маңызы өте зор демекпін. Себебі, бұл көрме – мемлекетіміздің мығымдығын, еліміздің еңселілігін, ежелгі тарихымызды, өнерімізді, дәстүрімізді және халқымыздың қонақжайлығын, айналып келгенде ұлттың ұлылығын көрсететін тұс. Алдағы уақытта ЭКСПО-2017 еліміздің мерейін көкке көтеріп, тарихта қаларына сеніміміз кәміл.
Ағила Әзиева.
Cуретте: «Ұста Дәркембай атындағы қолөнер музейінің» басшысы Дәулет Дәркембайұлы ҚР мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлына қолөнер жәдігерлерін көрсетуде.