Сейсенбі, 06 Қыркүйек 2022 10:27

Баланың ойы телефонда

ХХІ ғасырда адам баласының тұрпаты түбегейлі өзгерді. Техника қарыштап дамып, кез-келген жұмысқа арналған технологиялар мен компьютерлер ойлап табылды. Адам баласының қиялында шек жоқ, техникалық прогресс әлі де тұралаған емес, көз ілеспес жылдамдықпен дамып барады. Адамдардың шаруасын қаншалықты жеңілдеткенімен, зардабы да соншалықты қатар тиіп келеді. Әсерінен, тәуелділік пайда болып, ұялы телефонсыз өмір сүре алмайтын адамдадың саны артты. Олардың қатарында бүлдіршіндеріміз де бар. Осы орайда телефонға телмірген ұрпағымыз жайлы азды-кем ой өрбітсек.

Ұялы телефонның бала өміріне зияны былай тұрсын, қауіпті екенін білмейтін адам жоқ. Өкінішке қарай қазір ол балалардың ойыншығына айналды. Кезіндегі балалар ерте еңбекке араласып, күні бойы далада ойнаушы еді. Байқасақ, көшеде ойын қуған сол ұрпақтың денсаулықтары жақсы болған. Ол кезде ауру-сырқау деген некен-саяқ еді. Ал қазіргі балаларды сүйреп далаға шығара алмайсың дегенді үлкендердің аузынан жиі естиміз.

Шын мәнінде элоктромагниттік өрістер барлық тіршілік көздеріне, соның ішінде адам организміне өте үлкен зиянын тигізеді. Биологиялық және медициналық зерттеу нәтижелері көрсеткендей, электромагниттік өрістердің адамның жүйке жүйесіне, ішкі мүшелеріне, физиологиялық дамуына тигізетін теріс зардаптары анықталған. Сонымен қатар, кейінгі кезде шетел мамандарының айтуынша, электромагниттік өрістердің әсерінен жүздеген ауру түрлерінің жаппай таралуы анықталып, қалаларда өзіне қол жұмсау фактілері көптеп тіркеле бастады. Себебі, электромагниттік өрістер адамның ми құрылысына қатты әсер ете отырып, дұрыс ойлау, есте сақтау қасиеттерін бірден бұзады. Қазіргі таңда біздің елімізде телекоммуникацияның дамуына байланысты, электромагниттік өрістер де өсе түсуде. 1990 жылмен салыстырғанда елімізде, оның ішінде қалаларда, электромагниттік өрістердің таралуы ондаған есеге артқан. Ірі қалаларда оның мөлшері қалыпты деңгейден 1000 есе артқан.

Мысалы, ЭӨТ үзіліссіз аз мөлшерінің өзі ағзаның орталық жүйке жүйесіне, қорғаныш статусына, көзге кері әсер етеді. Оған қоса жыныстық органдардың және эмбрионның дамып жетілуі мен қызметіне де теріс ықпалын тигізеді екен. Ана құрсағындағы эмбрионның ЭӨТ-на сезімталдығы ана ағзасына қарағанда анағұрылым жоғары екені, сондықтан жүкті әйелдердің электромагниттік өріс аумағында ұзақ болуы нәрестені туа біткен кеселдерге ұрындыратыны ғылыми тұрғыда дәлелденген.

Әрине, бүгінде аталған заттарсыз, қондырғы-құралдарсыз жұмыс істеу, шаруаңды тындыру мүмкін емес. Дегенмен оларды сақтық шараларын қолдана отырып пайдаланған абзал. Ұялы телефонға ұзақ телміретін балардың жүйкесі жұқарып, депрессиялық синдромға ұрынуы жиілейтін көрінеді.

Теледидардан, жаңалықтардан ұялы телефонның зардабы үздіксіз айтылып келеді. Оны көпшілік айтпаса да түсінеді. Бірақ, балаларына шарасыз болып отырған ата-аналар көп. Бастауыш сыныпта оқитын баланың жеке қымбат үлгідегі телефоны болғаны ерсі көрінгенімен, қалыпты жағдайға айналғалы қашан. Алақандай телефоннан келетін зардап түрлерін айтып тауыса алмаспыз. Смартфонның денсаулықтан бөлек баланың өмірден өз орнын таба алатын азамат болып қалыптасуына да кері әсерін тигізбей қоймасы анық. Бала өсе келе иммунитеті әлсіз, көру қабілеті төмен болып жатса, кінә кімде? Әрине, ата-анада. Бесіктен белі шықпай жатып үлкендер түсінбейтін телефонды ұршықша иіретін бөбектерді көріп жағамызды ұстап жатамыз.

Қазақтың технократ ұлт болғанын қалаймыз әлбетте. Техникалық дамудан қалыс қалған жақсы емес. Бұл заманда техникасы мықты елдер ғана көш бастайды. Балалармыз телефонды түбегейлі ұстамасын демейміз. Дегенмен ата-аналар тарапынан қадағалау басым болғаны жөн. Күнделікті белгілі бір уақыт аралығында ғана ойнаса, көңіліміз де тыныш болар еді. Бала өсем дегенше далада ойнаса, кітап оқыса, спортпен шұғылданса, болашағы әлдеқайда жемісті болмақ. Телефонның кесірінен қаракөздеріміз бүлдіршін шағынан санасын улап алса, отбасы түгіл Отанына да зияны тие ме деп алаңдағаннан айтылып отырған ойымыз бұл.

Бұл тақырыпты айтыскер ақын Мұрадым Мирлановтың 11-ші сынып оқушысы Райымбек Өтеповке айтқан айтыстағы шумағымен түйіндесек.

Біз бұрын өстік қолға күрек ұстап,

Жатқан жоқ оны қазір біреуі ұстап.

Үлкендер бұғанамыз қатпай жатып,

Қоятын шаруаға үнемі ұштап.

Алтыда аттың жалын тартып мініп,

Тізгінді отырушы ек тіреп ұстап.

Тізгіннің не екенін білмейді бұлар,

Қолына көрмеген соң жүген ұстап.

Жұмсасаң, шаруаға баспайтұғын,

Қаршадай балалар көп кілең ұрысқақ.

Жасатсаң, ауыр жұмыс жасай алмай,

Ауырып жатып қалады жүрегі ұстап.

Қолында барлығының бір-бір (сотка),

Тастамай күні-түні жүреді ұстап,

Ұялы телефоннан бас алмаса,

Ұядан қандай жастар түлеп ұшпақ?

Ринат НАРХАНОВ.

Оқылды 21116 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…
Қар 26, 2025

Күймен өрілген ғұмыр

Нұра ауылында қазақ күй өнерінің көрнекті өкілі, Жетісу өңірінің күйшісі Омархан…
Қар 26, 2025

Бір тіл – бір әлем

Әр адам өзінің өмір жолын немен байланыстыратыны тек өз еркінде. Алдына мақсат қойып,…
Қар 26, 2025

Чемпиондық рух

 Саламатты өмір салты - адамның басты байлығы – денсаулықты күтуге, дұрыс өмір сүруге…
Қар 24, 2025

Ауыз су сапасына қойылатын талаптар

 Адам өмірінің басты тіршілік көзі — су. Су адам ағзасының шамамен 60–70%-ын құрайды және…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет