Бейсенбі, 16 Ақпан 2023 11:17

Балалардың дұрыс тамақтануы – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ!

Балалардың толыққанды және теңдестірілген тамақтануы аурулардың алдын алуға ықпал етеді, жұмысқа қабілеттілікті арттырып, сабақ үлгерімін жақсартады, балалар мен жасөспірімдердің физикалық жағынан дамуына және ақыл-ойының артуына септігін тигізеді, олардың өмір сүру үшін заман ағымына бейімделуіне жағдай жасайды.

Балалардың күнделікті тамақтану рационында ет, сүт, сары май мен өсімдік майы, қара бидай наны және (немесе) бидай наны, көкөніс және қант болуы тиіс. Балық, жұмыртқа, ірімшік, сүзбе және құс еті рационға күнтізбелік екі-жеті күнде бір рет қосылады.

6 жастан 11 жасқа дейінгі балалар үшін ұсынылатын тағамдар порциясының граммдағы мөлшері: бірінші тамақ – 200-250 грамм; екінші тамақ: гарнир – 100-150 грамм, ет, котлет, балық, құс еті – 80-150 грамм, көкөністен, жұмыртқадан, сүзбеден, еттен дайындалған тағамдар және ботқа – 150-200 грамм, салат – 60-100 грамм; үшінші тамақ – 200 грамм.

11-18 жастағы балаларға арналған бірінші тамақ – 250-300 грамм; екінші тамақ: гарнир – 150-180 грамм, ет, котлет, балық, құс еті – 100-180 грамм, көкөністен, жұмыртқадан, сүзбеден, еттен дайындалған тағамдар және ботқа – 200-250 грамм, салат – 100-150 грамм; үшінші тамақ – 200 грамм.

Тамақтануға қатысты күн тәртібін сақтау күнделікті өмірде өте маңызды. Кіші және орта мектеп жасындағы балаларға 5 рет тағам рационы, жасы үлкен балаларға 4 рет тағам рационы ұсынылады. Тамақтану арасында ештеңе жемеген дұрыс, оның арасы 2,5-3 сағатты құрауы тиіс. Бұл уақыт аралығында балаларға тіскебасар, бутерброд, кәмпит беруге болмайды. Әрбір тамақтану кезеңі бала денсаулығы үшін маңызды. Егер отбасында таңғы ас ішпеу қалыпты жағдай болса, мұндай отбасында, өкінішке орай, семіздікке ұшырап, жанама ауруларға душар болу қаупі бар. Түскі астың да маңызы зор: ол барынша мол және тойымды болғаны жөн. Кешкі ас жеңіл болуы тиіс және ұйықтауға дейін 2 сағат қалған кезде берілуі керек.

«Тағам пирамидасының» ережелері туралы ұмытпағаныңыз дұрыс.

Баланың күні бойғы тағам рационында мыналар болуы тиіс:

– көкөніс:  бір тәуліктегі тағамдардың 35-40%-ы;

– жеміс, ботқа, нан (тұтас дәнді нан): бір тәуліктегі тағамдардың 30- 35%-ы;

– ет, балық, жұмыртқа, сүт өнімдері: 20-25%;

– пайдалы майлар (негізінен өсімдік майлары: зәйтүн, зығыр, асқабақ, күнжіт), жаңғақтар (жер жаңғақ пен кешьюден басқа), шемішке (қуырылмаған) және зиянсыз тәттілер: 5-10%.

– құрамындағы ақуыз 15-20%-ды, майлар 20-30%-ды, көкөніс пен жемісте, дәнді дақылдарда және жаңғақтарда болатын көміртектер 50-55%- ды құрайтын тағамды жеу ұсынылады.

Оқушылардың тамақтануының негізгі проблемалары мектептен тыс тамақтанумен, кептірілген картоп-чипсилерді, қытырлақтарды (сухарики), шоколад батончиктерін көп жеумен, газдалған сусындарды артық ішумен байланысты. Әдетте бұны жеткіліксіз ақпараттандырылумен және ата-аналардың бей-жай қарауымен байланыстыруға болады. Қазіргі заман адамының тамақтануы асқазан-ішек жолдарының, эндокриндік жүйенің, жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары өршуінің негізгі факторына айналды.

Балаларға дұрыс тамақтану дағдыларын үйреткен маңызды, өйткені адамның балалық шағында қалыптасқан тамақтану дағдылары қартайған кезге дейін сақталады.

М.АЛЬХУАТ,

Еңбекшіқазақ аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы.

Оқылды 20633 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 04, 2026

9. Конституциялық өзгерістер…

Конституциялық өзгерістер жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға жол ашады. Бұл…
Ақп 04, 2026

7. Жаңа Конституция заң үстемдігін…

Жаңа Конституция заң үстемдігін нығайтып, барлық азаматтың заң алдында тең екенін нақты…
Ақп 04, 2026

Жаңа Конституция жайлы

Конституциялық реформалар әлеуметтік мемлекет қағидатын нақтылай түсті. Мемлекет…
Ақп 04, 2026

Жаңа Конституция жайлы

Жаңа Конституция әділ сот жүйесін қалыптастыруға бағытталған маңызды нормаларды қамтиды.…
Ақп 04, 2026

4. Реформалар адам құқықтарын…

Реформалар адам құқықтарын қорғауды мемлекеттің басты міндеттерінің бірі ретінде…
Ақп 04, 2026

Жаңа Конституция билік тармақтары…

Жаңа Конституция билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті сақтауға ерекше мән береді.…
Ақп 04, 2026

Жаңа Конституцияға енгізілген…

Жаңа Конституцияға енгізілген реформалар елдің саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталған…
Ақп 04, 2026

Конституциялық реформалардың басты…

Конституциялық реформалардың басты ерекшелігі – халықтың мемлекет басқару ісіне қатысу…
Ақп 04, 2026

Конституциялық реформалардың басты…

Конституциялық реформалардың басты ерекшелігі – халықтың мемлекет басқару ісіне қатысу…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет