Сенбі, 25 Қараша 2017 19:26

Баланың құқығы тапталмасын!

Бала тәрбиесі ата-ана үшін үлкен жауапкершілік екені айтпаса да мәлім.  Алайда, комиссия отырысында қаралған балалардың тағдырына қарап, бұл міндеттің кейбіреулерге үлкен ауыртпалыққа айналғанының куәсі болдық. Қанаты қатпаған нәрестелердің құқықтарының тапталып, жаутаңдай күн кешуіне кінәлі басқа емес, туған ата-аналары.

Жақында Р.Тоқатаев атындағы орта мектепте кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті. Аудан әкімінің орынбасары Айбек Бидаевтың төрағалығымен өткен отырыста алты отбасының бала-ларының тағдыры талқыға түсті. Алдымен қаралған мәселеде, Шелек ауылының тұрғыны Әлғазы Иманғазы есімді азаматтың 2-сынып оқитын қызы үйінен қашып кетіп, бір тәуліктен соң ауылдағы ескі үйдің шатырынан табылғандығы жөнінде айтылды. Қарт анасымен бірге тұратын азамат үш қызының тәрбиесі мен оқуын қадағалай алмауына байланысты оларды Шелек ауылындағы интернатқа өткізу туралы өтініш беріпті. Қыздардың анасы балаларын 2015 жылы  тастап кеткен. Ал Оспановалардың отбасында шаңырақтың шайқалуының зардабы екі бейкүнә нәрестеге тиіп отыр. Әкесі мен шешесі ажырасып, бөлек отбасын құрған қыздарға әжесі өзін қамқоршы ретінде заңмен бекітуді сұрайды. Тірі жетім болған балаларды кішкентайынан бағып-қағып келген әжей бұрын бұл мәселенің  заңдық аспектілеріне көңіл аудармапты.

Комиссия мүшесі Қалдыкүл Айсина:

– Қамқоршылыққа алу үшін қыздардың әке-шешесі нотариалды түрде ата-аналық құқынан бас тартуы қажет. Егер бұрынғы келініңіз бұған келіспесе, оны аналық құқынан айыру жөнінде сотқа арыз түсіре аласыз, – деп, комиссияның өзге де мүшелері процесті жеделдетудің заңдық жолдарын талқылады.

Ендігі мәселеде балалардың жағдайы тіптен қиын. Әкесі өмірден өткен, анасы ішімдікке салынып кеткен ұл мен қыздың барар жер, басар тауы жоқ. 45 жастағы Гүлзат Сұлтанбаева өзінің аналық міндетін дұрыс атқармай, керісінше, спиртті ішімдік ішіп, қоғамдық орындарда бүлік шығарып, 5-6 рет құқық қорғау органдарының назарына іліккен. Алматы облыстық наркологиялық диспансеріне де жатқызылған. Бірақ, оң нәтиже жоқ. Ал балалар достарының, кейде анасының туыстарының үйін паналап жүрген көрінеді. Сондықтан да,  отырыста Гүлзат Сұлтанбаеваны аналық құқынан айыру жөніндегі мәселе қаралды. Өкініштісі, аналары керек етпеген балаларға өзге туысқандарының да қамқорлық танытып отырғаны шамалы. Отырыста бұл әулетте балалардың әкесінің жоқтығына байланысты берілетін жәрдемақыға таластың да болып жатқаны айтылды.

Кейбір аналар туған баласы алдындағы міндетін орындай алмай жатқанда, басқа бір ананың  балалар үйінен 4 баланы қамқорлыққа алғаны қуантады. Алайда, бір шешеден туған төрт бауырдың біреуі жаңа ата-анасын жатсынып, үйден қашатынды шығарған. Оны балалар үйіне қайта тапсыратын болса, ата-анасына бауыр басып қалған үш баланы да қоса өткізу керек. Заң бауырларды бір-бірінен ажыратуға рұқсат етпейді. Сондықтан да, өтпелі кезең деп аталатын жасөспірім жастағы қызға ата-анасынан қашудың жөн еместігін түсіндіріп, психологиясындағы қиыншылықтарды жеңуіне көмектесу керек. Бұл – мектеп психологтарының міндеті. Отырыста аталған мәселе бойынша психологтардың жұмысына қатаң сын айтылды.

 Күйеуімен ажырасып, екі ұлдың жауапкершілігін жалғыз арқалаған ана күнкөріс қамы үшін Алматы қаласынан жұмыс іздеп жүргенін, жұмыс тапқан күнде балаларына қарауға мүмкіндігі болмайтынын айтып, комиссия мүшелерінен оларды  интернатқа орналастырып беруін сұрады. Ал бұрынғы күйеуінің сот тағайындаған ай сайынғы 20 мың теңге алиментті төлемей қашып жүргені – өз алдына жеке мәселе. Аудан әкімінің орынбасары Айбек Бидаев:

– Балаларды интернатқа орналастырып, бір шетке ысыра салу оңай. Бірақ, бұл – мәселені түбегейлі шешпейді. Одан да, Сізге Есік қаласынан жұмыс тауып берудің жолдарын қарастырайық. Жақын жерден жұмысыңызға барып, балаларыңыздың да тәрбиесімен айналысар едіңіз, – деген ұсынысын айтты. Бұл ұсынысты ана да, балалар да қуана қабылдады.

Келесі мәселеде бес баланың кенжесі деп еркелеткен сайын тәртібі нашарлап, ақырында үйден қашып, апталап жоғалып кететінді әдетке айналдырған жасөспірімнің анасына әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127 бабы бойынша  айыппұл салынып,  баласының тәрбиесімен мықтап айналысуы керектігі ескертілді. Бала қаңғыбастығын қоймай, тағы да құқық қорғау органдарын жөнсіз әлекке салатын болса, оның анасын аналық құқынан айыру жөнінде мәселе қаралатын болады.

 Нұрбану КАМАЛ.

Оқылды 2007 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 26, 2025

Күймен өрілген ғұмыр

Нұра ауылында қазақ күй өнерінің көрнекті өкілі, Жетісу өңірінің күйшісі Омархан…
Қар 26, 2025

Бір тіл – бір әлем

Әр адам өзінің өмір жолын немен байланыстыратыны тек өз еркінде. Алдына мақсат қойып,…
Қар 26, 2025

Чемпиондық рух

 Саламатты өмір салты - адамның басты байлығы – денсаулықты күтуге, дұрыс өмір сүруге…
Қар 24, 2025

Ауыз су сапасына қойылатын талаптар

 Адам өмірінің басты тіршілік көзі — су. Су адам ағзасының шамамен 60–70%-ын құрайды және…
Қар 24, 2025

Терінің жұқпалы саңырауқұлақ аурулары

Терінің саңырауқұлақ аурулары – теріні, тырнақты және шашты зақымдайтын саңырауқұлақтан…
Қар 24, 2025

Мемлекеттік бақылау және қадағалау…

Мемлекеттік бақылау және қадағалау — қоғамдағы қауіпсіздік, сапа, құқықтық тәртіп және…
Қар 20, 2025

Тұрақтылықтың стратегиялық бағдары

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының ішкі саясатының…
Қар 19, 2025

Ғажайып дәрілерге сенеміз бе?

Соңғы жылдары Қазақстанда халық денсаулығын тез жақсартуды уәде ететін, түрлі атаумен…
Қар 19, 2025

Ғасырлар үні: Қазақ тілінің даму…

Тіл – ұлттың жаны, халықтың рухани өзегі. Ол ұлттың дүниетанымын, мәдениетін, тарихын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет