Дүйсенбі, 16 Қыркүйек 2024 10:20

Іргелі өңірдің әлеуеті зор

Жуырда Т.Молдағалиев атындағы аудандық мәдениет үйінде облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев аудан тұрғындарымен кездесу өткізді. Аталған жиында атқарылған жұмыстар, алға қойған жоспарлар кеңінен баяндалып, жеке тұлғалардың көкейіндегі өзекті сұрақтарға да жауап берілді. Кездесуді облыстық мәслихаттың төрағасы Қуат Байғоджаев жүргізді.

Ең әуелгі сөз аудан әкімі Талғат Байеді-ловке берілді. Аудан әкімі өз кезегінде аудан көлеміндегі 7 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы атқарылған жұмыстарды баяндап, өз есебін берді.

– Есепті кезеңде ауданның негізгі экономикалық көрсеткіштерінің тұрақты өсуі байқалады. Ағымдағы жылдың 1 тамызына ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 48 млрд. 430 млн. теңгені құрап, нақты көлем индексі 105 %-ға орындалды. 2023 жылы бұл көрсеткіш 47 млрд. 400 млн. теңгені құраған болатын. Осы кезеңде ауданымыздағы мал басының сандарына тоқталатын болсақ, ірі қара – 101мың, қой мен ешкі – 297 мың, жылқы – 27 мың басқа жетті. Құстың саны – 1 млн. 372 мың басты құрады – деген аудан әкімі ет пен сүт өнімдерінің және егістік алқаптары мен техникалардың есебіне де тоқталып өтті. Бүгінгі таңда 11 мың 500 тонна тірі салмақта мал мен құс еті, 41 мың 300 тонна сиыр сүті өндірілгенін, 2 млн. 645 мың дана жұмыртқа алынғанын мәлімдеп, баяндамасын жалғастырды.

– Ауыл шаруашылығы дақылдары-ның егіс алқаптары 77 мың 500 гектарды құрады. Ауданда барлығы 2 700 ауыл шаруашылығы техникасы бар, 2024 жылы жалпы құны 1 млрд. 400 млн. теңгеге 101 жаңа ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды.

Күзгі дала жұмыстарына 514  тонна арзандатылған жанар-жағармайға өтінім беріліп, бүгінгі күнге 230 тоннасыалынды. Қалған жанар-жағармай көлемі қыркүйек айында толық алынады. Жалпы күзгі жиын-терімге, күзгі дақылдарды себуге 820 тонна жанар-жағармай қа-жет. Қазіргі таңда жеңілдетілген 1 литр жанармайдың бағасы – 250 теңге, ал жанар-жағармай бекетінде 295 теңге болып отыр.

Аудан бойынша жалпы сыйымды-лығы 36 мың тонна болатын 23 жеміс және көкөніс қоймасы бар. Оның ішінде сыйымдылығы 35 мың тоннаны құрай-тын 22 жеміс қоймасы, 1 мың тонна сиятын 1 көкөніс қоймасы бар. «Ауыл аманаты» бағдарламасының 1 кезеңі бойынша 417 жоба 2 млрд. 840 млн. теңгеге өтінім беріліп, 277 жоба 2 млрд. 25 млн. теңгеге қаржыландырылды, нәтижесінде 450 жаңа жұмыс орны құрылды. Бағдарламаның 2-ші кезеңі бойынша 2024 жылы 182 жоба бойынша 1,7 млрд. теңгеге құжаттар жинақталып, комиссия қарауына ұсынылды. Жалпы 214 жұмыс орнын құру күтілуде – дей келе жыл басынан бері пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлері бойынша мониторинг нәтижесінде 56 мың 640 гектар жер, яғни, 204 жер учаскесі анықталып, оның ішінде 11 мың 600 гектар мемлекет меншігіне қайтарылғанын кеңінен баяндады.

Сондай-ақ, негізгі капиталға тар-тылған инвестициялар көлемі 45 млрд. 750 млн. теңгені құрап, нақты көлем индексі 87,1% болғанын айтқан Талғат Ескендірұлы:

– Тартылған инвестициялардың бөлі-нісі бойынша, бюджет қаражатының үлесі 27%, жеке инвесторлардың қара-жат үлесі 73% құрайды. Жыл басынан 2,7 млрд. теңгеге 4 жоба жүзеге асырылып, 60 жаңа жұмыс орны ашылды. Атап айтсақ, Түрген ауылындағы «Централ Азия Фуджоу Металл» серіктестігі өндірісін кеңейту мақсатында қуатты-лығы 10 мың тонна темір бұйымдарын шығару өндірісін іске қосты. Оған 800 млн. теңге инвестиция тартылып, 10 адам жұмыспен қамтылды.

Есік өзенінің бойында «ТМТ Group» серіктестігінің қуаттылығы 400 тонна болатын балық шаруашылығы іске қосы-лып,  жұмыспен қамтылды. Аталған жобаның инвестиция көлемі 200 млн.теңге.

Сонымен қатар Түрген ауылында инвестиция көлемі 1,2 млрд. теңге болатын«Фреш Фиш КЗ» серіктестігінің жылдық қуаттылығы 3 мың тонна балық шаруашылығы іске қосылды. Ол жерде 50 адам жұмыспен қамтылды.

«Шелек Болашақ» серіктестігі Ават ауылынан 700 орынға арналған қоғам-дық тамақтану орынын ашты. 450 млн. теңгені құраған жобада 20 адам жұмыс-пен қамтылды.

Ауданда ең ірі жоба «Жетісу Вольфрамы» серіктестігінің вольфрам кендерін өндіру және қайта өңдеу зауытының құрылысы аяқталып, іске қосылады деп жоспарлануда. Жобаның жалпы құны 135 млрд. теңгені құрайды, бүгінгі күнде 64,7 млрд. теңге көлемінде қаражат игерілген. Жыл соңына дейін 70 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылады деп күтілуде. Жоба толық іске қосылғанда 350 адам жұмыспен қамтылатын болады.

Жыл соңына дейін 102 млрд. теңге инвестиция тарту жоспарлануда. Оның ішінде бюджет қаражаты үлесі 33 млрд.  теңге болса, жеке инвесторлардың қаражаты – 69 млрд. теңге.

Ал,ауданның 2024-2028 жылдар аралығындағы инвестициялық портфельге жалпы құны 677 млрд. теңге болатын 6 жоба енгізілген. Бұл мақсат жүзеге асса 450 жаңа жұмыс орны құрылады деп жоспарлануда.

Есепті кезеңде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 53 млрд. 760 млн. теңгеге жетіп,  нақты көлем индексі 118,7% құрады. Бөлшек тауар айналымының көлемі 49 млрд. 630 млн. теңгені құрап, нақты көлем индексі 110% ұлғайды. 

Аудан бойынша 1 670 сауда және қызмет көрсету нысандары жұмыс жасауда. Оның ішінде 1 085 сауда, 396 тұрмыстық және сервистік қызмет, 186 қоғамдық тамақтану нысандары мен 13 базар бар. Жыл басынан ауданда 3 млрд. 700 млн. теңгеге 28 жаңа шағын және орта бизнес нысандары ашылып, 186 адам жұмыспен қамтылды – деген аудан әкімі әрбір саладағы жұмыстар мен жоспарларға жеке-жеке тоқталды.

Талғат Ескендірұлы баяндамасының соңында аудан бойынша өзекті мәсе-лелер тізіміне 230 мәселе енгізіліп, оның 8 орындалғанын, 125-і орындалу сатысында екендігін, биылғы жылы 21 мәселе шешімін табатынын мәлімдеді. Орындалмаған 97 мәселені де таныс-тырды.

Ауқымды жиын облыс әкімі Марат Елеусізұлының ел алдындағы есебімен жалғасты. Облысымыздың тыныс-тір-шілігін кеңінен баяндаған облыс әкімі-нің сөзінен көптеген оң нәтижелерді аңғардық.

– Алматы облысы қаңтар-шілде айларында әлеуметтік және экономи-калық көрсеткіштерде алдыға қойылған межелерді орындап, күтілген нәтиже-лерден артық көрсеткіштерге қол жеткізді. Осы кезеңде қысқа мерзімді экономикалық индикатор 107,8% құра-ды. Жалпы өңірлік өнім 2024 жылдың 1 тоқсанында 7,4% өсіп, 1,2 трлн. теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш 2023 жылдың 1 тоқсанында 5% өсіммен 1 трлн. теңгені құраған еді. Жалпы аталған көрсеткіш бойынша соңғы үш жылда облыс өз позициясын 2 есеге жақсартып, 2021 жылғы 10 орыннан өткен жылы 6 орынға дейін көтерілдік.

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 4,7% артып, 1  трлн. 56 млрд. теңгеге жетті. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 7,1% өсіммен 247,7 млрд. теңгені құрады. Сауда қызметтері 4,3% ұлғайып, 843,3 млрд. теңге көлеміне шықты. Құрылыс саласы 15,7% өсіп, 137,1 млрд. теңге болды. Тұрғын үйді қолданысқа беру көлемі 6,9 % артып, 624,9 мың шаршы метрді құрады. Аталған салалардың барлығында дерлік былтырғы жылмен салыстырғанда айтарлықтай өсім бар.

Ағымдағы жылы Үкіметтің экономи-калық өсімді 6% қамтамасыз ету жөнінде бірінші кезектегі іс-қимыл жоспарына сәйкес, биыл жыл соңына дейін жалпы өңірлік өнім көлемін 5,8 трлн. теңгеге жеткізетін боламыз.

Алматы облысы инвестициялық тартымды өңір. Бұл ретте, өткен жылдан бері бизнес өкілдерімен ынтымақтастық және серіктестікті дамыту туралы 736,4 млрд. теңгеге 28 меморандумға қол қойылды. Жалпы 2030 жылға дейінгі инвестициялық портфельге 6,1 трлн. теңгеге 211 жоба енгізілді. Олардың қатарында, Үлкен Алматы айналма жолы бойында орналасқан картоп чипсыларын өндіретін «PepsiCo», темекі бұйымдарын шығаратын «KT&G», «A» классты қоймалар бойынша OZON-мен бірлескен «Focus Logistics», «Строитель 98» және құрылыс материалдарын шығаратын «Алтын таға» компаниясы сияқты трансұлттық және отандық компаниялардың қатысуымен жүзеге асырылып жатқан ірі инвестициялық жобалар бар. Сонымен қатар, «Алатау» арнайы экономикалық аймағында «G-TRANS Service» және «Исткомтранс» компаниялары еліміздің ең ірі мегаполисі маңында «Жетіген» ірі ин-дустриялық, көлік-логистикалық хабтарын құру жобаларын іске асыруда.

Экспортқа бағдарланған өндірістер ашу және облыс тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету үшін «кешенді өсу нүктелері» ретінде жалпы ауданы 2 633,3 гектар болатын Береке, Қайрат, Шелек, Қазбек Бек, Тасқарасу, Сұңқар, Жібек жолы, Барыс, Қосқұдық елді мекендерінен 9 индустриялық аймақ құрылуда – деген облыс әкімі аталған нысандарға жекелей тоқталып, жігін тарқатты.

Сонымен қатар, облыс экономикасын дамытудың негізгі драйвері – агроөнеркәсіптік кешен, осы салада өндірілген жалпы өнім көлемі бойынша 11,4% үлеспен біз республикада Түркістан облысынан кейін екінші орында тұрғанымызды жеткізген Марат Елеусізұлы аталған салаға да тиісті деңгейде күш салу қажеттігін ескертті.

– Өсімдік шаруашылығында облысымыз өрік, алмұрт өндірісі бойынша 1-ші орында, алма, жүгері, соя, жүзім, картоп, күріш өсіру бойынша 2-ші орында. Сонымен қатар, облыс ет және құс басы бойынша көш бастап тұр, 1-ші орын, қой мен ешкі басы 3-ші орын, жұмыртқа, сүт және ірі қара мал басы 4-ші орынды иеленді. Оның ішінде, Еңбекшіқазақ ауданы қой мен ешкі басы бойынша аудандар арасында 3-ші орында тұр.

Аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабын әртарап-тандыру мәселесін қарап, тиімді дақыл-дардың алқаптарын төмендетпеуге жол бермеуі тиіс.

Бүгінгі таңда дәнді дақылдардың 50,7% жиналды,175,3 мың тонна астық бастырылды, орташа өнімділігі гектарына 20,4 центнерді құрайды. 110,6 мың тонна картоп, көкөніс-бақша дақылдары 109,7 мың тонна жиналды.

Ауыл шаруашылығында 2024 жы-лы жоспарланған 5% өсіміне жету үшін, дақылдарды жинау жұмыстарының барысын қатаң қадағалап, жоспарлан-ған көлемде толықтай жиналуын  қам-тамасыз ету қажет. Ауыл шаруашы-лығын дамытуда ең өзекті проблеманың бірі – машина-трактор паркінің тозуы болып табылады. Мәселен, аудандағы ауыл шаруашылығы техникаларының 41,3% жаңартуды талап етеді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, техника паркін жаңарту көрсеткішін қазіргі 4,4%-дан 9,5%-ға дейін арттыруымыз қажет – деп, ауыл шаруашылығына көп көңіл бөлу керектігін тілге тиек етті.

Баяндама барысында туризм мәсе-лесі назардан тыс қалған жоқ. Бұл орайда облыс әкімі:

– Алматы облысы еліміздегі маңыз-ды туристік өлкелердің бірі. Жыл басынан бері облысқа келген туристер саны 30,3%-ға өсіп, 99,3 мың адамды құрады. 2023 жылы 76,2 мың адам болған еді.Туризмді дамыту үшін облыстың кешенді жоспары жасалған. Еңбекшіқазақ ауданы жоғары туристік әлеуетке ие және Қазақстан Республикасының туризм саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама-сының «ТОП-10» басым аумақтарының тізіміне енгізілген Алматы тау кластеріне кіреді. Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық паркі мен Түрген шатқалында келушілер орталықтары пайдалануға берілді.

Облыстың 15 туристік аймағында алғаш рет ұзындығы 337 шақырымды құрайтын туристік жолдарды дамыту жұмыстары жүргізілді. «Алматы-Бішкек» экономикалық дәлізі аясында «Kazakh Tourism» акционерлік қоғамы Азия даму банкі қаражаты есебінен «Түрген» ірі тау шаңғысы курортының инвестициялық жобасын іске асыру мақсатында алдын ала техникалық-экономикалық негіз-деме әзірледі. Қазіргі таңда инвесторды іздеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл шаралар туризмді дамытуға серпін береді – деді.

Марат Сұлтанғазиев барлық сала-дағы атқарылған жұмыстардың есебін баяндай келе:

– Алматы облысы әкімі мен аудан әкімдерінің халықпен кездесу барысында тұрғындар тарапынан көтерілген  проблемалық мәселелерді 2024-2026 жылдар аралығында кезең-кезеңімен шешу бойынша Алматы облысының проблемалық мәселелер Жол картасы жасалынған. Жол картасына Еңбекші-қазақ ауданы бойынша барлығы 230 проблемалық мәселе енгізілген. Бүгінге орындалғаны – 8. Үстіміздегі жыл соңы-на дейін 21 мәселе шешімін табатын болады. Сонымен қатар, менің 2023 жылғы 23 ақпанда және 1 қарашадағы Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындары-мен кездесу барысында көтерілген проблемалық мәселелер саны – 20, оның ішінде орындалғаны – 1, орындалу барысында – 19, – деп мәлімдеді облыс басшысы.

Жиын соңында азаматтардың көкейіндегі сұрақтарын қоюға кезек берілді. Микрофон алдына келген халық мектеп, жол, жер, су, жеке құжат сынды өзге мәселелерімен талап-тілектерін жеткізді. Жеке тұлғалар тарапынан көтерілген мәселелер бойынша құзырлы мекемелерге нақты тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, Марат Елеусізұлы азаматтарды жеке қабылдады.            

                                                                                                                                                                                                                                                                                        Ринат НАРХАНОВ.

 

Оқылды 84 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 21, 2024

Наш собственный корреспондент…

С начала 90-х годов прошлого века в областной газете «Огни Алатау» сменилось несколько ее…
Қар 21, 2024

«ЖАҢАРТУ» расширяет возможности…

Проект «ЖАҢАРТУ» («Обновление»), презентация которого состоялась в мае 2024 года,…
Қар 21, 2024

Артық шығын абырой әкелмейді

Елімізде діни рәсімдерді өткізу барысында көптеген қателіктер орын алып жатқанын естіп…
Қар 21, 2024

Кәсіп болмай, нәсіп болмас

Бүгінде балалардың жан-жақты дамуына, кәсіпке деген көзқарасын қалыптастыруға барлық…
Қар 21, 2024

«Атамекен» приглашает к диалогу

Национальная палата предпринимателей «Атамекен» Алматинской области выступила инициатором…
Қар 21, 2024

Бейбіт күн – бірліктің жемісі

Көпұлтты мемлекетіміздің ішкі саясатында ең маңызды дүние – ұлтаралық татулықты сақтау.…
Қар 18, 2024

Внимание, жители г. Есик!

Региональный офис ЮНЕСКО в Алматы совместно с Центром «Содействие устойчивому развитию…
Қар 14, 2024

АФМ проводится расследование в…

Она подозревается в хищении свыше 1,5 млрд тенге, собранных для помощи гражданам,…

Күнтiзбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет