Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 42,5 мың теңге көлемінде әлеуметтік төлем алушылардың тізімі кеңейтілді, осыған байланысты 42,5 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек алғандардың саны күн сайын артып келеді. Бұл туралы « Jetisy Media» ақпараттық алаңында мәлім болды.

Қаржы көмегін төтенше жағдай кезінде бұрын ресми жұмыс істеген адамдар ғана емес, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар да ала . Аудандық және қалалық штабтар демалыссыз күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді.

14 сәуірге 42,5 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмекке 574 мыңнан астам адам өтініш берген.354 мыңнан астам адамға әлеуметтік көмек тағайындалып, 252 мың адамға төленген.

Қазіргі таңда өтініш беру тетігі барынша жеңілдетілген: ешқайда барудың қажеті жоқ, азаматтардың ыңғайлылығы үшін өтінішті тек электронды форматта беруге болады.

Алматы облысының тұрғындары әлеуметтік төлемдер алуға өтініш бере алады:

- "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы»;

- сайт арқылы 42500 Enbek.kz ;

-әрбір өңірге әзірленген бот жеделхаттарында біздің аймақтың сілтемесі- https//t.me/ AlmaObl42500Bot.

Төтенше жағдай режимін енгізу нәтижесінде өз табыстарын жоғалтқан азаматтар 42 500 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлем алушылардың санаттары болып табылады. Сондықтан мұндай азаматтар тиісті өтініш беруге тиіс. Егер азаматтардың ТЖ режимі енгізілгенге дейін жұмыс істемеген және қандай да бір табыс алмаған жағдайда, онда бұл азаматтар үшін бұл төлем көзделмеген-деп хабарлады

Азаматтар 42 500 теңге көлемінде көмек алған кезде ешқандай әлеуметтік аударымдар, зейнетақы жарналары, несиелер үшін қарыздар, коммуналдық қызметтер және т. б. ұсталынбайды.

Гүлжанат Нұрасыл

Сейсенбі, 14 Сәуір 2020 14:26

Медицина қызметкерлеріне құрмет

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2020 жылды Мейірбикелік және акушерлік қызмет саласындағы қызметкерлердің халықаралық жылы деп жариялады.

«Медбикелер мен акушерлер денсаулық сақтау саласында қызмет көрсетуде маңызды рөл атқарады. Олар өз өмірін аналар мен балалардың қамқорлығына арнайды, өмірлік маңызды екпелер салып, медициналық ұсыныс-кеңестерін береді, қарт адамдарға күтім жасайды. Жалпы алғанда, халықтың денсаулық сақтау саласындағы негізгі күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандырады. Олар көбіне жергілікті тұрғындар үшін медициналық көмек көрсететін алғашқы және жалғыз адам болып отыр» делінген ДДСҰ ресми сайтында.

Ауданымыздағы мектептердің музыка пәні мұғалімдері мектепке деген сағыныштарын әдемі әуенмен жеткізді. Шәріпхан Қажыпайұлының сөзіне жазылған Азамат Абдірахиевтің «Қазағымның мектебі» әнін 12 білім ордасының ұстаздары өз үйлерінде отырып-ақ орындап, видео түсірген.

Рахат ауылдық округі 1 орта мектебінің музыка пәні мұғалімі Лейля Дуненбаеваның @leila_19_70 ұйымдастырумен басталған бұл челленджді ары қарай жалғасытруға @egek_col Есік гуманитарлық-экономикалық колледж ұжымы мен студенттеріне жолдайды.

Ендеше, алдағы уақытта колледж ұжымының орындауындағы әуезді әнді күтеміз.

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 88 адам тiркелді, Алматы қаласында – 75 адам, Жамбыл облысында – 3 адам, Нұр-Сұлтан қаласында – 4 адам, Шымкент қаласы – 1, Атырау облысы – 1, Түркістан облысы - 3, Қарағанды облысы - 1. ⠀

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 264 адам, Алматы қаласында – 346 адам, Қарағанды облысында - 79 адам, Ақмола облысында - 73 адам, Атырау облысында - 63 адам, Жамбыл облысында - 49 адам, Шымкент қаласында - 39 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 8 адам, Алматы облысында - 22 адам, Ақтөбе облысында - 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 26 адам, Павлодар облысында - 10 адам, Маңғыстау облысында - 10 адам, Қызылорда облысында - 119 адам, Батыс Қазақстан облысында - 11 адам, Түркістан облысында - 47 адам, Қостанай облысында - 3 адам, жалпы – 1179 науқас тіркелді.

coronavirus2020.kz 

Алматы облысының аумағында 15 сәуірден бастап карантин енгізіледі. Бұл туралы облыстың мемлекеттік бас санитар дәрігері Қайрат Баймұхамбетов айтты. Осыған байланысты «Алматы облысының аумағында шаруашылық және (немесе) өзге де қызметі мен тұрмысының ерекше шарттары бар карантин енгізу туралы» тиісті қаулы қабылданды.

Қаулыға сәйкес облыс аумағына өзге елдерден оралған Алматы облысының тұрғындарынан басқа, сол сияқты жүк тасушы адамдар мен көліктерден, соның ішінде транзиттік көліктерден басқа өзге өңірдің адамдары мен көліктеріне кіруге тыйым салынады. Ал Алматы облысының басқа өңірлерге шығып кеткен тұрғындары облыс аумағына сәуірдің 14-інен 15-іне қараған күнгі сағат 00.00-ге дейін қайтып келе алады.   

Карантин енгізілуіне байланысты аудан, қалаларға кіру-шығуға, сол сияқты елді мекендердің ішіндегі қозғалыстарға тыйым салынады. Бұл ретте тұрғындарға медициналық ұйымдарға, жақын жердегі дүкендер мен дәріханаға күніне бір рет қана шығуға рұқсат. Бірінші кезектегі қажет тауарларды, азық-түліктерді, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды, қорғану және гигиеналық құралдарды, жанар-жағармай материалдарын, көлік құралдарының қосалқы бөлшектерін, өндірістік құралдарды және т.б. тасымалдайтын адамдар мен көліктерге тапсырыстың бар екенін айғақтайтын құжаттары болған жағдайда; коммуналдық, апат қызметі, қоқыс жинаушы, байланыс және коммуникация қызметкерлері мен көліктеріне, сол сияқты телеком-операторларының коммуникация желілері мен техникалық қолдауды басқарудың, өңірдің тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті жүк тасымалдау мен арнайы көліктердің қызметкерлері мен көліктеріне жұмыс орнынан анықтама болған жағдайда рұқсат етіледі.

Карантин кезінде жұмыс істейтін ұйымдардың адамдары мен көліктеріне, қызметкерлерді тасымалдаушы адамдар мен көліктерге шектеудің қатысы жоқ. Дегенмен жеңіл көлікте 3 адамнан артық отырмауы керек, автобустар салондарының адам толтыруы 40 %-тен аспауы тиіс, жолаушылар жеке-жеке отыруы керек, яғни жолаушылардың ара қашықтығы 1 метрден кем болмауы тиіс, сол сияқты меншік түріне қарамастан медициналық ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сол сияқты оларға бағынышты мекемелердің, ветеринарлық, дезинфекциялық және обаға қарсы қызметтердің, коронавирус инфекциясын диагностикалау зертханасының және карантин шараларын атқаруға тартылған басқа да мекемелердің қызметкерлеріне жұмыс орнынан анықтама немесе қызметтік куәлігі болған жағдайда рұқсат етіледі.

Ресми бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің қолында редакциялық тапсырмасы болған жағдайда, құрылыс және жол жөндеу мекемелері қызметкерлерінің, мемлекеттік нысандар құрылысына тартылған қажетті мамандардың, сол сияқты арнайы инкассаторлық қызмет мамандары мен көліктерінің тиісті белгілері мен рұқсат құжаттары болған жағдайда, бірге жерлеу рәсімінің автокөліктеріне саны оннан артық емес адаммен бірге, жанында екіден артық емес адаммен бірге қолында медициналық көрсетілімдері бар азаматтарға қолында тиісті құжаттары болған жағдайда шектеу жасалмайды.

Бұл ретте медициналық ұйымдардың қызметі, соның ішінде меншік түріне қарамастан стоматологиялық мекемелер; ветеринарлық қызметтер, соның ішінде ветеринарлық және мал шаруашылығының жедел жәрдем қызметі; зертхананың барлық түрі; супермаркеттер, азық-түлік дүкендері, соның ішінде сауда-ойын-сауық орталықтарының ішіндегі азық-түлік сататын дүкендер, көп қабатты тұрғын үйлер; дәріханалар, сол қатарда ветеринарлық дәріханалар қызметі уақытша тоқтатуға жатпайды.

Облыстағы коммуналдық қызметтер мен инфрақұрылымдар, электроэнергетикалық компаниялар, сумен қамту/жылумен қамту, өртке қарсы және апаттық-құтқару қызметі, тұрғын үй қорын басқару саласындағы қызметтер (электриктер, сантехниктер, аулалар мен ғимараттарды тазалау, апат қызметі, соның ішінде лифтілерге қызмет көрсету), көшелер мен ғимараттарды тазалау, қоқыстар мен қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, дезинфекциялық қызметтер, жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарының жұмысын қамтамасыз ететін ұйымдар; телекоммуникация мен байланыс (инженерлік қызметтің жұмысшылары үшін (карантин кезінде жабық болатын барлық нысандарға, соның ішінде байланыс операторларының базалық стансалары мен (немесе) құрал-жабдықтары орналасқан сауда нысандарына рұқсаты бар ұялы байланыстың базалық стансаларын монтаждау мен құрылысын жүргізушілер, жөндеу бригадалары, коммуникация мен техникалық қолдау жүйелерін басқару орталығының жұмысшылары) жұмысын жалғастырады.

Сол сияқты алдын ала тапсырыс берілуіне қарай тұқым, көшет, минералды тыңайтқыштар, ауыл шаруашылығы техникаларының қосалқы бөлшектерін сататын нысандар; көктемгі егіс жұмыстарына, құрылыс және жол жөндеу жұмыстарына қатысы бар нысандар жұмыс істейді.

Курьерлік жеткізу нысандары да қызмет көрсетеді. Ресми бұқаралық ақпарат құралдары, өнеркәсіптік, өндірістік орындар, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалдарының байланыс орталықтары, сол сияқты елді мекеннен тыс жерлердегі жанар-жағармай және газ толтыру стансалары қалыпты режимде, ал олардың елді мекен ішіндегілері сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс жасайды.

Азық-түліктік емес тауарлар, соның ішінде бірінші кезектегі қажетті тауарлар, құрылыс материалдары мен тұрмыстық химия сататын нысандар жеткізу ұйымдастырылған жағдайда жұмыс істей алады.

Арнайы көлік құралдары, елді мекен ішіндегі қоғамдық көліктер мен ресми такси қызметі қызмет көрсетуді жалғастырады. Дегенмен такси қызметінің автокөліктері тиісті белгілермен жабдықталған болуы және жүргізушінің жеке мәліметтері жолаушыға көрінетін жерде тұруы тиіс. Осыған дейінгі талаптардағыдай, жеңіл көлікте жүргізушіні қосқанда бір отбасы мүшелерінен басқа үш адамнан артық болмауы керек. Санитарлық-гигиеналық шараларды сақтау талабы күшейтілді. Қалалық және аудандық автобустардың жолаушылармен толуы отыратын орындардың 40 %-інен астпауы тиіс, бұл ретте қоғамдық көлікте маскасыз жүруге тыйым салынған.

Сауда-логистикалық орталықтар, қоймалар, олардың жұмысын қамтамасыз ететін тұлғалар мен ұйымдар; жерлеу қызметінің нысандары, зираттар; жеке орналасқан пошта байланысы нысандары мен екінші деңгейлі банктер санитарлық-дезинфекциялық шараларды күшейтіп, келушілердің кемінде 1 метр қашықтықта тұруын қамтамасыз ете отырып, жұмыстарын жалғастырады. Бірінші басшылардың шешімі бойынша мемлекеттік басқаруды үздіксіз жүргізуді қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар мен олардың бағынышты ұйымдары өз қызметін жүргізеді.

Рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізімінде жоқ салалардың ұйымдары мен кәсіпорындары осы қаулы күшінде болатын уақыт аралығында қалыпты режимдегі жұмысын тоқтатуға тиіс екені атап өтілді. Олар өз жұмысын қашықтан істеу режимінде, соның ішінде онлайн режимде жалғастыра алады. Шектеу енгізілген уақыттарда жұмыс істейтін нысандардың барлығы да санитарлық және дезинфекциялық режим талаптарын қатаң сақтауға тиіс.

Алматы облысы аумағында карантин енгізу туралы қаулы 2020 жылғы 14 сәуірден 15-іне қараған түнде сағат 00.00-де күшіне енеді.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік копрорациясы және «электронды үкімет» порталы арқылы алу тәртібі:

1.Көрсетілетін қызметті берушіге және Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

3) Бала 2007 жылға 13 тамызға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігі (түпнұсқасы сәйкестендіру үшін талап етіледі);

4) Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқу орнына анықтама.

2.Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге және Мемлекеттік копрорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап 5 жұмыс күні.

3.Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі:

Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну туралы анықтама не осы мемлекеттік қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

4. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға арналған негіздер: Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9 – тармағына сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.

Толық ақпаратты «Бөлек ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-н алуға болады. Мекен жайы: Бөлек ауылы, Заводская көшесі н/ж, телефон (872775) 57-3-89

Бөлек ауылдық округі әкімінің аппараты

В условиях чрезвычайного положения акиматом Алматинской области была создана комиссия по финансовой поддержке медицинских работников. Так, в управлении здравоохранения области, рассмотрели список медицинских работников, участвующих в противоэпидемических мероприятиях по борьбе с COVID-19.
Из средств, выделенных на эти цели из республиканского бюджета, 1448 работников организаций здравоохранения получили надбавки.
205 врачей, 882 сотрудника среднего медицинского и 361 младшего медицинского персонала получили финансовую поддержку.
Кроме того, по постановлению акима области, также из местного бюджета дополнительно выделены финансовые средства. Следовательно, 1 023 медицинских работников Алматинской области, в том числе 178 врача, 528 сотрудника среднего и 317 младшего медицинского персонала получили премию.

А.Сабырова

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 "әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Жарлығын орындау мақсатында төтенше жағдай режимі жағдайында Алматы облысының әкімдігі облыс әкімінің орынбасарының төрағалығымен денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерін қаржылай қолдау жөніндегі комиссия құрды.
Облыстың денсаулық сақтау басқармасы жұқтыру қаупі топтарына сәйкес COVID-19 коронавирусымен күресу бойынша эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысатын медицина қызметкерлерінің тізімін жергілікті медициналық мекемелердің ұсынысы бойынша қарастырды. Осы мақсатта республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттан денсаулық сақтау ұйымдарының 1448 қызметкеріне, оның ішінде 205 дәрігерге, 882 орта медициналық қызметкерлерге, 361 кіші медициналық қызметкерлерге еңбекақы төленді.
Сонымен қатар, облыс әкімінің қаулысын орындау үшін жергілікті бюджеттен 1 023 медицина қызметкерлеріне, оның ішінде 178 дәрігерге, 528 орта медициналық қызметкерлерге, 317 кіші медициналық қызметкерлерге сыйақы беру үшін қосымша қаржы бөлінді.

А.Сабырова

Дүйсенбі, 13 Сәуір 2020 09:56

Саяжай карантинге жабылды

Аты жаман аурудың ауданымызға да жеткенінен баршаңыз хабардарсыздар. Билік тарапынан сақтық шаралары барынша күшейтіліп жатыр. Вирус ошағы анықталған аудандағы 4 саяжай массиві – «Алтын адам», «Көксай», «Алтын алма» жəне «Береке» кеше ғана карантинге жабылды.

Алматы облысында 11-пациент ретінде тіркелген азамат – осы саяжайлардың бірінің тұрғыны. Соңғы анықталған 9 адам да – коронавирус жұқтырған 11-пациенттің жақын туыстары. Олардың барлығы Еңбекшіқазақ аудандық емханасының инфекциялық аурулар бөліміне жатқызылып, сол мезетте КВИ анализі алынған. Ал бұл бөлімда жұмыс істейтін медқызметкерлер отбасыларынан оқшауланып, Түрген ауылының жоғары жағындағы «Таусамалы» шипажайына орналастырылды. Бүгінде 50 медицина қызметкері жатқан сауықтыру орталығында барлық жағдай қарастырылған. Фитнес залы, жабық бассейн, емдеу орталығы бар. Ақ халаттылар бос уақытында таза ауамен тыныстап, денсаулықтарын қалыпқа келтіреді.

Ал карантинге жабылған аумақ толықтай полиция қызметкерлерімен қоршауға алынған. Сондай-ақ саяжайдың айналасына ор қазылып, сақтық шаралары күшейтілді. Көше-көшеге дезинфекция жұмыстары жүргізіліп, тұрғындарға карантин кезіндегі іс-әрекеттер түсіндірілуде. Әкімдік қызметкерлері көшедегі жағдайды дрон (квадрокоптер) арқылы бақылауға алған. Саяжайда екі жылжымалы дәріхана жұмысын бастады. Сондай-ақ газ баллоны мен отын-көмір тасушылар да жұмылдырылған. Ал дүкендер бұрынғысынша жұмыс істеп тұр.

Есік қаласымен жалғасып жатқан саяжайдағы жағдайды ескеріп, қала аумағында жер-жерде тексеру бекеттері орналастырылды. Ондағы қауіпсіздік қызметкерлері өткен-кеткен көлікті түгел тоқтатып, жолаушыларды жіті қадағалап тұр. Бекеттен өткендердің барлығының ыстығы өлшеніп, бетпердесіз жүргендерге ескерту жасалуда.

Көзге көрінбей, жер әлемді жаулап жатқан жаман аурудың алдын алу үшін ауданымызда жасалып жатқан істің барысы осындай.

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

 

Коронавирус инфекциясы шығуына байланысты Еңбекшіқазақ ауданынағы 4 саяжай массиві бірдей карантинге жабылды.

COVID-19 диагнозы расталған 11-пациентпен байланыста болған азаматтар провизорлық госпитальға жатқызылып, олардан сол мезетте КВИ анализі алынған болатын. Қорытындылар дайын болды, 9 адамның індет жұқтырғаны анықталды. Облыстық штабтың келісімімен Еңбекшіқазақ ауданындағы бірден төрт саяжай массиві - "Алтын адам", "Көксай", "Алтын алма" жəне "Береке" карантинге  жабылды. Облыс əкімінің тасырмасымен тұрғындардың тізімі жасалды, қажеттілігіне қарай олар азық-түлікпен жəне қызмет түрлерімен қамтамасыз етіледі. Еңбекшіқазақ ауданының бас санитар дəрігері қаулы қабылдады. Қазір карантин режимін қатаң сақтауды қамтамасыз ететін қызметтер жұмылдырылды. Соңғы анықталған 9 адам да коронавирус жұқтырған  11-пациенттің жақын туыстары. Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында 12 жағдай тіркелген болатын. Солардың ішінде КВИ жұқтырған 11-пациентпен байланыста болғандар қатарында Талғар ауданының тұрғыны да болды.12 сəуірде Алматы облысында коронавирус инфекциясының 21 жағдайы тіркелді.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет