Дүйсенбі, 07 Қазан 2024 09:35

Оба дерті

Оба - бактериалдық зооноздық, өте тез дамитын және ауыр өтетін, науқастардың өлім-жітім деңгейі жоғары болатын, адамды және кейбір үй жануарларын зақымдайтын, аса қауіпті табиғи-ошақтық  инфекциялық ауру.                

Микробты негізгі таратушылар - жабайы аңдар, тышқандар мен бүргелер, үй жануарлары арасында түйелер. Обаның микробы жұққан жағдайда ауру белгілері 2-6 күннен соң біліне бастайды. Бұл уақыт ішінде микробтар адам ағзасын жайлап, уын жая бастайды. Міне, осы жасырын кезеңнен кейін адамды ауру билеп әлсірете бастайды. Бұл науқасқа шалдыққан адамның басы ауырып, лоқсып құсады, қан тамырларының соғуы жиілеп, дене қызуы 38,5-39,5 0 С-ке көтеріліп, есінен танады, сөйлегенде тілі күрмеліп әрең үн қатады, сандырақтап сөйлейді, көздері қанталап, қызарып кетеді. Бетінде қорқыныш пен қайғы әжімі деп аталатын белгі пайда болады.

Ауру кейде жеңіл өтуі де мүмкін. Аурудың белгілерін нақтылау үшін айта кетуіміз қажет жағдайларға тоқталайық. Өйткені ауру белгілері оның жұғу түріне байланысты болады. Аңның, тышқанның (қосаяқтың) терісін, обадан өлген түйені сойғанда жұқса, ол адамның қолтық пен тамақ бездері іседі. Ал бүрге, кене арқылы жұққан болса, шаққан жерге таяу бездер ісініп, қабынады, аяқтан шақса адамның шап бездері, кеудеден, қолдан немесе мойыннан шақса сол адамның қолтық, тамақ бездері іседі. Қабынған бездерде қатты ауру пайда болып, қол тигізбейді. Без обасы асқынған кезде адамның өкпесіне шабады. Мұндай жағдайда науқас жөтелгенде, шашалғанда қан аралас қақырық тастайды. Ауру адамның сілекейіндегі микробтар  үй ішіне тез таралып, сау адамдарға жұғуы мүмкін. Сондықтан осы көрсетілген ауру белгілері байқалса шұғыл түрде дәрігерге қаралу керек.

Ерте заманда оба ауруынан елімізде адам шығыны көп болғаны белгілі. Соңғы 20 жылдан астам уақыт бойы адамдар арасында оба ауруы тіркелген жоқ. Алайда бұл дерттен толықтай арылдық дегенді білдірмейді. Сол себепті әр азамат өзінің, отбасының денсаулығын сақтау үшін қолынан келетін барлық шараларды қолдануы қажет. Аурудан ем іздемей, ауырмайтын жол іздеп,  амал жасап сақтансаң сақтайды демекші, обадан сақтану үшін келесі жайларды жадыларыңызда ұстауларыңыз абзал:

- Кеміргіштер бар немесе олардың іні орналасқан жерде тұруға және киіз үй   тігуге  болмайды;

- Далада сарышұнақты, қосаяқты, құмтышқанды аулап олардың терісін сыпыруға болмайды

-  Обамен түйелер ауырады сол себепті, оларды мал дәрігерінің рұқсатынсыз соймау керек. Ауру түйенің етін жегенде және оның терісін сыпырғанда дертті жұқтыру қаупі бар;

- Тұрғын және шаруашылық жайларда кеміргіштер мен бүргелер болмауы тиіс, олар обаны жұқтыруы мүмкін;

- Үй жануарларын (ит, мысық)  залалсыздандырып тұру қажет;

Сіз тұратын аумақ обаның табиғи ошағы болып саналады сол себепті, бұл инфекцияны жұқтыру қауіпі бар. Мұны үнемі есте сақтаған  жөн. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.

 

Алматы обаға қарсы күрес

бөлімшесінің зертхана меңгерушісі: Жунисбекова Г.С.                             

 

 

Оқылды 420 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…
Қаң 09, 2026

«Әдекең қайда..?»

Болмашы кекшіл, Болсаңшы көпшіл, – деп Абай айтқан. Осы екі жолға менің бір…
Қаң 09, 2026

Құрмет төрінде

Әне-міне дегенше, жылжып жылан жылы да өтіп, шапқылап жылқы жылы жетті. Жылан жылы жаман…
Қаң 09, 2026

Қолдау барда даму бар

Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі – ауыл шаруашылығын дамыту мен ауыл…
Желт 29, 2025

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына…

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бірі. Ол…
Желт 26, 2025

Бірлік бар жерде

Елдегі этносаралық келісім мен бірлікті нығайту – мызғымас мемлекет тірегінің кепілі. Осы…
Желт 26, 2025

Тәуелсіз елдің ұландары ән шырқады

Тәуелсіздік күніне орай «Біз – тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты патриоттық әндер байқауы…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет