Жексенбі, 15 Қазан 2017 18:57

Ақ бол, халқыңа жақ бол!

«Халқына бегі, бегіне халқы сенген ел ұзақ жасайды» деген екен Күлтегін. Расында сенім – тау мен тасты қопаратын құдіретті күш. Ал оны ақтау – әрбірінің қолынан келе бермейді. Әсіресе, мұңлының мұңын айтар халық қалаулысы болу – сенімнің шарықтаған шегі. Осындай алапат жүкті арқалаған Алматы облыстық мәслихаты депутаттарының көшпелі комиссия отырысы өтті жақында. Қаракемер кәсіптік колледжінде бас қосқан халық қалаулылары «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автожолы төңірегіндегі түйіткілдер мен мәдениет саласының жеткен межелерін сарапқа салды. Жиынға Алматы облыстық мәслихатының хатшысы Сұлтан Дюсембинов бастаған облыстық мәслихат депутаттары, Ұйғыр, Панфилов, Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ аудандарының әкімдері, мәслихат хатшылары, ауданымыздағы бөлім, мекеме басшылары, округ әкімдері мен қоғамдық кеңес мүшелері және белсенді жас буын қатысты. Екі сағатқа созылған отырысты тұрақты комиссия төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Қанат Қожабеков жүргізіп отырды.

Алғашқы мәселе бойынша «Алматы жол зертхана» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы Сахи Кенжеғұл баяндама оқыды. Оның айтуынша, жұмысы 2013 жылы басталған «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автомобильдік жолдың құрылысына 120 млрд теңге бөлінген. Осы айдың соңына дейін толық аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде. Жоба аясында 3000-ға жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтыған, оның 2800-ге жуығы қазақстандықтар. – Жол құрылысына пайдаланылған материалдардың 90 пайызы Қазақстан өнімі болды – дейді Сахи Сыдықұлы. Кейіннен мінберге Панфилов ауданы әкімінің орынбасары Шухрад Құрбанов көтеріліп, тарихтағы «Ұлы Жібек жолын» бес ғасыр өткен соң қайта жаңғыртудың қазіргі заманға лайықталған баламасы болып табылатын «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» магистралінің маңыздылығын жан-жақты саралады. Ал сол жолдың ауданымыздың аумағынан 156 шақырымы өткенін ерекше атаған Бинәлі Әбдіқапасұлы Ысқақ ғасыр жобасы төңірегінде келелі ойларын ортаға салды.

– Құрылыстың негізігі бас мердігері «Догуш Гюльсан» біріккен кәсіпорны мен итальяндық «Тодини  Коструциони Дженерали С.п.А» компаниясы. Олардың кеңселері мен өндірістік базалары ауданымыз-дағы Балтабай, Тескенсу, Шелек, Бижанов, Амангелді ауылдарында орналастырған. Жобада 620-дан астам техника құралдары жұмыс жүргізсе, 1500-ге жуық жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылды. Қазіргі таңда аудан аумағындағы жоба құрылысына салынған инвестиция көлемі 64,2 млрд.теңгені құрап отыр. Жоспарға сәйкес құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың қазан айында аяқталып, пайдалануға берілуі қажет.Кейіннен  «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінің құрылысы халқымызға не береді дегенге: – Бірінші, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі аудан аумағына тартылатын инвестициялық жобалардың артуына, шағын және орта бизнестің дамуына тікелей ықпал етіп, халықтың әлеумет-тік жағдайының көтерілуіне септігін тигізеді. Екіншіден, жобаның іске асуымен аудан аумағында туризмді дамытуға жол ашылып, өңіріміздің тарихи орындарын жандандыруға мүмкіндік береді деген сенім-демін. Үшіншіден, көлік дәлізі облысымыздың, оның ішінде ауданымыздың және ауылдық округтеріміздің экономикасының күре тамырына айналуы қажет. Осының есебінен елді мекендердің әлеуеті артып, инфрақұрылымы дами түседі. Ол өз кезегінде жаңа нысандар ашылуымен қатар, ауыл азаматтарын жаңа жұмыс орындарымен қамтуға жол ашатындығы сөзсіз, – деді. «Сабақты ине сәтімен» демекші, жол жиегінде қордаланып қалған мәселелерді де ашық айтты. Тоғыз түрлі түйткілдің астын сызып атады.

– «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік магистра-лінің құрылысы өз кезегінде ауданымыздағы бірқатар түйінді мәселелердің туындауы-на әсер еткендігін атап өткен жөн болар. Жолдың жобасы 2008-2009 жылдары бекітілгендіктен кейбір мәселелер жобаға енгізілмей қалған. Жол құры-лысы басталысымен-ақ аудан тұрғындарынан жол айрық-тарын, бұрылыстарды, съездер мен мал өткелдерін, су құбырларын жобалау мәселе-лерін қарастыру бойынша жүздеген өтініш-арыздар түскендігін жақсы білесіздер. Аталған бағытта аудан әкімдігінің тарапынан тапсырыс беруші «Алматы жол зертханасы» республикалық мемлекеттік мекемесімен тығыз байланыста жұмыстар жүргізілгендіктен, жобада қарастырылған 22 мал өткелі мен 292 құбырдан тыс, шаруа қожалықтарының сұраныста-рына сәйкес қосымша 21 су өткізгіш құбыр, 5 мал өткелі және 8 дана съездер салынды.

Бірақ қазіргі таңға дейін шешімін таппай жатқан бірқатар келелі мәселелер әлі де бар, олар: бірінші, Еңбекшіқазақ ауданы табиғи ерекшелігіне байланысты облыстағы ауылшаруашылық кластерін құрушы және Алматы қаласының азық-түлік белдеуін қамтамасыз етуші бірден-бір ауылшаруашылық бағытындағы аудан болып табылады. Өз кезегінде құрылыс жұмыстары аудан шаруаларына кері әсерін тигізбей қоймады.

 Кезінде тиісті деңгейде ескерілмей, сапасыз жүргізілген жұмыс пен жоспарлаудың салдарынан жолға бөлінген жерлер бойында орналасқан 502 шаруа қожалықтары мен мекемелердің егістік, жайылым алқаптары 2-ге бөлініп, бір бөлігі жолдың үстінде, ал екіншісі жолдың төменгі жағында қалып қойып отыр. Мысалы, Тескенсу ауылдық округіне қарасты 38 шаруа қожалығының жерлері жол құрылысына байланысты 2-ге бөлініп кетті. Жолдың арғы жағына өткел бар болғанымен, жолдың бойындағы су құбырларына арналып 5 жерден терең дренаждар қазылып тасталған. Оларға жол салуға шаруа қожалықтарының мүмкіншіліктері жоқ. Сол себепті дренаждардың үстімен шаруа жолға құбырлар салу қажеттігі туындап тұр.

Екіншіден, жолдың 55-шақы-рымында Ақши ауылының төменінде орналасқан жайылымдарға мал өткелі қарастырылмаған (салынғаны батысқа қарай 2 шақырымда орналасқан). Тұрғындардың сұранысы бойынша мал өткелін ұйымдастырып беру керек. Мәселенің шешімі 554+00 пикетте орналасқан су құбырына келетін суды бұрып, құбырды мал өткелі ретінде пайдалану.

Үшіншіден, Бәйдібек би ауылдық округіне қарасты 589+40 пикетінде бұрынғы суару арығына су құбыры қарастырылмағандықтан 58+725 пикетінен канал қазып жолдың астындағы 100 га жерге су шығарып беру, сондай-ақ  630+00 пикетінен 62+700 пикетіне канал қазып 160 га жер аумағына су шығару үшін бөгет жасау қажет.

Төртіншіден, қауіпсіздік мақ-сатында Бәйтерек (ПК159), Саймасай (ПК324), Ташкенсаз (ПК341), Балтабай (ПК392, ПК464) округтерінің аумағында орналасқан көпірлердің астымен ауыл шаруашылық техникалары мен жаяу жүргіншілер жүруге ыңғайлап қиыршық тас жол салып беру керек.

Бесінші, Шелек селолық округіне қарасты 109-шақы-рымда айналма жолдың салынуына байланысты Элеваторная көшесіне кіретін жол жабылып қалған. Осы тұста кірме жол салу мәселесін қарастыру маңызды болып табылады.

Алтыншы, Шелек ауылының шығыс жағында Қаражота округіне қарасты жолдың бойынан «Догуш Гюльсан» компаниясы 2014-2016 жылдары аралығында тас-құм өндіретін бірнеше ашық карьер қазған.  Бүгінгі күні осы карьерлерге су жиналып арнасы кеңейе түскендіктен жанындағы электр бағандары құлауға жақын. Сонымен қатар, осы карьерлерге жаз айларында балалар шомылып өмірлеріне қауіп төндіруде. Қауіпсіздік мақсатында шұғыл түрде карьерлерде рекультивация жұмыстарын жүргізу керек.

Жетінші, Шелек ауылына кіре-берістегі көпірден түскен жерде жаңа мектептің тұсынан қауіпсіздік мақсатында шулы жолақ салу және қосымша «жылдамдықты шектеу 40» жол белгісін орнату, жол бойындағы ағаштардың үлкен томарларын алып, жол жиегін тегістеу жұмыстарын жүргізу қажет.

Сегізінші, Нұрлы ауылының маңында жолға малдардың шығып кетуінің алдын-алу үшін 2,5 шақырым аралықта сеткалық қоршау қарастыру мәселесі бар.

Тоғызыншы, «Догуш Гюльсан» мекемесінің жол құрылысына қажетті инертті материалдарды Тауқаратұрық өзенінің бойындағы карьерден («Бестау органик») алу барысында өзеннің су қорғау аумағына кіріп кеткен. Қазіргі жасаған рекультивация жұмыстары жеткіліксіз. Жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізбеген жағдайда көктемгі су тасу маусымында Достық елді мекеніне қауіп тудырады.

Кейіннен құрылыс кезінде «іргесі ажырап, сау-тамтығы қалмаған» 21 жол учаскесінің жайын айтты: – Бұдан бөлек, бас мердігер «Догуш Гюльсан» компаниясының жол құрылысына тартылған ауыр жүк көліктерінің инертті материалдарды қарқынды тасымалдауы нәтижесінде аудан бойынша ұзындығы 91,6 шақырым болатын 21 жол учаскесінде асфальтты ой-шұңқырға айналдырып, кей жерлерде асфальтты мүлдем қопарып тастаған болатын. Бұл мекемеге 2016 жылдың желтоқсанында сот арқылы шешім шығарылып, жолдарды толықтай қалпына келтіру міндеттелген. Қазіргі күні бүлінген жолдар қалпына келтіріліп, кейбір учаскелері толықтай жаңартылып көлік қозғалысы қауіпсіз жүзеге асырылуда.

Иә, тек өз ойының дұрыс-тығына сенімді адамның ғана сөзі анық болады. Қысқасы, бір ғана жол айналасындағы осынау түйткілдерді бірігіп шешуге шақырды аудан басшысы. Екінші мәселе бойынша мінберге Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ақан Әбдуәли көтерілді. 2016-2017 жылдар аралығындағы жұмыстарды жан-жақты салыстырмалы түрде саралаған басқарма басшысы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы төңірегінде атқарылған ілкімді істерді де сөзіне арқау етті. Қорытындысында: – Алматы облысы әкімінің тікелей қолдауымен мәдениетіміздің мәні артты. Бұл барлық мәселеміз шешілді деген сөз емес. Облыс бойынша 36 мәдениет үйінің есігіне құлпы салынып тұр. Себебі, сапасы сын көтермейді. Осындай мәдени ошақтарды күрделі жөндеуден өткізуге өз тараптарыңыздан да ықпал етсеңіздер нұр үстіне нұр болар еді, құрметті депутаттар! – деді. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Салтанат Беспаева да өңірімізде іске асып жатқан мәдени жаңалықтарды жариялады. Кейінен аудандық мәслихат депутаты Гүлмира Мұхтарованың: «Әлемді аузына қаратқан Алтын Адамның сүйегі жоғалып кетті деп бірер жыл дау-дамай болған еді. Қазір сүйегін таптық, зерттедік, зерделедік. Енді соны қайтадан жер қойнына тапсыру сәтін салтанатты жағдайда жасағанымыз жөн еді. Бұл бабаларымыздың алдындағы міндетіміз» деген сөзін Ақан Жылқышыбайұлы құптап, қолдау көрсететінін айтты.

Иә, түрлі сұрақтарға толы отырыс барысында талай сын айтылды, яки халықтың мұңы айтылды. Енді сессияда оң шешімін тауып жатса құба-құп дейміз. Ең бастысы, ақ жағалыларымыз ақ болсын, халқына жақ болсын!

 

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Оқылды 1540 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 21, 2024

Наш собственный корреспондент…

С начала 90-х годов прошлого века в областной газете «Огни Алатау» сменилось несколько ее…
Қар 21, 2024

«ЖАҢАРТУ» расширяет возможности…

Проект «ЖАҢАРТУ» («Обновление»), презентация которого состоялась в мае 2024 года,…
Қар 21, 2024

Артық шығын абырой әкелмейді

Елімізде діни рәсімдерді өткізу барысында көптеген қателіктер орын алып жатқанын естіп…
Қар 21, 2024

Кәсіп болмай, нәсіп болмас

Бүгінде балалардың жан-жақты дамуына, кәсіпке деген көзқарасын қалыптастыруға барлық…
Қар 21, 2024

«Атамекен» приглашает к диалогу

Национальная палата предпринимателей «Атамекен» Алматинской области выступила инициатором…
Қар 21, 2024

Бейбіт күн – бірліктің жемісі

Көпұлтты мемлекетіміздің ішкі саясатында ең маңызды дүние – ұлтаралық татулықты сақтау.…
Қар 18, 2024

Внимание, жители г. Есик!

Региональный офис ЮНЕСКО в Алматы совместно с Центром «Содействие устойчивому развитию…
Қар 14, 2024

АФМ проводится расследование в…

Она подозревается в хищении свыше 1,5 млрд тенге, собранных для помощи гражданам,…
Қар 14, 2024

ҚМА еріктілер қозғалысының…

Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд…

Күнтiзбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет