Бейсенбі, 21 Қараша 2024 16:07

Артық шығын абырой әкелмейді

Елімізде діни рәсімдерді өткізу барысында көптеген қателіктер орын алып жатқанын естіп те, көріп те жүрміз. Мұның барлығы есепсіз ысырапқа әкеліп соғуда. Ал, ысырап жасау, бар дүниенің қадіріне жетпеу – үлкен күнәлардың бірі екені белгілі. Осы орайда  ауданымыздың бас имамы Ибрагим Қондыбаев ауыл ақсақалдары мен аналарының басын қосып, жиын өткізді. Имам Мұхаммед атындағы мешітте өткен басқосуға Есік қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Спатаев, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Роза Исатаева, ақын, жазушы Шаяхмет Құсайынов сынды өзге де ауылдардың үлкендері жиналды.

Жиынды бастаған ауданымыздың бас имамы Ибрагим Қондыбаев ҚМДБ бекіткен шарттарының аясында құдай тамақтардың мақсаты мен өзектілігіне, ел тарапынан жол беріліп жатқан қателіктеріне кеңінен тоқталды:

– Дүние салған кісіге сауабы тисін деген мақсатта берілетін асты «құдайы ас» деп атайды. «Құдайы ас» атауынан көрініп тұрғандай, қайтыс болған адамға арналған ас. Мұндай ас қайтыс болған кісі Алланың рақымы мен кешіріміне бөленуі үшін өткізіледі. Мұнымен қоса қазақ халқының дәстү-рінде құдайы астың өңірлерге қатысты келесідей атаулары да бар, атап айтқанда: садақа, жабдық, береке жинау, хатым өткізу және т.б. Мақсатына келер болсақ, Қазақстанның барлық аймағында шариғат шеңберінде, салт-дәстүрімізді ескере отырып, отбасылардың әлеуметтік жағдайына салмақ салмайтын және ысырапқа жол бермейтін құдайы ас беру мәдениетін қалыптастыру және насихаттау. Құдайы ас беру ата-бабамыздан келе жатқан халықтық дәстүр мен ұлттық мәдениетіміз болғандықтан, оның бүгінгі заман талабына сай кейбір тұстарын бір ізге келтіріп, келешек ұрпаққа аманат ету. Әр халықтың өмір салтына қатысты қалыптасқан өз әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі бар. Қазақ халқының сан ғасырдан бері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлттық дәстүрлері, соның ішінде діни-танымдық ғұрыптары кеңінен қалыптасқан. «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» демекші, болашақ ұрпақ үшін дұрыс бағдар беріп, жөн сілтеу мақсатында дәстүрлі діни жөн-жоралғыларымызды шариғи һәм ғылыми тұрғыдан саралап жүзеге асыру – заман талабы. Қоғамда көрініс тауып отырған, шариғат пен дәстүрге сәйкес келмейтін шындығынан жорамалы басым, пайдасынан зияны көп кейбір әдеттердің ел арасында етек жая бастауы кім-кімді де алаңдатпай қоймайды. Әсіресе, қайтыс болған кісіні арулап көміп, жаназасын шығарғанда, жетісі, қырық күндігі, жыл толуына байланысты және тағы басқа шараларда дастархан жайылғанда дінімізде нақты талап етілмеген, салт-дәстүрімізге сай келмейтін, ақырет үшін пайдасыз кейбір әдеттер қоғамда белең ала бас-тады. Мысалы, жақынынан айырылып отырған қаралы шаңырақ «көпшілікке ас беру – перзенттік міндетіміз» деп дас-тархан жайып, шектен тыс шығын жасап, ас та төк, ағын-төгін дастархан жаю-да. Бұл орташа табысы бар көптеген отбасыларға ауыртпашылық тудыратыны сөзсіз. Сондықтан бүгінгі күні еске алу іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу мәселесі шариғат заңдары мен салт-дәстүр бойынша реттеуді талап етеді. Ауқатты отбасылар асқа ірі қара сойып, құрбан шалып жатқанда, жағдайы төмен және орташа отбасылардың одан қалысқысы келмейтіні түсінікті. Осыдан келе жұрттан қарыз алып, қауғаланып «парызымды орындаймын» деп дүниеден өткен жандарға ас беріп, шығындалып  жүргендер де жоқ емес. Ал шын мәнінде шариғатта: «Жеңілдетіңдер, ауырлатпаңдар, сүйіншілеңдер, қорқытпаңдар!» деген. Бүгінгі күні осы сынды әдет-ғұрыптар мен рәсімдер реттелмесе, жыл өткен сайын бұл қиындықтар күшейе түсуі  мүмкін.                                                                                                                                     

Сол себепті Қазақстан мұсылман-дары діни басқармасы осы рәсімдерді реттеп, бір жүйеге келтіретін арнайы құжат қабылдауды басты назарға алып отыр – дей келе қазіргі жаназа мен құдай тамақтардағы шектен тыс ысырапшылдық, дінге қайшы «шүберек тарату» сынды дәстүрлер сынды өзге де мәселелерге тереңінен үңіліп, діни рәсімдердің әдебі мен мәдениетіне кең көлемде тоқталып және оны халыққа насихат ету жұмыстарын өткізуге шақырды.

Тағылымы мол шарада Серік Спатаев, Роза Исатаева, ардагер ұстаз Айша Талқамбаева, ақын-жазушы Шаяхмет Құсайынов сынды өзге де ел ішіндегі жасы мен жолы үлкендер Ибрагим Қондыбаев қозғаған мәселелерді толық қолдайтындарын жеткізді. Сондай-ақ ел ағалары жаназаға келеген жұрт қарқылдасып, әңгіме айтып тұрмаса, имамдар жан түршігерлік уағыздар айтпаса деген секілді көкейде жүрген ойларын ортаға салды. Ибрагим Қондыбаев көтерілген мәселелермен міндетті түрде жұмыс жүргізетінін мәлімдеді.

 

Ринат НАРХАНОВ.

Оқылды 825 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 28, 2026

Конституция – құқықтық кепіл және…

Ұсынылып отырған түзетулер Конституцияны тек құқықтық құжат қана емес, азаматтардың…
Қаң 28, 2026

Мемлекеттік басқарудың тиімділігі

Президенттің, Вице-Президенттің және Кұрұлтайдың өкілеттіктерін нақтылау мемлекеттік…
Қаң 28, 2026

Халық кеңесі және азаматтық қоғам

Халық кеңесінің құрылуы жаңа консультативтік орган ретінде халық мүддесін қорғайтын заң…
Қаң 28, 2026

Заң шығару процесін жаңарту

Кұрұлтай мен Парламенттің өкілеттіктерін жаңарту, заң шығару бастамасын кеңейту және…
Қаң 28, 2026

Сот билігінің тәуелсіздігі

Сот билігінің тәуелсіздігін күшейту, сот өндірісін әртараптандыру және адвокатураның…
Қаң 28, 2026

Цифрлық дәуірдегі құқық қорғау

Дербес деректерді қорғау, ақпараттық қауіпсіздік және жеке басының қол сұғылмаушылығы…
Қаң 28, 2026

Неке және отбасы институты

Конституцияда отбасы мен некенің құндылықтарын нығайту әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз…
Қаң 28, 2026

Сөз бостандығы және шығармашылық…

Сөз бостандығын және шығармашылық құқықтарды қорғау, сондай-ақ интеллектуалдық меншік…
Қаң 28, 2026

Адам құқықтары мен әлеуметтік…

Жеке тұлғаның өмірі, ар-намысы және әлеуметтік құқықтарының Конституция деңгейінде…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет