Бейсенбі, 16 Қаңтар 2025 15:32

Түйінді түйіткілдер депутаттар назарында

«Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік, білімге сенген заманда қапы қалып жүрмелік». Иә, хан Абылайдың өсиеті қай заманда болмасын өзектілігін жоғалтпақ емес. Себебі, білімді ұрпақ қана елдің келешегін жарқын етпек. Осы орайда білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, құрылысы жүріп жатқан білім ошақтарының жұмыс барысымен танысу мақсатында ауданымызға ҚР Парламент мәжілісінің депутаттары арнайы ат басын бұрды.

Халық қалаулылары Жанарбек Әшімжан, Максим Рожин, облыстық мәслихат төрағасы Қуат Байғоджаев, «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ерлан Жакупов, аудан әкімі Талғат Байеді-лов, мәслихат төрағасы Бекет Ахметов, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Бағдат Рахимов алдымен саяжай маңында былтыр пайдалануға берілген Әлихан Бөкейхан атындағы орта мектепке барды.

Білім ошағын таныстырған мектеп директоры Жанат Нұрамбаевтың айтуынша, 900 балаға арналған білім ошағы заман талабына сай жасақталған, 46 оқу кабинеті бар. Оқушылардың алаңсыз білім алуына барлық мүмкіндік жасалған кітап оқу бұрышы, кітапханасы жаңа үлгіде безендірілген. Екі спорт зал қажетті спорттық жабдықтарымен, мәжіліс залы және жаңа форматта робототехника кабинеті бар. Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануға ар-налған «Фотостудия», «Дизайн», «Мәдени орталық», «Графика», «Лингвистика» кабинеттері жұмыс істейді. 75 орындық кіші асхана, 200 орындық үлкен асхана барлық талаптарға сай жасалған. Спорт алаңы арнайы жұмсақ төсенішпен жабдықталған, балалардың өмір қауіпсіздігіне барлық мүмкіндіктер жасалған.

– Депутаттардың өңірдегі сапарын әлеуметтік нысандарға, оның ішінде білім беру саласына бағыттап келдік. Себебі, Мемлекет басшысы шешім қабылдап, Үкіметте «AMANAT» партиясының жетекшілігімен «Жайлы мектеп» жобасына қатысты арнайы үкімет сағатын, фракцияны, «Самұрық Қазынаны» шақырып, осы салаға жауапты оқу-ағарту, ұлтттық экономика және қаржы министрліктерімен үлкен жиындар өткіздік. Алғашқы кезеңде жобаланған қаржы едәуір қысқарды. Өңірлердегі салынатын мектептердің саны қысқартылғанымен сапа сақтал-ды. Осы орайда жоба бойынша салынып жатқан мектептердің сапасы қатаң бақылауда. Осы мектептің де құрылыс барысы біздің бақылауымызда болды, арнайы келіп құрылыс сапасымен таныстық. Сапарымызда Алматы облысы бойынша Ұйғыр, Кеген, Іле, Қарасай, Еңбекшіқазақ аудандарын араладық. Алматыға жақын орналасқан осы өңірлердегі негізгі мәселе – үш ауысымда білім беретін мектептер. Бүгінгі таңда Ә.Бөкейхан атындағы орта мектеп Есік қаласындағы үш ауысымдық мектептердің мәселесін толығымен шешті. Ендігі кезекте Бәйтерек ауылындағы үш ауысым мәселесін шешуіміз қажет. Өңірлерге жаңа мектептерді салып жатырмыз, бірақ, осы оқу орындарында маман тапшылығы сезілуде. Бұл бағытта құзыр-лы министрлікпен, жергілікті атқарушы органдармен жұмыс жүргізетін боламыз. Педагогтерді оқыту, олардың әлеу-меттік жағдайын жақсарту мен баспанамен қамту бойынша депутаттар ұсыныстарын оқу-ағарту министрлігіне жолдады, – дейді мәжілісмен Жанарбек Әшімжан.

Рас, бүгінде ауданымызда үш ауысымда білім беретін мектептердің мәселесі оң шешімін табуда. Сонымен қатар, аудан орталығында екі бірдей білім ошағы заман талабына сай қайта жаңғырып, күрделі жөндеуден өтуде. Бұл туралы аудандық білім бөлімінің басшысы Арайлым Төлеубекова мәлімдеді.

– Есік қаласында үш ауысымда білім беретін 2 мектеп болған. Биыл ауданымызда 3 мектеп пайдалануға беріліп, қазір мәселе толығымен шешілді. Сонымен қатар, саяжайдан Есік қаласына оқушыларды тасымалдамайтын болдық. Бүгінгі таңда Ә.Бөкейхан атындағы орта мектепте күрделі жөндеуге жабылған Қ.Сәтпаев атындағы мектептің балалары да оқиды. Ендігі мәселе, Бәйтерек ауылындағы 640 орындық мектепте 1 700 бала үш ауысымда білім алады. Бұл мәселе де жуық арада оң шешімін табады, – деген Арайлым Ақсубайқызы білім беру саласындағы жағымды жаңалықтармен де бөлісті. Сөзіне сүйенсек, ауданымызда «Жайлы мектеп» жобасы аясында Алмалы, Сатай, Қаражота, Ащысай ауылдарында жаңа білім ордалары салынуда.

Сондай-ақ, бөлім басшысы құрылы-сы сағызша созылған Есік қаласындағы Абылай хан атындағы орта мектептің мәселесін де атап өтті. 2022 жылы күрделі жөндеуге жабылған білім ошағының құрылысы әлі күнге дейін аяқталмаған. Себеп – негізгі мердігер мен қосалқы мердігер арасындағы түсінбеушілік және қаржының жетіспеушілігі. Облыс әкімі орынбасарының қатысуымен тахникалық кеңес өткізілген. Қаржы қайта есептеліп (корректировка), құ-жаттар мемлекеттік сараптамаға жібе-рілген. Биылғы жаңа оқу жылында ғимарат пайдалануға берілуі тиіс.

Арайлым Ақсубайқызы білім ордала-рындағы маман тапшылығын шешу жолдарын қарастырып жатқанын да тілге тиек етті.

– Бізде орыс сыныптарына білім беретін математика мен орыс тілі пәндерінің мұғалімдері жетіспейді. Қазіргі таңда жоғарғы оқу орындарымен және Есік қаласындағы гуманитарлық-экономикалық колледжбен келіссөз жүргізіп, мамандар дайындап, жұмысқа қабылдап жатырмыз, – деді А.Төлеу-бекова.

Депутаттар сапары Қ.Сәтпаев атын-дағы орта мектепте жалғасты. Құрылыс сапасын бақылауға мәжіліс депутаты Ардақ Назаров та арнайы келді.

1964 жылы салынған ғимаратқа осы күнге дейін күрделі жөндеу жүргі-зілмеген. Былтыр бюджеттен 1 млрд 432 млн теңге қаражат бөлініп, мамыр айында мердігер «Гунн Строй Сервис» ЖШС-мен келісім шарт жасалған. Қазіргі уақытта құрылыстың 70 пайызы жүзеге асырылған. Мердігер мекеме өкілдерінің айтуынша, ауа-райы-ның қолайсыздығына байланысты құрылыс уақытша тоқтатылған. Күн жылынса құрылыс қайта жанданбақ. Соған қарамастан күрделі жөндеу жұмыстары уақытында аяқталады деп сендірді мердігер мекеме өкілдері. Құрылыс алаңын аралап көрген халық қалаулылары жергілікті атқарушы ор-ганға сапаны қатаң бақылауда ұстауды, мердігерге мерзімінде аяқтауды тапсырды.

Аудан орталығындағы Есік гумани-тарлық-экономикалық колледж жанынан салынып жатқан жатақхананың құрылысы да депутаттардың назарынан тыс қалмады. Бүгінде 200 студентке арналған 5 қабатты ғимараттың ішкі жұмыстары жасалуда.

Білім беру мекемелерін аралап, құрылыс барысымен танысқан депутаттар колледжде «AMANAT» партиясының мүшелерімен кездесті. Жиында халық қалаулыларына түрлі ұсыныстар айтылып, түйіні тарқатылмай тұрған түйіткілдер талқыланды.

– Бүгінгі жиынның мақсаты – сіздермен пікір алмасып, өңірдің маңызды сұрақтарын талқылау және оларды шешу жолдарын қарастыру. Бұл кездесу тек ақпарат алмасу ғана емес, нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған, – деген облыстық мәслихат төрағасы Қуат Сұлтанұлы қонақтарды таныстырды.

Қаражота ауылдық округіне қарасты Ақтоған ауылының тұрғыны жаңа білім ошағының бой көтеруіне ықпал етуді сұрады депутаттардан.

– Біздің ауылдағы жауыр болған мәселе – орта мектеп. «Ауруын жасыр-ғанды өлім әшкерелейді» демекші, қазіргі ғимаратымыз талалаптарға сай келмейді. Еңбек сабағын өткізетін шеберхана, спортзал, асхана, мәдени іс-шара өткізетін мәжіліс залы мүлдем жоқ, кабинеттер өте тар. Мектептің өзі бірнеше ғимараттан тұрады. 170-ке жуық ауыл балалары екі ортада жүріп білім алады. Білім ордасының проблемасынан аудан мен облыс әкімдігі хабардар, мәселені шешуді де қолға алған бірнеше жыл бұрын. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттары дайын, тек қаржы мәселесіне тіреліп тұр. Осы қаражаттың бөлінуіне қолұшын созсаңыздар екен, – деп, ақтоғандықтардың өтінішін жеткізді. Аудан әкімі Талғат Ескендірұлының айтуынша, мектеп салу үшін құжаттар сараптамадан өткен, жер телімі бөлінген. Министрлікке де хат жолданған, бірақ оң шешімін таппай келеді.

Т.Молдағалиев атындағы аудандық мәдениет үйінің директоры Бауыржан Шаяхметов мәдениет саласындағы мәселені көтерді. Айтуынша, көптеген елді мекенде мәдениет ошақтары жоқ. Сондықтан 2022 жылы халық көп шоғыр-ланған 3 ауылға мәдениет ордасын салу үшін жобалық-сметалық құжаттама жасалған, мемлекеттік сараптамадан өткен. Жалпы құны 2,5 млрд теңгеге жуық.

Мәдениет саласындағы мәселелер легін «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы директорының орынбасары Досым Зікірия жалғады.

– 2022 жылы музей жанынан сапар орталығының (визит центр) құрылысы басталған. Республикалық бюджеттен қаржыландырылғандықтан қаржы кешігіп бөлінеді. Оған қоса 2023 жылы Ұлттық қордан бөлінді қаражат. 2024 жылы елімізде болған төтенше жағдайға байланысты қаржы болмай, құрылыс тұралап қалды. Ендігі мәселе – сметалық құжаттар 2019 жасалғандықтан, қара-жатты қайта есептеу (корректировка) қажет. Өздеріңізге мәлім құрылыс материалдарының бағасы жыл сайын қымбаттауда. Құрметті депутаттар, музей жанындағы сапар орталығының құрылысын аяқтауға ықпал етсеңіздер. Себебі, «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы – жас ұрпақты отансүйгіштікке баулуға, тарихын танып-білуге күш салып жүрген аудандағы ғана емес, еліміздегі басты мәдени ошақтардың бірі, – деп ұсынысын жеткізді.

Аудандық спорт мектебі директо-рының орынбасары Дәулет Айтбаев  дені сау ұлт қалыптастыру үшін спорт нысандарының маңызды рөліне тоқ-талды. Сөзіне сүйенсек, Қазақстан, Бәйдібек би, Тескенсу ауылдарына спорт кешендерін салуға құжаттар әзір-леген. Бұл жерде де мәселе қаражатқа келіп тірелуде.

Балтабай ауылдық округі ақсақал-дар кеңесінің төрағасы Талғат Сындыбаев сағызша созылған суармалы су жүйесінің құрылысы аяқсыз қалады ма деп қауіптенеді. Аудан басшысы Талғат Ескендірұлының сөзіне сүйенсек, 2018 жылы 5,2 млрд теңгеге Балтабай ауылдық округі бойынша арық жүйелерін күрделі жөндеу жұмыстары басталған болатын. Жобаны аяқтау үшін 1 млрд теңгеге жуық қаражат қажет. Қазіргі уақытта 5 000 гектар жерге су жетпей отыр.

Жиын барысында ұлағат иелері де өздерінің көкейкесті сауалдарын жолдады халық қалаулыларына. Математика пәнінің мұғалімі Тамара Сәр-сенбаева мектеп пен колледждегі оқу жүктемесіндегі, еңбекақыдағы айыр-машылықты көтерді.

Сонымен қатар, кездесуде денсау-лық сақтау, коммуналдық қызмет, жолаушы тасымалы, әлеуметтік салалар бойынша сауалдар қойылып, ұсыныстар айтылды.

– Бүгінгі көтерілген сұрақтардың барлығы халықтық маңызы бар мәсе-лелер. Соның оң шешімін табуға қол-ұшын берсеңіздер екен. Байқаған-дарыңыздай көптеген әлеуметтік жобалардың құжаттары дайын, тек қаржы бөлінгенін күтіп отырмыз. Десек те, біз шамамыздың жеткенінше проб-лемаларды шешуге күш салып, ауқым-ды жұмыстар атқарып жатырмыз. Айта-лық, былтырғы ауданның бюджеті 33 млрд теңге болса, биыл бізге 45 млрд теңге қаржы бөлінуде, – деді Талғат Байеділов.

Партия мүшелерімен жүздесіп, бар-лық саладағы түйіткілмен танысқан депутаттар да айтылған мәселелердің оң шешімін табуына атсалысып, қаражат бөлуге ықпал ететіндерін жеткізді.

– Мен осы жерде жергілікті атқарушы органдар мен тұрғындардың арасындағы тығыз қарым-қатынасты көріп отырмын. Халыққа қажетті нысандардың барлығының дерлік құжаттары дайын, жер телімі қарастырылған. Осындай жағдайда қаражат бөлгізу біз үшін аса қиындық туғызбайды. Кейбір өңірлерде жұртшылық мәселе көтереді, әкімдік бұл жайттан бейхабар болып жатады. Құжаттандырылмаған жобаға қаражат бөлу мүмкін емес. Сондықтан сіздер көтерген проблемаларды шешуге барынша күш салатын боламыз, – деді Максим Рожин.

Сардарбек НҰРАДИН.

Оқылды 45 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 16, 2025

Ол күндердің өшпес даңқы

Әсіре сыншылар қанша 1941-1945 жылғы фашистік басқыншылармен соғысты біздің еліміз…
Қаң 16, 2025

Уақыттың өзгеруі – таңның атуы…

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық «Ana tili» газетіне жарияланған…
Қаң 16, 2025

Жұмысшы мамандарға сұраныс жоғары

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп…
Қаң 16, 2025

Алматы облысының аумағында «Крещение…

Қаңтардың 18-нен 19-на қараған түнінде православ қауымы «Крещения Господне» мейрамын атап…
Қаң 16, 2025

Есірткі өндірушілер 20 жылға дейін…

Қазақстан Республикасының Президентімен есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл…
Қаң 11, 2025

Алматы облысында ұлттық жоба аясында…

Алматы облысында "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында 38…
Қаң 09, 2025

Этих лет не забыть никогда…

В завершение 2024 года была отмечена еще одна памятная дата: 25 декабря исполнилось 45…
Қаң 09, 2025

Ұлағатты отбасы – ұлт құндылығы

Осындай тақырыпта жуырда аудан әкімі Талғат Байеділовтің төрағалығымен Қазақстан Халқы…
Қаң 09, 2025

Жоспарлар сараланып, жобалар…

Жуырда өткен жылдың есебін түгендеп, осы жылға нақты мақсаттар қою бағытында аудандық…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет