Қысылтаяң уақытта айналасындағыларға қолын созып, көмек көрсеткеннің орнына бас пайдасын бірінші кезекке қоятындар, өкінішке қарай, жоқ емес. «Біреуге жан қайғы, біреуге мал қайғы» демекші, елдің аласұрып іздеген дәрі-дәрмегін 5-10 есе қымбатқа сатып, дәрі тапшылығын қолдан жасап отырған алыпсатарлар қаптап кетті. Олардың жолын кесуді президенттің өзі үкімет пен құқық қорғау органдарына тікелей тапсырды. Жер-жерде тексеру жұмыстары басталды. Өткен аптада «Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Байғоджаев, партиялық бақылау комиссиясының мүшесі А.Байтулақов, партия кеңесшісі Б.Рахимов, Еңбекшіқазақ аудандық тауарлар мен…