Бейсенбі, 06 Наурыз 2025 12:47

Сібір жарасының алдын алу туралы

Сібір жарасы дегеніміз– зооноз тобындағы, адам мен ауылшаруашылық жануарларға ортақ аса қауіпті жұқпалы ауру.

Ауру дене қызуының көтерілуімен, лимфа жүйесінің зақымдалуымен және ағзаның ауыр түрде улануымен сипатталады.

Сібір жарасы жиі жағдайда терілік, өте сирек  ішектік, өкпелік  және сепсистік түрде  өтуі мүмкін.

 Аурудың қоздырғышы – таяқша пішінді, қозғалмайтын аэробты бактерия. Бұл бактериялар адам мен жануарлар ағзасынан тыс жерлерде спора түзеді. Споралар физикалық-химиялық заттардың әсеріне өте төзімді, қоршаған ортада тіршілік қабілетін ондаған-жүздеген жылдарға дейін сақтай алуға қабілетті.

Сібір жарасының адам үшін негізгі көзі болып  – ауру жұқтырған ауылшаруашылық жануарлар (ірі қара мал,  қой - ешкі, түйе, шошқа)  болып табылады.

Аурудың  адамға жұғу жолы көбінесе қарым-қатынас арқылы (малды сою, оның терісін сыпыру немесе малдан алынған өнімді өңдеу)  және бактерияның спораларымен ластанған  тағам мен суды пайдаланған кезде, топырақтық ошақтарда егістік жұмыстарын жүргізу кезінде  жұғуы мүмкін. 

 Ауру қоздырғышы - адамнан адамға жұқпайды.

Сібір жарасының таяқшасы жиі жағдайда енген жердегі тері жамылғысын зақымдайды, сирек жағдайда ішкі мүшелерді де зақымдауы мүмкін.

Инкубациялық (жасырын кезең) кезеңінің ұзақтығы

  • аурудың терілік түрінде бірнеше сағаттан 14 күнге дейін,
  • сепсистік түрінде 6-8 күнге созылады.

        Жара орнына жақын орналасқан лимфа бездерінің ұлғаюы болады. 2-3 ші аптаның соңына қарай жараның бетіндегі қабыршақ түсіп, оның орны тыртықтанады. Жараның орналасуы ауру қоздырғышының ену орнына тікелей байланысты. Көп жағдайда – ол аяқ-қол, мойын және мойын-желке тұстары.  Жергілікті қабыну процесі кезінде ағзаның жалпы улану белгілері болады. Әлсіздік, шаршағыштық, бастың ауыруы, дене қызуы субфебрильдіден, +39 +40ºС ге дейін көтеріледі.

Адамда ауру 90-95%  дейін терілік, 80% жағдайда жеңіл түрде, 20%  ауыр түрде өтеді.

Аурдың терілік түрінде науқас дер кезінде медициналық ұйымға қаралып, қажетті емін алмаған жағдайда немесе  емін кеш бастаған 5% жағдайда ауруды соңы өлімге әкелуі мүмкін. 

Ішектік түрінде ауру ауыр уланумен, геморрагиялық энтероколитпен көрініс береді, үрдіс аз уақытта сепсиске ұласады. Өкпелік-ішектік түрлерінде өлім 80-100% дейін жетеді.

Аурудың алғашқы белгілері байқалысымен науқас міндетті түрде медициналық көмекке жүгінуі қажет. Дәрігерге дер кезінде қаралып, арнайы емдеу шаралары жүргізілген жағдайда науқастың толығымен сауығып кетуіне болады.

Өткен 2024 жылы Еңбекшіқазақ ауданы тұрғындары арасында сібір жарасын жұқтыру жағдайы болмады. Соңғы күдікті жағдай 2023 жыл тіркелген, бұл жағдайда науқаста нақтамасы зертханалық жолмен расталмады.

      Аудан аумағында сібір жарасынан өлген мал өлекселері бұрындары көмілген  топырақтық ошақ бар.  Ол топырақтық ошақтардың басына  «сібір жарасы» деген жазуы бар ескерту тақтайшалары ілініп, қоршалған.

        Біздің аудан тұрғындарының көпшілігі ауылды жерде тұрғандықтан жеке аулаларында ауылшаруашылық малдарды ұстап, көбейтумен шұғылданады. Сондықтан аурудың қай кезде болса да шығу қауіпі үнемі сақталып отырады.

       Сібір жарасының спецификалық алдын алу шарасына – профилактикалық екпе жатады.  Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген санитариялық қағидаларға сәйкес, сібір жарасына қарсы егу санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық саласының қызметкерлері, сібір жарасының қоздырғыштарына зерттеу жүргізетін зертханалар мен ет өңдейтін комбинаттарда, ауылшаруашылық жануарларды ұстап көбейтумен  шаруашылықтардың жұмысшылары, тері-жүн өңдеуге, тасымалдауға, сақтауға, сұрыптауға, илеуге қатысатын адамдар тобына жүргізіледі.  Адам ағзасында сібір жарасына төтеп бере алу қасиеті егуден кейінгі 12-14 күнде пайда болады да, 12 айға жуық сақталады.

        Құрметті тұрғындар, Сіздерге айтарымыз: ет, сүтті  арнайы белгіленген  сауда орындарынан, тексеруден өткен өнімдерді алып пайдалануды.

    Сібір жарасынан сақтанудың келесі шараларын ұстануды: ауылшаруашылық жануарларға күтім жасау кезінде жеке бас тазалығын ұстану. Малды сояр алдында міндетті түрде ветеринар маманға көрсету,  жергілікті атқарушы органдармен арнайы бөлінген орындарда союды. Ауылшаруашылық жаунарлардан алынған өнімдерді (ет, сүт) мұқият термиялық өңдеуден кейін пайдалануды.

        Өз иелігіңіздегі малдың жайына мұқият қарап, қажетті профилактикалық екпелерін жасатуды, күтіп ұстау ережелерін қатаң сақтауды. Малда не үй жануарында аурудың белгелері байқалса дереу жергілікті ветеринар маманды шақыртып, көрсеткен абзал.

      

 

Еңбекшіқазақ аудандық СЭББ

басшысының орынбасары Д.Бақберген

Оқылды 413 рет

Соңғы жаңалықтар

Маус 30, 2025

Тазалық тәртіптен басталады

Табиғат – Жаратушының ең көркем жаратылыстарының бірі. Адам күнделікті күйбең тіршіліктен…
Маус 26, 2025

Начало было в 30-х продолжение в…

Если театр начинается с вешалки, завод с проходной, то газета – с людей и событий,…
Маус 26, 2025

Ақпарат айдынында

28 маусым күні елімізде бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні аталып өтеді.…
Маус 26, 2025

Көз көрген

1992 жылы Тәуелсіздігімізге жыл толды. Өзіміздің Ата заңымыз, Ел басымыз, Мемлекеттік…
Маус 26, 2025

Мемлекеттік қызмет – мәртебелі…

Әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен…
Маус 26, 2025

МВД: Пранки не повод нарушать закон

Министерство внутренних дел обратилось к "пранкерам", передает Polisia.kz. - Уважаемые…
Маус 26, 2025

ІІМ: Пранктар заң бұзуға себеп емес

Ішкі істер министрлігі пранк ұйымдастырып, контент жасайтын азаматтарға үндеу жасады, -…
Маус 25, 2025

Жазғы шомылу маусымы: жағажайлардың…

Алматы облысында жазғы шомылу маусымының басталуына байланысты су айдындарының…
Маус 24, 2025

Алматы облысы әкімінің өкімімен…

Бақытнұр Бақытұлы 1986 жылы туылған, білімі жоғары, 2008 жылы Нархоз университетін…

Күнтiзбе

« Шілде 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет