Дүйсенбі, 16 Қыркүйек 2024 10:33

Мықты отбасы – мықты мемлекеттің кепілі

ОТБАСЫ – ЖЫЛЫ ҰЯ. МЕЙІРІМ МЕН МАХАББАТТЫҢ, ТЫНЫМСЫЗ ЕҢБЕКТІҢ, АДАЛ АСТЫҢ, ИГІЛІК ПЕН ІЗГІ ТӘРБИЕНІҢ ҚАРА ШАҢЫРАҒЫ. ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДІК ЖАҢА ОЙЛАРМЕН АҚПАРАТТЫҚ УАҚЫТТА, ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНІҢ БЕДЕЛІМЕН ҚАЖЕТТІЛІГІН КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРУҒА

БОЛМАЙТЫНЫН ЕСКЕРУІМІЗ КЕРЕК.

Үлгілі отбасылардың тұтастығымен құндылықтарын дәріптейтін отбасы күні қарсаңында Қайназар ауылдық кітапханасында «Мықты отбасы – мық-ты мемлекеттің кепілі» атты ой-талқы өткізілді. Іс-шараның негізі мақсаты – отбасы байлығы,  бәсекеге қабілетті, озық ойлы ұрпақ тәрбиесінің дәнегіне нәр беру. Қоғамдағы ажырасудың алдын алу, бала мен анаға қамқорлық танытпай жүретін әкелерге ой салу. Отанымыздың іргетасы – отбасы тату-лығы екенін түсіндіру, жастарға жеткізу.

Ауыл ақсақалдары мен ақ жау-лықты аналар қазіргі жаһандану үдерісі белең алған кездегі отбасы құндылықтарының құлдырауы туралы, халқымыздың қыз бен ұл тәрбиесіне қатысты ұлағатты ойлар, әке мен ана рөлі жайлы тағылымы мол әңгіме айтып, өнегелі отбасында ғана бақытты бала тәрбиеленетіндігіне назар аудару керектігін ортаға салды.

Отбасы – әрбір адамның қалыпта-суына ықпал ететін тәлім мен тағдыр ортасы. Отбасынан алған ізгілік пен тәрбие, шыншылдық пен адалдық, еңбекқорлық пен қабілеттіліктен қоғам қалыптасатынын әрбір ата-ана білу керек. Ол жалғыз балаларын емес, мемлекетіміздің ертеңін өсіріп, тәр-биелеп жатыр.

Отанды сүю, Отанға қызмет ету – отбасының тынысы мен тәрбиесінің бастамасы болатынын ауыл үлкендері өз өмірлерімен ұштастыра отырып әңгімелеп берді.

Кітапхананың ұйымдастырумен өт-кен ой-талқының құрметті қонағы ақ-сақал Үсен Қонақбай 30 жыл еңбекпен төзімділікті өзіне серік еткен комбайншы. Отбасында бірлік пен еңбекті насихаттап, балаларына қара нанның қадірін түсіндіріп өсірген. Жақсыкелді Жумалиев шеберлік пен ұқыптылық, сабырлық пен икемділік, отбасындағы проблемаларды оңды шешуге ықпал ететін мінезді болу ұсталық еңбекқорлығының жемісі екенін жеткізді. Ал 40 жыл кітапханашы болғанақ жаулықты ана Күлжахан Құлахмет бала білімді әрі өнерпаз болуы үшін аналар көп оқып, үлкен аналар қасында жүрсе үлгі істің шамын жағатынын айтты. Ана білімді болмай, ұрпақ саналы болмайтынын атап өтті.  Бақыткүл Нүсіпбекова үй шаруасында. Немере бағып, отбасына ие болып отырған анамыз отбасының тыныс-тіршілігін үлкен жауапкершілікпен жасауда. Таңнан кешке дейінгі күнкөрістің қамымен жүрген бала-шағаның жылы үйін, ыстық тамағын, шаңырақтың таза, ұқыпты болуын қадағалау қажеттігін жеткізді.

Тағылымды шараның тағы бір құр-метті қонағы Зейнеп Жаханова колхозда тынымсыз еңбек еткен тәжірибелі сауыншы. Анамыз отбасындағы мал шаруашылығында ұқыптылықпен атқа-рады. Еңбекті сүю, шаруашылықты дөңгелету Отанға қызмет етудің бас-палдағы екенін жеткізді анамыз.

Ұйғыр ұлтының аналар төрайымы Жухарбүбі Надырованың айтуынша, ұлттар достастығы бірінші орында тұрған, тыныс-тіршілігі біте қайнасқан ауылда отбасы тәрбиесінің маңызы үлкен. Еңбекқорлық, қамқорлық, төзім-ділік, шынайылық, кез-келген мәселені шешуде алғышарт болатынын айтты.

Өмірлік тәжірибелеріне сүйеніп, пікірлерін ортаға салған ауыл үлкен-дерінің  бар тілегі – шаңырағын көтерген әрбір адам жауапкершілікті сезініп, отбасының мерейін үстем етсе. Иә, кейде ата-ананың, бала-шағаның ең үлкен байлық екенін білсек те, қадіріне жете бермейміз. Осы орайда, біз құрып отырған шаңырақтың тыныштығы өсірген ұл мен қыздың тәрбиесіне, ата-ананың батасы мен оларға деген құрметке тікелей байланысты. Отанды сүю отбасынан басталатынын естен шығармай, жанұямыздың іргесін жылулықпен, шаңырағын татулықпен құруымыз керек.

 

Гүлназ АЙМЫРЗАҚЫЗЫ,

кітапханашы.

Оқылды 167 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 21, 2024

Наш собственный корреспондент…

С начала 90-х годов прошлого века в областной газете «Огни Алатау» сменилось несколько ее…
Қар 21, 2024

«ЖАҢАРТУ» расширяет возможности…

Проект «ЖАҢАРТУ» («Обновление»), презентация которого состоялась в мае 2024 года,…
Қар 21, 2024

Артық шығын абырой әкелмейді

Елімізде діни рәсімдерді өткізу барысында көптеген қателіктер орын алып жатқанын естіп…
Қар 21, 2024

Кәсіп болмай, нәсіп болмас

Бүгінде балалардың жан-жақты дамуына, кәсіпке деген көзқарасын қалыптастыруға барлық…
Қар 21, 2024

«Атамекен» приглашает к диалогу

Национальная палата предпринимателей «Атамекен» Алматинской области выступила инициатором…
Қар 21, 2024

Бейбіт күн – бірліктің жемісі

Көпұлтты мемлекетіміздің ішкі саясатында ең маңызды дүние – ұлтаралық татулықты сақтау.…
Қар 18, 2024

Внимание, жители г. Есик!

Региональный офис ЮНЕСКО в Алматы совместно с Центром «Содействие устойчивому развитию…
Қар 14, 2024

АФМ проводится расследование в…

Она подозревается в хищении свыше 1,5 млрд тенге, собранных для помощи гражданам,…

Күнтiзбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет