Бейсенбі, 06 Ақпан 2025 15:42

Туберкулезге қарсы егудің маңыздылығы

Туберкулез  -  ауа тамшылы, тұрмыстық қатынас арқылы  таралатын аса қауіпті жұқпалы ауру, қоздырғышы туберкулез таяқшалары.  Инфекцияның көзі аурудың белсенді, ашық түрімен ауыратын науқас. Туберкулез таяқшалары адам денесіндегі көптеген ағзаларды зақымдайды, жиі жағдайда тыныс алу, лимфа бездері, сүйек буындары. Туберкулез қоздырғышымен зақымдалған ағзада қайтып орнына келмес өзгерістер пайда болып, арнайы ем жасалмаса аяғы мүгедектікке немесе өлімге әкеледі.

    Туберкулездің алдын алудағы ұтымды шара ол –вакцинация.  Вакцинация – балалар мен ересек адамдарды туберкулезден  қорғаудың сенімді, көп жылдар бойында өзінің тиімділігін дәлелденген шара саналады. Туберкулезге қарсы вакцина «БЦЖ»  (Bacillus Calmette – Guérin - Бацилла Кальметта — Герена) – бұл адам ағазасында туберкулезге қарсы иммунитетті қалыптастыруға бағытталған.  Еліміздің Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес туберкулезге қарсы вакцина жаңа туған нәрестеге өмірінің алғашқы 1-4 күндері аралығында, презентхана жағдайында, балада екпеге қарсы медициналық көрсетілімдер болмаған жағдайда жасалады. Вакцина иықтың дельта тәрізді бұлшық ет маңына тері ішіне жасалады.  

        БЦЖ вакцинасы жасалған орында диаметрі 5-10 мм папула пайда болады. Жаңа туған нәрестеде қалыпты жағдайда 4-6 аптадан кейін дамиды. Екпе орнында инфильтрат, пустула, папула пайда болып, кейіннен бұл орында тыртық түзіледі.

     Екпе жасалған орынды механикалық зақымдалудан қорғау керек, әсіресе баланы шомылдырған кезде.   

         БЦЖ екпесін алмаған бала туберкулезбен ауыратын науқасты кездестірген кезде ауруды бірден жұқтырады. Бұл жағдайда туберкулездің ауыр түрлері тез дамып (туберкулезді менингит, өкпенің диссеминирленген туберкулезі), өлімге әкелуі мүмкін.

      Баланың анасы БЦЖ вакцинасы жасалған жерді үнемі бақылап отыруы қажет, егерде екпе орнында қабыну пайда болса бірден учаскелік дәрігерді ескерту керек. Дәрігер екпе орынындағы тыртықтың дамуына және бала ағзасындағы туберкулезге қарсы иммунитттенің қалыптасуына қастысатын шеткі лимфа бездерінің жағдайын (1,3,6,9,12 айында) бақылауға алады.   
       Нәресте перзентханадан БЦЖ екпесін алмай үйге шығарылатын болса, баланың жақын туыстары толығымен туберкулезге (флюорографиялық) міндетті түрде тексеруден өтуі тиіс. Ата-анасы егілмеген баланың туберкулезді жұқтырып алуының алдын алу мақсатында бөгде адамдармен қарым-қатынасын шектеуі қажет.

       Перзентханада БЦЖ екпесін алмаған балалар медициналық шектеуі біте салысымен тұрғылықты жері бойынша, емханалық жағдайда: 2 айға дейінгі мерзімде Манту сынамасыз, екі айдан артық уақыт өткен жағдайда Манту сынамасы теріс болған жағдайда егіледі. 

      Құрметті ата-аналар!  Балаларыңыздың денсаулығын жіті назарда ұстап, мерзіміне сай туберкулезге қарсы вакцинасын алуын қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз.

                                  

Еңбекшіқазақ аудандық СЭББ

басшысының орынбасары Д.Бақберген

Оқылды 449 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « «АПВ вакцинасы туралы мифтер» Көкжөтелдің алдын алу »

Соңғы жаңалықтар

Желт 10, 2025

Көкжөтелдің қаупі

Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін, тыныс алу жолдары, қан тамыры мен…
Желт 10, 2025

Жаңа туған кездегі профилактикалық…

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және…
Желт 10, 2025

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді…

Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар…
Желт 10, 2025

Моншалар мен сауналарға қойылатын…

Қоғамдық монша, сауналарға барған кезде ол орындардың санитариялық жағдайына ерекше…
Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет