Дүйсенбі, 11 Шілде 2022 11:37

Сақтансаң, сақтайды!

Күні кеше ғана әлем жұртшылығын әуреге салған коронавирус індетін, одан сақтануды, қауіпсіздік шараларын ұмытып бара жатқандаймыз. Алайда, қауіпті індеттің қаупі әлі сейілген жоқ. Коронавируспен күрес күшейіп, жаппай егу кезеңінде вирустың таралуы бәсеңдеп, беті қайтты. Десек те, соңғы уақыттары әлемде қауіпті індет қайта күшейіп, жұқтырғандардың саны артып келеді. Осы орайда, өткен аптада Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан  Республикасының аумағында коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Комиссия жұмысына орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, облыс әкімдері мен «Атамекен» ҰКП қызметкерлері қатысты. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елімізде маусым айының ортасынан бастап коронавирус инфекциясын жұқтырғанындар санының артқанын жеткізді. Вирус жұқтыру жағдайлары 2-3 есе артқан, науқастардың 80%-на жуығы – індетке қарсы екпе алмағандар және екпе алғанына 6 ай өткен азаматтар.

Ендігі кезекте елімізде коронавирусқа қарсы сақтық шаралары күшейтілетін болады. Тіпті, эпидемиологиялық ахуал күрделі өңірлерде шектеу шаралары енгізілетін болады.

Елдегі COVID-19 көрсеткіштерінің артуын ескере отырып, Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия өңірлер эпидемиологиялық қауіп-қатердің сары аймағына көшкен жағдайда науқаспен тығыз қарым-қатынаста болғандарды қашықтан жұмыс істеу форматына көшіреді. COVID-19-ға қарсы екпе салдыруға болмайтын қызметкерлер мен жүкті әйелдерді қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстыру жоспарлануда. Жабық жерлер мен қоғамдық көлікте маска тағу міндеттеледі. 10-нан астам адам қатысатын жиналыстарды онлайн форматта өткізуді ұсынылады. Сондай-ақ аймақтың эпидемиологиялық ахуалына қарамастан, әуеде, ТЖ көліктері мен халықаралық автобустарда маска тағу ұсынылады. Айта кетейік, осы аптада Алматы қаласы сары аймаққа өтті. Мегаполисте шектеу шаралары енгізілуі мүмкін.

Ведомствоаралық жиын барысында Ералы Тоғжанов облыс әкімдеріне коронавирус инфекциясына қарсы егу науқанын күшейтуді, сырқаттанғандар көбейген жағдайда кадрлармен, дәрі-дәрмек қоры және төсек орындарымен қамтамасыз етуді ерекше бақылауға алуды тапсырды. Сондай-ақ халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігін ескертті.

Әлемде болып жатқан жағдай тұрғындарды сақтық шараларына жауапкершілікпен қарауға үндейді. Өткен аптада әлемде 4,18
миллионнан астам адам коронавирус жұқтырды, 8,5 мың адам вирустың құрбаны болған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының кезекті есебінде әлемде инфекция жұқтыру және өлім жағдайларының саны 18%-ға артқанын мәлімдеді. Ұйымның апта сайынғы бюллетенінде «бір апта ішінде тіркелген аурудың жаңа жағдайларының саны өсті» делінген. Алдыңғы аптамен салыстырғанда жұқтырғандар санының ең көп өсуі Шығыс Жерорта теңізінде (47%), Еуропада (33%) және Оңтүстік-Шығыс Азияда (32%) тіркелді. Сонымен қатар Африкада ауру айтарлықтай төмендеді (39%). Сонымен бірге Батыс Тынық мұхиты аймағында (6%), Еуропада (5%) және Африкада (1%) төмендеді.

Бір аптада індет жұқтырғандардың ең көп саны АҚШ-та – 701 855 адам жұқтырған. Одан кейін Германияда 504 655 адамнан, Бразилияда 349 791 адамнан коронавирус анықталған. Италияда 340 012 және Қытайда 333 926 науқас тіркелген.

Осындай қорқынышты жағдай елімізде болмас үшін барынша сақтанып, қауіпсіздік шараларын орындауымыз керек. Бірінші кезекте, қауіпті індетке қарсы вакцинаға жүгінгеніміз абзал. Шілденің басындағы статистикалық мәлімет бойынша елімізде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 9 526 392 адам, 2-ші компонентін 9 311 204 адам салдырған.

Соңғы аптада Қазақстанда індетті жұқтырудың 457 жағдайының 391-і немесе 85 пайызы Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларына тиесілі. Жүргізілген талдау кезінде пациенттердің 80 пайызы КВИ-ге қарсы вакцина алмаған адамдар екені, сондай-ақ вакциналаудан кейін 6 айдан астам уақыт өткен адамдар екені анықталған. Бұл деректер вакциналау КВИ инфекциясынан қорғаудың және ұжымдық иммунитетті қалыптастырудың жалғыз тиімді қадамы екенін көрсетіп отыр. Бүгінгі таңда тәулігіне 20-21 мың екпе жасалады. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасып келеді. «Қазақстанда коронавирус инфекция-сына қарсы үш вакцина бар. Жалпы 2,3 млн доза екпе қамтамасыз етілді. КВИ бойынша тұрақты эпидемиологиялық жағдайды қамтамасыз ету үшін тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Әсіресе, коронавирус ауруы бойынша жоғары тәуекел тобына кіретін адамдар ревакцинациядан өткені дұрыс», делінген денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.
Айта кетейік, қазіргі уақытта қорқыныш жоқ, еліміз жасыл аймақта. Сондықтан санитарлық шектеулер мен маска режимін енгізу көзделмеген.
«Жаман айтпай, жақсы жоқ» эпидемиологиялық ахуал нашарласа, шектеу шаралары күн тәртібіне көтеріледі. Ал оны болдырмау – өз қолымызда. «Сақтансаң, сақтайды» деген дана қазақ. Өзіміз індет қаупіне немқұрайды қарамай, адамзатты әуреге салған дертпен жұмыла күресейік, құрметті оқырман!

 

Сардарбек Нұрадин

Оқылды 3017 рет

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 11, 2025

Мемлекеттік қызметке ашық жол:…

Мемлекеттік қызмет — ел дамуы мен тұрақтылығының тірегі, азаматтардың әл-ауқатын…
Қырқ 11, 2025

Бошкулов Айдар Багашарович, …

В послании Главы государства этого года обозначены как глобальные вызовы времени, так и…
Қырқ 10, 2025

Оқушылардың ата-аналарына арналған…

Жаңа оқу жылы – әр оқушы мен ата-ана үшін жауапты әрі ерекше кезең. Бұл уақыт баланың…
Қырқ 10, 2025

Жіті респираторлық вирустық инфекция…

ЖРВИ/тұмау- ол жіті жұқпалы, инкубациялық мерзімі қысқа, тыныс алу жолдарының қабынуымен…
Қырқ 10, 2025

Оба:жұғу жолдары, алдын алу шаралары.

Оба аса жұқпалы, карантинді инфекциялар тобына жататын ауру. Инфекцияның жабайы…
Қырқ 10, 2025

Мектеп жиһазына қойылатын санитарлық…

Мектеп жиһазы оқу процесін ұйымдастырудың негізгі элементі болып табылады.…
Қырқ 10, 2025

Компьютердің көру қабілетіне әсері

Қазіргі уақытта компьютерлер, планшеттер, смартфондар және басқа гаджеттер ақпарат алу…
Қырқ 09, 2025

Алматы облысының қатысуымен …

Алматы облысының қатысуымен Мәскеуде бизнес-форумИнвестициялар, цифрлық технологиялар…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет