Бейсенбі, 21 Қараша 2024 15:59

Кәсіп болмай, нәсіп болмас

Бүгінде балалардың жан-жақты дамуына, кәсіпке деген көзқарасын қалыптастыруға барлық мүмкіндіктер жасалуда. Бұл жөнінде балалардың шығармашылығын шыңдайтын үйірмелер мен орталықтардың көбейгені көңілге қуаныш  ұялатады. Осы тұрғыдан алғанда Шелек ауылының балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығының алатын орнын ерекше атаған жөн.

Жақында Алматы облысы білім басқармасының облыстық ғылыми тәжірибе орталығының қолдап, Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен осы орталық «Баланың үйірмеден үйренері көп» атты  облыстық тәжірибе алмасу семинарын биыл пайдалануға берілген заманауи Ә.Қайдар атындағы қазақ орта мектебінде өткізді.

Семинарға  облыстық білім басқармасы дене тәрбиесі-спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми тәжірбиелік орталығының көркем-эстетикалық шығармашылықты дамыту бөлімінің жетекшісі  Кульзина Усенова, аудандық білім бөлімі жанындағы әдістемелік орталықтың бөлім басшысы Айжан Тортаева және қосымша білім мекемесінің 100 педагогі қатысты. Атап айтқанда, Балқаш ауданынан Бақанас, Жамбыл ауданынан Ұзынағаш, Жаңақұрылыс, Жамбыл, Қарғалы, Іле ауданынан Өтеген батыр, Жетіген, Боралдай,  Кеген ауданынан Кеген, Шалқар, Қарасай ауданынан Шалқар, Алмалыбақ, Райымбек ауданынан Қарасаз, Текес, Нарынқол, Талғар ауданынан Талғар қаласы, Алатау, Панфилов, Ұйғыр ауданынан Шонжы, Сүмбе, Сүмбе-Бірлік, Еңбекшіқазақ ауданынан Шелек, Саймасай, Түрген, Балтабай ауылдары мен Есік және Қонаев қаласының шығармашылық орталықтарынан кел-ді.

Үйірме сабақтарында жаңа инновациялық әдіс-тәсілдермен жасанды интеллект  қолдана отырып, әртүрлі платформада педагогтерді іс-тәжірбие алмасуын мақсат етіп қойған Шелек ауылының балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен «Үздік үйірмелер керуені» атты ашық сабақтар өткізілді.

Директоры, аудандық мәслихаттың депутаты, педагог-зерттеуші Сайра  Базылбекованың басшылығындағы шығармашылық орталықта 99 педагог, 288 үйірме, 3578 оқушы  биылғы оқу жылын үлкен құлшыныспен бастағанды. Орталықта Шелек ауылдық округінен 10, өңір мектептерінен 18 мектептен қамтылған оқушыларға 6 бағыт бойынша жұмыс жасайды. Осыншама үйірмелердің шығармашылығының шыңдалуына бас болып жүрген дирек-тордың бейім және оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Алия Кульманова мен Тоғжан  Косембаева жетістіктерге жетуіне үлестері мол.

Әлеуметтік педагогикалық бағытта көркем жазу, мәнерлеп оқу, қызықты математика, көркем сөз, жас ақын, жас тілші, ағылшын тілі, шешендік өнер,  дебат үйірмелері, ал көркем эстетика-лық шығармашылық бағытта бейнелеу, ағаш көркемдеу, қолөнер, тігін, ағашты күйдіру, кесте, тоқыма, жас сәулетші,  құрақ құрау, қағаздан әртүрлі бұйымдар жасау, бантик және мүсіндеу өнері қамтылған. Ғылыми-техникалық бағытта робототехника, компьютерлік графика, сақшы, жас жол сақшысы, лего құрастырушы, авто ісі негіздері, ағаш ұстасы, авто слесарь, тілді модельдеу, физика, экономикалық-биологиялық бағытта жас эколог, өлкетану, жас химик, ал кәсіби бағытта  іс қағаздары, аспаз, авто ісі мамандары бойынша білім алса, гуманитарлық-жаратылыстану бағыты бойынша шахмат әліппесі, тоғызқұмалақ, бес тас, асық ату үйірмелері жүргізіледі.

Өз кезінде ұлт көсемі Ахмет Байтұрсынұлы: «Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек», – деп айтқаны бар. Сол айтқандай, үйірме жетекшілері – майталман мамандық иелері. Оған шәкірттері аудандық, облыстық, республикалық түрлі жарыстарда жүлделі орындарды иеленгендері дәлел болады. Республикалық жарыста бес тас ойынынан екінші орынды иеленді. Мұндай жетістіктерді тізіп айта берсек, көптеп мысалға келтіруге болады.

Шығармашылық орталықтың  үйір-ме жетекшілері Калбинур Маметбакиева «Тақия тігу», Гульмира Саурбаева «Барельеф в живописи с применением трафарата», Ануар Молдабеков «Создание рекламной листовки в векторном редакторе Corel draw с помощью ИИ Chat GPT и нейрости lexica. Art», Кулаш Тастанбекова «Роботтар туралы мәлімет және робот бұйымдары», Садетхан Бидайбекова «Салқындату жүйесі», Айгуль Кошакаева «Қосу мен алу», Нұрлан Абилов «Шахмат», Илия Султан «Britain: the qood and the bad Present simple + and» деген тақырыптар бойынша ашық сабақтар өткізді. Сон-дай-ақ  осы орталықта жұмыс істейтін Т.Қабылов атындағы мектептің көркем еңбек пәнінің мұғалімдері Гульзат Жумадилова мен Илмира Жанпозова жетекшілік ететін «Алтын оймақ және қолөнер» үйірмесінің оқушылары шебер класс  көрсетіп, ісмерліктерін  паш етті.

Ортағасырлық ойшыл, ақын Ахмед Иүгінеки: «Білікті білім жинап, кәсіп етер, білімділіктің дәмін татып, өсіп-өнер» – деген екен. Түрлі кәсіп, өнер үйірмелерінің ісін жандандыруға жол ашқан шығармашылық орталықтың болашақ иелеріне үйірмеден үйренген-дерін өмірлік кәсібіне айналдырып, өзіне, отбасына нәсіп етері сөзсіз.Әлібекұлы Төле би бабамыз да: «Қарап отырма, бір нәрсеге жарап отыр; кәсіп болмай, нәсіп болмас» деп ұлағатты ой тастағаны да, ел келешегін ойлағаннан болар. Ерінбей ізденіп, еңбектенгенге іс те басын иері сөзсіз. Сонда шебердің инесі де, соққан түймесі де алтын болады.

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

Оқылды 718 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Көміртегі тотығымен уланудың алдын…

Көміртегі тотығы – ол өзіне тән иісі мен дәмі жоқ улы газ, оның қауіптілігі де осыған…
Қар 03, 2025

Құс етіне қойылатын негізгі талаптар

Құс еті-жеңіл сіңімді, диеталық және тұрғындар арасында кең сұранысқа ие өнім болып…
Қаз 31, 2025

Сыбайлас жемқорлық туралы

Сыбайлас жемқорлық – ол лауазымды тұлғалардың өз қызметін жеке пайдасы үшін пайдаланып,…
Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…

Күнтiзбе

« Қараша 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет