Бейсенбі, 26 Қыркүйек 2024 10:02

Кітап – сарқылмас рухани қазына

«Бүгінгі заманда кітапсыз, сондай-ақ кітапханасыз адамның ойдағыдай дамуы мүмкін емес. Бүкіл әлемдегі кітапханалар – білім мен мәдениеттің ошағы, жаңа ойлар мен тың пікірлердің мекені. Электронды форматтың қарқынды дамып жатқанына қарамастан дәстүрлі кітапхананың ағартушылық рөлі ешқашан мәнін жоғалтпайды».

Мемлекет басшысы Қ.ТОҚАЕВ.

Кітап оқу мәдениетін көтеру, әдеби кітаптарды насихаттау, оқырмандардың кітап оқуға

деген қызығушылығын арттыру мақсатында  еліміз бойынша бір мезгілде басталатын  «Kitap Time»  жалпы республикалық фестивалі аясында Шелек модельді ауылдық кітапханасында «Кітаппен бірге өсеміз» атты тұрақты оқырмандармен кездесу  кеші өткізілді.

 

Адамзат баласының рухани құнды-лығы, теңдесіз байлығы саналатын, Ы.Алтынсарин атындағы мектептің жоғарғы сынып оқушылары қатысқан бұл басқосуда Қазақстан журналистер одағының мүшесі, аудандық «Еңбек-шіқазақ» газетінің өңірлік тілшісі Анарбек Бердібаев адам баласын өсіп өркендеуіне, кісілік қасиетке қалыптас-тыратын  кітаптың  құндылығы жайлы, қанша техниканың қарқындап дамыса да, кітаптай құдіретке жетпейтінін, дамыған Жапон, Америка сияқты ел-дерінің кітапқұмар жастары өмірінен мысал келтіріп, түсіндіріп берді. Мектеп табалдырығын аттағаннан әліппе арқылы әріп танып, өмірінің соңына дейін адамзат баласына кітап өмірлік білім азығы болатынын тілге тиек етті.

Ал қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 40 жылдан аса дәріс берген ардагер ұстаз Ұмсынай Әбілқайырова кітаптың құнды құдіреті туралы бірнеше атақты жазушылардың туындыларын айта келе, бүгінгі жазушылардың ішінен Ақберен Елгезектің «Болмаған балалық шақ» атты кітабындағы адамның өсіп-есею кезеңіндегі оқиғаларды әсерлі етіп әңгімелеп берді. Одан кейін кітаптың қалай пайда болғаны жайлы бейнебаян тамашалатқан кітапханашы Мәдина Үмбетова кітапты қалай дұрыс пайдалану керектігі туралы да кеңес берді.

 «Кітап ақылына ақы сұрамайтын құнды қазына», – деп түркі халқының ұлы ойшыл ақыны Әлішер Науаи айтпақшы, кітаптың қоршаған ортаны, өзіңді танып, тұлға болып қалыптасуға қалыптастыратын қасиеттеріне тоқтал-ған құқық қорғау органының ардагері Тұрсын Қасымбеков, басқа да тұрақты оқырман қонақтар оқушыларды білімді, зейінді болуға үндеді.  Ы. Алтынсарин атындағы мектептің жетінші сынып оқушысы, кітапхана атынан аудандық, облыстық байқауларға қатысып, жең-імпаз атанған Баура Кенжетай өзінің оқыған кітаптарының қызықты оқиға-ларымен баурап алған құдіретімен бөлі-сіп, соңғы оқып жатқан кітабы туралы баяндап берді.

Кітап – адамзат баласының сан ғасырлық ақыл-ойының, оқу арқылы жетілуінің кемелденуінің арқасында қол жеткізген ізденіс үрдісінің жемісі. Жазушы Ғабит Мүсіреповтың «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың кейінгі ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік», – деуі сондықтан. Жүргізуші «Кітап – сарқылмас рухани қазына» көрмесіне шолу жасап, Мирас Күмісбайұлының  «Супер жады» кітабының есте сақтау қабілетін дамыту, Бибарыс Кесебаевтың «Жылдам оқы» кітабының бес есе тез әрі түсініп оқу, Бақытжан Бұқарбайдың «Күміс кітап» туындысының бір жылда 100 кітап оқып үйрену тәсілдері туралы айтып берді.

Фестиваль барысында «Мақал – сөздің мәйегі» атты сергіту сәтінде айтылған мақалдың соңын жалғастыру, «Бізден  – сұрақ, сізден – жауап» жұм-бақ шешу ойындары өткізіліп, дұрыс жауап бергендерге сыйлықтар  тапсырылды.

Фестивальді Шелек моделді ауыл-дық кітапхананың меңгерушісі, «Құр-метті кітапханашы» медалінің иегері Артықкүл Адамбекова қорытындылап:

«Білім іздесең, кітаппен таныс,

Еңбегің еш болмайды.

Ақыл іздесең, адаммен таныс,

Өнерің кеш қалмайды» – демекші, кітапхана білімпаздар мекені екенін, оқушыларға кітапханаға жиі келіп, кітап алып, оқу тапсырмаларына да дайындалып, ізденіп, кітапты жан серігіне айналдыруға шақырды.

 

Өз тілшіміз.

 

Оқылды 1278 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…
Қар 26, 2025

Күймен өрілген ғұмыр

Нұра ауылында қазақ күй өнерінің көрнекті өкілі, Жетісу өңірінің күйшісі Омархан…
Қар 26, 2025

Бір тіл – бір әлем

Әр адам өзінің өмір жолын немен байланыстыратыны тек өз еркінде. Алдына мақсат қойып,…
Қар 26, 2025

Чемпиондық рух

 Саламатты өмір салты - адамның басты байлығы – денсаулықты күтуге, дұрыс өмір сүруге…
Қар 24, 2025

Ауыз су сапасына қойылатын талаптар

 Адам өмірінің басты тіршілік көзі — су. Су адам ағзасының шамамен 60–70%-ын құрайды және…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет