Сәрсенбі, 29 Қаңтар 2025 14:42

Скарлатина қандай ауру, оның алдын алу шаралары.

     Скарлатина –бұл  ағзаның жалпы уыттану белгілерімен (бас ауруы, дене қызуның көтерілуі, әлсіздік) қатар,  бадамша бездерінің қабынуымен (ангина),  теріде пайда болатын бөртпелерімен бірге жүретін, жоғары тыныс жолдарының жіті инфекциялық ауруы.

      Скарлатина адамның көпшілігі балалық шақта ауыратын, балалар инфекциясы саналады. Ауруды бастан өткізгеннен кейін адамда өмір бақи сақталатын иммундық қорғаныс қалыптасады.

       Скарлатинаның алдын алатын арнайы шаралары мен вакцинасы жоқ.

        Инфекцияның көзі науқас адам немесе стрептококк инфекциясының тасымалдаушысы болып табылады.

        Жиі жағдайда аурудың бұл түрімен мектепке дейінгі және мектеп жасындағы 2 мен 8 жас аралығындағы балалар  ауырады, өйткені осы жастағы балалар стрептококкқа өте сезімтал келеді.  

       Адам ауырғаннан кейін инфекцияның тасымалдаушысы болады және оны жұқтырған сәттен бастап кейінгі 3 аптада басқа адамдарға жұқтыра алады. Аурудан кейін адам ағзасында тұрақты иммунитет қалыптасады.       

       Инфекцияның негізгі берілу жолы ауа –тамшылы.

       Аурудың алғашқы белгілері стрептокококк инфекциясын жұқтырғаннан кейін 2-7 күн өткен соң пайда болады. Алдымен дене қызуы +39+40С0 дейін көтеріледі, содан кейін әлсіздік,  бас ауруы пайда болады, кейде бұл белгілер бір реттік құсумен қатар жүреді. Жұтыну кезінде ауырсыну сезімі болады, жұтқыншақтың шырышты қабаты қызарады, бадамша бездері ұлғайып, оларда сұрғылт түсті жабын пайда болады.  

         Скарлатинаның алдын - алудың маңызды бөлігі жеке бас тазалығын сақтау, балаларды қолды үнемі жууға, ауыз қуысын күтіп ұстауға, жеке сүлгі, тіс щеткасын, сусын ішетін бөтелке, тамақ ішетін ыдыстарды және басқа да жеке заттарды қолдану тәртібіне үйрету. Осы қарапайым шаралардың барлығы стрептококк инфекциясының таралу қауіпін айтарлықтай төмендетеді.

        Сондай – ақ, адамдар көптеп жиналатын орындарға бармау, тұрғын үй –жайларды ылғалды-жуып тазалау және ауасын жиі алмастыру, жіті респираторлы  вирусты инфекциялардың белгілері бар адамдармен байланысты шектеу, ауру белгілері пайда болған кезде өзін-өзі емдеумен айналыспай, дәрігерді үйге шақыру.

 

Еңбекшіқазақ аудандық СЭББ

басшысының орынбасары Д.Бақберген

Оқылды 667 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 06, 2026

Тәртіп – ел дамуының кепілі

Мектеп – кішкентай қоғам. Сондықтан мектеп қабырғасындағы тәртіп – болашақтағы азаматтық…
Ақп 06, 2026

Қызылорда қаласында «Ауыл»…

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда облысы бойынша…
Ақп 06, 2026

Пять сборных команд подразделений…

Пять сборных командподразделений специального назначения государственных органов…
Ақп 06, 2026

5 құрама команда Дубайда өтетін…

Қазақстан мемлекеттік органдары арнайы жасақтарының бес құрама командасы 7-11 ақпанда…
Ақп 06, 2026

ЖИ – мұғалім тәжірибесін жетілдіру…

Жасанды интеллект бүгінде өмірдің барлық саласында қолданылып, қоғам дамуының ажырамас…
Ақп 06, 2026

Сайлау мәдениеті – қоғам…

Демократиялық мемлекет үшін сайлау – тек саяси рәсім емес, қоғамның жетілу деңгейін…
Ақп 06, 2026

Құқықтық мемлекетті қалыптастырудың…

Жалпы алғанда, жаңа Конституциядағы реформалар Қазақстанда құқықтық мемлекетті…
Ақп 06, 2026

Ұзақ мерзімді тұрақтылықты…

Конституциялық реформалар елдің саяси және құқықтық тұрақтылығын сақтауға бағытталған…
Ақп 06, 2026

Азаматтық қоғам институттарының…

Жаңа Конституция азаматтық қоғам институттарының дамуына құқықтық негіз қалыптастырады.…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет