Бейсенбі, 06 Ақпан 2025 15:35

«АПВ вакцинасы туралы мифтер»

Адам папилломасы вирусына (әрі қарай АПВ) қарсы вакцинация Қазақстан Республикасы Ұлттық егу күнтізбесіне енгізілді. Вакцинацияның ережесі бойынша қыз балалар жыныстық белсенділікке кіріскенге дейін, яғни ерте жасында егілуі керек. Вакцинацияға қарсы көрсетілімдер болмаса, дәрігердің қарап тексеруінен кейін 6 ай аралықпен екі рет жүргізіледі.   

        АПВ инфекциясы тұрмыстық- қарым қатынас арқылы және жыныстық жолмен берілетін ең көп таралған инфекция болып табылады. Біздің елімізде жатыр мойны обыры барлық жастағы әйелдер арасында кең таралған обырдың түрі болып табылады. АПВ-ға қарсы екпе жасау жатыр мойны обрының даму қаупін азайтады.

       АПВ-дан екпе алу бүгінде жатыр мойны обыры (ЖМО) және өзге де обыр ауруына әкеп соқтыратын вирустың қауіпті типтеріне қарсы ең оңтайлы тәсіл болып отыр.

      Қазақстанда бұған дейін де АПВ-ға қарсы екпені енгізу жұмыстары жүргізілді, бірақ, қоғамда бұған қатысты жалған ақпараттардың таралуына негіз болды. Бұл мәселе төңірегінде көп тараған алып-қашпа әңгімелер қайта қаралып, талдау жасалды.

№1 миф: АПВ екпесі бедеулікке әкеледі.

ҮКІМ: ЖАЛҒАН.

АПВ екпесінің бедеулікке әкелетініне қатысты дәлел жоқ. Жасалған зерттеулер АПВ вакцинасы және бедеулік арасында еш байланыс тапқан жоқ.

 

№2 миф: АПВ екпесі құрамында қатерлі ісік жасушалары бар.

ҮКІМ: ЖАЛҒАН.

АПВ екпесі құрамында қатерлі ісік жасушалары  да, папиллома вирусы да жоқ. Вакцинаның құрамына тек АПВ вирусының ақуыздары кіреді.

 

№3 миф: АПВ вакцинасын жатырға салады.

ҮКІМ: ЖАЛҒАН.

АПВ-ға қарсы вакцина иықтың дельта тәрізді бұлшықетіне енгізіледі.

 

№4 миф: Жатыр мойны қатерлі ісігі сирек кездеседі, сол себепті екпе алу міндетті емес.

ҮКІМ: ЖАЛҒАН.

       Шын мәнінде, бұл мәлімдемелер негізсіз. АПВ-ға 16-ға қарсы моновалентті вакцинаның алғашқы сынақтары 1997 жылы басталып, оның нәтижелері 2002 жылы жарияланды.

      АПВ қарсы алғашқы лицензияланған вакцина- төрт валентті,  вирустың 6/11/16/18 типіне қарсы түрі. Ол 2006 жылы нарыққа шығарылды. Бір жылдан кейін, 2007 жылы АПВ қарсы 16 және 18 вакциналары жасалды. Яғни, ғалымдарда жиырма жыл бойы жинаған деректер болды. АПВ-ға қарсы вакциналардың тиімділігі және екпеден кейін пайда болатын жағымсыз реакциялар толығымен зерттелген.

      Демек, адам папилломасы вирусына қарсы вакциналарға қатысты мифтер мен қате тараған түсініктер жалған. Осы вакциналардың ауыр жанама әсерлерінің болу жиілігі өте төмен, және бұл препараттардың тиімділігі клиникалық дәлелденген.

                                               

                                                     Еңбекшіқазақ аудандық СЭББ

                                                     басшысы М.Азербаев

   

Оқылды 572 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…
Ақп 06, 2026

Тәртіп – ел дамуының кепілі

Мектеп – кішкентай қоғам. Сондықтан мектеп қабырғасындағы тәртіп – болашақтағы азаматтық…
Ақп 06, 2026

Қызылорда қаласында «Ауыл»…

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет