Жұма, 11 Наурыз 2022 10:45

Дарынды дамыту – ұстаз парызы

Ұлттың кемеңгер ұстазы, Алаш ардақтысы ­­­– Ахмет Байтұрсынұлының «Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр ұялата алады» деген сөзі бар еді. Осы сөздің аясында мұғалімге қойылатын үлкен талап пен шарттың бір белгісі бары баршаға аян. Шынтуайтына келгенде, әрбір педагог, ұстаз өзінің жанында нұр ұялатып, білім нәрін себелеп, ұстаздық және білімдік жолын жалғастырушы ізбасарын тәрбиелемесе, ұстаздық етуінің еңбегі бір тиын да шығар.

Осы ретте әрбір педагог шығармашылық және кәсіби білігімен дарынды, білікті, білімді шәкіртті жетелеуі шартты әрекет екенін ескеруіміз керек. Әлем әдебиетінде А.С. Пушкин: «Тіршіліктің маған берген жақұты: шағын дарын және достар бақыты» деп, шағын дарынның үлкен тұлға ретінде қалыптасудағы ролін айтқан еді. Әлбетте, кез келген кәсіп түрінде дарын да, білім де, еңбек те, шығармашылық, сәттілік – барлығы да керек.

Мектепте де осы бағытта әрбір ұстаз өзінің әрбір әрекетін, әдістемелік жұмысын дарынды шәкірт тәрбиелеуге бағыттайтыны рас. Осы бағытта біздің мектепте онкүндік өткен болатын. Бұл онкүндіктің басты өзектілігі ретінде келесі сұрақтар қойылды: «Үшінші мыңжылдықтың жастары қандай болмақ?». Иә, ғалымдардың айтуынша, адам бойындағы дарын басым келеді де, оны шығарып, тәрбиелеу мүмкіндігі мектеп шағында жүзеге асырылуы қажет екен. Аталмыш онкүндіктің мақсаты ­– пән мұғалімдерінің дарынды балалармен жүргізетін жұмыстарына қолдау көрсете отырып, мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін жоғарлату.

Онкүндігіміз «Дарынды дамыту – ұстаз парызы» тақырыбында менің мұғалімдерге өткізген коучинг сабағымнан бастау алды.  Одан кейін Р.Қаталбаева 5-9 сынып оқушыларына «Қазақстандағы ең танымал әрі дарынды балалар кімдер?», «Қазақстаның атын шығарып жүрген талантты балалар» тақырыбында видеоролик көрсетіп, оқушылардың осы бағыттағы түсініктерін анықтап, біліктерін әрі қарай шыңдай түсті. Осы іс-шаралар кезінде 1-5 сынып оқушылары «Мектептегі бір мезет» атты тақырыпта эссе жазып, Ж.Қаталбаева әріптесіміз өзіндік түйінін жасады. Әлбетте, осы ретте әр баланың бойындағы бар шығармашылықты, дарынды өнер ретінде шығару және оны шыңдай түсу мақсатында қолданыстағы заттар мен дүниелерге екінші өмір сыйлау аясында «Шебер көп жерде, өнер көп» тақырыбында оқушылар арасында Б.Ракишева әріптесіміз сайыс өткізіп, өз тарапынан бірталай дарынды және өнерлі шәкірттерімізді анықтады. Дәл осындай бағытта 5-9 сыныптар арасында «Жас тілші»,  «Іздеген жетер мұртқа» атты іс-шараны Ш.Сагимбекова, сайыс-сабақ форматында «Дарындылар додасы» шарасын 8-9 сыныптар арасында Ж.Темиргалиева әріптестеріміз өткізіп, зияткерлік бойынша да талантты жастарымыздың жаңа буынын анықтай алғаны қуантуда. Аталмыш бағыттағы іс-шаралар бастауыш буында «Сапалы білім – болашық кепілі, «Математика –ғылымның жарық жұлдызы» тақырыбымен 2-3 сыныптарда А.Жангабылова сайыс-сабақ түрінде, А.Сабаншиева 1-4 сынып арасында «Рухани жаңғыру ұлт – болашағының жарқын кепілі», У.Ибрагимова 2-4 сыныптарға «Әр бала – бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем бер» тақырыптарындағы іс-шаралармен толықтырды. Бастауыш пен орта буын жастарына аралас форматта Қ.Черкешбаева 4-6 сыныптарға «Есіңе мені алғайсың», Э.Молдахметова 2-9 сыныптарға «Дарынды балаларға тренинг», А.Жангабылова 5-6 сыныптарға «Менің өмірімде қолданатын мақал-мәтелдер», «Мақал – сөздің мәйегі», К.Килибаева мен К.Елубаевалар «Русская ярмарка» 5-9 сыныптарға, сонымен бірге 5-9 сыныптарға Н.Жүніс, К.Камаловалар «Ертегілер әлемі» тақырыптарында қызықты, танымды іс-шаралар топтамасын өткізіп, әрбір іс-шара соңында рефлексия  жасалып, кері байланыс беріліп, мақсатқа жеткендігі айқын болды. Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ретінде мен осы онкүндіктің түйінін ­– мұғалімдерден «Менің қиялымдағы дарынды оқушы» тақырыбында эссе түрінде пайымдауларын жинап, ортаға әріптестердің, педагогикалық ұжымның пікірін салып, онкүндіктің жалпы сипаттық мәнін ашып, түйінін құзырлы түрде жасадым.

Әр оқушы – бір Жұлдыз. Жарқырауына жәрдем беретін – мұғалімдер. Сондықтан әр ұстаз сол жұлдызды сөндіріп алмай, мәңгілік жағатын құдірет иесі болуы керек. Ол үшін оқытудың түрлі тиімді тәсілдерін меңгеріп, оны күнделікті сабақта қолдана білуі тиіс. Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана екенін, әрбір ұстаздың осы тараптағы дұрыс әдістемелік ұстанымын әрі қарай арттыру – жалпы ұстаздық парыз. Осы парызды өткеретін, орындайтын әріптестеріміз молынан болсын деп тілеймін.

 

Жанар Иманбаева,

директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Оқылды 1621 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 26, 2025

Күймен өрілген ғұмыр

Нұра ауылында қазақ күй өнерінің көрнекті өкілі, Жетісу өңірінің күйшісі Омархан…
Қар 26, 2025

Бір тіл – бір әлем

Әр адам өзінің өмір жолын немен байланыстыратыны тек өз еркінде. Алдына мақсат қойып,…
Қар 26, 2025

Чемпиондық рух

 Саламатты өмір салты - адамның басты байлығы – денсаулықты күтуге, дұрыс өмір сүруге…
Қар 24, 2025

Ауыз су сапасына қойылатын талаптар

 Адам өмірінің басты тіршілік көзі — су. Су адам ағзасының шамамен 60–70%-ын құрайды және…
Қар 24, 2025

Терінің жұқпалы саңырауқұлақ аурулары

Терінің саңырауқұлақ аурулары – теріні, тырнақты және шашты зақымдайтын саңырауқұлақтан…
Қар 24, 2025

Мемлекеттік бақылау және қадағалау…

Мемлекеттік бақылау және қадағалау — қоғамдағы қауіпсіздік, сапа, құқықтық тәртіп және…
Қар 20, 2025

Тұрақтылықтың стратегиялық бағдары

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының ішкі саясатының…
Қар 19, 2025

Ғажайып дәрілерге сенеміз бе?

Соңғы жылдары Қазақстанда халық денсаулығын тез жақсартуды уәде ететін, түрлі атаумен…
Қар 19, 2025

Ғасырлар үні: Қазақ тілінің даму…

Тіл – ұлттың жаны, халықтың рухани өзегі. Ол ұлттың дүниетанымын, мәдениетін, тарихын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет