Бейсенбі, 13 Наурыз 2025 15:02

Мектеп асханаларына қойылатын санитариялы-эпидемиологиялық талаптар қандай болуы керек?

Дұрыс ұйымдастырылған тамақтандыру оқушылардың денсаулығын сақтауға көмектесетіні сөзсіз. Мектеп оқушыларының бойында салауатты өмір салты негіздерін қалыптастырумен  айналысу қажеттілігі бірқатар маңызды себептерге негізделеді. Еліміздің аумағында білім беру объектілерінде тамақтандыруды ұйымдастыруға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларымен және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығы "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларымен реттеледі.

Мектеп асханаларына төмендегідей санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қойылады.

1) Асхана үй-жайларына қойылатын талаптар:

-мектеп асханасының санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларының болуы;

-үздіксіз орталықтандырылған салқын және ыстық сумен жабдықталуы;

-кәріз жүйелерінің болуы, жарық, жылумен, желдетумен қамтамасыз етілуі;

-ас блогында механикалық түрде іске қосылатын желдету жүйесінің болуы;

-жылу және ылғал бөлу жабдықтарының үстінде сыртқа тарту шатырлары орнатылуы;

-технологиялық процесс ағындылығын сақтау үшін қажетті үй-жайлар мен құрал-жабдықтардың, тоңазытқыштардың  жеткілікті болуы;

-асхана қоймасының болуы.

2) Асхана тазалығына қойылатын талаптар:

- күнделікті ылғалды  тазалау және дезинфекциялаудың  жүргізілуі;

-жәндік, кенелер мен кеміргіштердің болуына жол бермеу үшін дератизация және дезинсекциялық іс-шаралар атқарылуы;

-асхана қызметкерлерінің медициналық байқаудан өткендігі туралы жеке медициналық кітапшаларының болуы;

-дене қызуы көтерілген, жарақаттары бар жұқпалы аурулармен қарым-қатынаста болған қызметкерлерді жұмыс орнынан шеттету;

- қол жуу үшін ыстық және салқын су өткізілген қол жуатын раковиналар, қол жууға және құрғатуға арналған құралдар-жабдықтардың жеткілікті болуы;

 3) Сапалы және қауіпсіз тамақтандыруды ұйымдастыру:

– асхана қоймасына тамақ өнімдері мен азық-түлік шикізаттарын сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттарымен ғана қабылдау;

- мекеме басшысы тарапынан бекітілген перспективалық ас мәзіріне сәйкес күнделікті асханада тамақтың дайындалуы;

- медициналық қызметкер немесе жауапты маман тарапынан дайындалған тағамның сапасына органолептикалық бағалау жүргізу;

-бракеражды  комиссиясының қызметін белсендендіру: комиссия құрамына медицина, әкімшілік қызметкері, өндіріс меңгерушісі және ата-аналар комитетінің өкілі енгізіледі және мектеп басшысының бұйрығымен бекітіледі.

Білім беру объектілерінің асханаларында келесі рұқсат етілмеген тағамдарды дайындауға және өткізуге жол берілмейді: қатық, сүзбе, айран, туралған ет қосылған құймақтар, флотша макарон, зельцтер, форшмактар, сілікпелер, паштеттер, кремі бар кондитерлік өнімдер, тұтыну қаптамасындағы кондитерлік өнімдер мен тәттілерді (шоколад, кәмпит, печенье), морстар, квастар,  фритюрде қуырылған өнімдер,   шала пісірілген жұмыртқа, қуырылған жұмыртқаны, күрделі (4 компоненттен артық) салаттар, қаймақ пен майонез қосылған салаттар, окрошканы,  саңырауқұлақтар, өнеркәсіп жағдайында  дайындалмаған (үйде дайындалған) тамақ өнімдерін, тез дайындалатын құрғақ тағамдық концентраттар негізіндегі бірінші және екінші тағамдар, газдалған, емдік және емдік-асханалық минералдық суды, тәтті алкогольсіз сусындарды, алкогольсіз энергетикалық (сергітетін) сусындарды, диффузиялық қойылтылған шырындарды,  фаст-фудтар (гамбургерлер, ход-догтар, чипсілер, кептірілген нан, қытырлақ нанды), ащы тұздықтар, кетчуптар, ащы дәмдеуіштерді (бұрыш, ақшелкек, қыша).

-білім беру объектілерінің асханаларында рұқсат етілмейтін азық-түліктерді пайдалануға жол бермеу: пастерленбеген сүтті, термиялық өңделмеген сүзбені және қаймақты, суда жүзетін құстың жұмыртқасы мен етін, ауыл шаруашылығы малының сырқаттанушылығы бойынша қолайсыз шаруашылықтардың сүтін және сүт өнімдерін, тіл, жүректі қоспағанда өнімді мал мен құстың субөнімдерін, механикалық түрде сылынып алынған өнімді малдың етін және құс етін,  құс етінен алынған құрамында коллаген бар шикізатты,  сойылған өнімді мал мен құстың қайта мұздатылған өнімдерін, генетикалық түрлендірілген шикізаттар және (немесе) құрамында генетикалық түрлендірілген көздер бар шиізаттарды, йодталмаған тұзды және құрамында темір бар витаминдермен, минералдармен байытылмаған (фортификацияланбаған) жоғарғы және бірінші сұрыпты бидай ұны;

4) Өндірістік бақылауға, персоналдың еңбек және тұрмыстық қызмет көрсету жағдайларына қойылатын талаптар:

- мектеп асханаларында нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес өндірістік бақылау ұйымдастырылады және жүргізіледі.

- Ас блогының жұмыскерлері, техникалық персонал арнайы киіммен (халат немесе шалбары бар күрте, бас киім, аяқ киім) қамтамасыз етіледі.

- Объектілердің жұмыскерлері жеке және өндірістік гигиенаны сақтайды: қолдың тазалығын бақылайды, таза арнайы киім мен аяқ киім киеді, объектіден шығу және дәретханаға бару алдында арнайы киімін шешеді, жұмыс басталу алдында және дәретханаға барғаннан кейін, сондай-ақ жұмыстағы әрбір үзілістен соң және лас заттармен жанасқанда қолдарын сабынмен жуады.

- Білім беру объектілерінің асхана жұмыскерлері жұмыс басталу алдында шаштарын орамалдың немесе қалпақтың астына жинайды, бұйымдарды (сағаттарды, сақиналарды, білезіктерді) шешеді, тырнақтарын қысқа етіп қиады және оларды лакпен боямайды.

- Жұмыскерлердің өндірістік үй-жайларға арнайы киімсіз кіруіне және оның үстінен өзге киімді киюіне жол берілмейді. Арнайы киім жеке заттарынан бөлек сақталады.

- Шикізат пен дайын өнімге бөгде заттардың түсуін болдырмау үшін өндірістік үй-жайларда ұсақ шыны және металл заттарды (технологиялық мүкәммалдан басқа) әкелуге және сақтауға, арнайы киімді түйреуішпен, инемен түйреуге және халаттың қалталарында жеке заттарды сақтауға жол берілмейді.

 

 Еңбекшіқазақ аудандық СЭББ

 басшысының орынбасары Д.Бақберген

Оқылды 854 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет