Жұма, 25 Қараша 2022 10:06

Дуальды оқыту – кәсіби шыңдалу кепілі

Техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындары еңбек нарығының нақты сүранысына бейімделуі және еліміздің жаңа экономикалық бағдарының міндеттеріне сай болуы керек.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ.

 

 

 

ДУАЛЬДЫ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ – ТЕОРИЯНЫ ӨНДІРІСПЕН ҰШТАСТЫРЫП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ. ОЛ АЛҒАШ ГЕРМАНИЯДА НЕГІЗІ ҚАЛАНЫП, БҮГІНДЕ ДҮНИЕ ЖҮЗІЛІК ҚОЛДАНЫСҚА ИЕ БОЛДЫ. МҰНДАЙ ТӘСІЛМЕН ОҚЫТУДЫҢ МАҚСАТЫ – ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ (ТЖКБ) ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫС БЕРУШІ ЖЕКЕ СЕКТОРДАҒЫ ӨНДІРІС, ШАРУАШЫЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕРІМЕН СЕРІКТЕСТІК РЕТІНДЕ БІРЛЕСЕ ОТЫРЫП, НАРЫҚ ЗАМАНЫНДА БӘСЕКЕЛЕСТІККЕ ТӨТЕП БЕРЕ АЛАТЫН, ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ МЕҢГЕРУГЕ ДАЙЫН ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ. СОНДЫҚТАН, ӘЛЕМДЕ ОҚЫТУДЫҢ ДУАЛЬДЫ ЖҮЙЕСІ – ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК МАМАНДАР ДАЯРЛАУДЫҢ ЕҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫНЫҢ БІРІ.

«Өмір үйретеді, еңбек ширатады» деген осы. Дуальды оқу жүйесінің тиімділігі сол – жас мамандардың теориялық білімін практикада ұштастырып, кәсіптің қыр-сырын меңгеріп, жұмысқа орналасу мәселесін оңтайластыру. Бұл оқу жүйесін осыдан бірнеше жыл бұрын қолға алған Шелек политехникалық колледжі бүгінгі таңда айтарлықтай нәтижелерге жетуде.

Осы оқу жүйесін одан әрі жетілдіріп, жұмысты жандандыру жолында жақында Шелек политехникалық колледжінде «Кадрлар даярлау сапасын арттырудағы жұмыс берушілермен тиімді әріптестікті дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Оған «Relax», «Старый замок», «Айнұр», «XotPiont», «Азия-М», «Kofe-Time» кафелерінің, «ЮЗВ» кондитер цехының, «Имран», «Абдрашитов», «Андрей» ТҚО,  «Белкин», «Камашев» ЖК, «Прогресс»» «Шелек» ШҚ және Шелек электр энергия мекемесінің басшылары, сонымен бірге «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры Бақыткүл Дүйсебекова, аудан әкімдігі жұмыспен қамту орталығының маманы Мадина Ескелдиева, Шелек ауылдық округінің әкімі Сәкен Абдихалиев қатысты.

Жиында колледж директоры Қуат Дүйсебаев алғы сөз сөйлеп, білімгерлердің кәсіптік тәжірибеден өтуде жұмыспен қамтамасыз еткен өндіріс орындары басшылары мен кәсіпкерлерге ризашылығын білдіріп, оқу орынындағы жаңа жұмыс барысымен таныстырды.

«Жас маман» жобасына Алматы облысынан 12 кол-ледждің бірі болып Шелек политехникалық колледжі де енген. Колледждің тарихынан сөзін сабақтаған директор Қуат Құрманғалиұлы алдағы стратегиялық жоспарларымен де бөлісті. Оқу орнының ғимараты күрделі жөндеуден өткенін, «Жас маман» жобасы аясында атқарылған жұмыстардан да мәлімет берді. Жобада қарастырылған 276 млн теңгеге заманауи құрал-жабдықтар алыныпты. Колледж қызметкерлері осы жобалар бойынша жеткізуші кәсіпорын мамандарының көмегімен оқытылып, сертификаттарын алған. Осындай ізденістің нәтижесінде колледждің екі білімгері «Worl-Skilis» аймақтық чемпионатында екі құзіреттілік бойынша үшінші жүлделі орынға ие болған.

«Автокөліктерге қызмет көрсету, жөндеу, пайдалану» мамандығы бойынша құзіреттілік орталық ашқан. Білімгерлерден бөлек өндірістік оқыту шеберлері «WorldSkilis» чемпионаттарына қатысуға, «Еңбек» бағдарламасының ойдағыдай өтуіне септігін тигізуде. Заманауи жабдықтармен жаңаша оқытуда ілгерілеушілік, тәжірибелілік байқалады. «Platonus» бағдарламасымен де жұмыс істеуде. «Жетісу вольфрамы» ЖШС – колледждің қамқоршысы болуы да осы жаңаша оқыту жүйесінің жемісі. Міне, осындай басқа да көптеген игі жұмыстарды, ұтымды ұйымдастырудың нәтижесінде колледж рейтінгісі республика бойынша екінші орыннан көрінді. Еңбексүйгіш ұжымнан бақ кетпейтіні рас. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірге жұмыс істеуді де жүзеге асырып, жас мамандарға жақсы жағдай жасау жолында жетістіктерге жетуде.

Дөңгелек үстелде негізгі баяндама жасаған колледж директорының оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Серік Байсубанов биыл республикада алғаш рет «жұмыс берушілер күні» аталып өтіп жатқанына орай, бұл кездесудің маңызы зор екенін атап өтті. Қазіргі уақытта еңбек нарығының үнемі өзгермелі жағдайы мен технологияларына тез бейімделген жас мамандардың сұранысқа ие болатыны бесенеден белгілі. Осыған байланысты, оқу орындары жұмыс берушілермен бірігіп, тез өзгерген экономика мен еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес білім беру бағдарламаларының мазмұнын дербес реттеуге мүмкіндік алатынына тоқталды. «Жас маман» жобасы бойынша колледжде қолға алынған игі істерді баяндай келе, оны одан әрі нәтижелі, жемісті болдыру үшін әріптестіктің,  қоян-қолтық бірлесе жұмыс жасаудың артықшылығын сөзіне арқау етті.

Биыл сұранысқа ие автоэлектрик біліктілігі бойынша ересектерге арналған мемлекеттік бағдарламамен колледжде қысқа мерзімді курста он бес тыңдаушы оқып, куәліктерін алған. Жаңа жабдықтарды пайдалану нәтижесінде биылғы оқу жылында бітірушілердің қорытынды аттестатциясы демонстрациялық емтихан түрінде өткен. Бағалау CIS электронды жүйе арқылы ұйымдастырылып, құзіреттілік паспорттар берілген. Баяндамада Қазақстан Республикасы ұлттық біліктілік жүйесін, кәсіптік стандарттарды дамытуға, техникалық және кәсіптік білім берудің дамуына жұмыс берушілерді тартуға, білім беру мазмұнын жақсарту арқылы мамандар мен оқытушылар құрамын даярлау деңгейін арттыруға бағытталған әлеуметтік әріптестік қағидаларына негізделген ТЖКБ беру әдісімен жұмыс істеудің жаңа моделі қалыптасқанын атап өтті.

Дөңгелек үстел «еркін микрофон» арқылы, өзара пікір алмасуға ауысты. Шелек ауылдық округінің әкімі Сәкен Дәулетханұлы Шелек өңірінде кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндіктің мол екенін, облыс әкімдігі Шелек аймағынан 244 гектер жер қарастырып, индустриалды аймақ ашқалы жатқанын, қазірдің өзінде онда өз бизнесін өркендетуге ниет білдіріп жатқандарын тілге тиек етті. Бұл аймақтың инфрақұрылымы жасалса, ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін, басқа да өнеркәсіп орындары ашылып, жұмысқа қамту мәселесі оң шешімін табатынын айтты. Сондай-ақ, жасыл электр энергиясы да осы өңірде қанатын кеңге жайып жатқанын, туризмді дамытуға да Батыс Қытай-Батыс Еуропа тас жолы мен Қорғас-Жетіген темір жолы бизнес ашуға да зор мүмкіндік барын айта келе, осы мүмкіндіктерді тиімді пайдалана білуге үндеді. Ұлттық қолөнер кәсібінің де туристер үшін қажетті бизнес екеніне тоқталды. Колледж директоры Қуат Құрманғалиұлы бұрынғы қосалқы шаруашылыққа берілген жерлерді қайтарып алып жатқанын, ол жерге жас фермерлердің практикадан тәжірибе жинауда мол мүмкіндік болатынын, әрі өздерін азық-түлік дақылдарымен қамтамасыз етуге болатынын, сондай-ақ, алдағы уақытта ветеринарлық мамандық бойынша да кадрлар даярлау  ойда барын айтып өтті.

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры Бақыткүл Дүйсебекова Шелек өңірі бойынша жастарға және көпбалалы отбасаларға жеңілдікпен несие алуға, грантқа қатысуға, бизнес ашуға болатын мүмкіндіктер барын айтып, оны қалай пайдалану жолын түсіндіріп, қажетті кеңес берді. Ал, аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы Мадина Ескелдиева ұлттық бағдарламалар негізінде жас мамандар мен зейнет жасы алдында жұмыссыз жүрген азаматтарға жұмысқа орналасудың қандай мүмкіндіктері барын айтып берді. Сондай-ақ, жұмыс берушілер мен жас мамандарды жұмысқа тартудағы үкімет тағайындаған жеңілдіктерді пайдалануға болатын жолдарын түсіндірді. Жиын соңында жұмыс берушілерге, алғаш рет аталып өтіп отырған даталы күн құрметіне байланысты колледж директоры атынан мақтау қағаздарымен, ал «Старый замок» кафесінің басшысы Рушангул Лазгиева мен «Имран» техникалық қызмет көрсету орынының басшысы Амурхан Сейпатовқа Қазақстан Республикасының оқу ағарту министрі Асхат Аймағанбетовтың Құрмет грамотасы табыс етілді.

Жиыннан соң, қонақтар колледждің материалдық-техникалық базасымен, оның ішінде «Жас маман» жобасы аясында шеберханаларда орналастырылған қондырғылармен танысты. «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша TEHNO Vektor V 7204HA қондырғысында автомобиль дөңгелектерінің геометриясын орнату, Serdi SG 330  қондырғысында цилиндр блогының бастиегінің бетін тегістеу, Теориялық оқыту сабағында EXTLAB HTЦ-15 оқу-зертханалық стендісінде зертханалық жұмыс жүргізу, So3240 – IH  оқу қозғалтқышында Navigator txts  автосканерінде диагностикалық жұмыстарды орындау, SPT 1600 XL қондырғысында цилиндр блогы бас тиегінің сызаттары мен жарықшақтарын анықтау, Тм 7а шиномонтаждық жабдықта жұмыстарды орындау, Дөңгелектердің салмағын теңестіруді орындаудан шебер-сыныптар өткізілді. «Аспазшы» мамандығының білімгерлері суық тағам даярлау сабағына да қатысқан қонақтар бұл іс-шараға өз бағасын беріп, тарасты.

Дуальды оқыту жүйесі – заманауи технологияның еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлауға мүмкіндік беріп, әрбір түлектің оқу орнын бітіріп шыққан соң жұмысқа орналасуына кепілдік беретін бірден-бір таптырмас жүйелердің бірі. Колледжде жастардың қалаған мамандығын игеру мүмкіндігіне ие болуы, заман талабына сай бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуы – колледждің техникалық және кәсіптік білім беру саласының ілгері басуы үшін жүзеге асырылып жатқан жұмыстарының нәтижесі.

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

Оқылды 1291 рет

Соңғы жаңалықтар

Шіл 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Буянбаев Самат Даутбаевич, 1989 17 желтоқсанда жылы Алматы облысы Есік қаласында…
Шіл 18, 2024

Бөлек ауылдық округінің әкіміне…

Мен Тойғанбеков Бақберген Бауыржанұлы 1988 жылы 21 сәуірде Еңбекшіқазақ ауданы Көктөбе…
Шіл 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Қайнарбаев Айбол Шампитұлы, 1984 жылы Райымбек ауданы Сүмбе ауылында дүниеге келдім.…
Шіл 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Якубов Эльдар Ризаевич, 1990 жылы 16 қыркүйекте Алматы облысы Шелек ауылында дүниеге…
Шіл 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Бөлек ауылдық округінің сайлаушылары! Мен Қасымшалов Дулат Сәрсенбекұлы, 1990…
Шіл 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Надыров Адылжан Алимович, 1977 жылдың 30 тамызында Есік қаласында дүниеге келдім.…
Шіл 05, 2024

ШОС

Күнтiзбе

« Шілде 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет